«Өнерлі екен он саусақ»



бет4/14
Дата06.02.2022
өлшемі128,1 Kb.
#81398
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Өнерлі екен он саусақ вариативтік компонент-1

Қашқаргүл (астра)
Мүсіндеу

Балаларды гүлдермен таныстыруды жалғастыру. Мүсіндеу арқылы балалардың қол икемділіктерін арттыру.

Қашқаргүлдің суреті, ермексаз

1

9

Арыстан
Жапсыру

Түрлі қағаздардан арыстан бейнесін бастырып жапсыру.

Сюжетті сурет, түрлі түсті қағаздар, желім, қайшы

1

10

Аққала
қол еңбегі



Өз қолымен бұйым жасауға қызығушылығын арттыру. Қиып алынған бөлшектерді әдемі орналастырып бекіту.

«Қазақстан табиғаты» тақырыптық суреттер

1

11

Үйрек
Мүсіндеу

Тұзды қамырды ұқыпты пайдалану. Қол икемділіктерін арттыру.

Тақырыптық суреттер

1

12

Түймедақ
Бүктеу

Бүктеу әдіс - тәсілдерді түсіндіру.

Тақырыптық суреттер

1

13

Қысқы киім .
қол
еңбегі

Матаның сапасымен, тігіншілер еңбегімен таныстырып, еңбек туралы мақал - мәтелдер жаттату



Қысқы киімдердің суреттері, әртүрлі мата, қайшы, желім.

1

14

Тасбақаның суретін салып үйренеміз
сурет салу

Сурет салуға қызығушылықтарын арттыру, ұқыпты бояуға жетелеу.

Тақырыптық суреттер

1

15

Досыма сыйлық
Мүсіндеу

Мүсіндеу барысында шағын көлемді кесек есу әдіс - тәсілдерін көрсету.

Сюжетті сурет, ермексаз.

1

16

Қалампыр
қол еңбегі

Қағазбен әртүрлі жұмыс дағдыларын жетілдіру.

Қалампыр гүлінің суреті. Түрлі-түсті қағаз, қайшы, желім.

1

17

Тату жанұя (мүсіндеу)



Балаларға отбасы туралы әңгімелер оқып беріп, тақпақтар, нақыл сөздер жаттау. Отбасы туралы мүсіндеу.

Сюжетті суреттер

1

18

Қоңыраугүл
Сурет

Сурет салуға қызығушылығын арттыру, қарындашты оң қолымен ұстауға үйретіп жаттықтыру.

Қоңыраугүл салынған суреттер

1

19

Қояндар
бүктеу.

Түрлі бүктеу әдіс - тәсілдерін үйрету.

Қоянның суреті, түрлі түсті қағаздар

1

20

Молшылық, береке
түрлі материалдар

Түрлі материалдармен жұмыс жасауға, қауіпсіздік ережелерін сақтауға дағдыландыру.

«Күз» туралы суреттер

1

21

Бақа
Бүктеу

Қағаздарды бүктеу тәсілдерін жасап жаттығу.

Тақырыптық суреттер

1

22

Қаздың балапаны
қол еңбегі

Балаларды ине - жіппен жұмыс жасауға жаттықтыру.

Әңгіме желісі бойынша суреттер

1

23

Бақ - бақ
қол еңбегі

Балалардың ынта - ықыласын арттыру, көтеріңкі көңіл - күй туындату.

Тақырыптық суреттер

1

24



Балықтар.
Мүсіндеу

Саусақ икемділіктерін әрі қарай жаттықтыру. Түрлі пішіндерді мүсіндеу.

Сюжетті суреттер

1

25

Анамызға сыйлық
(қол еңбегі)

Түсті қағаздардан гүл құрастыру. Аналарына сыйлық дайындау.

Тақырыптық суреттер

1

26

Гүлдер әлемі
Сурет

Балалардың бояумен сурет салуға қызығушылығын арттыру. Дөңгелек затты түрлі бағыттағы түзу сызықтармен үйлестіріп салу

Сюжетті суреттер, бояулар, ақ қағаз.

1

27

Орманда
қол еңбегі

Балаларға гүлдердің түрлері туралы ертегі оқып беріп, мазмұндау. Балаларды бояумен сурет салғызуға қызығушылығын арттыру. Дөңгелек затты түрлі бағыттағы түзу сызықтармен үйлестіріп салу.

Сюжетті суреттер

1

28

Көлде жүзген аққу
Мүсіндеу

Тұзды қамырды ұқыпты бояу. Қол икемділіктерін арттыру.

Тақырыптық суреттер

1

29

Қайықша.
Бүктеу

Қайықшаны түрлі қағазбен бүктеу тәсілдерін жасауға жаттықтыру.

Қайықшаның суреті

1

30

Қонжық
(қол еңбегі)

Аюдың аюдың баласы туралы ертегі оқып беру, мазмұндау. Әртүрлі материалдарды біріктіріп, аюлар бейнесін жасауға үйрету. Дене бөліктерін біріктіріп, желімдеу, балалардың ой-қиялын дамыту.

Қонжықтың суреті.

1

31

«Алқаптағы гүлдер»
жапсыру

«Көктем» мезгілінде өсетін гүлдер туралы тақпақ жаттау. Көктем гүлдерін жинақтап, кептіріп жапсырмалау.

Алқаптағы гүлдердің суреттері




32

Құстар
(сурет салу)

Балаларға «Құстар» туралы ертегі оқып беру. Тақпақ жаттау. Балаларды табиғаттағы құстарды аялап, баптап, күте білуге үйрету. Құстарға деген қамқорлық көзқарастарын тереңдету. Құстардың суретін салу. Сурет салуға қызығушылықтарын арттыру.

Құстардың суреттері.

1

33

Жаңбыр
(саусақпен сурет салу)

Шығарманы оқып беру, мазмұнын түсіндіру. Балалардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру. Үлкендерді құрметтеуге, сыйлауға, адамгершілікке тәрбиелеу. Жаңбырдың суретін саусақ арқылы салу.

Көрнекі суреттер

1

34

Шалғын шөптер
(жапсыру)

Балаларға шөптер туралы әңгіме оқып беру арқылы, білгендерін жетілдіру. Шөпті ақ қағазға жұлмалау әдісі арқылы жапсыру.

Сюжетті суреттер.

1

35

Жайлауда
(қол еңбегі)

Балаларғак «Жайлау» туралы әңгімелеп, мазмұндау. Жайлаудың бейнесін әртүрлі заттардан бейнелеп жасау.

Сюжетті суреттер.

1

36

Көрме ұйымдастыру

Ата-аналармен көрме ұйымдастыру




1

Барлығы

36



Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім саласы: «Вариативтік компонент»
Оқу іс-әрекеті: Өнерлі екен он саусақ
Тақырыбы: Ұшақ
Мақсаты: Балаларға ұшақ туралы әңгімелей отырып, «Ұшақ» туралы тақпақ жаттату. Ұшақтың бейнесін қағаздан бүктеу әдісі арқылы жасауға үйрету.
Әдіс-тәсілдер: көрсету, жұмбақ, түсіндіру, бекіту.
Билингвалды компонент: ұшақ-самолет
Сөздік жұмыс: ұшақ
Көрнекіліктер: ұшақтың суреті салынған плакаттар, қағаздар, түрлі түсті бояулар

Іс-әрекет
кезеңдері



Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың
іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық



Тақырыптық сурет бойынша жұмыс жүргізу.

Балалардың қызығушылығы оянады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік



Шаттық шеңбері:
Аспан түрді түндігін
Жерге сәуле жайылды.
Неткен ашық күн бүгін,
Қайырлы таң, қайырлы!
Табиғат күнтізбесімен жұмыс жүргізу.
Жыл мезгілдеріне тоқталу.
Ай аттарын сұрау.
Апта күндерін атау.
Ауа райын бақылау.

Жұмбақ:
Ақ сұңқар құсым келеді.
Жолына бояу жағып келеді. (Ұшақ)
-Қандай көлік түрлерін білесіңдер?
- Балалар сендер ұшаққа отырып көрдіңдер ме?
-Ұшақ қандай көлік түрлеріне жатады?
Балалар көлік бара алмайтын жерге ұшақ барады. Алыс айшылық жерлерге жылдам уақытта ұшақ ұшып барады.
Балалар бүгін біз ұшақтың бейнесін қағаздан бүктеу әдісі арқылы жасаймыз.
Сергіту сәті:
Инелік-ау, инелік,
Инелікке тимелік,
Тік ұшақты жасадық,
Иналіктен үйреніп.
Балалар сендердің істеріңе сәттілік тілеймін.

Балалар шеңбер жасап тұрып қайталайды.

Табиғат күнтізбесімен жұмыс жүргізеді.


Балалардың жауаптары тыңдалады.
Жұмыстың орындалу ретін мұқият тыңдайды.
Қимылмен көрсетеді.

Балалар жұмысқа кірісіп кетеді.



Рефлексиялық-түзетушілік



Оқу іс-әрекетті қорыту:
Балалардың жасаған жұмыстарынан кішігірім көрме ұйымдастыру.

Салған суреттеріне қызыға қарайды..



Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: жұмыстың орындалу ретін білу керек;
Нені игерді: композиция құра білуге дағдылану;
Нені біледі: жасаған жұмыстарын көрсете біледі.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы


Білім саласы: «Вариативтік компонент»
Оқу іс-әрекеті: Өнерлі екен он саусақ
Тақырыбы: Аққулар
Мақсаты: Балаларға «Аққу» құсымен таныстырып, тақпақтар жаттату. Аққудың бейнесін картон қағазға ұсақ қағаздардан желімдеу арқылы жасау.
Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, жұмбақ, бекіту.
Билингвалды компонент: аққу-лебедь
Сөздік жұмыс: аққу.
Көрнекіліктер: Аққудың суреті.



Іс-әрекет
кезеңдері



Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың
іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық



Тақырыптық сурет бойынша жұмыс жүргізу.

Балалардың қызығушылығы оянады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік



Шаттық шеңбері:
Аспан түрді түндігін
Жерге сәуле жайылды.
Неткен ашық күн бүгін,
Қайырлы таң, қайырлы!
Табиғат күнтізбесімен жұмыс жүргізу.
Жыл мезгілдеріне тоқталу.
Ай аттарын сұрау.
Апта күндерін атау.
Ауа райын бақылау.
Жұмбақ:Садақша мойнын иілтіп,
Көрген жанды сүйінтіп,
Жүзгенде көлдің сәні өзі,
Судағы құстың нәні өзі.
Жердегі құстың серкесі;
Көктегі құстың еркесі. (Аққу)
-Қандай құстың түрлерін білесіңдер?
-Аққу қандай құсқа жатады?
-Аққу қайда мекендейді?
Балалар аққу өте қасиетті құс. Құстардың ішіндегі ең сұлу құс аққу. Аққуды атуға болмайды.
Мақал:
Аққуды атпа,
Досыңды сатпа.
Бүгін біз осы аққудың бейнесін өз қолымызбен еңбек етіп жасайық.
Жасалу долымен түсіндіріп өтейін.
-Картон қағазды алып аққудың бейнесін саламыз, сосын барып қиамыз. Ұсақ ақ қағазды жырту әдісін пайдаланып, аққудың қауырсынын .жапсырамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет