Оразбаев Қ. И. О-65 Жалпы топырақтану



Pdf көрінісі
бет2/113
Дата28.09.2023
өлшемі2,94 Mb.
#182873
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   113
Байланысты:
ЖАЛПЫ ТОПЫРАҚТАНУ
Философия 2022-23ж силлабус жана, Силлабус ПОЧВОВЕДЕНИЕ (2)
 
ISBN 978-601-224-559-2 
УДК 631.4 (075.8) 
ББК 40.3я73 
© Оразбаев Қ.И. , 2014 
© «Қыздар университеті» баспасы, 2014 


 
«Табиғат математикалық және геометриялық
дәлдікпен жасалған, оны сәл орнынан
 қозғасаң дүниенің тас-талқаны шығады» 
(Әбу Насыр әл- Фараби) 
 
КІРІСПЕ 
 
Топырақтану пәні оқырмандарға топырақ құнарлығы ту-
ралы түсінік беретін, топырақтың – бүкіл биосфераның басты 
экологиялық қуысы ретінде, табиғаты мен қаситеттерін, оның 
қоршаған ортамен байланысын көрсететін, іргелі теоретикалық 
ғылыми пәндердің бірі. Топырақ ерекше биокосты табиғи дене. 
Ол геологиялық және биологиялық денелермен тығыз байла-
нысты, ал оларды оқып білу эколог мамандарға маңызды. 
Топырақтану – топырақтың түзілу үдерісі (процесі) құра-
мы мен қаситеттері, оларды қорғау және тиімді пайдалану жол-
дары туралы ғылым. 
Ландшафтың іргелі элементі бола тұрып, топырақ жер беті 
табиғатының дамуына маңызды орта болады, атмосфера, био-
сфера, литосфера, гидросфера арасында үздіксіз байланыста бо-
лып, топырақ жамылғысы жер бетінде осы сфералар арасындағы 
тіршіліктің дамуына аса қажет тепе-теңдікті сақтайды. Өзінің
құнарлылығы арқылы топырақ өндірістің негізгі құралы болады, 
сондықтан да топырақты, оның биосферадағы және адам тір-
шілігіндегі қызметі мен орнын білу басқа да табиғи пәндерді 
жете түсінуге ықпалын тигізеді. 
Пәнді оқыту мақсаты
– Жердің тірі қабаты – топырақ ту-
ралы, оны табиғи дене ретінде қарап, оның қасиеттері, түзілуі, 
даму тарихы туралы білім негіздерін қалау. Топырақ түзілу үде-
рісін, оның жер бетінде дамуын, топырақ түзілуіне экологиялық 
факторлардың әсерлерін, топырақ қорларын тиімді пайдалану 
жолдарын оқып білу. 
Топырақтың Жер бетіндегі экологиялық дағдарыстарды 
жақсартуда орны ерекше, ол биосфераның ерекше бөлшегі. 
Литосфера мен гидросфераның биосферамен өзара қарым-қаты-
насы, зат алмасу құбылыстары топырақтың белсенді қызметінің 
барысында ғана жүреді. Егер де табиғатта топырақтың эколо-
гиялық қызметтері атқарылмаса жербетінде тіршілік болмас еді. 


Осыған байланысты топырақ құнарлылығын бағалау, сақтау мен 
арттыру ауылшаруашылық дақылдарының өнімдерін өсіру 
үшін ғана емес, алдымен жер бетіндегі экологиялық жағдайдың 
тіршілікке қолайлы болуы үшін қажет. Алайда, соңғы кездері 
топыраққа антропогенді әсерлердің ықпалы қарқындап арта тү-
суде, көп жағдайда өсімдіктің өсіп-дамуына қолайсыз экология-
лық күштердің қалыптасуы салдарынан өнім азайып, сапасы 
төмендеуде. 
Қоғам мен табиғат арасындағы қатынас адамзат үшін ең 
негізгі тіршілік мәселесі болып саналады, табиғатты қорғап, 
жерді аялап , күтудің арқасында ғана Жер бетінде тіршілік дұ-
рыс қалыптасады. Міне, осы арақатынасты үйлесімді ету ең ал-
дымен қоғамның, жеке адамның әсіресе, адамзаттың қоршаған 
ортаға, оның байлығына және бүлінуі мен азаюының себептері 
туралы қалыптасқан әлеуметтік көзқарастарына, бұған рухани 
негіз болатын тиісті экологиялық тәрбиесі мен біліміне тікелей 
байланысты. Адамзатты қоректік заттармен қамтамасыз етуде 
қажетті ауыл шаруашылығы өнімдерін көбейтіп, сапасын арт-
тыру үшін тиісті мамандарға топырақтың құнарлылығын, олар-
ды өсімдіктің жағдайына қарай жақсарту жолдары жөнінде тү-
бегейлі білім қажет. 
Соңғы кездері қоғамда қалыптасқан әлеуметтік-экология-
лық дағдарыс жағдайы дүние жүзінде тіршілікті сақтап қалу 
үшін, табиғат алдында адамзат үшін тұтынушылық іс-әрекетін 
толығымен қайта құру талабын қойып отыр. Осы ұлы мақсатқа 
жас мамандарды мектеп жасынан бастап экологиялық тұрғыда 
тәрбиелеу оңтайлы нәтиже береді. 
Аталған өзекті мәселелердің негізін іске асыру үшін топы-
рақтану пәнінің заңдылықтарын білу керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   113




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет