Оралхан б 3-том indd



Pdf көрінісі
бет8/20
Дата20.10.2023
өлшемі1,88 Mb.
#187172
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20
Байланысты:
жұбанышов д.тарих-1
Бақытжан:
– Сендердің қалғыларың келмей отырғаны. 
Әттең, қарындарынды шермитіп бір тойғызса; сүйресе де 
шықпас едіңдер бұл үйден. ақсақал, – деді төсегіне тас 
бүркеніп жатып қалған шалды мазалап. – айтыңызшы, біз 
осында мүлдем қалып, паштый балаңыз болсақ, қалай қарар 
едіңіз?
Шал:
– алла сақтасын. Осыдан үш жыл бұрын қасқырдың 
үш бөлтірігін асыраймын деп, жалғыз сиырымды жарып 
кеткен.
Бақытжан: 
– Бөлтірік жарып кетсе, біз жеп кетер едік. 
ақсақал, айтыңызшы, жетпіс жасаған сіз, осыншалық мол қуат, 
тепсе темір үзер қайратты қайдан алдыңыз?
– Шал: 
– Табиғаттан...
Бақытжан:
– ал біз турникке асыламыз келіп, тыртыңдап 
жүгіреміз келіп, гимнастика жасаймыз. ақыр аяғы міне төрінен 
көрі жуық сізден таяқ жейміз.


145
Шал күлді. Күлді де айтты: – марал корень, золотой корень, 
жень-шень, бұғының еті мен мүйізінің қаны, аюдың еті – таза 
ауа, бастығы жоқ өмір – міне осылар менің гимнастикаларым.
– Ей, шал, – деп керілді аманжан. – Сол кормыңнан бізді де 
кормиттасаң қайтеді. Сағатымды сыйлайын.
Бақытжан білгішсінді:
– Корым емес, ақымақ, – к-о-р-е-
нь... қазақшасы тамыр. ал сен жем жегің келеді.
Аманжан: 
– Какая разница. Жейтін нәрсенің төркіні – бір.
Бақытжан: 
– Ендеше, бүгіннен бастап шөп же.
Аманжан:
– Совхоздың малына жетпейді, әйтпесе жер 
едім.
– адамдар мінезіне мен де қайранмын, шырақ. Солардан, 
ұлардай шулаған адамдардан қанша жан ұшыра қашсаң, да, 
қыр соңына түсіп тауып алады. Тып-тыныш оңаша өмірінің 
айдынына тас лақтырады. мен – өзіммін, басқа емеспін, 
ендеше, өзімше өмір сүріп, өз мекенімді, яғни өз мемлекетімді 
құрғым келеді. мынау қараша үй – менің кішкентай ғана, 
қарлығаштың ұясындай мемлекетім, қара басымның жалғыз 
еркіндігі. Бұл – Кіші Қоңқай мемлекеті, түсіндіңдер ме! – Шал 
шаптыға айғайлап, басын қақшаң еткізіп көтеріп алды. Қысық 
көзінің шарасы үлкейіп, біреу қолқасын суыра бастағандай 
ақиып кеткен. Қорқынышты, аса қорқынышты түрі бұзылып, 
бақсылығы қозғандай сақылдады-ай. Бірақ әр ойын, сөзін 
шегелеп, зердеңе ұрғылап әкеліп қондырғандай түсінікті жет-
кізді. – Сол қарлығаштың ұясындай мекенімнің қауіпсіздігін 
көзімнің қарашығындай күзетіп, суверенитетін сақтау үшін 
елу жыл алысқанмен – алыстым, атысқанмен – атыстым. Бұл 
– менің жанымның (кеудесін ұрды), рухымның, жүрегімнің, 
тіпті бүкіл бостандығымның Отаны. ал сол титімдей мемлекет, 
от жаққан отанымның, шекара – табалдырығын бұзғандарды 
қасық қаным қалғанша аямаймын, майдандасамын. ал был-
шылдамай ұйықтаңдар. Таңертең айыртаудан асатын төте 
жолды нұсқап жіберемін.– Тас бүркеніп жатып қалды. Жатып 
қалса да қол-аяғы дірілдеп, күбірлеп сөйлейді: «мені де 
сағынатын күн туар... Қоңқайлар ұрпағы өлмек емес, мәңгі 
жасайды. Өйткені Қоңқайлар адамзаттың өздері үшін керек...»
Шал тақыр басын бөстектің шетінен қылтитты: – темір 
пешке оттық салып май шамды сөндіріңдер, – деп бұйырды да, 
қайтадан жоқ болды. Бүркеніп, бір уыс болып ұйқтайтын кісі 
екен.


146
ана екеуі – аманжан мен Бақытжан жатып қалды да, Нұржан 
далаға шықты. Үркер төбеден ауып кеткен екен. аспан ашық. 
Түн суық. ақ сүттенген ай аспаннан мөлие қарап, жерге секіріп 
түскісі келетіндей. алғашында «иш-ай» деп қалған Нұржан 
үйдің іргесінде қалқайып тұрған трактордың жанына барғысы 
келді де, қар омбылаудан қорынды. Жым-жырт. Дүниенің 
барлығы үсіп өліп, жарықтық ай құран оқыған ақ сәлделі 
молда, ал сонау жұлдыздар жаназаға жиналған мұсылмандар 
іспетті еді. ауылда басқаша болатын: сиыры мөңіреп, әтеші 
шақырып, иті ұлып – өзінше ұлар-шу болып жататын. Ішсе де 
мас, ішпесе де мас Хамиттың жаман гармошкасын құлаштай 
тартып, ауылды басына көтере шырқар айғай әні – мынау жер 
бетінде адам атты – екі аяқты, жұмыр басты ақыл иесі барын 
еске салғандай, жанына жақын естілуші еді. ал қаладағы 
ызың-шу, қым-қуыт өмір өз алдына... мұнда ше? мұнда 
– кісіні ес-ақылдан айырып, керең ғылып тастар тыныштық. 
Дүние жүзіндегі ең таза, ең тыныш жер – осы айыртау сын-
ды. Осындай құлақкесті тыныштықтан, елсіздіктен құсаланбай 
жалғыздан жалғыз жарты ғасыр, тіпті одан да көп уақыт ғұмыр 
кешкен Қоңқай шалдың ұрлық тірлігіне қайран қалуға болушы 
еді. Шекспирді, Толстой мен Хэмингуэйді білмей жетпіс жыл 
өмір сүру деген не сұмдық?.. Данышпандық деген ұғымның 
шартты екенін осы Қоңқай шал сайқымазақтау үшін жер басып 
жүрген секілді. Иә, адам баласы барған сайын, төрт құбыласы 
теңелген сайын ескі өмірді, баяғы арбамен қоян қуған заманын 
сағынар. Бәлкім, табиғатқа қайтадан жақындау дегеніміз осы 
шығар... Осы шығар...
Есік ашылып, сыртқа қақырынып-түкірініп шал шықты. 
Нұржан далада көбірек айналып қалған соң, жасаған сақтығы 
болар.
– Неғып айға қарап телміріп тұрсың? – деді.
– Жәй, өзім, ақсақал. Ұйқтар алдында өстіп, таза ауа жұтып, 
бой сергітетінім бар.
– Жөн-жөн, бар, ұйқта, – деді де үйге жапсарлас салынған 
қораның ішіне кіріп кетті. Нұржан әрі-бері тосып еді, шықпады. 
Әуестік жеңіп, білдірмей есігінен сығалады, бәрібір ештеңе 
көре алмады. Қараңғыға көзі үйренгенде ғана барып, сонау 
төменнен – жер астынан жарық сәулеленгенін байқады. Сөйтсе, 
қораның ішінен қазылған жертөле бар ексн. Шешінген судан 
тайынбас дегендей, тәуекел деп жақындай түсті. Жертөленің 


147
қақпағы ашылып, төмен түсер саты бар екен. май шам онда 
да жанып тұр. Қоңқай шалдың көлеңкесі абажадай болып 
көрінеді. Өзі самогон ба, сыра ма, әйтеуір, сарғыштау сусынды, 
дәу ағаш шелектің шүмегінен ағызып алып, сіміріп отыр. 
Байлықтың көкесін Нұржан, осы жер астындағы үйден көрді. 
адамның жанынан өзгенің бәрі бар сықылданды көзіне. Тіпті 
шындап іздесе, адамның жаны да табылар ма деп қалды. Сонда 
оның есіне баяғыдағы бір ауылда естіген әңгіме оралып еді. Өзі 
құралпы Орынбай деген жас жігіт, бөлімшеде есепші болып 
істейтін. Осы өткен жазда өздері келе жатқан айыртаудың 
арғы бетінен пішен дайындаған. Сонда әңгімеден әңгіме 
шығып, Орынбай бір сырдың шетін қылтитқан. айыртаудың 
асуында бір жұмбақ шал бар екен. Өзі талай кісінің, атуға 
болмайтын аңның обалына қалған жауыз көрінеді. Керек десең 
паспорты да жоқ. Бірақ ешкімнен қорықпайды. Қорықпайтын 
себебі, оны бүкіл аудан, облыс басшылары жақсы біледі-мыс. 
Білетін себебі, әлгі шал оларды аңның терісі, дәрі-дәрмекпен 
қамтамасыз етеді екен. Бір үлкен қызметтегі кісі аты жаман 
аурудан өлгелі жатқаңда, вертолетпен ұшып келіп, әлгі шалдың 
үйінде ай жатып емделіпті... Жазылыпты. Егер шын ниет қылса, 
өлген адамды тірілтіп алатын көрінеді. Әуелі... шамасы тайып, 
қуатынан айрылған дөкейлер ептеп әлгіден... қоздыратын бір 
пәле бар екен ғой, содан да алып тұрады дейді... Әрине, содан 
соң ол шал құдайдың өзін тыңдамайды. Бірақ өзі керемет 
қатыгез, қанішер көрінеді...
– «Бұл сол шал болды» – деп ойлаған Нұржан шегіне берем 
дегенде, жер үйдің ішіне жылқының тоң боп домаланған қиын 
құлатып алды. Шал селк етіп, жоғары қарады да, май шамды 
үрлеп сөндіре салды. Бірақ «бұл кім?» – деп дауыстамады. Кім 
екені бесенеден белгілі...
Осы күні түнде Нұржан да, Нұржанды аңдыған шал да көз 
ілген жоқ. Бірімен-бірі іштей арбасып, іштей атысып жатыр 
еді.
Шал ойлады: – «Үш жігіттің ішіндегі ең қауіптісі – Нұржан. 
Қалған екеуі, көзінің алдындағыны ғана көретін дарақылау, 
ойлары таяз. Не істеу керек? айыртаудан асатын төте жол бар 
деп, жөн сілтеп жіберсем ғой, үшеуі де құриды. ал айналма 
жолға түсірсем аман-есен жетеді. аман-есен жеткен соң, менің 
бүкіл сырымды, байлығымды мұқым елге жаяды. Жайғанына 
қорықпаспын, ұрлыққа түсуі мүмкін ғой. Не істеу керек?»


148
Жігіттер шаршап келіп қатты ұйқтап қалған еді, таңертең 
жұлқылап жүріп Қоңқайдың өзі оятты. Нұржан да әбден таң 
сыз бергенде көз іліндірген-ді. Орындарынан атып-атып 
тұрған трактористер, беті-қолын жумастан далаға шықты. 
аппақ шағырмақ қардың ортасында меңдей болып қарайып 
ДТ-54 тұр, қасқыр жемепті. моторды қыздырып, жанармайды 
жылыту үшін шалдан отын сұрап еді, қарсылық білдірген жоқ. 
Темір пештің үстіне бір шелек су құйып қойып, оны да ысытып 
радиаторына құйды. Көп әуреленген жоқ, тракторды әп-сәтте 
от алдырып, енді аттанамыз деп жатқанда, Нұржан шалдан 
ендігі бағыттың ыңғайын сұрады.
– алдарыңда екі жол бар, – деді шал қабырғасын тырт-тырт 
қасып.– Біреуі алыс та болса – жақын. Екіншісі жақын – жақын 
да болса – алыс. Егер айыртауды айналып жүрсеңдер өте 
ұзақ жүресіңдер... ал мынау бір – Үлкен Қоңқай асуы арқылы 
жүрсеңдер, екі-үш сағатта іздеген шөптің үстінен түсесіңдер. 
Шөпті аман-есен тиеп алып, қайтарда айыртауды айналып 
желе-жортып ауылдарыңа барасыңдар. Сондықтан менің 
ақылым – үлкен Қоңқай арқылы асудан өту. Тракторларың 
мықты, дендерің сау, сайдың тасыңдай жас жігіттерсіңдер, 
қиындық деген не тәйірі.
– Олай болса, сіздің сөзіңізге сендік, ақсақал, – деді Нұржан 
трактордың жылан бауыр табанына шыға беріп.
– Енді, өздерің біліңдер... шырақтарым. Пайғамбар жасынан 
асқанда, ақыл айтып, жол көрсеткеннен өзге не қалды дейсің...
– Қуатыңыздың қаншалықты екенін түнде көрдік қой, – деді 
Бақытжан.
– Құр ауыз аттандырдың, шал, – деді аманжан. – Бәрібір 
түбі сенің үйіңнен шай ішпей қоймаймын. Қайтарда соға 
алмасам да, келесі жазда, әдейі іздеп келермін...
– мылтық көздеуді үйрене кел, – деді шал мысқылдап. – 
Жекпе-жек шыққандай болсақ, өкініп жүрме.
– Оған дейін өзің де алжып өлерсің. – Шалдың көзі бағжаң 
ете қалды. 
– Қайсымыздың бұрын өлерімізді бір тәңір білер, – деп 
көкке қарады.
– ал, хош болыңыз, – деді Нұржан тракторды жылдамдыққа 
салып.
– Сау болыңыз, – деді Бақытжан ыржиып. Осы үйден аман 
аттанғанына шексіз қуанышта еді. аманжан қоштасқан жоқ. 
Сұп-сұр болып Нұржанның жанына отыра кетті.


149
аппақ қардың арасына сіңіп, бергі белестен асып, көзден 
ғайып болғанша Қоңқай тұрған орнынан тапжылмай, соңдары-
нан қарады-ай. Әбден ғайып болғанда ғана: – «Топырақтарың 
торқа болсын», – деп бетін сипады да, қораның ішінен қазып, 
бетін сабанмен бүркеген жертөлесінің кеспелдектей құлыбын 
сылдырлатып аша бастады. Ендігі сәтте елу жыл тірнектеп 
жинаған қазынасы тығылған жердің астына түсті де кетті...
Өлерін сезсе, осы жеті қат жердің астындағы қоймасына 
келіп, баяғыда әзірлеп қойған мұз астауға жатпақ. Дұрыстап 
жатып алған соң, қол жетер жердегі тиекті төмен қарай басып 
қалады. Сол шақта мұның үстіне әдейі үйіп, іліндіріп қойған 
топырақ құлайды. Жер ойылып түскен соң, қораны да жауып 
қалады қымтап. ал содан кейін Қоңқай мен байлықты тауып 
көрсін... Ешбір адам таба алмайды. Тек мың жылдан соң... 
мың жылдан соң...
Әзірше өлім тиегін баспайды, сыра ашытылған ағаш күбінің 
тығынын ғана ашады. Әбден ашуы жеткен сырадан сыңғытып 
ұзақ ішті...
Ішкері жаққа Нұржанның осыменен екінші рет келуі. Жаз-
дай жаңбыр жаумай, құрғақшылық болып «алтай» совхозы-
ның бүкіл шабындығы ақтаңлағы шығып, күйіп кеткен соң сы-
пыра тау арасы, топырағы құнарлы әрі қыстың күні қар қалың 
түседі, сөйтіп, ылғалы мол сақталатын Хатынь өзені жағынан 
шөп шапқан. Қазақстанның бір пұшпағында түтін түтеткен бұл 
совхоздың жері алтай тауларымен жарыса, жағаласа барып, 
сонау Таулы алтай өлкесінің аймағымен шектелетін. россия 
мен Қазақстанды атақты шың мұзтаудан бастау алатын ағыны 
қатты Хатынь өзені бөліп жатар еді. Бұл жақ басқа ауданның 
жері, бір түкпірінде, тым шалғайда болғандықтан, «Ішкері 
жақ» деп атап кеткен. Құрғақшылык не істетпейді адамдарға. 
айдап осы Хатынь жағалауына алып келген. ауылдан шыққан 
атты адам екі-үш қонып әрең жетер осыншалық алыста жатқан 
тегін жердің шабындығына дәніккеніне екінші жыл. Жаз шыға 
тауды шыр айналып, машина жолымен келетін, ай бойы пішен 
дайындап, маялап үйетін. Сонан соң жер қата машинамен 
тасып жеткізіп алатын. Нұржан Хатынь жаққа алғаш рет күздің 
қара суығында келген... машинамен шөп тиеуге келген... Бірақ 
ала жаздай арпалысып дайындаған шөптің тең жартысын ғана 
тиеп үлгерді, ізінше жаңбыр жауып кеткен... жаңбыр жауып 
кеткен соң, шөптің біразы алынбай қысқа қалып қойған. Енді 


150
мінеки, тау асып, трактор шанасымен тасып алуға келе жатқан 
беттері.
Көк түнек аспанда, сонау қарлы адырларды жиектей 
батысқа жылыстаған жарықтық күн салқын сәулемен жасқана 
қарайтын. Үш жігіт таңертең шалдың үйінен шыққалы ләм деп 
тіл қатыспаған еді. Түнеп шыққандарына рақмет айтып, қара 
су ұрттамастан ерте тұрып аттанып кеткен. Әсіресе іштері 
қалтырап, жылан жұтқандай тіс-тісіне тимей сақылдап келе 
жатқандары – ыстықты аңсаған асқазанның көтерілісі еді. 
Бұрынғыдан әлдеқайда аласарып, қол созымда ғана тегенедей 
төңкеріліп тұрған аспан, ол да бір түрлі көңілсіз, өз-өзінен 
жүдеу, өз-өзінен жабыңқы тартқан. Өз-өзінен жүдеу тартқан 
аспан ғана емес, таң атқанша бір-бірімен төбелесіп шыққандай 
тоң теріс томаға-тұйық отырған үш жігіт те. Әрқайсысы өз 
ойын малта ғып сорып отыр. Қазір Нұржанның орнына трактор 
айдап келе жатқан аманжанның ашаң тартқан екі жағы жалғыз-
ақ күнде суалып, түгі едірейіп, жансыздана бастаған. ал оның 
қасында қысқа мойнын шолақ қара тонының жағасына тығып, 
ұйқылы-ояу мәңгіріп отырған Бақытжан тіпті баяғыда өліп, 
қатып қалғандай құр сүлдері, жайнап тұрар дөңгелек беті қан-
сөлсіз бозаң, бұрынғыдай емес, сопайып ұзарып кеткен секілді. 
Оларға қарсы қарап, темір жәшіктің үстінде отырған Нұржан 
достарының тіршілік оты қоламталана, сөнуге айналған 
дидарына тесіліп ұзақ қарады: жиырмадан жаңа ғана асқан жас 
жігіттердің жүзінде уағына жетпей қартаюдың алғашқы бел-
гілері бар еді. Сырттан гөрі трактордың кабинасы әлдеқайда 
суық, төрт бұрыштана – камера іспетті қоршаған көк темірге 
саусағың тисе қарып түседі. мотордан шыққан болымсыз 
жылу әлгі дүмбілез темірдің астында тұншығып, алқынғандай 
еді, деміккендей еді. Бу болып ұшады. Дүниенің ызғарынан 
гөрі, жігіттердің өз арасындағы суықтық жаныңды қарыған-
дай еді. Ұрсып-таласпай осыншалық бітеу мінезбен оңаша 
отыру жүйкелеп, жалықтырды білем, қос рычакты кезекпе-
кезек тартқылап, газды азайтып, көбейтіп, толассыз қимыл 
үстінде келе жатқан аманжан жын соққандай айғай салды. ал 
қалған екеуі оқыс үнге селк етіп есі шыға шошынып қалған. 
аманжан тағы айқай салды.
– ау-у-у...а...
аюдай ұйқтап жатқан алып дөңдер қыбырлап, ерекше үн 
қосқандай. Газды басып-басып қалып, жын ұрғандай айғайлаған 
жігітті Нұржан жынданып кетті деп ойласа керек:


151
– Тоқта! Тракторды тоқтат! – Солқ етіп барып тоқтаған ДТ-
ның ішіндегі үш жігіт қопақ қаға екпінге еріп, изектесіп қалды 
да, арқаларын темірге соға солқ етіп қайта отырды. Сәл үнсіздік 
басты. Сосын Нұржан аманжанға аса бір қажыспен қарады.
– Не болды?
Бұл сұрақты естімегендей меңірейіп отыра берді. Суалған, 
түк-түк ат жағындағы қырау шалған түгі бұрынғыдан ары 
қалыңдап, қорқынышпен үрпиеді. Кіреукеленген көзінде 
сәуле жоқ, жараның орнындай шүңірейеді. ал қоңқақ мұрны 
мен өрескел үлкен аузы ол да жансыз, ағаштан ойып жасай 
салғандай ебедейсіз. Түйіліп біраз отырды да: – Не дедің? – 
деп, Нұржанға қайыра сұрақ қойды.
– Неге айғай салдың деймін?
– Қашан?
Нұржан өзін-өзі зорлағандай еріксіз күліп жіберді. Бұдан 
соң бір-бірінің иығынан май сіңіп, тот басқан зілдей ала-
қандарымен салып-салып қалып, жамырап бәрі күлді. міне, 
екінші түн тоң болып қатқан көңіл жіпсіп, трактор ішіне жеңіл 
нұр тараған. алып-қашпа сезім ол да қаймақшып қата бастаған-
ды. Әне, жібігендей болды. Себепсіз, айтпай түсіндірген 
күлкінің маздаған отына жылынған үшеуі алдарында не күтіп 
тұрғанынан бейхабар, осы сәттің шуағына таласа ұмтылған. 
Бұдан соң Нұржан неге айқайлағанын айтпады, қалғандары 
тақаулап сұрамады. Жым-жырт, жұмбақты сапарға қайта 
аттанған. Бірақ дүние бірте-бірте тағы да суына бастады. 
Суықтың ең қаттысы – үнсіздік екенін енді ғана ұққандай 
Нұржан ыңылдап әлдебір әннің әуенін айтқан болды. Оның 
мұрнының астынан ғана сыздықтап, бір түрлі түсініксіздеу 
шыққан үні ана аманжан мен Бақытжанға естілмеді білем, 
назар аударып елеңдеместен, не қосылып ерместен ой орманына 
сіңіп, жалғызсырап адаса бастаған. айнала аппақ қар, ұшы-
қиыры таусылмайтын ақ шаңқан қар, жансыз аспан, жанарсыз 
күн... Олар сүрлеу, жолсыз бағана, жалғыз үйлі жалғыз шал 
Қоңқай сілтеп жіберген бағытпен тұспалдап қана келе жатқан. 
Әзірше қар астында жасырынып жатқан ұры тас, жықпыл-
ұрасыз еш нәрсеге ұрынбай аман-есен келеді. Сонау... оу, айыр 
өркеш ақ таудың арғы етегінде иен қыстақ, пішен үйілген жер 
бар. Пәле-жаладан сақтап, дәм тартып жете қалса, трактордың 
шанасына тотияйындай көкпеңбек шөпті тиеп алады да, кері 
боздақтатады, асығады... ауылда ай мен күндей жары күтіп, 


152
қойғаны суып бара жатқандай асығады... Осындай шаттыққа 
толы шақта тракторға қос қанат бітсе дейсің, бірақ ол жарықтық 
өмір бақида ұша ала ма?.. Бұ жалғанда ұша алмайтындар қандай 
көп еді...
Нені және неге ыңылдап отырғанын өзі де білмейді. 
мүмкін, жан дүниесін жайлай бастаған жалғыздықтан (үшеуі 
болса да) азар да безер екі қолын төбесіне қойып қашып, 
мұңлылау әуенмен маңайына жолатпай, айдап, қуғысы 
келгені ме; әлде ой деген түпсіз тұңғиық жылымнан құтылып 
шығудың соңғы амалы осы ма, әйтеуір, көңілінде тобықтай 
болып, түйнектеле қатқан мұз тоңдырған сайын ызың-ызың 
әуенге басады-ай... Нұржанның көңіліндегі тобықтай әлгі мұз 
дәл бүгін де, кеше де, тіпті былтыр да емес, анау бір жылы – 
шілденің ми қайнатар ыстығында қатқан еді... Содан бері ызғар 
шашып, еңсесін басады да жүреді. Өзі күлгенімен, көзі күлмей, 
қуанғанымен, уана алмай дүниедегі ең қимасын мәңгілікке 
жоғалтқандай бұйығы тартып, өз-өзінен қорынатын, өз-өзінен 
шошынатын. Ол жоғалтқан заты – өзі екенін сезді ме? Сезбегені 
ғой, әйтпеген күнде ел көшкендей болған жанын жарылқар 
алданыш іздемес пе еді, өз-өзін алдамас па еді? Әскерден есен-
сау оралып, тракторға мінгеніне екінші жыл толды, бәрібір 
осынау шалғайдағы Европада, Шығыс Германияда жүргендей 
өн бойын сағыныш билеп, әлденеге асығады, әлдекімді сарыла 
күтеді. мынау кең-мол пішілген кең-мол дүниеге сыймағандай 
өзін артық сезінген немесе осына далиып жатқан жап-жалпақ 
жапаннан құйрық басып демалар, ентігін басар жер таба 
алмағандай өгейсіген.
Екі жастың біріне толмай, осыншалық қожырап, ерте... тым 
ерте түңілуі, ешкімге – өмірге де, өзгеге де салмақ артпайтын, 
тек бар кінәні өзінің қара басынан іздеп, мінез-құлқының 
ауырлығынан көретін, басқаны емес тек өзін – Нұржанжанды 
ғана жазғыратын. Балалық шаққа бәрі-бәрі жарасымды екен: 
асыр салып ойнады, күлді, жылады, алаңсыз, жоқтан өзгеге 
қуанды да, алғы күндерінен асығып үлкен жақсылық, оқыс 
жаңалық күтті. алғашында он жылдықты бітірсе болды, 
қирататындай деміге, әскерді өтеп келсе болды, тасып-шалқып 
ғұмыр кешетіндей үміт емшегін және де армансыз еміп еді. 
Енді міне, анау айыр өркеш ақ тауды асса, арманына жететіндей 
тұнжырап, тұп-тұнық аспанның астында қар теңізінің жалғыз 
жетім қайығындай – ескексіз; желкенсіз қайығындай қалықтап 


153
жүзіп келеді. мынау аппақ дүниенің... мінсіз бетіндегі жалғыз 
ноқат – меңі іспетті трактор шынында да қар теңізінде малтып 
келе жатқандай еді. Шынжыр табаны көрінбей, тек түтіні ғана 
жіңішкелене будақтап, көгілдір аспанға сіңіп, лезде жоқ болады. 
Баяғыда Нұржанның апасы айтып отыратын: бұл дүниеде қуған 
да алда, қашқан да алда деп. Сол бір астарлылау сөздің мәнін 
енді түсінгендей-ді. Қуып жете алмас, қашып құтыла алмас 
тағдырдың айтағына үріп, айдағанына көнген көнтері тірліктен 
тізгін үзді құтылып көрші, жоқ болмаса жан ұшыра ұмтылшы 
– жақындасаң алыстап, алыстасаң жақындайтын сағым 
бақыттың ұшпағына шықтым деген тірі пенде бар ма тәйірі: 
өмір бойы бір нәрсе жетпей өте шығар адам баласы – өзінің аз 
ба, көп пе ғұмырында зар еңіреп іздегені қанағат, тоқтам екенін 
ылғи да кеш түсініп, көзін жұмады-ай... Нұржан болса өмірдің 
бірде-бір жұмбағын шеше алған жоқ әлі. Тек әрбір ірілі-уақты 
оқиғаға таңдай қағып, таңданып, «неге олай екенін», яғни ақ 
деп жүргені – қара, ал қара дегені ақ екенін түсіне алмай басын 
қатырып ойлай берер еді.
Қар жамылған айнала күн сәулесімен шағылысып жанарды 
жейді. Ессіз, иесіз тау-таудың бәрінен өлдім-талдым деп 
құдайдың зорына ассаң, екіншісі тұрады кел-кел деп шақырып. 
Үш жігіт енді келе жатқан бағыттарының дұрыс-бұрыстығына 
күмәндана бастаған. Жолдың осыншалық ұзақ болуы мүмкін 
емес...
– Тоқтатшы, – деді аманжанға. – аздап аялдап, оң-солы-
мызды танып алайық.
Трактор тоқтады. Бірақ моторы толассыз соққан жүрек 
секілді дамыл таппай жұмыс істеп тұр. Қонақтаған тауықтай 
бүрісіп отырған Бақытжанға да жан біте бастады. Талықсып 
барып ұйқы жеңді ме екен, аздап қалғып алған-ау. Екі көзі 
қанталап, не болды дегендей аналарға жалтақ-жалтақ қарайды. 
алғашқы сөзі:
– Жеттік пе? – болды. Ежелден ұрт мінезді аманжан шам 
шақыра жауап берген: – атаңның басы жеттің!
– Дегенмен қай тұста тұрмыз өзі, – деді құрдасының сөзін 
ауыр алмаған ол жан-жағына қарап.
– Білсек – тұрамыз ба? Ит біле ме, тоңқайып-тоңқайып 
етегін түріп тастап, артын көрсетіп жатқан таудан өзге қыбыр 
еткен жан, ербиген бұта жоқ, – деді аманжан әлі де өз-өзінен 
ашуланып. адасыңқырап кеткендерін ол бағана сезгендей. 


154
Тек анау екеуі кәперсіз отырған соң пысықсымаған. Енді екі 
жігіт жарыса Нұржанға қараған. Бір күн болса да трактордың 
нағыз иесі, жолбасшы жігіт осы-тын. Ол болса үнсіз. Кабина 
тұтқынынан босап шынжыр табанға шықты да, ақ қардың 
бетіне қос сызық тастаған артқа, сонсоң жан-жағына сығырая 
қарады-ай... Қырдан ойға түсіп кеткен соң, нысаналап келе 
жатқан айыртау да көзден тасаланып көрінбей қалған-ды. ал 
аспан мелшиіп, табалағандай, міз бағар емес. Етекке түскен 
соң күн де ақ жиек тау иығына тым-тым тақалып, енді болмаса 
батып кетердей мінбелеп тұр. Не бір ербиген қарағай, не бір 
қараған – бұтасыз – «Ішкері жақтың» қыл-қыбырсыз көсе 
таулары бар сырын ішіне бүгіп, сыздауықтай сызданады. алтай 
сілемдерінің дәл осы тұсы қас қылғандай не себептен тақыр, 
таза, тайгасыз жалаңаш екені түсініксіз.
– Не істейміз? – деді аманжан гүр етіп. Оған тағы да ешкім 
жауап берген жоқ. Сәл үнсіздік биледі.
– алғаш бағытымызбен жүре берейік. Сенің жүрегің, яғни 
интуицияң бір нәрсені сезген шығар, – деді Нұржан қабағы 
қарс жабылып түтіккен досының суық жүзіне қарап. – Әкел, 
тракторды өзім жүргізейін.
– мейлің, тек адассақ сен жауап бересің, – деді де орнынан 
тұрды аманжан. Бақытжан екі жаққа да қосылған жоқ, сол 
үндемеген қалпында қайтадан қалғи бастаған еді.
Трактор тұтқасы өз қолына тиген соң, дәл алдарында 
аспанға салынған баспалдақтай шаншыла көтерілген тауға 
өрмелей жөнелді. Әлгінде ол отырған темір жәшік енді 
аманжан еншісіне тиіп, осынау ұзақ та ауыр сапардан 
жерігендей кежегесі кейін тартып, тұлан тұтқан кейіпте үнсіз 
отыр. Бақытжан болса анау аппақ тау үстеріне құлап кетсе 
де, сезбес сезіммен қалғып-шұлғиды. ДТ қарағайдан қиып 
жасаған жалғыз шананы әрең сүйреп, қоп-қошқыл түтін 
бүркіп, арқырайды. Тіке тартқан тау қайқаңы төменде тұрғанда 
жайпақтау секілді еді, өрлеген сайын биіктеп, құзарлана берді. 
Нұржан газды толқындата, үзіп-үзіп басып, қиялай тартып, 
ирек-ирек сызық тастай, аспанға беттеген. Тау басы жеткізер 
емес. анда-санда тіркеудегі шананың амандығын тексеріп, 
сығырайған терезеден артына қарап қояды. Бауыры аласа, ауыр 
шана қасаттана бастаған жентек-жентек қар жинап, алқымына 
кептеп үйеді де, қасарысқан немені тапалап, басып-жаншып 
өте шығады. Сайлау жерге күн сәулесі түспей көлеңке ұйып 


155
жатқан, трактор өрлеген сайын жарықтық күн де биіктеп, тау 
аласара берді. Сазарған дүниенің тыныштығын трактор даусы 
бұзып, серейіп, өлімге бойұсынған айнала күрк-күрк жөтеліп, 
ұйқысынан оянған кәрі шалдай еді. Көксау таудың деміккен 
демі ызғарлана қойны-қонышыңды қуалайтын. Әлгінде тау 
табанында тұрғанда ептеп жылымық сезілген, биіктеген сайын 
ауа да салқындай түсті. Түстіктен ескен қызыл жел бар, бетті 
қариды. Үш жігіт тау желкесіне шыққанда өре түрегеліп, 
кабинадан бастарын шығара алға қарады – тағы да дәл осы 
табандарын тіреп тұрған таудан айнымайтын тағы бір тау тұрған 
мен мұндалап. Үшеуі бірдей келіскендей ысқырып жіберді 
де, орындарына сылқ етіп отыра кетті. арып-ашып алдағы 
асуға ілінгенде сол асудың ар жағында жұмақ күтіп тұрғандай 
асығып еді, енді міне не қыстау, не ағаш жоқ, жұп-жұмыр 
жұмыртқа – тағы бір тау қасқаяды. Тау мен адам арасындағы 
соғыс толастар емес...
– Енді не істейміз? – деді шыдамсыз аманжан. Бақытжан 
әдетінше үнсіз отыр.
– Білмеймін, – деді Нұржан қажығандай күрсініп. – Жазды 
күні болса айнытпай табар едім. Қазір бір-бірінен айырмасы 
болсашы. Жұмыртқа секілді.
– Онда да әр тауықтың емес, бір тауықтың жұмыртқасы, мен 
үшін ең соңғы тау – осы секілді, – деді аманжан қалтасынан 
«Прима» темекісін алып. Енді бәрібір дегендей шылымын 
асықпай тұтатты да: – Ей, талтаймай, аяғыңды жиып отыршы, 
қатыныңның төсегінде отырғандай шірейсің ғой, – деп Бақыт-
жанның қатып қалған пимасын өзінің тоң болып серейген 
пимасымен тоқ еткізіп теуіп жіберді. Ол үндеген жоқ, әдетінше 
бақырайып бір қарады да, аяғын жиып алды.
– Енді не істейміз? – деп Нұржан сұрады. Жауап болмаған 
соң, тракторды жылдамдыққа салып, газды басты. – Не болса 
да тоқтамай жүре беру керек.
– Жылжи бергеннің жазасын жағар май таусылғанда 
тартасың, – деді темекісін құшырлана сорған аманжан. Бұдан 
әрі ешқайсысы сөйлеген жоқ. ДТ жаңа ғана әзер шыққан алып 
таудан төмен қарай сырғып, құлай бастады. Теріскей жағында 
ұра-жыра бар, оқта-текте тас кездесіп, бұра тарта берді. 
Нұржан енді андағайлап, газды басқанды қойып, сақтыққа 
көшкен. Екі-үш рет шақұр-шұқыр тас тиіп, солқ етіп жыраға 
түсіп кеткен соң, жылдамдығын азайтты. Таудың орта беліне 


156
келгенде Нұржан өз-өзінен елегізіп, артына жалт қарап еді, 
тіркеудегі қар сыпырған шананы көре алмады. алғашында өз 
көзіне өзі сенбей тракторды тағы да баяулатып, артына қарады. 
Жоқ. Тормозды басып, газды азайтты. Бұдан соң жылдамдықты 
шапшаң айырды да, жылан бауыр табанға қарғып шығып, 
келген ізіне қарады. Жүз метрден астам қашықтықта қарға 
батып жатқан шананы көрді. аузына алғаш түскен сөз:
– Тфу! атаңа нәлет! – болды. Бұл кезде аманжан кабина-
ның келесі есігін шиқылдата ашып, шынжыр табанның үстінде 
ағытылып қалған шанаға түксие қарап тұр еді. Бақытжан 
қаперсіз қалғып, селт етпей отыр.
– Давай назад! Тракторды шұғыл бұр да, артқа тарт!
– Оны өзім де біліп тұрмын, бірақ сол қияға қайта өрлеп 
шыға аламыз ба?
– Тәуекел, – деді аманжан, – оған жетер тросымыз жоқ, 
бәрібір бару керек.
Орындарына қайта отырып, қасат қарды қақ айыра шыр 
айналып кері бұрылды. Бірақ он қадамнан аса алмай, бір орында 
итіңдеп шыр айналып тұрып алды. Қанша жан ұшыра ілгері 
ұмтылғанымен, тіп-тік жалама бет беттетпеді, тайғанақтап 
қарға адым жылжи алмады. Нұржан екеуі алма-кезек ауысып, 
рычагты оңды-солды тартқылап, газды өлердей күшейтсе де 
еш нәтижесіз, бурадай бұлқынып, аш қасқырдай жентектеп 
қар шашқаны болмаса, бір орында шыр көбелек айнала берген 
шынжыр табандар.
– Болмайды, беттетер емес, – деді Нұржан.
– Қане маған берші, – деді аманжан алақанына түкіріп.
– Өзің тартпайсың ғой. Газды сен бассаң да, мен бассам да 
– моторы біреу.
– Енді не істейміз? – деді аманжан көзі алайып. Сонан соң 
әлі де ес-ақылдан айрыла маужыраған Бақытжанды бүйірден 
түйіп қап:
– Ей, қой күзетіп келдің бе, әлде жау түсіріп келдің бе, тым 
болмағанда ояу отырсаңшы.
– Әкіри, қызықсыңдар, мен бәрін біліп отырмын. Шананы 
жаяу сүйреп кел дейсіңдер ме? Ондай күш болса осында 
отырар ма едім, сендерден сөз естіп, – деп мойнын жағасына 
тыға түсіп, былқ етпестен қалғи берген.
айнала аппақ қар, күн таудың ар жағына сусып түсіп 
барады. Сай-саланы көлеңке басып, аспан көбең тартқан. Көп 


157
кешікпей келер түннің хабаршысыңдай бір суық ызғар соғып, 
онсыз да жетімсіреген көңілді кеулейді-ай. Жел кеулеген 
сайын мұржадан уілдеген үн шығатындай. Не істерін білмей, 
шарасыздыққа ұшыраған үш жігіт тағы да амалдары әбден 
таусылып, сәл-пәл үнсіз қалып еді. Сол үнсіздікті аманжанның 
гүрілдеген жуан даусы бұзды:
– Етекке түсіп, тауды шыр айналып, келген ізімізді қуалай 
қыр желкесінен келсек қайтеді.
– Әкіри, ол да ақыл, – деп Бақытжан тұңғыш рет пікірін 
айтты.– Вот башка.
– Сай табаны қандай күйде екенін қайдан білеміз. Қардың 
асты толған тас немесе сор батпақ болса...
– Қыста батпақ болушы ма еді, әкіри, – деді Бақытжан қарап 
отырмай.
– Тып-тыныш қалғи бергенің жақсы еді, бекер-ақ ояттым, – 
деді Нұржан. – Сонау етектегі сиырдың сілекейіндей шұбырған 
буды көрдің бе, сол жерде қардың астында қатпай жылып 
ағып жатқан бұлақ бар. ал бұл жақтың бұлағы қыстыгүні де 
батпақты келеді, өйткені қар қалың түседі. Былайша айтқанда, 
үстінде көрпесі бар, су миым, – деді аманжан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет