Өмірдің өзі физика



бет1/3
Дата06.02.2020
өлшемі286,13 Kb.
#57301
  1   2   3
Байланысты:
Өмірдің өзі физика

Өмірдің өзі физика
Мақсаты: Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, білім дағдыларын дамыту, бақылау, зерттеу қабілеттерін дамыту. Шапшаңдыққа, ұқыптылыққа
, ұжымшылдыққа баулу.
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, тәжірибе көрсететін құрал - жабдықтар,ребустар,

Жүргізуші:

Ұққанға табиғаттың сыры терең,
Дегенге оқып, зерттеп, көрем, білем.
Демесең болсын егер еңбегім еш,
Әуелі физиканы оқы дер ем
Бүгінде физика барлық жерде.
Құрылыста, техникада, өндірісте
Сырларын бұл ғылымның игеріңдер
Шәкірттер, ынта қойып үйреніңдер!

Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер,- деп, бүгінгі «Өмірдің өзі физика» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

КЕШІМІЗДІҢ ЖОСПАРЫМЕН ТАНЫСТЫРУҒА РҰҚСАТ ЕТІҢІЗДЕР:

Жоспары:

І -тур. “Суреттер сөйлейді”

ІІ- тур. “Кім білімді?”

ІІІ- тур. “Ойлы болсаң озып көр?”

ІV –тур. “”Сіз білесіз бе?”

V –тур. “ Ребус шешу”

Кешіміз топ аралық сайыс түрінде өткізіледі. Бұл сайысқа 5 топ өз білімдерін сынағалы келіп отыр: «Қырандар» тобы, «Асыл тас» тобы, «Ақ сұңқар» тобы, «Парасат» тобы, «Болашақ» тобы.



Сайысымызды бастамас бұрын төрелік жасайтын әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар:

1-Директордың оқу өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасары Әйділдаев Бақтыбай ағай

2- Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Еленов Мұқан ағай

3-колледжіміздің әдіскері Бәйімбетова Алтынай апай.

Табиғат сырын аштырған,

Токпен қазан астырған.

Миллион гектар астықты,

Комбайнмен бастырған.

Физика емей немене? –

демекші сайымыздың «Суреттер сөйлейді» атты 1-турын бастаймыз.

Көрсетілген суреттерге қарап физикаға қатысты термин,сөздер, қасиеттерін айту (Әр жауап 5 балмен бағаланады)

Құтқарып ауыр бейнеттен,

Техниканы үйреткен.

Робот-темір адамды,

Тіл бітіріп, сөйлеткен

Физика емей немене? –

демекші сайымыздың «Кім білімді?» атты 1-турына кезек берелік.

Әр топ білетін физикалық формулаларын жазады. ( 4 минут уақыт беріледі. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай)

Айдан хабар алғызған,

Зәулім сарай салғызған.

Теңіз суын каналмен,

Шөл далаға барғызған.

Физика емей немене?

«Ойлы болсаң озып көр» шарты бойынша сұрақтарға жауап береміз. Сұрақ жауабын білетін команда қол көтеріп жауап береді


  1. Эйфель мұнарасының биіктігі ауа температурасына байланысты 12 сантиметрге дейін өзгереді екен. Неліктен? ?( Жылудан метал ұлғаяды.)

  2. Адам бойы күндізгі ұзындығынан жатарда 1-2 см-ге қысқарады екен? Неліктен? Ауыр жұмыстан,жүрістен омыртқа қысылып тығыздалады

  3. Маса жаңбыр тамшысынан аспанда өлмейді, ал жерде болса өледі екен? Неліктен? Төменге түскенде жылдамдық артады. Қысым ұлғаяды

  4. Неге құстар өткізгіштерде осылай отырғанда токқа тартылып өлмейді? Ал кеуде не қанаты тигенде өртеніп кетеді екен. Неліктен? (Табаны ток өткізбейді)

  5. Керең адамдар да ести алады. Бұған бір мысал: атақты композитор Бетховен, білетініміздей, керең болған, алайда ұлы туындыларды дүниеге алып келді. Қалайша? (Ол... тісімен тыңдайтын! Композитор таяқтың бір ұшын рояльға қойып, ал екінші ұшын тісімен қысып отырған – осылайша дыбыс ішкі құлаққа жетіп отырған. Композитордың ішкі құлағы сыртқысына қарағанда сау болатын)

  6. Масада тіл болмайтын көрінеді. Олай болса неге ызылдайды?

(Қанатының ауа кедергілерінен өткендегі дыбысы)

«Ребус шешу» Келесі шартымызға кезек берейік. Әр дұрыс жауапқа 5 балл.

Сіз білесіз бе?

Қазан айында күн күркіресе, қыс қысқа болады

Жаз найзағайлы болса, қыс жұмсақ өтеді.

Жылқы оқыранып, сиыр мөңіреп, қой маңырап, шошқа мен үй қояндары безек қағып, тыным таппайды

Үйдің мұржасынан түтін тіке бағыт алса суықтықтың белгісі

Жыл құстары қайтқанда төмен ұшса қыс қатты

Қарлығаш аласа ұшса, ертең жаңбыр жауады

Ай туғанда шалқасынан жатса шаруаға қолайсыз, өзіне қолайлы, тігінен тұрса өзіне қолайсыз, шаруаға қолайлы.

Ит  жерге аунай берсе, жазда жаңбыр жауады, қыста бұрқасын соғады;

 Мысықтың пеш үстіне шығып бұйығуы - салқындық нышаны



Құрбақа суда отырса, жаңбыр жаумайды, жағаға шығып тырбандап секіріп жүрсе, жауын жауады;

Қорытынды:
Физика тілдесер табиғаттың тілі екен ғой
Көз тартар сұлулықтың сыры екен ғой
Аттасаң аяғыңды, алдыңды орап,
Артыңнан қалмайды екен тірі де ол
Саған ән, айтылған сөз ішілген ас,
Ғарыштың кемелері, атылған тас
Аққан су, соққан дауыл, айтылған жыр,
Бәрінің бағынары физика ғой!- дей отырып, ендігі сөз кезегін әділ қазыларға береміз.


I. Командаларды таныстыру.
II. «Физика біздің айналамызда»сайысы (сұрақтарға жауап беру)

I топ:
1. Ет, балық, банкілерді тұздау қандай құбылысқа негізделген? (диффузия)
2. Физиканың «Бірінші ұстазы» кім? (Аристотель)
3. Астрономияда пайдаланылатын ең басты құрал? (телескоп)
4. Күштің өлшем бірлігі? (Ньютон)

II топ:
1. Массаны өлшейтін құрал? (таразы)
2. Тығыздықтың өлшем бірлігі (кг/м3)
3. Күн жүйесінің моделін жасаған кім? (Коперник)
4. Ең бірінші қазақ ғарышкері? (Т. Әубәкіров)
5. Әтір иісі бөлмеге қандай құбылыстың әсерінен тарайды? (диффузия)

II. «Қызықты тәжірибелер» сайысы бойынша екі топқа тапсырма:
I топтың тәжірибелері:
1. Тәжірибе: суы бар стакан, мұз кесектері, жіп, тұз. Осы заттарды пайдаланып, мұзды стаканнан алу керек.
Жауабы: тұздың әсерінен мұз ериді де, жіп мұзға кіріп, лезде салқындап жабысып қалады. (кристалдану, балқу)
2. Суы бар тәрелке, 100 теңге. Алғашында су жоқ кезде теңгені ең соңғы шеті көрінетіндей етіп қараймыз. Осы қалыпты өзгертпей, ішіне су құямыз. Сол кезде теңге түгелімен көрінеді, неліктен? (жарықтың екі ортада таралуы)

3. Кәдімгі үрілген балалардың шарын газетпен ысқылап, бөлме төбесіне апарып жіберіп қалу керек. Шар төбеде ұзақ уақыт тұрады. Неге? (шар электрленеді)

4. Үріліп жіпке байланған 2 шарды газетпен үйкеп - үйкеп жақындатпаймыз. Олар бір - біріне тебеді, неліктен? (аттас зарядтар тебіледі)

5. Бір шарды газетпен үйкелеп, ал екіншісін жүнмен үйкеп оларды бір - біріне жақындатайық. Олар бірін - бірі тебеді. Неліктен? (әр аттас зарядтар бір - бірін тартады)
II топтың тәжірибелері:
1. Стакан, су, қағаз. Стакандағы суды қағазбен жауып тұрып төңкергенде, су ақпайды. Неге? (Атмосфералық қысым төменнен жоғары қарай да әсер етеді)
2. А4 2 қағазы керек. Біреуін бүктемей, екіншісін бүктеп, бір уақытта жіберіп қаламыз. Не байқауға болады?
Жауап: Жалпы қысымның түсірілген бет ауданына байланысты екенін білеміз, шеге, ине сияқты заттардың неліктен ұшты болатынын білеміз, сол сияқты атмосфералық қысым да беттің ауданына байланысты, екеуіне де бірдей атмосфералық қысым түсіп тұр, бірақ шиыршықталған қағазға әсер ететін қысым оның ауданының кіші болуы есебінен бүктелмеген қағазға әсер ететін қысымнан көп болады да жерге бірінші жетеді.

3. Тәрелке, сабын керек. Тәрелкеге су құйып, төгіп тастаймыз да, сабынды тәрелкеге қатты басып тұрамыз. Сосын сабынды көтергенде тәрелке бірге көтеріледі, неге? (молекулалардың өзара байланысы)
4. Пластмассалық баклашканы бір жағынан бірдей етіп 3 жерден тесеміз де тесіктерді шырпымен бітеп қоямыз да ішіне су құямыз. Шырпыларды алып тастағанда су тесіктерден әртүрлі қашықтыққа ағады. Неліктен? (Сұйықтардың әртүрлі деңгейдегі қысымдары әртүрлі болады, төмендеген сайын қысым артады)
5. Суға: картоп, сіріңке, жұмыртқа, өшіргіш саламыз. Сонда нені байқауға болады? (Архимед күшіне байланысты денелердің жүзуі, балқуы, қалқуын)
IV.
«Сергіту сәті»
I топ.
II топ.

V. Сөзжұмбақ шешу.
Сөзжұмбақ «Ампер» 1 - топқа.
1. Қуат бірлігі
2. Кедергі бірлігі
3. Қысым бірлігі
4. Ұзындық бірлігі
5. Электр сыйымдылығының бірлігі

«Физика» сөзжұмбағы 2 - топқа.
1. Молекуланың үздіксіз, ретсіз қозғалысы (диффузия)
2. Итальян ғалымы (Галилей)
3. Заттың үш күйінің бірі (Газ)
4. Табиғатты зерттейтін ғылым (Физика)
5. Заттың ең ұсақ бөлшегі (Молекула)
6. Суды көлем өлшейтін құрал (мензурка)

Қорытынды:
Физика тілдесер табиғаттың тілі екен ғой
Көз тартар сұлулықтың сыры екен ғой
Аттасаң аяғыңды, алдыңды орап,
Артыңнан қалмайды екен тірі де ол
Саған ән, айтылған сөз ішілген ас,
Ғарыштың кемелері, атылған тас
Аққан су, соққан дауыл, айтылған жыр,
Бәрінің бағынары физика ғой!- дей отырып, ендігі сөз кезегін әділқазыларға береміз. Топтарды марапаттау.

Табиғаттың тылсым сырлары

21 мам 2013, Сейсенбі

Категориясы: Ғылыми жұмыс



Рима

Таңдамалыға

Тақырыбы: Табиғат таңғажайыптары (презентация түрінде)


Мақсаты:
• Туған жер табиғатын аялауға, келер ұрпаққа мирас етіп қалдырған асыл қазынамыз, өшпес байлығымыз саналған табиғатты сүюге, оны қорғап, қастерлеп, сақтай білуге баулу, жастарды табиғаттың болмысына, заңдылығына үйрете отырып, табиғат байлығын қорғауға жөне оны тиімді пайдалануға үйрету.
Міндеттері:
1. Табиғаттың адам баласына берер сыйы мол екенін кеңінен насихаттау.
2. Табиғаттың түрлі құбылыстары туралы сыр шерту.
3. Өзінің қайталанбас байлығы санаған табиғаттағы болатын құбылыстарды көреген қазақ халқының болжай алу қабілеті туралы мағлұмат беру.

Әдіс - тәсілдері:


Ізденіс - сараптама жасау
Сұрақ - жауап
Пікірлесу
Талдау - жинақтау

І. Кіріспе бөлім


Табиғат пен адам егіз
ІІ Негізгі бөлім
А) Табиғат – адам тәрбиешісі
Ә) Табиғат құбылыстары
Б) Халық болжамдары

Кіріспе
Табиғатта сезім бар, құлақ та бар,


Ренжітсең, күрсініп, жылып та алар.
Аяласаң, жаныңа шуақ тамар,
Қажығанда бойыңа қуат болар - деп ақын жырлағандай табиғат пен адамның мінезі де ұқсас. Табиғат не төксе, бар әлем құлпырып жүре береді. Халық өзін қоршаған табиғаттың мінез, әдет - қалыптарын өзіне алады және мәңгіге қалдырады. Табиғаттағы барлық нәрсе өзара тығыз байланысты. Адам да табиғаттың бір бөлшегі. Табиғаттың бірінде болып жатқан өзгеріс міндетті түрде екінші жерге
әсерін тигізеді. Сондықтан да табиғаттың бір бөлшегін жою өзіне зиян келтіреді, сол арқылы адам баласының күн көрісіне залалын тигізеді. Табиғат сырын терең білмей оған қалай болса солай шабуыл жасау үлкен апатқа әкеп соқтырады. Табиғат – халық қазынасы. Адам мен табиғат егіз. Табиғат пен адам егіз әлем ретінде бірін - бірі күтуге, аялауға міндетті. Олар бір - біріне сый - құрмет жасауға тиіс болса, сол сыйластықтың және бір түрі – адамның табиғатқа деген пейілі. Адам – табиғат перзенті.

Негізгі бөлім


Табиғат - адам тәрбиешісі. Оның құрамдас бөлігі болып саналатын өсімдіктер мен жануарлар әлемі, биік таулар мен сарқыраған өзендер, кең дала барлығы да адам баласына ой салып, денесіне қуат, бойына күш, көңіліне шабыт береді. Адам да, қоғам да - табиғаттың төл баласы., жалғасы. Тіпті, адам ауасыз, сусыз өмір сүре алмайды дейтін болсақ, сол ауа мен судың өзі жан - жануарлар, адамзатқа табиғаттың тарту еткен ғажайып сыйы.
Басқаша айтқанда, табиғат барлық уақытта да адамзаттың өмір сүретін ортасы, тіршіліктің қайнар көзі болған және солай болып қала бермек. Табиғат пен қоғам арасындағы қарым - қатынасты терең әрі нақты түсіну үшін географиялық орта деп аталатын түсінік қалыптасады.
Адамзаттың қоршаған ортаға тәуелділігі сол табиғаттың, ен байлықтардың қайнар көзі және өмір сүру ортасы болғандығынан. Ғұлама ойшыл Әбу Насыр әл - Фараби айтқандай «Адам бойында ерекше жаралған, олар – дене құрылысы, жан құмарлығы мен ой - парасаты»
Адам мен табиғаттың, табиғат пен қоғамның арасындағы қарым - қатынас өмір сүрудегі аса қажетті алғы шарт және географиялық орта болып саналады. «Табиғат біртұтас әлем, одан тысқары ештеңе болуы мүмкін емес», деген екен оқу тәрбие мәселесіне көңіл бөлген жазушы, философ, психолог – ғалым Жүсіпбек Аймауытов. Табиғат мейірімі, табиғат көркемдігі адам баласында мейірімге бөлек, ар тазалығын сақтауға бейімдеп отырады.

Табиғатта түрлі құбылыстар бар. Олар жыл мезгілдеріне сай өзгеріп отырады.


Қар - атмосферадан түсетін әр түрлі пішінді ұлпа мұз кристалдары түріндегі жауын - шашын. Ол қыс мезгілінде жапалақтап жауады.

Жаңбыр - бұлттан бөлініп жерге түсетін атмосфералық сұйық тамшылардың жиынтық атауы. Тамшылардың диаметрі 0, 5 — 7 мм болады. Тропосфераның жоғарғы қабатында қалыптасқан қар, мұз түйіршіктері оның жер бетіне жақын қабатынан өткенде еріп жаңбыр тамшыларына айналады. Кейде жаңбыр бұлт арасындағы тым ұсақ тамшылардың бір - бірімен қосылуынан пайда болады. Жаңбырдың бірнеше түрі бар. Ақ жаңбыр — қатпарлы бұлттардан жауады, бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейін созылады. Нөсер жаңбыр — будақ бұлттардан қатты жауып тез аяқталады; олар, көбінесе, төменгі ендіктерге тән.


Тұман — атмосфераның жерге таяу қабатына ұсақ су тамшыларының немесе мұз кристалдарының жиналуы.

Найзағай — бұлттар не бұлт пен жер арасында болатын ұзындығы бірнеше км, диаметрі ондаған см және ұзақтығы секундтың ондаған үлесіндей болатын алып электрлік ұшқынды разряд.[1] Найзағай - кешенді атмосфералық құбылыс. Бұл құбылыс кезінде қалың будақ - жаңбырлы бұлттарда және бұлттар мен жер арасында көп еселі электр разрядтары пайда болады, күн күркірейді. Ұйтқыма жел, дауыл соғып, кейде бұршақ аралас нөсер жаңбыр жауады. Найзағайды шептік және масса ішіндегі деп ажыратады.

Кемпірқосақ – аспан күмбезінде түрлі түсті доға түрінде көрінетін атмосферадағы оптикалық құбылыс. Тамшы үлкен болса кемпірқосақ айқын, жарық болып көрінеді. Кейде алғашқы кемпірқосақпен бірге екінші кемпірқосақ қабаттаса көрінеді, оны қос кемпірқосақ деп атайды. Қос кемпірқосақ күн сәулесінің су тамшысына белгілі бұрыш жасай, екі рет шағылысуынан түзіледі. Сонымен бірге ай сәулесінен пайда болатын кемпірқосақты ай кемпірқосағы деп атайды.

Түрлі өзгерістер мен құбылыстарға байланысты халқымыз жылдың әр айы мен тоқсанында болатын ауа райындағы, табиғаттағы өзгерістер мен құбылыстарды алдын - ала болжап, оған ат қойып, айдар тағып отырған. Жылдың он екі айындағы табиғат құбылысына байланысты халықтық қағидаларға сәйкес болжамдар мен атаулар наурыз айынан бастау алады.


Өліара. Бұл – екі айдың арасындағы уақыт. Халқымыз: «Өліарада жауын - шашын болса, жаңа ай (келесі ай) жауынды - шашынды болады», - деп, өліара арқылы ауа - райына болжам жасаған. Ол дәлме - дәл келген.
Амал. Бір жылдың ішінде ыстық пен суық, қар мен жаң - быр, жел мен боран айналып келіп отырады. Халық оны осылай деп атап, жылдың әр мезгіліндегі өткінші әрі тосын, аз уақытта болып өтетін табиғат өзгерістері мен көріністерін жеті амалға балап, оларды былай түрлеп, түстеген:

Құс қанаты. Наурыз айының соңына қарай жылы жақтан құстар ұшып келе бастағанында қар аралас жаңбыр, суық жел тұрып, ауа райы бұзылады. Оны халық құс қанаты дейді. Бейне - бір суық құс қанатымен келгендей.


Аласапыран. Наурыз, сәуір - де қардың күрт еріп, айналаның лайсаңға айналуын осылай деп атаған, - дейді аталарымыз.

Сағат пен уақыт туралы ең қызық деректер Алғаш рет әлем бойынша уақытты бір жүйеге келтіріп, сағат бойынша жүруге дағдыланған бұл ежелгі Египет еді. Олар Күннің жүру қозғалысы бойынша уақытты анықтайтын күн сағатты шығарды. Бұл біздің заманымызға дейінгі 1500 жылдар. Сол уақыттан бері сағаттың айналу бағыты өзгермеді: солдан оңға қарай. Күн сағатының бір кемшілігі – ол тек көшеге шыққан кезде ғана уақыт мәліметін көрсете алды. Яғни, көлеңке бойынша. Ондай сағаттар қатты жел мен жаңбырдан бұзылып та кететін. Ал олардың жұмыс істеу қабілетін жоймас үшін көшелерде арнайы бригадалар жұмыс істеді. Археологтар бұл күнге дейін әлемнің әр түкпірінен күн сағаттарының 13 түрін тауыпты. Ал Қытайда б.з.д. 4000 жылы су сағаттары шығарылды. Дамудың келесі кезеңінде адамзат баласы құмсағаттарға көшті. Бүгінгі күні олардың қолданылу аясы медициналық салада ғана іске асады. Олардың кемшілігі күннің салқын кезінде тым тез қозғалды, ал бұл уақытты дәл анықтауға кедергісін тигізетін. Алғашқы қол сағаттар 1812 жылы Неополитан королдігінде жасалды. Сол уақыттан бері тек танымалдылық ғана жинап келеді. Қазіргі таңда микрокомпьютердің көмегімен смарт-сағаттар шығарылып, олар тек уақытты көрсетіп қана қоймай, адамның қан қысымын, тамыр соғысын да дәл айтып, музыка да ойнап бере алады. Ұзақ уақыт бойы қолсағаттар тек аксессуардың рөлін атқарып, оларды тек әйелдер сәндік ретінде тағатын. Алайда бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде әскери бөлімдердің командирлері қолсағаттардың көмегіне жүгінді. Қоғам арасында швейцариялық шеберлер әлемдегі үздік сағаттарды жасайды деген ұғым қалыптасқан. Бірақ, механикалық сағаттарды алғаш болып голландиялық Гюйгенс есімді ғалым жасапты. Оның ойы бойынша сағатта тек төрт ғана элемент болуы тиіс, ал қалғаны қосымша ғана. Өнертапқыш Леви Хатченс алғашқы оятқыштың авторы. 1787 жылы ол өзін күн сайын жұмысқа оятатын құрылғы ойлап шығарды. Қазір біз смартфонды қолымызға алып, небәрі бір-екі функцияны орындау арқылы ғана оятқыш қоя аламыз. Қазіргі таңда қолсағаттар қайтадан сәндік бұйымға айналып бара жатқандай. Себебі адамдар көп ретте уақытты ұялы телефонынан қарауды әдетке айналдырған. Әлемдегі ең дәл сағат – атомдық сағаттар. Мамандардың айтуынша, мұндай сағаттар миллион жылда бір секундтан ғана қателесуі мүмкін. Атомдық сағатты Ұлттық стандарт және технология институтының ғалымдары құрастырған. Олардағы уақыт өлшемі цезий атомының вибрациясы арқылы жасалады. Кварцтық сағат айына 40 секундқа дейін қателессе, механикалық сағат тәулік сайын 4-6 секундқа қалып кетеді. Бірқатар елдер сағаттық белдеулерге аса сенбей, түзетулер енгізген. Мысалы, Қытай бірден төрт бірдей сағаттық белдеуде орналасқан. Бірақ, ел үкіметі барлық провинцияларды теңестіріп қойған. Уақыт туралы тағы бір қызықты дерек: Ратман аралы мен Крузенштерн арасындағы қашықтық 4 шақырымды құрайды, бірақ уақыт айырмашылығы – 21 сағат.



Толығырақ: https://massaget.kz/layfstayl/tehno/auto/klassika/46240
Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз







Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет