Оралхан б 3-том indd



Pdf көрінісі
бет6/20
Дата20.10.2023
өлшемі1,88 Mb.
#187172
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
жұбанышов д.тарих-1
Нұржан:
– аты аңызға айналған қатыгез Қоңқай бұдан елу 
жыл бұрын жер жастанған еді ғой.
Шал: 
– Ол үлкен – Қоңқай, ал мен – кіші Қоңқаймын. Біздің 
ұрпақ ешқашан да құрымақ емес...
Нұржан: 
– Үлкенінен тұқым қалған жоқ. Өмір бақи жалғыз 
өтіп, көмусіз қалды деп естігенмін...
Шал:
– Қоңқайлар ұлын жасырын өсіреді. Өйткені ұлы жо-
рықшылар мен атақты байлардан қалған ендігі тұяқ біздерміз.


141
Нұржан:
– ал, сіз ше, сіз жалғызсыз ғой...
Шал: 
– мен де ұрпақсыз емеспін. Оны уақыт көрсетер. Иә, 
солай шырағым, текті тұқым тентіреп жүрсе де, өз тегін айналып 
табады. мынау ағаш лашықтың оты сөнбейді ешқашан. анау 
айыртаудың қос өркешін – ата Қоңқай, Бала Қоңқай деп мен 
емес, ел атайды. – Трубканы сорған қалпы орнынан тұрып, ағаш 
нардың ірге жағына қол жүгіртті. Транзистор алып шығып әрі-
бері бұрап, әр түрлі тілде сөйлеген түрлі толқындарды ұстай 
бастады.
– ақсақал, – деді Нұржан шалдың бала секілді қолындағы 
транзистормен шұқыланып отырған сықпытына қайран қала 
қарап.– ақсақал, дүниенің төрт бұрышында не болып жат-
қанын біле, сезе отырып, осыншалық саяқ, оңаша тірлік 
кешуіңізге не жорық?
– Өйткені мен адамдар жиналған тобырды иттің етінен ары 
жек көрем, – деді Қоңқай. Өлдім дегенде бір әуен ұстады-ау. 
Тағы да алла Пугачеваның әндерінің бірі екен. Қоңыр мұң, 
албасты ашу, өкпе-наз, өжеттік – бәрі-бәрі астаса келе, адам 
бойындағы рухани ауруды айдап шығарар қуатты да нәзік 
тағы ән, мәдениетті дауысты үй ішіндегі үш жігіт, бір шал ден 
қоя тыңдап, жалқы сәт тым-тырыс отырып қалып еді. Сонау 
ат тұяғы әрең жетер ішкері жақтағы адасқан қаздай жападан-
жалғыз ұрлық өмір кешкен Қоңқайдың қыстағында алланың 
әні тіпті құлпырып, сай-сүйегіңді сырқырата шырқалады екен. 
Шалдың да сүйсіне тыңдайтын жалғыз әншісі, осы «ән салғыш 
әйел» секілді. Әннің аяғы дарақыланған күлкімен аяқталды. 
Осынысымен құдіретті еді. – мықты қатын, – деді шал 
күрсініп. Содан соң өзі-өзінен шаңқ етіп. – Жоқ! Ұлы Қоңқай 
жаққан от ешқашанда сөнбек емес! – деді жанары ұшқындап. 
Пышақпен тіле салғандай жалғыз сызықтанған қысық көздің 
осыншама аясы кеңіп үлкейгеніне жігіттер аң-таң аңырайып 
қарап қалған. – Ол – жалқы да болса жақсылар жаққан от. Егер 
шын білгілерің келсе айтайын: Қоңқай орталарыңда, Қоңқай 
жер шарының түкпір-түкпірінде, Қоңқай... әркімнің қарақан 
басында, лүпілдеп соққан жүрегінде, өз шыққан тауым биік 
болсын дер тілегінде. Тек қана бір-бірінен жасқана жасырады. 
– Қолы қалтылдап орнынан тұрып кетті. Осы қалпында жын-
дана бастаған деп ойлауға әбден болар еді. Бірақ ол сап-сау, 
сырғауылдай ұзын қарулы саусақтарымен үш жігітті кезек 
нұсқап саңқылдап тұр. – Қоңқай дегеніміз сен, – деді Нұржанға. 


142
– мына сен, – деді аманжанға. – мына сен, – деді көзі іліне беріп 
шалдың айғайынан оянған Бақытжанға. – ауыздарыңнан ана 
сүті кетпей жатып үлкендермен алысасыңдар. Елу жыл бойы 
осы айыртауда – арыстандай айбат шегіп, ошағымның отын 
сөндірмей отырмын. Ешкім де қолымнан қағып, бетімнен алып 
көрген жоқ... мені бүкіл аудан, қала берді, облыс басшылары 
біледі. ал сендер білімсіздік таныттыңдар... – Нұржан шалдың 
сөзін бөлді.
– ақсақал, кешіріңіз, бірақ сіздің ошақтан жалғыз-ақ түтін 
ұшпай ма?..
Қоңқай: – Жалғыз түтін де – түтін. мені, әйтеуір, бір күні 
бір Қоңқай өзі іздеп келіп табады.
– Бірақ ол қандай түтін,– деп күрсінді Нұржан.–Если бы от 
горя дым шел, как от огня, мраком был бы мир сплошным – не 
было бы дня.
– Баяғыда, – деді Бақытжан өзінің әлі де тірі екенін 
дәлелдегісі келгендей есінеп.– Біздің ауылда бір шал: «Қазақ-
қа ассалаумағалейкум деп амандассаң бір самаурын шайым 
кетеді», – деп ешкімнің сәлемін алып, есендеспейтін... Жарық-
тық өлгенде үш-ақ адам топырақ салды.
Шал кебеженің қақпағын аңырайта ашып, ішінен құн-
дыздың, бұлғынның, суырдың, тиінның, қасқыр мен аюдың 
терісін сілкіп-сілкіп шығара бастады. Осыншалық байлықты 
бұрынды-соңды көрмеген жігіттер кебеже ақтарып отырған 
Қоңқайдың қасына қалай барып қалғаңдарын өздері де сезбеп 
еді. Елдің алды болып, еңбектеп келген Бақытжан: – міне 
байлық,– деді басын шайқап. аманжан ысқырып жіберді.
– міне осылар барда, – деді шал қолыңдағы бұлғынның 
түгі жылт-жылт еткен терісін сипап. – Көктен Құдай, жерден 
шұнай алмайды. Білгілерің келсе аудан, облыстардағы мұқым 
қаратаяқтың басындағы бөрік, әйелдерінің жағасы – мен атқан 
аңның терісі. ал тері-терсектің барған сайын алтынға айналып 
бара жатқаны белгілі.
– Түсінік-те-е-ее, – деді аманжан ысқырып. – Пара деші, 
п-а-а-ра! 
– Иә, пара, шырағым. – Шал терілерді орнына қайта 
жайғастыра бастады. – Бергенді, алғанды кім жек көрсін. Егер 
осы үшеуіңді өлтіріп тастасам да, осы терілердің күшімен 
сотталмай құтылып кетеріме кәміл сенемін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет