Өндірістік санитарияның маңызы мен міндеттері Еңбекшілердің жеке гигиенасы



бет1/5
Дата07.02.2022
өлшемі21,53 Kb.
#93179
  1   2   3   4   5
Байланысты:
000200b4-0cc2dbd7
000200b4-0cc2dbd7, 37683300




Өндірістік санитария дегеніміз- еңбектің дұрыс гигиеналық жағдайын жасайтын, жұмыстың адам ағзасына зиянды әсерін жоятын, кәсіби сырқаттардың орын алуына жол бермейтін санитарлық-техникалық шаралардың жүйесі.
Ондай шараларға мыналарды жатқызуға болады:

  1. Жұмыс орнында қажетті микроклиматтың қамтамасыз етілуі;

  2. Шаңның, будың және газдың ағзаға зиянды әсерін жою;

  3. Жұмыс орнында шу мен дірілдің мөлшерін азайту немесе жою;

  4. Жұмыс орнының тиісті жарықтылығын қамтамасыз ету;

  5. Радиоактивтік заттардан сауықтыру жұмыстарын жүргізу;

  6. Температурасы нормадан жоғары немесе төмен жұмыс орындарында еңбектің арнайы жағдайын жасау;

  7. Санитарлық-тұрмыстық бөлмелердің болуы және оның қажетті заттармен жабдықталуы;

  8. Еңбекшілерді арнайы киімдермен және жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету;

  9. Өндіріске жаңа техниканы, технологияны енгізу және автоматтандыру, еңбекті кешенді жарықтандыруға көшу.

Өндірістік санитария еңбек гигиенасының талаптарына сүйене отырып, еңбекте еңбекшіге дұрыс және зиянсыз жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталған санитариялық-гигиеналық, емдеу-профилактикалық және ұйымдастыру-техникалық шараларын жасайды. Сондай-ақ, әрбір адам өндірісте өзінің гигиенасын да сақтай білуі тиіс. Жұмыс уақытының, тамақтанудың, демалудың, тазалық сақтаудың, өзін-өзі күте білудің, т.с.с. жеке гигиеналық шаралардың дұрыс орындалуы, өндірісте зақымдануы мен сырқаттануды болдырмаудың өте қажетті шаралары. Өйткені, жеке гигиенасының бұзылуы тек қана сол адамның денсаулығына емес, басқа бірге жұмыс істейтін адамдардың денсаулығына зиян келтіруі, тіпті жұқпалы аурудың тарауына себеп болуы мүмкін. Сондықтан, өндірістік гигиенамен қатар, әр адамның өзінің жеке гигиенасын сақтауының маңызы зор.
Жалпы алғанда, өндірістік зиянды факторларды үш топқа бөлуге болады:

  • Өндірістің жалпы жағдайынан туындайтын факторлар. Мысалы, жұмыс орнындағы өте жоғары немесе өте төмен температура, ауаның жоғары ылғалдылығы, бөлмедегі ауа алмасуының жоғары жалдамдығы, т.с.с. факторлар;

  • Технологиялық үдеріске байланысты факторлар, Мысалы, технологиялық үдерісті орындау кезінде пайда болатын шаңдар, булар, газдар, діріл, шу, радиоактивті жарық, т.с.с. факторлар;

  • Еңбек үдерісіне байланысты факторлар. Мысалы жұмыс кезінде адамның бұлшық еттеріне күш түсіретін шаршататын факторлар, яғни дененің жүктелуі.

Осы факторлардың әрқайсысы адам ағзасына әр түрлі әсер етіп,олардың жұмыс қабілетін төмендетуге немесе науқасқа шалдығуына әкеліп соқтырады.
Енді осы факторлардың әрқайсысына белгіленген санитарлық нормалар қандай?

  1. Жылу (13̊-28). ауаның температурасына қосымша жұмыс орнының әрбір м3 көлеміне сағатына 20 килокалориядан аспайтын жылу бөлінетін орындар еңбектің қалыпты (нормальная) жағдайы жасалған орындар деп аталса, 20 килокалориядан жоғары жылу бөлінетін орындар еңбектін ыстық (горячая) жағдайында жұмыс істелетін орындар болып есептеледі. мұндай орындарда еңбекке ақы төлеу де, оларға жағдай жасау да жоғары болады.



  2. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет