Өмірбаяны Торайғыровтың 2 жасында шешесі қайтыс болып, 6 жасына дейін әжесінің тәрбиесінде болған. Кейін әкесі екі ұлымен Баянауылға көшіп, Торайғыр кентіне таяу жерге қоныстанған



бет1/3
Дата27.02.2020
өлшемі134,12 Kb.
#58850
түріӨмірбаяны
  1   2   3
Өмірбаяны

Торайғыровтың 2 жасында шешесі қайтыс болып, 6 жасына дейін әжесінің тәрбиесінде болған. Кейін әкесі екі ұлымен Баянауылға көшіп, Торайғыр кентіне таяу жерге қоныстанған. Торайғыров алғаш әкесінен ескіше хат танып, 13 жасынан Мұқан, Әбдірахман, Тортай деген молдалардан дәріс алды. Өлеңге үйір, шығыстық сюжеттер негізінде жырлар туындатқан Мұқан молда тәлімінің Торайғыровтың ақын ретінде қалыптасуына игі әсері болғанымен, баянауылдық Әбдірахман молданың (1908) қаталдығы, өлең шығарғаны үшін жас қаламгерді жазалауы оның дін мен молдалар жайлы теріс көзқарасының қалыптасуына негіз болған.



  • 1911 ж. жаңаша оқыған Нұралы ұстазының көмегімен қазақ, татар тілдеріндегі әдеби кітаптармен, газет-журналдармен танысады. *1912 ж. Троицкідегі Ахун Рахманқұли медресесіне түседі, бірақ мұнда бір жылдай оқыған ол өкпе ауруының зардабынан оқудан шығып қалады. Торайғыров енді медреседе оқуды қойып, орысша оқу іздейді, қала маңындағы елде жаз бойы бала оқытады. Осы кезден ақындыққа ден қойып, *1912 – 13 жылдар аралығында

“Оқып жүрген жастарға”,
“Тәліптерге”(“Шәкірттерге”),
“Ендігі беталыс”,
“Оқудағы мақсат не?”,
“Анау-мынау”,
“Мағынасыз мешіт”,
“Жарлау”,
“Досыма хат”,
“Шығамын тірі болсам адам болып”,
“Түсімде”,
“Жазғы қайғы”,
“Қымыз”,
“Кешегі түс пен бүгінгі іс”, т.б. өлеңдерін, “Зарландым” атты ұзақ очеркін жазды. Осы тұста “Қамар сұлу” романын жазуды бастады.

  • 1913 жылдың күзінде Троицкіге қайтқан Торайғыров “Айқап” журналына жауапты хатшы болып жұмысқа орналасып, “Өлең һәм айтушылар”, “Ауырмай есімнен жаңылғаным”, “Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан”, “Қазақ ішінде оқу, оқыту жолы қалай?”]], т.б. әңгіме, мақалаларын осы журналда жариялайды. Журналда аз ғана уақыт қызмет еткен ақын

  • 1914 ж. жазда туған елі Баянауылға оралады. Ел ішінде мәдени-ағарту жұмысын жүргізетін “Шоң серіктігі” деген ұйым ашпақ болғанымен, ісі жүзеге аспады. Осы жылы орысша оқу іздеп Семейге барған Торайғыров діттеген оқуына түсе алмай, біраз дағдарысқа ұшырайды. Осындай көңіл-күй әсерімен

“Ләнет бұлты шатырлап”,
“Алтыаяқ” сияқты өлеңдер жазған.
“Ендігі беталыс”,
“Тұрмысқа”,
“Бір адамға”,
“Туған еліме”,
“Сымбатты сұлуға”,
“Қыз сүю”,
“Гүләйім”,
“Өмірімнің уәдесі”,
“Жан қалқам”,
“Гүл”, т.б. өлеңдерін, “Кім жазықты?” атты өлеңмен жазылған романын дүниеге әкелді (1915). Шығыс Қазақстанда жалданып бала оқытқан ол

  • 1916 жылдың күзіне дейін әуелі Катонқарағайда, кейін Зайсанда болады, орыс тілін үйренеді.

  • 1916 – 17 жылдардың қысында Томскіде орысша оқиды. Өмірден көп қағажу көріп қажыған ақын арманына жетіп көңілі көтеріледі. “Шәкірт ойы” өлеңінде “Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болуды”, “Мұздаған елдің жүрегін жылытуды” армандайды. Осы тұста әлем әдебиетінің классикалық үлгілерімен, саяси кітаптармен танысты.

  • 1917 жылғы ақпан айындағы төңкерістен кейін Семейде жаңа құрылған Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің жұмыстарына қатынасып, “Алаш ұранын” жариялады. Бірақ ауруы асқынып кеткендіктен оқуды да, жұмысты да тастап,

  • 1918 ж. сәуірде еліне біржола оралады. Онда Колчак үстемдігінен кейін қайта жанданған совдеп жұмысына араласып, ел шаруаларының дау-шарларын әділ шешуге қатынасты. Осы тұста саяси-философиялық әдебиетті (Г.Ц. Плеханов, Н.Г. Чернышевский, т.б.) көп оқып,

“Шал мен қызға”,
“А, дүние”,
“Жас жүрек”,
“Сарыарқаның жаңбыры”,
“Адасқан өмір”,
“Кедей”,
“Айтыс”, т.б. өлеңдерін жазды.

Шығармашылығының ерекшелігі

Оның шәкірттік кезеңдегі өлеңдері (1907 – 11) көркемдік тұрғыдан кемшін түсіп жатқанымен, жас ақынның қоғамдық құбылыстар мәнін түсінуге деген ұмтылысы мен өлең тілімен сурет салуға бағытталған талабын танытады. Ол қоғамдағы әділетсіздік пен әйелдердің ауыр тағдыры, діни оқудың схоластикалық сипаты жайлы жазды. Байлық пен кедейліктің теке-тіресін бай мен кедей ұлының өмірі арқылы көрсетуге тырысқанымен, бұл талпынысы биік ақындық талант пен саяси көзқарасты таныта алмады. Торайғыров 1912 жылдан бастау алатын шығармашылығының жаңа кезеңінде Абай, Ыбырай негізін қалаған ағартушылыққа бет бұрды, жастарды оқу-білімге шақырды. “Туған айдай болып туып, күнді алуға бел буады”, тұрмысты жеңуде жігерленіп, ақиқатты табу жолында талмай ізденуді мұрат тұтады. Алғашқы үгіт мәндес өлеңдерінен кейін ақын лириканың өрісін кеңейтіп, лирикалық кейіпкердің жан сырын, іс-әрекетін суреттеуге ұмтылады. Оның жырларынан тағдырға мойынсұнбай, қасарыса алға ұмтылатын, ауыртпалыққа қарсы тұрар өжет мінез көрінеді. Осы кезден бастап ақын шығармаларында ескіні сынау бой көтерді. Ол қазақ арасында көп кезігетін келеңсіз мінездер мен кертартпа әдет-ғұрып салтына қарсы күреседі. Табиғат, махаббат тақырыбына жазған өлеңдерінде ақын адам сезімін қоғамдық көзқараспен, әлеумет өмірімен байланыста қарайды. Ескіге қарсы көзқарас оны қоғамдағы әділетсіздікпен қақтығысқа алып келеді (“Осы да әділдік пе?”, “Бір адамға”, т.б.). Ол өмір шындығын көркем бейнелей келе, қазақ өлеңінің мазмұнын кеңейтті, сырға толы лирикалық жырлар туындатты. Көптеген әңгіме, очерктер, әдеби-сын мақалалар жазды, екі роман (“Қамар сұлу”, “Кім жазықты?”), төрт поэмасын “Таныстыру” (1917 – 18), “Адасқан өмір” (1918), “Кедей” (1919), “Айтыс” жариялады. Торайғыров “Қамар сұлуда” әйел теңсіздігі мәселесін көтере отырып, дәуір шындығын әлеум. тұрғыда талдаса, “Кім жазықты?” романында ауыл өмірінің шындығын жан-жақты суреттей келе, қазақ халқының шаруашылық тұрғыдан дамымағанын, талапсыздық пен шаруаға қырсыздықты, жалқаулықты, алауыздықты сынайды.

Поэма жанрына қосқан үлесі



Торайғыров поэма жанрын жаңа арнада дамытты . Ол сюжетсіз поэмаларында өмірдегі сан түрлі мәселелерді кеңінен қамтып, өршіл ой-түйіндерін бүкпестен, өткір де ашық насихаттауға тырысты. Алғашқы поэмасы “Таныстыруда” Алашорда қозғалысы өкілдерін елге таныту мақсатын көздеді. Ә.Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, М.Дулатовтарды таныстырып, олардың “бірі – күн, бірі – шолпан, бірі – ай” екендігін жазады, алаштықтардың қазақ халқының тәуелсіздігі жолындағы еңбектерін саралайды. Алаш өкілдерімен қоса, қазақтың көрнекті тұлғалары Абай мен Шәкерімді ерекше атап көрсетеді. “Адасқан өмір”, “Кедей” поэмаларының негізгі сарыны қоғамдағы әділетсіздік себептерін ашу, теңдікті іздеу болып табылады. Ақын бұл жайларды қазақ ауылы шеңберінен шығып, капиталистік қоғамға тән мәселелер ретінде қозғайды. “Адасқан өмір” – Торайғыров шығармашылығының зор табысы. Мұнда ақын аз ғұмырында көзімен көріп, ойымен түйген, білім-білігімен таныған тұрмыс өткелдерін өзіне ғана тән асқақ үнмен ашына, ақтара жырлайды. Поэманың лирикалық кейіпкері түрлі кәсіппен шұғылданса да, ешбірінен қанағат, теңдік таппай, әділетті қоғамды аңсайды. Шығармада ақын түсінігіндегі болашақ жаңа қоғамның бейнесі жасалады. Шығарманың негізгі идеясы адам өмірді өз тілегіне бағындыра алады және соған ұмтылуға тиіс деген оптимистік қорытындыға саяды. “Кедей” поэмасының бас кейіпкері де өз ортасынан әділдік таппайды, қоғам мен адам арасындағы қайшылықты бітіспес күреске ұластырады. “Айтыс” поэмасы толық аяқталмаған, онда Торайғыров қала ақыны мен дала ақынын айтыстырып, екі ортаның қайшылықты жақтары мен адамға пайдалы тұстарын қатар алып суреттейді. Торайғыров шығармалары – 20 ғасырдың басындағы қазақ қоғамы шындығын, ондағы жаңашыл ой-пікірдің дамуын танытатын үлкен белес. Оның ізденістері “шындықтың ауылын іздеумен” байланысты, оның реализмі бұлтақсыз, жалтақсыз айтылған шындыққа, әлеуметтік тіршіліктің шынайы суреттеріне негізделген, оның тенденциясы да сыншыл.[1]

Мұғалімнің кіріспе сөзі./Өлеңнің шығу тарихымен таныстыру/Интернет желісі арқылы интерактивті тақтадан С. Торайғыров өмірі мен шығармашылығына арналған бейнебаян жүріп жатады. (2 - слайд)

- ХІ ғасыр мен ХХ ғасыр тоғысында әдебиет әлеміне тың ой әкелген бірнеше біртуар тұлғалар бар. Олар шығармаларының тақырыптық маңыздылығымен, көркемдік шешімдерімен, жанрлық ерекшеліктерімен дараланады. Қазақ халқының рухын аспандата келген оптимистік көзқарастағы ақын - жазушылар көші Сұлтанмахмұт Торайғыровтан басталады. С. Торайғыров - халқымыздың ой тілегін білдіріп, көзін надандықтан ашуды арман еткен. Ақын өз атынан сөйлей отырып, сол дәуірдегі ұрпақтың мұрат - мақсатын, арман - аңсарын жырға қосады.

XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің ірі тұлғасы, аса көрнекті ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893 жылы 28 қазанда Көкшетау облысының Қызылту ауданында туған. Екі жасында шешеден жетім қалған Сұлтанмахмұттың балалық шағы Баянауылда өтеді. Алты жасында - хат таныған Сұлтанмахмұт 1908 жылы Баянауылда Әбдірахман молданың медресесінде екі - үш жыл, 1911 жылы жаңаша оқыған Нұрғали деген мұғалімнен бір қыс оқиды. Пән негіздерін үйреніп, білімге деген ынтасы артқан Сұлтанмахмұт одан әрі оқуын жалғастыру арманына жете алмайды. Троицк, Семей, Томск сияқты ірі қалаларға барып оқуын жалғастыруға ниеттенсе де, қамқоршысы мен қаржының жоқтығынан, тұрмыстың қиыншылығынан ол мақсаты орындалмайды. Бірақ оптимист Сұлтанмахмұт өз бетімен ізденіп көп оқыды, ғылымның әралуан саласынан хабардар болды, сөйтіп заманының оқымысты жастарының біріне айналды. Сұлтанмахмұт Торайғыров жасында жабысқан дерт кеселінен 27 жасында қайтыс болды. Аз жасағанына қарамай, ол қазақ поэзиясы мен прозасын жаңа сатыға көтеріп кетті. Реалист - ақын XX ғасырдың әдебиетінде жаңа жанрлар туғызды, роман жанрының, реалистік поэманың қалыптасуына әсер етті.

Кесте. Тірек сызба (3 - слайд)
Өлеңдері
Поэмалары
Прозасы
«Шығамын тірі болсам адам болып», «Шәкірт ойы» «Анау - мынау», «Жарлау», «Бір адамға», «Бұлар кім?» т. б «Адасқан өмір», «Кедей», «Айтыс», «Қайғы», «Қамар сұлу»,«Кім жазықты?» «Ауырмай есімнен жаңылғаным»

« Шығамын тірі болсам адам болып»өлеңінің шығу тарихына тоқталу.
Бұл өлеңді ақын өзінің ұстазы Нұрғалиға арнаған. Өзінің досы, туысы Шайбай Аймановқа хат арқылы жолдаған. Өлең 1913 жылы жазылып, 1922 жылы Қазан қаласында «Адасқан өмір»кітабында жарияланған. С. Торайғыровтың «Шығамын тірі болсам, адам болып» өлеңіндегі лирикалық қаһарман – ақынның өзі, яғни ақынның тұлғасы танылып тұр. Лирикалық шығармаларда ақын тұлғасы өлең кейіпкерімен тұтасып, кірігіп кетеді. Ақын өз атынан сөйлей отырып, сол дәуірдегі ұрпақтың мұрат - мақсатын, арман - аңсарын, сезім - күйін жырға қосады./Өлеңді оқушыларға мәнерлеп айтып беремін.
Интерактивті тақтадан өлең сөзі шығып тұрады. (4 - слайд)

Шығамын тірі болсам адам болып,
Жүрмеймін бұл жиҺанда жаман болып.
Жатқаным көрде тыныш жақсы емес пе,
Жүргенше өмір сүріп надан болып.
Мен балаң жарық күнде сәуле қуған,
Алуға күнді барып белді буған.
Жұлдыз болып көрмеймін елдің бетін,
Болмасам толған айдай балқып туған.
Бұл сөзім асып айтқан асылық емес,
Ойында оты барлар асылық демес.
Тебем деп тірі болсам надандықты,
Серт етіп өз - өзіме еткем егес.

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың әдеби мұрасы



Сұлтанмахмұт Торайғыров – Қазақстанның ең көрнекті ақындарының бірі. Ол барлығы 27 жас қысқа өмір сүріп, үлкен шығармашылық мұра қалдырды. Сол кездегі көптеген жарқын тұлғалар сияқты, Сұлтанмахмұттың аты көпке дейін аталынбады. Біздің ұлы жерлесіміздің адал есімі саяси жылулықтан кейін қайтарылды.    

Сұлтанмахмұт Торайғыров маңызды шығармалар жазды, ұлттық мәдениеті және әдебиет тарихында заңды түрде құрметті орынға ие болды. Бүгінгі таңда да оның халқына деген адал махаббатқа бөленген поэзиясында азаматтық ерліктің дабылы естіледі.

Абай сияқты, ақын зорлық-зомбылықты, надандықты қаламайды, оның өмірінің мақсаты халықты білімге жетелеу болды.

Сұлтанмахмұт Торайғыров маңызды шығармалар жазды, ұлттық мәдениеті және әдебиет тарихында заңды түрде құрметті орынға ие болды. Бүгінгі таңда да оның халқына деген адал махаббатқа бөленген поэзиясында азаматтық ерліктің дабылы естіледі.

Абай сияқты, ақын зорлық-зомбылықты, надандықты қаламайды, оның өмірінің мақсаты халықты білімге жетелеу болды.

Ақын кей уақытта өз мақсатының жауапсыздығына налып, еңбегінің нақты жемісін көрмей, өзін шөл даладағы гүлдің тұқымымен салыстырады.

Торайғыров есімімен әлеуметтік-философиялық поэзияның, азаматтық ерлік поэзиясының дамуы ғана емес, сонымен қатар жанрлық, әдебиеттің көркемдік қорлануымен байланысты. Өлеңмен және прозамен жазылған алғашқы романдар, алғашқы философиялық және әлеуметтік поэмаларды және очерктерді жазған ол демократиялық дәстүрді жалғастырды. С. Торайғыровтың әдеби мұрасы жан-жақты. Бұл жерде оның очерктерін, әңгімелерін, проблемалық, әдеби-сын мақалаларын, рецензияларын, аудармаларын атап өтуге болады.

Оның белгілі «Қамар Сұлу» романын прозадағы поэма деп айтуға болады. Ауыз әдебиетінен алған және С. Торайғыровтың өзі құрастырған әдемі эпитеттері және салыстырмалары, мақал-мәтелдері, қанатты сөздері романға ұлттық рең берді, роман мәтініне поэтикалық хаттар, халық әндері(жар-жар,айтыс) енгізілген. Торайғыров романының тілі шырынды, өткір.

С. Торайғыров шығармашылығы еркін қоғам туралы арманға толы. Болашаққа ұмтылған оның әдеби мұрасы адамшылық идеядан, Отанға деген махабаттан тұрады.
АЙТ

Жер жүзін көк шөп басып түрленгендей,

Қызарып бәйшешектер гүлденгендей.

Киініп қыз, келіншек жарқылдайды,

Бір түрлі жаңа тұрмыс түрге енгендей.

Шаттықта өңі ашыңқы бала-шаға,

Оларды есіркейді қамқор ана.

Жастар да өз бетімен қырындап жүр,

Бұраң бел жас сәулемді есіне ала.

Әр үйдің, тілегенге есігі ашық,

Шаттық бар, жамандың ой кеткен кашып.

Сойған қой, берген қымыз құрметіне

Байлар да кердеңдейді алшаң басып.
КЕДЕЙЛІК

Кедейлік, сен жексұрын, түсін, суық,

Іздемес сені адам керек қылып.

Амал жоқ, ықтиярсыз құл қыласың

Маған салса касыма келме жуық.

Жанды жеп сен ғой мені арытатын,

Күнің жоқ ат пен асқа жарытатын,

Жыртықтан жылтылдаған жас денемді,

Күнге қақтап, аязға қарытатын.

Жарытпай киер киім, ішер асқа,

Сөктіріп малы барлау надан, насқа.

Жас көңілді қайғымен уландырып,

Сенсің ғой толтыратын көзді жасқа.

Қинайтын жан алғыштай жанды сенсің,

Түсі суық жыланмен бірдей теңсің.

Маған салса кедейлік аты өшкірді,


БІРЕУ БАЙ, БІРЕУ ЖАРЛЫ

Біреу бай, біреу төре, біреу жарлы,


Көбі зарлап төгіп жүр жас пен қанды.
Атаңды жау шапқанда бірге шауып,
Борсыңтар семіріп жүр көміп арды.

Кайдан табам халықтьщ шын баласын,


Суын сүзіп, ақтарсам тау, даласын?!
Көкті кезіп үшсаң да бір таба алмай,
Арманда боп әзірге сандаласың.

Ондай адам болған ғой, болар тағы,


Өмірлік барлық ісі — елдің қамы.
Ер еңбегі жалпыға бірдей ортақ,
Жарқ етер әлі-ақ бір күн бақыт таңы

ЖАН ҚАЙДА ӘДІЛЕТТІ ІЗДЕЙТҰҒЫН

Жан қайда әділетті іздейтұғын,


Адамшылық атақты көздейтұғын.
Тірлік пен өлген күнді бірдей ойлап, 
Екі жайдан күдерді үзбейтұғын. 
Арамға азғырғанды сезбейтұғын. 
Арам ойдың қиялып кезбейтұғын. 
Көріне шайтан келіп азғырса да, 
Адамдық, ар иманнан безбейтұғын. 
Нашарды, момындарды езбейтұғын. 
Арамдық теңізінде жүзбейтұғын. 
Айтылған уағаданы берік ұстап, 
Айныма, мылжың сөзді езбейтұғын. 
Бағалап «алтын», «күміс», «жез» дейтұғын, 
Байлаулы соның сөзі — сөз дейтұғын, 
Айтқаны, істегені ақтық жолы

КІМ ЖАЗЫҚТЫ (үзінді)

Түскендей әуе жерге қырық күн шілде,

Ішкен мас, жегендер тоқ күнде-күнде.

Қысқа түн қымқырылды, таң көрінді:

«Кел шық»,— деп иек қағып жарық күнге.

Ән салды таңды мақтап сансыз торғай

Бас иіп бәйек болып жерге қонбай,

Қағылып таң желіне тербетілді,

Көк майса көзі ілініп тұрған сондай.

Асыл шөп, жасық шықтың иісі аңқып,

Батқандай мелдігінен нұрға қалқып,

Күлімдеп көктің жүзі көңілі шат,

Жауһардай күн шығар деп бізге балқып.

Көлбөңдеп көкке қарай жердің буы,



ҚАМАР СҰЛУ (үзінді)

Жіңішке сымға тартқан әні қандай,

Балауыз балбыраған тәні қандай.

Ақыл-ой, мінез, көрж түгел келіп,

Толықсып толып тұрған сәні қандай.

Еріткен іші-бауырыңды көзі қандай,

Бал тамған майда бұлбұл сөзі қандай.

Жұп-жұмсақ, бып-биязы ішке кіріп,

Жайтаңдап жан күйдірген кезі қандай!

Күлгенде көзіңді алып, кірсіз тісі,

Қайнамас оны көріп кімнің іші?

Алмас қалыш жүзіндей аударылған,



Сүйгізіп көлеңкесін әрбір ісі.


№ слайда 2

Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет