Қонақ немесе шай жүгері (сорго) Халық шаруашылығындағы маңызы, таралуы, өнімі Ботаникалық және биологиялық ерекшеліктері



бет1/3
Дата28.02.2023
өлшемі8,72 Mb.
#170413
  1   2   3
Байланысты:
4 лекция
306, Listening transcript, тарих 6 билет

Қонақ немесе шай жүгері (сорго)
Халық шаруашылығындағы маңызы, таралуы, өнімі
Ботаникалық және биологиялық ерекшеліктері
Өсіру агротехникасы
  • Құмай құрғақшылық аймақтарда өсірілетін перспективалы малазықтық дақылдар қатарына жатады.
  • Құмайды мал азығына дәнін пайдаланады. Сондай-ақ одан пішен, көк азық және сүрлем дайындайды. Құмай пішені жақсы қоректілімен ерекшеленеді, онда 7,17% протеин бар. Құмай жеңіл сүрленетін дақыл. Құмай сүрлемі қоректілігі жағынан жүгері сүрлемінен кем түспейді. Құрамында қант мөлшері жағынан құмай жүгеріден асып түседі Құмай дәнінің қоректілігі жоғары, одан жақсы құрама жем дайындауға болады. Оның 100 кг дәнінде 118-130 а.ө. бар. Дәнінде ақзат мөлшері 8,4%, май 3,3%, азотсыз экстрактивті зат 63,5% және 130 г. кальций, 370 г. фосфор, 280г. лизин, 110г. метионин, 100г. трифтофан бар. Және де дәнінде жеткілікті мөлшерде каротин, В группасына жататын дәруіштер, рибофлавин, илік заттар кездеседі.

Дақыл

Белок

Крахмал

Клетчатка

Майлар

Күлділігі

Бидай

10...20

60...75

2...3

2...2.5

1.5...2.2

Қара бидай

8...14

58...66

1.8...3.2

1.7...3.2

1.7...2.3

Арпа

11...15

58...68

4.5...7.2

1.9...2.6

2.7...3.1

Сұлы

10...13

40...50

11.5...14

4.5...5.8

4.0...5.7

Тритикале

11...23

49...57

2...3

3...5

1.8...2.2

Күріш

7...10

65...75

9.5...12.5

1.5...2.5

4.5...6.8

Тары

10...15

58...65

10... 11

1.9...2.3

3.7...4.5

Сорго

9...14

51...61

"5.'..6.5

2.7...3.7

1.8...2.4

Жүгері

9...11

68...76

2.5...3

4...6

1.4...1.8

Қарақұмық

10...13

66...68

10...16

2.3...3.1

2.3...2.6

Ac бұршағы

21...32

46...61

5...7

1.3...29

2.5...40

Дәндегі негізгі химиялық заттар,%
Қонақ жүгері немесе Сорго (лат. Sorghum) – астық тұқымдасына жататын бір немесе көп жылдық Өсімдіктер тегі. Текті тропиктік, субтропиктік және қоңыржай аймақтарда өсетін 50-ге жуық түрі белгілі. 
Қазақстанда егіс алқаптары мен суармалы жерлерде өсетін 5 түрі бар. Жиі кездесетіні – Алеп құмайы (sorghum halepense).
Қонақ жүгері алуан түрлі мақсатта пайдаланылатын дақыл. Дәні –малдың бағалы азығы, құрама жем, крахмал, спирт және қант өнеркәсібінде шикізат.
Қонақ жүгерінің көк балаусасын мал азығына және сүрлемге пайдаланады. Қатайып кеткенге дейінгі орылған қонақ жүгері сабағынан сапалы пішен алынады, одан кейінгі өскен алшынкөгін күздік жайылымға қалдырады.
Қонақ жүгерінің 100 кг дәнінде 119 азықтық өлшем, ал көк балаусасында – 23,5, сүрлемінде – 22,0, пішенінде – 49,2 азықтық өлшем болады. Қонақ жүгері дәнінде 15 пайызға дейін протеин, лизинге бай, қантты сорттарында 10-15 пайыз қант бар, одан қою шырын алынады. Перспективалы қант беруші дақылдар қатарына жатады. Сыпыртқылық қонақ жүгері шашағынан сыпырғыш және шөткі дайындалады.
  • Құмайдың көк массасын шауып алып мал қоректендіруге не болмаса сүрлем салуға пайдаланады. Оның 100 кг көк массасында 26,6 а.ө., ал 100 кг сүрлемінде 20-23 а.ө. бар. Құмай сүрлемі ондағы қант мөлшерінің жоғары (18%) болуына байланысты өте құнды азық. Құмайдың барлық сорттары мен будандарында синилдік қышқыл кездеседі, бірақта оның мөлшері мал организміне қауіпсіз
  • Құмай жайылымда мал тұяғына шыдамды өсімдік және тез өсіп жақсы алшын береді. Оны нашар сүрленетін (қант мөлшері аз) дақылдармен қосып сүрлемге салуға болады. Соңғы жылдары құмайдан азық түйіршіктерін дайындау кең өріс алды және бұл жағдайда оның барлық биологиялық өнімі пайдаланылады.
  • Құмай дәнінің әр гектардан өнімі 20 ц дейін жетеді. Құмайдың көк массасының өнімі 200-500 ц/га, орташа өнімі – 120 ц/га. Республика бойынша құмайдың егіс көлемі көп емес. Негізінен құмайды жылдық жауын-шашын мөлшері 350 мм аспайтын аймақтарда өсіреді. Республиканың құрғақ далалық және шөлейт аймақтарында себіледі.

Қонақ жүгері халық шаруашылығында керекті дақылдардың бірі. Одан жарма, ұн, крахмал, сыра, қызыл арақ, сироп алады. Көбінесе, этилді спирт алуда қолданылады. Өсімдігінің басқа органдарынан целлюлоза, қағаз, картон, щетка, сыпырғыш жасайды. Оның дəні де, өсімдігінің өзі де мал азығы ретінде пайдаланылады жəне сүрлем алуға жарайды.
Қонақ жүгері құрғақшылыққа өте төзімді. Өсіп тұрған кезде құрғақшылық бастала қалса, өсімдік өзінің өсуін тоқтата тұрады да, жаңбыр жауған соң өсуін əрі қарай жалғастырады. Тұзы көп шөл жерлерде де өсе алады. Сондықтан ол барлық шөл далалы аудандарда аудандасқан. Басқа аудандарда да жоғары өнім бере алады
Қонақ жүгері қуаң және шөлейт аймақтарда сүрлемдік дақыл ретінде жүгеріні алмастыра алады.
Қонақ жүгері отамалы дақыл болғандықтан астық дақыларына жақсы алғы егіс және ықтырмалық дақыл ретінде пайдаланылады.
Қонақ жүгері – жақсы фитомелиорант, сондықтан сортаң жерлерде тұзды ыдыратқыш дақыл ретінде өсіруге болады. Нұрғасенов Т.Н., Арыстанғұлов С.С., Каракальчев А.С. (2010) тәжірибелерінде, қонақ жүгеріні ақдала күріш өсіру массивінің «тастанды» жерлерін қайта игеру мақсатында биорекультивациялауға өсірген. Ғылыми тәжірибе нәтижелеріне сүйеніп, олар қонақ жүгері әрбір гектарда 164,5 ц органикалық қалдықтар қалдыратыны анықталған.
Ақдала күріш массивінің қайта сортаңдануына байланысты деградацияға ұшыраған жерлерінің құнарлылығын қалпына келтіруге қонақ жүгеріні фитомелиорант ретінде ұсынады
Ботаникалық сипаттамасы
Өсімдіктердің биіктігі шамасы 1 – 1,5 метрдей, сыртқы түрі жүгеріге ұқсас, тамыры жақсы жетілген.
Жапырақтары ұзын, диаметрі 1 – 3 сантиметр.
Көп гүлді сыпыртқы гүлшоғырының биіктігі 60 сантиметрдей. Әрбір гүлі жарғақ тәрізді екі гүл қабыршағынан тұрады. Аталығы – үш, аналығы – біреу. Маусым – шілде айларында гүлдейді.
Жемісі – дән. Құмай – улы өсімдік, оның құрамында дуррин атты улы глюкозидсиниль қышқылы, сабағында крахмал мен қант бар. Емдік мақсатқа құмайдың көктем мен күзде жиналған сабағы мен тамыры пайдаланылады. Оның судағы тұнбасымен құяң, ревматизм және жүйке ауруларын емдейді. Ертеректе құмай өсімдігімен мерезді емдеген. Көк шалғынын мал жайылымы ретінде де пайдалануға болады. Гүлшоғырынан сыпыртқы жасайды, сондай-ақ, қызыл бояу және балауыз алынады. Сабаны қағаз жасауға, ши тоқуға пайдаланылады
  • Кәдімгі құмай – Sorghum vulgare Pers. (Andropogon sorghum) – біржылдық өсімдік, Sorghum туысына, қоңырбас тұқымдасына жатады. Sorghum 50 шақты түрін біріктіреді. Республикада халық шаруашылық маңызы бары қанттық, астық немесе нандық, шөптік және сыпыртқылық құмай түрлері өсіріледі.
  • Құмайдың тамыр жүйесі кіндікті және бес дербес типтерге бөлінген: ұрықтық, мезокотильдік (бүйір), түптену, түптену өркендерінің тамырлары және ауа тамырлары. Тамыр жүйесі қуатты, 2,0-3,0 м топырақ тереңдігіне бойлай өседі және 1,0-1,2 м жан-жағына тарайды. Тамырының қарқынды өсуі шашақтанудың бас кезінде байқалады. Негізгі массасы 1 м дейінгі топырақ қабатында орналасады. Сабағы тегіс бетті, тік өседі, биіктігі 2-3 м, қуысы паренхимамен толтырылған, онда әртүрлі дәрежеде қант шырыны бар. Сабағы цилиндр пішінді 5-25 буынаралықтарынан тұрады. Буынаралық-тарының ұзындығы 0,3-2,3 см-ден (төменгі), 5-40 см-ге дейін (жоғарғы) жетеді. Құмайдың толық дамыған кезінде түптену түйінінен 3-5 сабаққа дейін түзіледі.

Дəнді дақылдар тұқымдастығының сорго (Sorghum) тегіне жатады. Оған 50-ге жақын біржылдық жəне көпжылдық мəдени жəне жабайы өсімдіктер жатады. Оның ішінде мəдени өсімдіктер: кəдімгі қонақ жүгері, Джугара, гаолян, кафр қонақ жүгерісі, дурра сияқты түрлері дəн алуға пайдаланылады. Бұлардан басқа қонақ жүгері, сыпырғыш жасауға арналған қонақ жүгері, судан шөбі сияқты түрлері көп тараған. Бұлардың өзі бірнеше тармақтарға бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет