Оразбаев Қ. И. О-65 Жалпы топырақтану



Pdf көрінісі
бет105/113
Дата28.09.2023
өлшемі2,94 Mb.
#182873
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   113
Байланысты:
ЖАЛПЫ ТОПЫРАҚТАНУ
Философия 2022-23ж силлабус жана, Силлабус ПОЧВОВЕДЕНИЕ (2)
Топырақтың құнарлылығы және топырақты тиімді
пайдалану.
Топырақтың басқа табиғи денелерден ерекшелігі –
оның құнарлылығы. Құнарлылық – өсімдіктерді өніп-өсуіне қа-
жетті қоректі элементтермен және сумен қамтамасыз ету 
қасиеті. 
Топырақ туралы мәліметтер жиналып, табиғат зерттеу 
ғылымдары дами бастаған соң, топырақ құнарлылығына да көз-
қарастар өзгере бастады. Ерте кездерде топырақ құнарлылы-
ғының кему себебі оның ішіндегі «майлар», «тұздар», т.б. 
азаюына байланысты деп есептелді, кейінірек құнарлылықтар-
дың себептері «су», «қарашірінді», «минералды элементтер» деп 
саналды. Осы көзқарастармен бірге, топырақ құнарлылығы 
деген түсініктер өзгерді. Гумус теориясы дамыған кезде А.Тэер 
топырақтың құнарлылығы – топырақтың өсімдіктерді қара 
шіріндімен қамтамасыз ету, ал Либих барлық минералдық эле-
менттермен қамтамасыз ету деген пікір айтты. 
Қазіргі кезде топырақ кең ауқымды түсінік. Өсімдіктерге 
ылғал мен тамыр арқылы берілетін қоректік элементтерден 
басқа жарық, жылу, оттегі қажет, ал оның көп бөлімдеріне кө-
міртегі керек. 
Топырақ әрі тірі, әрі өлі дене. Оның құрамында, көптеген 
тірі ағзалар бар. Олар құнарлылықтың қалыптасуына үлкен сеп-
тігін тигізеді. Күн сәулесі топырақтың жылулық режимін анық-
тайды, ылғалдың булануына барлық физика-химиялық үдеріс-
терге молекулалық деңгейде әсер етеді. 
Топырақ құнарлылығының мынандай категориялары 
болады: 1) табиғи құнарлылық; 2) жасанды немесе эффективті; 
3) экономикалық. 
Топырақтың құнарлылығына әсер ететін қасиеттер: 
1. Физикалық қасиеттеріне. Оның суға төзімді құрылымы,
ауа өткізгіш кеуектілігі, ылғалды жақсы сіңіріп, оны ұстап тұру 
қабілеті; 
2. Химиялық және физика-химиялық қасиеттеріне: топы-
рақта қарашіріндінің мол болуы, өсімдіктерге сіңімді азот, 
фосфор, калий және микроэлементтердің жеткілікті болуы, 


топырақ ортасы реакциясының ыңғайлылығы, топырақ сіңіру 
кешенінің кальций катионына қанық болуы, топырақтың 
ауамен қамтамасыз етіліп, оның тотығу-тотықсыздану мүмкін-
дігінің мол болуы, зиянды суға еритін тұздардың неғұрлым аз 
болуы жатады; 
3. Топырақтың биологиялық қасиеттеріне: микробиоло-
гиялық белсенділіктің жоғарылығы негізінен бактериялардың 
басым, сонымен қатар ауадан азот жинаушы микроорганизм-
дердің, биологиялық белсенді ферменттерді шығаратын микро-
организмдердің, топырақ құрлымына және оны қопсытуға әсер 
ететін төменгі сатылы жәндіктердің болуы; 
4. Бүкіл өсімдіктердің өсіп-өнуі мезгілінде гидротермика-
лық режимнің болуы, яғни өсімдіктерді қажетті ылғал мен 
жылумен қамтамасыз ету. 
Осы көрсеткіштердің қосындысы топырақтың құнарлылы-
ғын анықтайды. Табиғи күйінде кейбір топырақтар құнарлы-
лығының өте жоғарылығымен көзге түседі. Мұндай топырақ-
тар қатарына В.В.Докучаев «топырақ патшасы» деп атаған қа-
ратопырақтар жатады. Топырақтың табиғи күйіндегі құнарлы-
лығымен қатар оның тиімділік немесе экономикалық құнарлы-
лығы болады. Топырақ құнарлылығы адам қоғамының белсенді 
араласуының нәтижесінде іске асады. Адам егіншілік өнімін 
арттыру мақсатында топырақты өңдеп, тыңайтқыштар енгізіп, 
әртүрлі жақсарту шараларын қолданып, топырақтардың қажетті 
қасиеттерін өз мұқтаждығына қарай өзгерту – адам қоғамының 
ғасырлар бойы келе жатқан іс-әрекеті. 
Қазақстанда ауылшаруашылығы өндірісі ТМД еледерінің 
басқа бөліктеріне қарағанда қолайсыз. Жерден мол өнім алу 
үшін зоналар мен зонашаларда жүргізілетін басты шаралар – 
құрғақшылықпен күресу, жер суару және мелиорациялау, топы-
рақты эрозиядан қорғау. 
1950 жылы тың және тыңайған жерлерді игеру жөніндегі 
үкіметтің шешімі бойынша еліміздегі егістік жерлер саны ұл-
ғайды. 1956 жылы республикамыздың бүкіл егістік жер көлемі 
10,6 млн гектар болса, тың игеруден кейінгі жылдары жыр-
тылған жалпы жер көлемі 36 млн гектардан асты, яғни 1953 
жылға қарағанда, Қазақстанның егістік жері 3,4 есе көбейген. 


«Иелі жер – киелі » деген сөз бар. Мекен етіп отырған
жеріміздің тазалығы, одан дұрыс өнім алу өзімізге байланысты.
Қай жеріміз егіншілікке жарамды, қай жеріміз мал шаруа-
шылығына, табиғи күйінде сақталатын жерлер қайсы, оны адам 
баласы игілігі үшін дұрыс пайдалана білу, оны ұрпақтан ұр-
паққа дұрыс жеткізу адам баласының басты міндеті. 
Республикамыздың экологиясы бұзылған жерлерді қал-
пына келтіру, құрғақ, шөлді жерді суару, сортаң жерлерді ме-
лиорациялау тағы басқа шаралардан бастау керек. Республи-
камыздың экологиялық дағдарысқа ұшыраған негізгі аймақта-
рын қолға алып, тиісті шаралар жүргізу керек. Сонда ғана 
Қазақстанда ауылшаруашылық өндірістер қарқынды, нәтижелі 
жүзеге асады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   113




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет