Ономастикалық хабаршы №1 (31) 2016



Pdf көрінісі
бет23/98
Дата30.04.2020
өлшемі1,17 Mb.
#65252
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   98
Байланысты:
ОНОМАСТИКАЛЫҚ ХАБАРШЫ
Doc1, Doc1, Липидтер, Положение о Дипломной Работе, Пoстмoдеpнизм, Авеста, Мо Янь, комптех, Программалау тілдерінің мүмкіндіктерін пайдалану, 119843.pptx, Kirik7, energy esep, декада физики, аннотация
Топонимика


26

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

Ақбұлқақ  <  Ақбұлғақ  «Бұқтырманың  мөлдір  суын  ақ  түске  айналдырып,  бұл-

ғайтын, лайлайтын өзен» мағынасында қолданады. Саяхатшы-ғалымдар Белая 



Берель түрінде картаға түсірген.

Атау беруші (қай тілде болса да) өзеннің бұл ерекшелігін байқамауы мүмкін 

емес. Осы ойдан келгенде, Мұзтау атауын берген сақтар не ғұндар, не түріктер 

бор (боз) «ақ, сұр» анықтауышын пайдаланған да, Борел (мұндағы ел, ыл, іл өте 

көне дәуірде «өзен», «су» гидротермині болған: Елек, Іле, Ойыл, Қиыл т.б.) ата-

уын  жасаған  секілді.  Борел  түркі  тілдеріне  тән  үндестік  заңына  байланысты 

кейінді ықпалға ұшырап, Борел>Бөрел>Берел тұлғасын қабылдайды. Сонымен 

Берел «ақ, сұр түсті су, өзен» мағынасында тұр деуге негіз бар. Ал түркілердің 

ұрпағы  қазақтар  көне  атау  Берелдің  мәнін  ұқпаған  соң,  кейін  атаудың  уәжін 

сақтай отырып, Ақбұлғақ>Ақбұлқақ деп қайтадан атаған.

БҰҚТЫРМА - өзен, е.м. Қатонқарағай ауд. Ж. Болатов пен А. Әбдрахманов 

Бұқтырма гидронимін бұқ (етістік)+тыр (өзгелік етіс жұрнағы)+ма (етістіктен зат 

есім тудыратын жұрнақ) деп талдайды да мағынасын суға түскен нәрсені тастан 

тасқа соғып, бұқтырып әкететін касиетінен шығарады. Орыс тіліне ауысқан көне 

түркі сөздерін зерттеген Е.Н.Шипова сөздігінде: "Бахтарма-бухтарма"(архаизм.) 

внутреняя сторона шкуры, прилегающая к телу животного" деген түсініктеме 

бар. Біз де өзеннің аты осы көнерген сөзден жасалған деп есептейміз, өйткені 

жаңа сойылған малдың терісін аударып қарағанда, қан тамырларының ізі тарам-

тарам болып көрініп тұрады. Бұқтырма өзені де дәл солай сала-салаға бөлініп 

ағады. Ұқсату арқылы жасалған атаудың түбірі бүк, бүктеу сөздерінен шығып, 

кейін жуандаған секілді. Бүк+тір+ме >Бұқ+тыр+ма.

ЖАЗАТЫР  -  е.м.,  Қошағаш  ауд.  Халықтық  этимология  жаз+отыр  "жаз-

да  ғана  отыр"  деген  ұғымға  әкеліп  тірейді.  Ал  Таулы  Алтайдың  жер-су  атта-

рын  арнайы  зерттеген  ғалым  О.Т.Молчанова  көне  түркі  тіліндегі  жазы+төр 

сөздерінен шығарады: "жазықтың төр жағы". Біздің ойымызша, жазы "жазық" 

+  адыр  сздерінен  біріккен,  яғни  "жазықтағы  адыр  немесе  үсті  жазық  адыр". 

Қазақ  тілінде  қатар  келген  екі  дауыстының  алдыңғысы  түсетін  заң  бар:  жа­



зыадыр>жазадыр>жазатыр.

ЖАҢААУЫЛ- е.м., Қошағаш ауд. Жаңа (сын есім) + ауыл (зат есім) сөздерінің 

бірігуі арқылы жасалған; Бұрынғы елді мекен  астынан ыза су (жерасты суы) 

шыға берген соң, жаңа жерге салынған ауылға берілген атау.                         

ИТӨЛГЕН - асу, Катонқарағай ауд. Мұзтаудағы асу. Н.С.Ядринцев картаға 

Проездная деп түсірген. Ит (зат есім) + өлген (есімше) сөздерінен бірігіп жасалған. 

"Қиын асу" мағынасында тұр. М.: "Ит өлген жер" тұрақты тіркесі сияқты. Тағы 

бір орыс саяхатшысы В.В.Сапожников асудың қазақша атын өзгертпей береді, 

сон дықтан оны Н.С.Ядринцевтен әлдеқайда зиялы деуге болады. . 



ИЫҚТЫ - тау, Мұзтаудың бір сілемі. Иық (зат есім) + ты (сын есім жұрнағы) 

сыңарлары арқылы жасалған . "Шоқтығы, иығы биік тау" деген мәнде тұр.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   98




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет