Өндірістегі бақытсыз жағдайлар



Дата13.11.2022
өлшемі6,33 Kb.
#157876
Байланысты:
Өндірістегі бақытсыз жағдайлар-engime.org
Кітап оқығанда сіз жіберетін 10 қателік (1), Самұрық олимпиадасы ҚР-сы, 7 сынып олқылықтар. Физика — копия, 4-сынып-кмж 1, Шаблон, Психология сөж 1, 170 3- , 11.2B Dynamics Deformation of solid lesson plan, kosoe, urok-russkogo-yazyka-i-literatury-10-klass

Өндірістегі бақытсыз жағдайлар

Өндірістегі бақытсыз жағдайлар

Мазмұны:



  • Бақытсыз жағдай анықтамасы

  • Жарақаттардың түрлері

  • Жарақаттанудың негізгі себептері

  • Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеу

  • Сәтсіз оқиғаларды талдау әдістері

Бақытсыз жағдайлар – жұмысшының денсаулығына зақым келтіретін қауіпті факторлардан туындайтын жағдай.


Жарақат – кенеттен адам мүшесінің немесе физиологиялық функция жүйесінің, анатомиялық тұтастыстығының бұзылуы.
Жарақаттар
(өзгешеліктеріне қарай)
механикалық
(сынық, кесілу т.б.)
жылулық
(күйік, үсіну т.б.)
химиялық
(улану, күйік т.б.)
электрлік
(электр соққысы, электр жарақаттар т.б.)
психикалық
(шошыну, қорыққандық, жүйке күйзелісі)
сәулелік
(радиоактивтік, электромагниттік т.б.);
Микрожарақаттар
жұмыс орнында тікелей жойылады. Еңбекке қабілеттілігін жоғалту бір жұмыс ауысымынан аспайды
Жеңіл жарақат
келесі емделудің толық қалыптасу процессінде еңбекке қабілеттілігін уақытша жоғалту
Ауыр жарақат
тұрақты түрде ішінара немесе еңбекке қабілеттілікті толық жоғалту және зардап шеккендерді мүгедектер қатарына қосу
Өлімге алып келетін жарақат
оқиға кезінде және сол оқиғадан кейін қандайда бір уақыт аралығында, мысалы, емдеу процессі кезінде зиян шеккенді өлімге алып келуі.
Жарақаттардың
ауырлық дәрежелері
Ұйымдық себептер:
жұмысты ұйымдастырудың жеткіліксіздігі, қызметкерлерді жеке қорғау құралдарымен қамтамасыз етпеу және т.б.
Техникалық себептер:
конструктивтік кемшіліктер,
автомобиль жарығының әлсіздігі және т.б.
Ұйымдық-техникалық себептер:
ақауы бар машиналарды, пайдалану; құрылыстардың қанағаттанарлықсыз техникалық күйі және т.б.
Санитарлы-гигиеналық себептер:
еңбек гигиенасы,санитарлық нормалар мен ережелердің бұзылу нәтижесі.
Жеке себептер:
қызметкерлердің қауіпсіздік ережелерін орындамағандығымен байланысты.
Жарақаттанудың негізгі себептері


Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеу

Еңбек қызметіне байланысты қызметкерлердің жазатайым оқиғаларға тап болуын және денсаулығының басқалай бұзылуын тергеу және тіркеу ережелері 2001 жылдың 3 наурызындағы Қазақстан республикасы үкіметінің №326 қаулысында бекітілген.



  • Статистикалық әдіс тіркелген сәтсіз оқиғаларды талдауға негізделген, олардың жалпы саның көрсетеді және жарақаттың деңгейін сипаттайтын орташа көрсеткіштерді пайдаланады: жарақаттардың жиілік коэффициенті, жарақаттардың ауырлық коэффициенті т.б.

  • Топтау әдісі біркелкі жағдайларда болған сәтсіз оқиғалардың қайталану жиілігін анықтауға арналған, мысалы, жарақаттардың себептері, адамның жасы, қызметкердің мамандығы т.б.

  • Топографиялық әдіс сәтсіз оқиғалардың пайда болу орындарын зерттеуге негізделген. Жеке бөлімшелердің планында таңбалармен жұмыс орындарында сәтсіз оқиға болған жерлерді белгілейді. Сонымен, қай жерде көп таңбалар қойылса, сол жұмыс орны қауіпті деп есептеледі.

  • Монографиялық әдісінде жұмыс барысында пайда болатын қауіптілік пен зияндылықты анықтау ұшін жұмыс орындарын, машиналарды, құралдарды, өндіріс бөлмелерін, технологиялық процестерді, өндірістік ортаны мұхият тексеріледі.

  • Экономикалық әдісте өндірістік жарақаттан болған шығындар анықталады,


Сәтсіз оқиғаларды талдау әдістері
http://engime.org

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет