Оптика жарықтың табиғаты мен таралу және заттармен әсерлесу заңдарын зерттейтін физиканың бөлімін айтамыз. Жарық



бет1/3
Дата31.10.2022
өлшемі18,47 Kb.
#155823
  1   2   3
Байланысты:
рк оптика теория
1551839399303

Оптика жарықтың табиғаты мен таралу және заттармен әсерлесу
заңдарын зерттейтін физиканың бөлімін айтамыз .
Жарық деп толқын ұзындығы 0,1 10⁶А⁰ аралығындағы электромагнитті толқындарды айтамыз.
Көрінетін жарық толқын ұзындықтары 0,4 0,76А⁰ аралығындағы элетромагнитті толқындар көзге көрінуі.
Жарық ағыны деп берілген беттен уақыт бірлігінде өтетін жарық энергиясының мөлшерін айтамыз.
Жарық күші деп бірлік денелік бұрышпен шығатын жарық ағынының шамасын айтамыз.
Жарықтылық (яркость) деп жарық көзінің бірлік бетінен шығатын жарық күшін айтамыз.
Жарқырау (светимость) деп бірлік беттен барлық бағытта тарайтын жарық ағынын айтамыз.
Жарықталыну деп жарық ағынының түскен бетке қатынасы бойынша анықталатын шаманы айтамыз.
Интерференция құбылысы деп екі жарық толқыны қосылған кезде, олардың кеңістіктің бір нүктесінде бірін-бірі күшейтіп, кейбір нүктесінде бірін-бірі әлсірету құбылысын айтамыз.
Конгерентті деп фазаларының айырымы уақытқа байланысты өзгермей тұрақты күйде қалатын толқындарды айтамыз.
Когереттілік деп қандайда бір 𝑙 қашықтықтан кіші қашықтықта орналасқан екі нүктедегі "толқындық беттің" тербелісі өзара когерентті болады .
Көлбеулігі бірдей интерференция деп пластинкаға бірдей φ бұрышпен сәулелер өздерінің интерференциялық максимумдарын беруін айтамыз.
Интерференциялық рефрактрометрлар деп сұйықтардың сыну көрсеткіші (n) мен оның өзгерісін өлшеуге арналған интерферометрді айтамыз.
Жарық дифракциясы деп жарық сәулелерін өте кіші 𝒟 саңлаудан өткізген кезде одан шыққан сәуле экранда үлкен көлемде шашырайды. Жалпы жағдайда дифракция құбылысы жарықтың түзу сызықтан ауытқу құбылысын айтамыз.
Гюгенс – Френель принципі бойынша жарық бақыланылады егер қосылатын қарапайым толқындар бірдей фазада тербелсе, ал әр түрлі фазада болса олар бірін бірі сөндіреді (әлсіретеді).
Дифракциялық тор деп ендері бірдей бір-біріне бірдей қашықтықта орналасқан көптеген саңлаулардың жиынын айтамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет