Өмірді тану өзіңді тану Өмір дегенің



бет2/2
Дата10.06.2017
өлшемі407,29 Kb.
#18394
1   2

«Мен»   деген  сөзге әркім  өзі  туралы мына сұрақтарға жауап  беріп толтырады.

Жақсылық  көрсең   біреуден,

Мен  қандаймын  деп  ойла.

Жамандық көрсең  біреуден

Мен  қандаймын  деп  ойла

Ой толғау

3 бұлт тапсырмасы



«Қайырымды бала » мәтінімен    талдау , пікірталас өткізу.

     Айдос мектептен үйіне келіп   әкесіне сабағын тыңдатты.Баласының сабағын білгеніне әкесі риза болып   балмұздақ сатып алуға ақша берді. Баласы әкесінің берген ақшасына бірдеңе сатып алу үшін дүкенге жүгіре жөнелді.Жолдан автобусқа төлейтін ақшасын жоғалтып алып жолда жылап тұрған баланы көрді. Оның жылағаннан екі беті албырап ,беті –қолы тоңып кеткенін байқады. Қолындағы ақшасын балаға беріп, үйіне тез қайтып кетуін айтты. Бала қуанып автобусқа мініп кетті. Айдос бұрылып үйіне қайтты..

 Мәтін   мазмұнына байланысты оқушылардың пікірін тыңдау. 

Баланың қайырымдылығы неде ?

Өзің   Айдостың орнында болсаң не істер едің? деген сұраққа жауап алу.

4 бұлт тапсырмасы.

Жақсы жетектесе - тартына көрме

Жаман жетектесе –артынан ерме

Қайырымдылыққа , адамгершілікке, имандылыққ байланысты мақал –мәтел, нақыл сөздер жатқа айту./оқушылар жатқа айтады./

Мінеки балалар сендердің қайырымдылық көмек көрсетулеріңнің арқасында күніміз жарқырап шыға келді.

Күн көзі бүкіл әлемді өзінің жылы   шуағымен аялап   ғасырдаң –ғасырға жеткізуде адам баласы бір - бірін аялап қадірлеп, қиналған сәттерінде қайырымдылығын жасап өздерінің иман жүзді адам екендігін білдіре білсе жерімізде бақытты жандар көп өмір    сүрері анық. Бір- бірімзді қадірлей білуіміз керек. 

Ашылған бұлттың соңынан әсем кемпірқосақ пайда болды.

 

Кемпірқосақ жеті түстен тұрады.



Осы түстердің   әрқайсысында жақсы    ақыл кеңес бар екен.

1       Әр күнді жақсы ойлар ойлаумен бастап, бос өткізбе

2       Күні бойы өзіңді   қоршаған адамдардың бәрі туралы тек сүйіспеншілікпен және ізгілікпен ойлай жүр

3       Ұйықтар алдында бүгін қанша адамды қуанттым,жұбатқаныңды, қайырым жасағаныңды есіңе түсірг.

4       Басқалардың қажетіне жарай білуге талпын.

5       Ата-анаңның мейірім шуағын сезініп , қадірлей біл..

6       Тыныштық сақтай білуге үйрен,Нәзік үнмен биязы , мәдениетті сөйлеуге үйрен

7       «Жақсылыққа жақсылық-әр кісінің ісі, Жамандыққа жақсылық ер кісінің ісі» деген мақалды түсініп жадыңа ұста. 

КҮН


Даламдай кең пейілім,

Жүрегім толы   мейірім,

Мен үшін жоқ   уағың,

Бәріңе ортақ шуағым.

Жер шарының ұл-қызын

Жылытуға жетер қызуым

 Жақсы адам- ел ырысы.

Жақсы адам   деп бойында адамгершілік құнды қасиеттердің барлығы жинақтаған тұлғаны айтамыз.



Қорытындылау: 

Енді, бүгінгі сабағымызды қорытындылау үшін бағанадан бізді тыңдап бақылап отырған әжелеріміз қандай ой түйіндерін айтар екен соны тыңдайық.

 Ой түйін:



Қонақтарға    сабағымызға қатысып ой бөліскендері ,және ақыл кеңестері үшін алғысымызды білдіреміз.

Кішілерді аяла

Қамқорлықтан аянба

Адамдығың көрінсін

Ар-намысың нақ болсын.

 

Өткізген: Нұрғазина А.С.



 

Өмір жаңғырығы

Ғани әкесімен бірге үлкен тау жартастарының арасымен серуендеп келе жатқан еді. Кенет Ғани сүрініп кетіп: «А-а-а-а!» деп айқайлап жіберді. Сол кезде жоғарыдан «А-а-а-а! деген дауыс естілді. Ғани өзінің даусының қайталанғанына таңырқап:

- Сен кімсің? - деп дауыстағанда, Ғаниға:

- Сен кімсің? - деген жауап келді.

Ғани түкке түсінбей жынданып:

- Сен қорқақсың! - деп  айқайлады.

Таудан шыққан дауыс та:

- Сен қорқақсың! - деп жауап берді.

Қатты ашуланған Ғани әкесіне қарап:

- Әке, бұл кім өзі? - деп сұрады.

Әкесі:

- Ұлым, менің сөзіме құлақ сал, - деді де тауға қарап тұрып: - Мен сені жақсы көремін! - деп айқайлады.



Таудан:

- Мен сені жақсы көремін! - деген жауап келді. Әкесі тағы да айқайлап:

- Сен әдемісің! - деді. Жауап:

- Сен әдемісің! - деді.

Ғани не болғанын білмей, таңданып тұрып қалды. Әкесі жаңғырықтың сырын былай деп түсіндіріп берді:

-  Бұл жаңғырық. Жаңғырық адам баласына көп нәрсе үйретеді. Сен өміріңде не істесең, оның сыбағасын аласың. Өмір айна сияқты. Сен қандай болсаң, солай көрсетеді. Егер мейірімділікті қаласаң, мейірімді болуға тиіссің. Адамдардың сабырлы болуын қаласаң, сен де сабырлы бол. Адамдардың қайырымды болуын қаласаң, сен де қайырымды бол!



Бұл - өмір заңдылығы. Өмірде кездейсоқтық деген нәрсе жоқ. Сондықтан өзің түзелмесең, өзгелерді түзей алмайсың.

 Бүркіт пен оның балапандары (аңыз)

      Баяғыда таудың қиясын мекендеген бір ерекше қасиетті қыран өмір сүріпті. Өзгелерге өрлігімен өнеге болған әлгі бүркіт бір жылы өмірінде бірінші рет үш балапан басып шығарыпты. Балапандардың қанаттары қатайып, ұясынан ұшып шығуына аз уақыт қалғанда бүркіт үш балапанын уысына қысып, теңіз төсіне алып шығыпты. Ұшып келе жатып ол, өзіндік өмірге қанат қаққалы тұрған балапандарынан соңғы рет сынақ алып, былай деп сұрапты: -Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, мәпелеп бағып-қаққанымды жақсы білесіңдер. Ертең өскесін, осының өтеуі ретінде маған қандай жақсылық жасайсыңдар?

      Біріншісі айтыпты: -Анашым, сенің ақ сүтіңді ақтау үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын. Мен сені өмір бойы қанатыма мінгізіп алып жүрем. Дүниенің төрт бұрышын түгел аралатам, таңғажайып тамашаларды көзіңмен көретін боласың.

      Бүркіт басын шайқап, уысындағы балапанын теңізге тастап жіберіпті. Бірінші балапан теңіз тұңғиығына батып кете барыпты. Сосын екіншісіне бұрылып: -Ал сен не айтасың,-депті.

      Екіншісі айтыпты: -Анашым, мен сені ел аралатып, босқа әуре қылмаймын. Ғаламның барлық кереметтері мен қызықтарын алдыңа әкеліп берем, ішкенің алдыңда, ішпегенің артыңда болады.

      Бүркіт тағы да басын шайқап, уысын жазып жібергенде, екінші балапан да біріншінің соңынан кете барыпты. Бүркіт үшінші балапанына бұрылып, жарықшақ толы дауыспен былай депті: -Ал, сен мені қалай жарылқамақсың?

Сонда үшінші балапан былай деп үн қатыпты:

-Анашым, өтірік қанша тәтті болса да, саған ащы ақиқатты ақтармасқа амалым жоқ. Маған жасаған жақсылықтарыңның шеті де, шегі жоқ екенін, оны өтеуге менің барлық ғұмырым жетпейтінін жақсы білемін. Дегенмен, менің өмірім сені әлемді аралатуға да, сан түрлі ғаламаттарды алдыңа алып келуге де арналмайтынын айтқым келеді. Мен, сенің маған жасаған жақсылықтарыңның барлығын өз балапандарыма жасау үшін өмір сүретін боламын.

      Кәрі бүркіт сонда ғана көкірек кере терең дем алып: -Біздің әулет аманатын алға апарар, қыран деген атқа лайық бола алар ұрпақ туылғанына көзім енді жетті,- деген екен.



Екі қасқыр (аңыз)

      Баяғының қарттары енді ғана ес біліп келе жатқан немерелерін алдына алып, өнегелі өсиеттерді ақылды аңыз, есті ертегі түрінде жастайынан келер ұрпақтың құлағына сіңіре береді екен. Сондай кемеңгер қариялардың бірі немересіне өмір сырын былай деп айшықтап айтып жатыр екен:

-Әр адамның көкірегінде екі қасқырдың өзара тайталасына ұқсас тартыс жүріп жатады. Оның бірі күншілдік, қызғаныш, өзімшілдік, өтірік сияқты жаман қасиеттерді бейнелесе, екіншісі – сенім, шындық, мейірім, адалдық секілді жақсы қасиеттерді бейнелейді. Бұл екі қасқыр сәт сайын, қадам сайын айқасып, өмір бойы күресумен болады ...

Сонда зерделі немересі атасының сөзін бөліп, былай деп сұрапты:

-Ал ең соңында қай қасқыр жеңеді?

Атасы сәл ойланып, немересінің пайымдылығына сүйсіне отырып, жауап беріпті:

-Сен қайсысын көбірек қоректендірсең, сонысы жеңеді.

Бір жұлдызды құтқару (аңыз)

      Кіріспе: Ер жігіт көлді қотарып, тауды қопарып тастамағанмен, жұрттың жағдайын жақсарту үшін  қарлығаштың қанатымен су сепкеніндей сеп бола алса, тамшының тасты тескені емес пе?

Аңыз: Теңіз жағасын жағалап  келе жатқан бір кісі бір нәрселерді жерден алып теңізге лақтырып жатқан бір баланы көреді. Жақындағанда оның толқынмен жағаға шығып қалған теңіз жұлдыздарын құтқармақ болып жатқанын байқайды. Ал көкжиекке дейін созылып жатқан жаға болса, теңіз жұлдыздарына толып-ақ қалған екен.

-Сен не істеп жатырсың?-деп сұрайды әлгі кісі.

-Бұлар ертең су қайтқанға дейін жағада қалып қойса, өліп қалады ғой,-дейді бала таңырқап.

-Бұл ақымақтық қой!,-дейді қызбаланып әлгі адам, -қарашы олар қаншама, жағада мың емес, миллионы жатыр. Бір өзің ештеңе өзгерте алмайсың, сенің осы жасап жатқан тірлігіңнің мәні бар ма?

Бала жерден келесі теңіз жұлдызын қолына алып, шамалы ойланып тұрып, былай депті:

-Менің жасаған тірлігімнің мәні мен маңызы өте зор, әсіресе …  мына бір теңіз жұлдызы үшін.

      Түйін: Халық айтқандай, төбе түйірден, теңіз тамшыдан құралады. Өзгелер үшін жақсы нәрсенің бәрін бірден жасау мүмкіндігін күткен адам ештеңе жасамайды, өйткені ондай мүмкіндік сирек кездеседі

 Тесік шелек

       Бір байдың үйіне қызметшісі күнде екі шелекпен су таситын. Алайда, оның біреуінің түбі тесік болатын. Бүтін шелекпен суды қожайынның үйіне төкпей-шашпай жеткізсе, тесік шелекке құйылған су жол бойы тамып, жартысы ғана кәдеге жарайтын. Осылайша арада екі жыл сырғып өте шығыпты. 
        Бір күні әдеттегідей өзен жағасына тағы барғанда, шыдамаған тесік шелек су тасушыға қысыла-қымтырыла: «Сізден кешірім сұрасам деп едім, білсеңіз ылғи алдыңызда ұяттан өртене жаздаймын»,– депті. Таңқалған су тасушы: «Неге?» деп сұрайды. Шелек: «Өйткені, түбім тесік болғандықтан, судың жартысын ғана жеткізіп, өзіме жүктелген міндетті толық орындай алмай жүргеніме іштей қатты қысылам. Менің кесірімнен сіз де тиесілі еңбекақыңызды толықтай ала алмай келесіз» дегенде қызметші: «Оған түк те қайғырма. Одан да қожайынның үйіне баратын жолдың сен жағындағы гүлдеріне бір қарашы», – депті жай ғана.
        Шынында да қожайынның үйіне жеткенше жолдың өз жағы жапырағы жайқалған, иісі аңқыған гүлдермен көмкеріліпті. Әдеміліке тамсанған шелек бір сәт аңтарылып тұрып қалғанда, су тасушы:
– Жолдың сен жағына әдейілеп гүлдер ектім. Күн сайын су алып қайтқанда сен оларды суғарып тұрдың. Екі жылдан бері қожайынды осылайша қуантып келдім. Егер сен тесік болмағаныңда, гүлдер болар ма еді?!», – деген екен. 
        Пенде болған соң тесік шелек секілді әркімнің де өзіне тән кемшіліктері болары сөзсіз. Алайда, одан қуыстанып, қорқа беру де жөн емес. Дегенмен, кемшілігін түзеп, үлгі ала білсе, жақсылыққа қарай ұмтылса, сіздің де біреуге пайдаңыз тиері сөзсіз. 

Тақырыбы:  «Мен өмірді таңдаймын» 

      Мақсаты:    Өзін-өзі тану, тұлғалық даму тәсілдерін таба білу, көңіл-күйді және эмоцияны реттеу; байланыс

       және өзара әрекеттесу мүмкіндігін қамтамасыз ету.

        Көрнекілігі: қағаз,қалам, карточка,доп

 

        Барысы:



 

        Ұйымдастыру кезеңі

 

1.     «Танысу» жаттығуы

 Жаттығу барысы:

 Жұргізуші: Ең алдымен таныспас бұрын жартылай екіге бөлініп шеңбер жасалған орындыққа отырайық. Қолымдағы допты оқушыға беріп есімдерін ататқыза отырып өз бойындағы үш қасиетін кезекпен айтады.

Ризагүл –рақымды, гүлдей ризалы.

 

2.Өміршендік ережесі.



   Әр адамның ережесі-өз жүрек қалауымен жүру және батыл әрекет жасау. Сол сияқты иығыңды тіктеп, жарқын көңілмен іштей табысқа жетуге талаптанып,

Өміршеңдік ережелерін айтайық.

 

1. Жігер деген-Мен

 

2. Күш деген-Мен

 

3. Махаббат деген-Мен

 

4. Кешірім деген-Мен

 

5. Құдірет деген-Мен

 

6. Жасөспірім деген-Мен

 

7.Жастық шақ деген-Мен

 

8. Денсаулық деген-Мен

 

9. Адалдық деген-Мен

 

10. Жарқындылық деген-Мен

 

11. Бар ғажайып деген-Мен

 

 Хормен: Бәрі маған байланысты,



 

                  Бәрі менің қолымда.

 

  

 



3.«Мейірімділік алаңы» жаттығуы

 Мақсаты: Өз бойындағы жаман, жақсы қасиеттерін жазу. Іштегі жағымсыз жайттарды сыртқа шығарту.

 Әр адам сиқырлы жасыл айнасыз-ақ өзіңің жақсы-жаман қасиеттерін біледі.

   Қатысушылар түрлі түсті қағаздан жасалған гүлге жақсы (плюстарын +) жақтарын жазады да тақтада ілінген табиғаттың суреті жасалған плакатқа әр бала жапсырады. Ал жаман қасиеттерін (минус- ) шоғайнаға арам шөпке жазады да ортада тұрған қоқыс жәшігіне умаждап лақтырып тастайды.

 

4.«Саңырау телефон»

   Барлық балалар шеңбер бойында отырады. Бірінші отырған оқушыға құлағына сыбырлап әр түрлі сөздер айтамын. Ол оқушы әрі қарай келесі оқушыға естігенін айтады, ең соңғы қалған оқушы естігенін дауыстап айтады. Мысалы, Мен өмірге келгеніме қуанамын, мен болашақта мықты маман боламын, ата-анамның борышын ақтаймын т.б және өз пікірлерін ортаға салады.



Карточкада: Мен өмірді таңдаймын 

 

5.«Ақиқат орындығы»

  Мақсаты: Оқушылардың қорқыныштары мен стресстерінен арылту, ашық болуға шақырту.

    Жүргізуші: Алдарыңызда топтың ортасында карточкалар жиыны тұр. Енді сендер кезекпен ортаға шығып, аяқталмаған ойлары бар карточкаларға жауап берулеріңді сұраймын.

 

    Карточкадағы сөйлемдер



-Ең үлкен қорқыныш –бұл...

-Мен мынадай адамдарға сенбеймін...

-Мен ренжимін, егер...

-Мен ұмытпаймын, егер...

-Маған көңілсіз, егер...

-Егер маған дауыс көтерсе, мен...

-Мен қарсыласқанда...

-Егер мен сенімсіз болсам...

      Жүргізуші: Сөйлемді аяқтағанда сіз қандай сезімде болдыңы? Әрине, әрқайсымыз қорқыныш, сенімсіздік, сәтсіздік сезімдерінен өттік. Ренжіген, нашар көңіл-күй немесе көңілсізідік болған шығар. Бұл сәтте қолдау мен сүйенішті қажет етеміз. Ежелгі кезде адамдар өздеріне талисмандар ойлап табатын. Бүгін біз өзімізге қолдау ойлап табамыз. «Менің таңбам»

     Жүргізуші: 15 ғасырдың екінші жартсында Еуропалықтар қоғамдағы өз орындарын білдіру үшін арнайы эмблемалар пайдаланған. Атақты адамдар өз таңбаларын мақтан тұтқан. Бұл таңбадан адамның жеке ерекшеліктерін, отбасы жетістіктерін, мінезін білуге болған. Таңба –негізгі қалқан болып табылған. Қалқан –қиын кезде қорғаныш, көмекші. Қазір әрқайсымыз өзімізге таңба жасаймыз. Ол үшін сендер таңба бейнесі бар парақтар аласыңдар, ол бес бөлікке бөлінген. Сендер ең бірінші нені істей аласыңдар, екіншіден-өздеріңді жақсы сезінетін жер (отбасы, мектеп, достарыңның ортасы, т.б.).Үшіншіден- ең үлкен жетістігім. Төртіншіден-сенімді үш адам. Осының бәрін сөз, сурет, символ арқылы көрсетіңдер. Бесіншіден-өзің туралы естігің келетін үш сөз.

     Біз дайындаған жұмыс өзімізге көмектеседі. Осыны әрқайсымыз есімізде сақтауымыз керек:

-ішің пысқан кезде өзің істей алатын жұмысты еске түсіру;

-жалғыздықты сезінгенде өзіңнің ойларыңды бөлісе алатын адамдарды еске түсіру;

-өз жетістіктеріңді еске түсіріп, сенімді түрде тағы да қандай жетістікке жете алатының туралы ойлан;

-өзіңе жайлы, демалатын жерді ойла;

-өзіңді нашар сезінгенде, ренжіп, қорыққанда, қапаланған кезде рухыңды көтеру үшін өзің туралы естігің келетін үш сөзді дауыстап айт.

 

 «Итке көмектесейік» Сіздің аяушылық қабілетіңіз.



 Мақсаты: Сіздің жақыныңызға көмектесуге қаншалықты қабілетті екеніңізді анықтау.

   Нұсқау: Мына суретте ит бейнеленген. Оның бақыты үшін анық бір нәрсе жетіспейді, бірақ атап айтқанда не? Иттің қасында барлық суретті салыңыздар, сіздің ойыңыз бойынша оның көңіл-күйін қалай көтересіз.

   Бұл итке тура келмейді-ау, бұл оған керек емес деген ойлар сізге кедергі келтірмесін. Не қаласаңыздар, соны салыңыздар.

 

Релаксация

 

«Мен бақытты баламын».

 Баяу сазды әуен үнімен үшке дейін санап,гүл бағына саяхатқа баруды ұсынамын:

-         «Қараңдаршы, гүл бағында гүлдер қандай көп!!! Әсем әдемі гүлдер жайқалып тұр»

Гүлдерге қарап күн күлімдеп тұр. Гүлдер күлтектерін ашып, күнге күлімдейді.

-         «Қараңдаршы! Бақтағы сайран құстың дауысы, сылдырап аққан судың дауысы естіледі. Бетімізге самал жел лебі еседі. Аңқиған гүлдердің хош иісі келіп тұр. Осы гүлдердің арасынан ұнағанын теріп алып , ең жақын досына сыйла»

Балалар өздеріне ұнаған гүлді айтады және өздерінің көңіл күйлерін жөнінде әңгімелейді.



Қорытынды: : Құрметті Оқушылар! Өмірде ақ пен қараның қатар жүретіні бәрімізге мәлім. Менің мақсатым осы шағын көрініс арқылы адалдықтың, ақтық пен пәктіктің әрқашан да жеңіп шығатынын сіздерге жеткізу.

    Ақ пен қара бейнесін көрсету шағын көрініс. Соңында Ақ киінген оқушы қараларды жеңіп шығып отырған оқушыларға, мұғалімдерге тыңдаушыларға жылулық, бақыт, денсаулық мейірім, күлкі т.б сыйлайды.


Мектеп психологі:  Н.З.Жүнісова

 «Өмірді тану- өзіңді танудан басталады» `

(сыныптан тыс іс-шара)



МақсатыӨзін-өзі тану пәні апталығының арнайы ашылуы     

Көрнекілігітелевизор, магнитофон, дискілер болды, Анапьянов Жоламанның және Қожаханова Ақботаның дипломдары «Бөбекте» қатысқан «Биік ойлар аспаны», «Биік ойлар аспаны» атты балалардың респуликалық әдеби шығармашылығы фестиваліне қатысушылардың туындылары 2010жыл.

І. Лездеменің өткізілу жоспары

ІІ. Шаттық шеңберін құру

ІІІ. Апталықтың ашылуы, мақсаты мен міндеттері     

ІV. Әдеби-Музыкалық монтаж «Өзін-өзі тану» арқылы мен не  үйрендім

V. Біздің ақындар - Өз шығармашылығы. Нармахан Аида   «Асыл анам» өлеңі 5И сынып.

Мектептің жетістіктері -  Анапьянов Жоламан 11Д сынып.

                                   Кожаханова Ақбота  10А сынып.

Балалардың республикалық әдеби шығармашылығы 2010ж. фестивалінің қатысушылары және  ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарының иегерлері. Ұран

I. Шаттық шеңберін   құру.

Балалар, бәріміз ортаға щығып, «жылылық шеңберін» құрайық. Әрбіріміз қасымызда тұрған досымыздың жақсы қасиеттерін ізгі сөздермен, көтеріңкі көңілмен, күлімдеген көзбен, жымиған езумен жеткізейік:

-         Жарайсыңдар, балалар! Әрбіріңнің достарыңа деген жылы лебіздеріңді естіп, қатты қуанып тұрмын.

Қазақстан дейтін менің бар елім

Жатыр алып жарты дүние әлемін

Бұл даланы анасы

Жаспен суарған

Бұл далада атам

Қолға ту алған

II. Апталықтың ашылуы, мақсаты мен міндеттері:

Бүгінгі Қазақстанда қандай өзгерістер бар? (Саммит, олимпиада  29 қаңтар 2011ж).

Сол өзгерістердің бірі Қазақ мектептерінде жаңа «Өзін-өзі тану» пәні ашылды. Осы жыл бізге жаңа пән сыйлады. Және біздің мектепте осы пәнге қатысты 13.12. – 18.12.10ж. аралығында апталық болып жатыр.

III. Әдеби-Музыкалық монтаж: «Өзін-өзі тану» пәні арқылы мен не үйрендім?»

Шадыбаева Аружан 5В сынып – бұл пән бізді өмірдегі бар шыншылдыққа, адалдыққа, әдептілікке, жақсылыққа, қайырымдылыққа, мейірімділікке, сүйіспеншілікке, табиғат қорғауға баулиды.

Дауренбеков Ерғали 5И сынып

                                                 Өзін-өзі тану пәні ұнайды.

          Оқушының білімін де сынайды.

          Бірін-бірі ізгілікке үйретіп,

         Зерделеп, сыпайы сөз құрайды.

         Оқушылар өзін-өзі таниды,

        Бойымызға тек ізгілік дариды.

Тұраш Аяулым 5И сынып.

                         Бала кезде жақсылыққа үйренсек,

                         Азамат боп өсеміз ғой,

                         Жаны ізгі үйретеді бізге ұстаздар жалықпай, 

                         Әр қырға ұшамыз ғой қалықтай.

                         Сіңіреміз тәрбиесін үйреткен,

                         Адам болып жаман қылық таратпай.

Аширметова Аида 5И сынып.

                        Өзімізді біліп, танып

                        Бастадық жықсы қадам.

                        Мықты болса іргеміз,

                        Бәрімізде біргеміз.

                        Жадыраймыз бәріміз

                        Жайнап тұрса мектебіміз

Саршинов Фархат 5В сынып.

                       Күндей нұрын шашатын,

                       Сөз патшасы жылы сөз.

                       Тоқсан егер күн болар

                       Шөлдесең егер су болар,

                       Құрышыңды қандырар,

                       ``Өзін-өзі тану`` сабағы

                       Үлгі болсын бұл саған                                              

                          (оқулық туралы әңгіме)

Кеңесбекова Жадыра 5В

                      Бөбек, бөбек-

                      Өзін-өзі таныған,

                      Гә, Гә - өзін танытқан,

                      Го, Го – бүкіл әлем таныған.

                      Келемеші елімнің,

                      Бөбегімде бүгінгі.                      

     (Өзін-өзі тану рухани-адамгершілік білім беру жобасының авторы кім?)

Байсарина Тамирис 5В-

                      Алғыс айтам, менің Сара апама

                      Бүлдіршінге бақыт сыйлап, жыр сепкен.

                      Бал-бөбектер анасы, данасы,

                      Жүректерге махабатпен нұр төккен.

Осы апталықтың ішінде қандай тағы мерекелер кездеседі?

                             «Желтоқсан»

                             Бейсетаева Жанерке 5В сынып.

 IV Біздің ақындар-Өз шығармашылығы

                             Нармахан Аида «Асыл анам» өлеңі 5И сынып.



V Мектептің жетістіктері-

                             Анапьианов Жоламан, 11Д

                             Кожаханова Ақбота, 10А,

балалардың  республикалық әдеби шығармашылығы 2010ж фестивалінің қатысушылары  және ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарының иегерлері.

Кэлсова Аружан 5В сынып.

                           Жанбасаң, жарық бермейсің

                           Жансыз бекер терлейсің

                           Жігерлі жанға ергейсің. 

                           Ұлым-ау, жердің бетінде

                           Жақсылық сырын тергейсің

                           өмірге екі келмейсің.

Қыдырбай Ақбота  5В сынып.

                          Еңбек етсең, ертеңгі

                          Бақытыма сенемін!

                          Мақсатыма жеткізер

                          Уақытыма сенемін!

                          Арым таза, ақ көңіл

                          Адалдыққа сенемін!

                          Абыройлы, ақ ниет

                          Адамдыққа сенемін.

.

                          Жайнай бер, саған менің мектебім



                          Балаларың беске оқысын

                          Әдемі болсын қыздарың,

                          Күшті болсын ұлдарың,

                          Жарқыра, жайна, мектебім!



Шеңбер «Жүректен жүрекке»

Каталог: uploads -> doc -> 0896
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0896 -> «Ақжар орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің технология пәнінің мұғалімі Агадилова М. М


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет