Ономастикалық хабаршы №1 (31) 2016


Қошағаш, Қатонқарағай аудандарының кейбір



Pdf көрінісі
бет20/98
Дата30.04.2020
өлшемі1,17 Mb.
#65252
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   98
Байланысты:
ОНОМАСТИКАЛЫҚ ХАБАРШЫ
Doc1, Doc1, Липидтер, Положение о Дипломной Работе, Пoстмoдеpнизм, Авеста, Мо Янь, комптех, Программалау тілдерінің мүмкіндіктерін пайдалану, 119843.pptx, Kirik7, energy esep, декада физики, аннотация
Қошағаш, Қатонқарағай аудандарының кейбір 

топонимдері туралы

Мақалада  тарихи  жағдайларға  байланысты  екіге  бөлініп  кеткен  Катон­

қарағай  және  Қошағаш  аудандарының  жер­су  атарына  тарихи­тілдік  шолу 

жасалады.

1. Екі аудан тарихына қысқаша шолу

Алтай  тауының  айналасын  алғаш  зерттеген  орыс  саяхатшы-ғалымдары 

Мұзтау, Қошағаш, Жазатыр, Шүй атаулы жерлерді ежелден қазақ пен ойрат  

қатар жайлағанын айтады. Мәселен, Р.Закржевский 1882 жылы жазылған "Крат-

кое топографическое описание пути между Котон-Карагаем и Кош-Агач через 

Алтайские  горы"  атты  шағын  жолжазбасында  Салқынкөл(қазіргі  Бұқтырма 

көлі),  Алғыжақбұлақ, Ақкөлкезең, Жұмалыкезең, Зердекөл, Қоңыртемір, Айғара, 

Қарашат, Желдіқара сияқты көптеген қазақша жер-су аттарын келтіреді [1;6-б]. 

Тағы бір саяхатшы-ғалым В.В.Сапожников (1905 жылдары) Мұзтаудың айна-

ласы қазақтардың жазғы жайлауы екенін, Жәшік деген қазақ байымен тамыр бо-

лып, қой сатып алып тұратынын айта келіп: "Тұнжыраған ойраттарға қарағанда 

қазақтар ашықжарқын, қалжыңға шебер болып келеді",  - деп сипаттайды. Мұнда 

да Шолақшат, Тал, Қалғұты, Терісаққан, Жаркөл, Шабырсу, Сарыалқа сияқты 

топонимдер молынан қамтылған [2;35-б].

Саяхатшылардың жазбасындағы жер-су аттарына, қазаққа тән  зираттардың 

тұрған орнына қарап, Катонқарағай­Қошағаш­Баянөлгей аймақтарында қазақ-

тар көшіп-қонып жүргенін, араларын бөлетін шекараның болмағанын көреміз. 

Кейінгі әкімшілік бөліністердің әсерінен араласып-құраласып отырған ел үш-

ке  бөлініп  кетті.  Баянөлгей  (Байөлке,  Байбесік)  Моңғолияға  қарап  кетсе,  Қо­



шағаш, Шүй, Жазатыр 1930-шы жылдары "екі арадағы жол қатынасы қиын" 

де ген сылтаумен Қазақстаннан бөлініп, Ресейдің Таулы Алтай өлкесіне бе рілді. 

"Шыңғыстай болыстығына, Катонқарағайға барып-келу қиын" деген қазақ тар-

дың өзіне жаздырған өтініштері Өскемендегі облыстық мұрағатта сақтаулы тұр. 

Дұрыс ойлағанда елдің екіге бөлініп кеткенінен гөрі екі араға жол салған әлде-

қайда жеңіл де тиімді болар еді.

КСРО кезінде бір мемлекет ішінде болғандықтан, бұл бөліністер көп біліне 

қойған жоқ. Кейін қошағаш қазақтары басқа мемлекет құрамында қалғандарын 

анық  сезіне  бастады.  Оның  үстіне  Қазақстанның  дәл  осы  тұсындағы  біраз 

жердің тағдыры тағы да Ресей пайдасына шешілді. Мәселен,  1990-шы жылдары 

қасиетті Мұзтау, маңындағы Жуантөбе, Қасқаайғыр, Тоқыр секілді шұрайлы 

жайлауларымен бірге, Ресейдің Таулы Алтай өлкесінің ұлттық паркі болып жа-





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   98




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет