Өмірбаяны Махмұдтың әкесі белгілі қолбасшы, Барсханның әмірі болған. Ол кейін



бет3/4
Дата15.09.2023
өлшемі197,46 Kb.
#181207
түріӨмірбаяны
1   2   3   4
Байланысты:
қашқари мен әл фараби 5
классный час 26 ОКТЯБРЬ, СЕМИНАР филос (2) (1)
Туған жері:
Әбу Наср Әл-Фараби Әбу Наср Мұхаммад ибн Тархан ибн Узлағ әл-Фараби (870Отырар қаласы — 950СирияШам) — қазақ даласынан шыққан ұлы ғалым, ойшыл философ, математик, астролог, музыка теоретигі. Әскербасының отбасында дүниеге келген.
Оқу жолы:
Отырар медресесінде, ШашСамарқанБұхара, кейін ХарранМысырХалеб (Алеппо), Бағдад шаһарларында білім алған.
Шығармашылық жолы
Әбу Наср Әл-Фараби — түркі ойшылдарының ең атақтысы, ең мәшһүрі, “Әлемнің 2-ұстазы” атанған ғұлама. Оның заманы “Жібек жолы” бойындағы қалалардың, оның ішінде Отырардың экономикасы мен мәдениетінің дамыған кезіне дәл келеді. Әбу Наср Әл-Фараби Орта Азия, ПарсыИракараб елдері қалаларына жиһанкездік сапарлар жасап, тез есейді. Ол жерлерде көптеген ғұламалармен, ойшыл-ақындармен, қайраткерлермен танысып, сұхбаттасты. Тарихи деректер бойынша 70-ке жуық тіл білген. Өздігінен көп оқып, көп ізденген ойшыл философиялогикаэтикаметафизикатіл білімі,жаратылыстанугеографияматематикамедицинамузыка салаларынан 150-ге тарта трактат жазып қалдырды. Шығармаларында көне грек оқымыстыларының, әсіресе, Аристотельдің еңбектеріне талдау жасады (Аристотельдің “Метафизика”, “Категория”, “Бірінші және екінші аналитика” сияқты басты еңбектеріне түсіндірмелер жазған). Арабтың атақты ғалым-географы ибн-Хаукал өзінің “Китаб Масалик уә мамалик” атты еңбегінде және 13 ғасырлырда өмір сүрген ибн-Халликан өзінің “Уфиат әл-аиан фи әл-Заман” атты еңбегінде Әбу Наср Әл-Фарабидің арғы аталарының аттары (ТарханҰзлақ) таза түркі тілінде келтірілген. Болашақ ғалым алғашқы сауатын туған жерінде өз тілімен ашса да, 12 — 16 жас шамасында керуенге ілесіп, білім іздеп Бағдадқа кетеді.
Әбу Наср Әл-Фараби. өзінің “Риторика”, “Поэзия өнері туралы”, “Бақытқа жол сілтеу туралы трактаттарында этикалық, эстетикалық мәселелерге көңіл бөліп, көркемдік, сұлулық, бақыт, мейірбандық білім категорияларының бетін ашып, солардың негізін дәлелдеп берді. Этиканы ол, ең алдымен, жақсылық пен жамандықты ажыратуға мүмкіндік беретін ғылым деп қарады. Сондықтан оның этика жөніндегі тұжрымыдамаларында жақсылық, мейірбандық категориясы басты орын алады. Ғұламаның этикалық ойларынан терең гуманизмнің лебі еседі, ол [адам] баласын жаратылыстың, бүкіл жан иесі атаулының биік шоқтығы, сондықтан да оны құрметтеу, қастерлеу керек деп түсінеді. Фараби жасаған қортындының басты түйіні — біліммейірбандықсұлулық үшеуінің бірлігінде. Фарабидің гуманистік идеялары әлемге кең тарады.
Медицинаға қосқан үлесі
Орта ғасырдағы медицина мен философияның дамуына "Медицина каноны" атгы және басқа да еңбектерімен сүбелі үлес қосты. Ғылыми бағыттардың жіктелуіне арналған "Бесінші трактатында" адам тіршілігіндегі мидың маңызы туралы баяндай келіп, мида жүйке орталықтары мен сезімтал және козғалтқыш жүйкелер болатындығы туралы пиар айтады.[4]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет