Оразақын Асқар



Дата26.01.2022
өлшемі0,85 Mb.
#129819
Байланысты:
Оразақын Асқар
Білім беру, Білім беру, Білім беру, Білім беру, багалау нысаны Полатжанкызы Сымбат, «Педагогиканы? жалпы негіздері» тест тапсырмасы Педагогика ?ылым

Оразақын Асқар

Абдығапар Аят Рэт-21 1а

Оразақын Асқар

Оразақын Асқар (16.05.1935, ҚХР, Іле аймағы, Мүкей-Қаратас ауылы — 24.01.2019Алматы) — ақын. Оразақын Асқар 1935 жылы 16 мамырда Шығыс Түркістан өлкесінің Іле аймағына қарасты Мүкей Қаратас деген жерде дүниеге келген. Суан руынан шыққан.[1] Бастауыш білімді Сарыбұлақ мектебінде алыпҚұлжа қаласындағы «Білім жұрты» деп аталатын гимназияда оқыған. 1951 жылы Үрімші қаласында ашылған Ұлттар институтының тіл және әдебиет факультетіне түсіп, оның екінші курсын аяқтағаннан кейін «Шыңжаң газеті» редакциясына қызметке тұрды. Бұл жылдары сол газетке және «Шұғыла» журналына өлеңдері жиі жариялана бастайды.


1955 жылы ата-мекені Қазақстанға көшіп келіп, 1961 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітіріп шығады. 1955 жылы жарық көрген «Қос жүрек» атты жас ақындардың ұжымдық жинағына өлеңдері енген.

Біраз жыл Қазақ КСР Ғылым академиясының Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, этнография және археология институтында кіші ғылыми қызметкер, одан кейін Қазақстан Жазушылар одағының көркем әдебиетті насихаттау бюросында нұсқаушы, республикалық Кітап палатасында бөлім меңгерушісі, «Жалын» баспасында аға редактор болған. Қазақтың қара өлеңін жинап, екі томын бастырды.


Балауса» баспасында «Әдеби мұра» бағдарламасына орай, «Әлем балалар әдебиетінің» қазақ тіліндегі елу томдығын шығару жұмысына атсалысты.

  • Балауса» баспасында «Әдеби мұра» бағдарламасына орай, «Әлем балалар әдебиетінің» қазақ тіліндегі елу томдығын шығару жұмысына атсалысты.
  • 1996 жылдан Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты. «Ерен еңбегі үшін», «Тәуелсіздіктің 10 жылы» медальдарының иегері. Мұқағали атындағы сыйлықтың иегері. Панфилов ауданының Құрметті азаматы

Шығармалары

  • Тұңғыш. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ. 1964;
  • Мейірім. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1975;
  • Күнгей. Өлеңдер мен дастандар. А., «Жазушы», 1975;
  • Ләйлә. Өлеңдер. А., «Жалын», 1977;
  • Көкорай. Өлеңдер. А., «Жалын», 1979;
  • Балқарағай. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жазушы», 1981;
  • Сәулет. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жазушы», 1984;
  • Таудай бол! Өлеңдер. А., «Жалын», 1984;
  • Белжайлау. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жалын», 1985;
  • Расти большим. А., «Жалын», 1985;
  • Өркеш. Таңдамалы, А., «Жалын», 1987;
  • Қара өлең. А., «Жазушы», 1989;
  • Баркөрнеу. Таңдамалы, А., «Жалын», 1992;


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет