«Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс технологиясы» кафедрасы «Бекітемін»


Өрт қауіпсіздігіне қойылатын талаптар



бет8/10
Дата02.11.2022
өлшемі155,25 Kb.
#156243
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
ТУРСЫН ЖУНИСОВ КУР. РАБ. РЫЛЫС РЫЛЫМДАРЫН РАСТЫРУ

Өрт қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
6.1 Өртке қарсы қауіпсіздік өрттерді ескерту, ғимараттар мен құрылыстардың өртке қарсы жағдайын жақсарту, өндірістік процестерде өрт қаупін төмендету бойынша іс-шаралардың кешенін құрайды.
6.2 Құрылыс өндірісіндегі, құрылыс материалдарының өнеркәсібі мен құрылыстық индустриядағы жұмыстарды ұйымдастыру және орындау кезіндегі өртке қарсы қауіпсіздік өрт-жарылыс қауіпсіздігінің, қоршаған табиғи ортаның зиянды заттардың қалдықтарымен ластануды ескерту шараларынан тұру керек.
6.6 Уәкілетті органдар жарылыс-өрт қауіпсіздігі мен улылығына сертификаттаған қолданыстағы материалдардың, бұйымдардың, конструкциялар мен құрылыс машиналары мен механизмдерінің жоғары сапасын қамтамасыз ету қажет. Тиімді дыбыстық немесе жарықтық сигнализация қамтамасыз етілуі қажет. Құрылыста пайдаланылатын инвентарлық құрылғылар мен монтаждық жабдықтар өрт қауіпсіздігінің барлық талаптарына жауап берулері керек.
6.8 Машиналарды, көлік құралдарын, өндірістік жабдықтарды, механизация құралдарын техникалық қызмет көрсету мен ағымды жөндеу кезіндегі жұмыс орындарын түзету құралдарының, аспаптардың, инвентардың, жүк көтеретін аспаптардың жиынтығымен және «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы ережелер» техникалық регламентінің Қосымша 17 және белгіленген тәртіпте бекітілген басқа нормативтік құжаттарға сәйкес өрт сөндірудің алғашқы құралдарымен жабдықталуы керек.
6.9 Өндірістік аумақтарда ықтимал өрттерді сөндіру үшін сыртқы және ішкі сумен жабдықтау көздері болу керек.


Қоршаған ортаны қорғау.
Біздің елімізде қоршаған ортаны корғау бүкіл мемлекеттік міндет болып табылады. Табиғатты корғау және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану жөніндегі зандардың талаптарына сәйкес салаларды дамытудың жоспарларын, жаңа объектілерді жобалауды, салуды жоспарлағанда табиғат корғау шараларын жүзеге асыру барлық министрліктерге, кәсіпорындар мен ұйымдарға міндеттелген.
Қалалар мен елді мекендерді, өндірістік және тұрғын аудандарды жобалағанда олардың бас жоспарлары мен жобаларында табиғат ортасының барлық элементтерін корғау мен қалпына келтіру жөніндегі тиісті шаралар міндетті түрде қарастырылуға тиіс.
Табиғаттың шынайы келбетін сактауды қамтамасыз етуде құрылыс-құрастыру жұмыстары өндірісіне маңызды орын беріледі, өйткені жете ойластрылмаған жұмыс әдістері орны толмас зардаптарға ұрындырады, мәселен, ормандардың және жас көшеттердің жойылуына, ортаның өзгеруіне, жерасты және жерүсті суларының режимін, ортаның экологиялық тепе-тендігін бұзуға әкеліп соғады.
Құрылыс алаңы талшіліктерден және бағалы емес ағаштардың түрлерінен тазартылады, бұл жұмыс құрылыс салынатын территория ішінде жүргізіледі. Құрылыс алаңын дайындағанда топырақтың өсімдік өсетін кабаты өте ұкыптылыкпен алынып, құрылыстың баска жерлерінде немесе басқа учаскелерінде көгалдандыру максатында пайдаланылуға тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет