Оразбаев Қ. И. О-65 Жалпы топырақтану


Топырақ коллоидтарының маңызы



Pdf көрінісі
бет45/113
Дата28.09.2023
өлшемі2,94 Mb.
#182873
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   113
Байланысты:
ЖАЛПЫ ТОПЫРАҚТАНУ
Философия 2022-23ж силлабус жана, Силлабус ПОЧВОВЕДЕНИЕ (2)
 
Топырақ коллоидтарының маңызы 
 
Топырақ коллоидтары өте үлкен меншікті беттер мен 
энергияға ие болуына байланысты, топырақтарда жүретін 
барлық үдерістерге белсенді қатысады. Топырақ коллоидтары-
ның әр алуан құрамы, топырақтағы ылғалдың әсерінен олардың 
коллоидты ерітінділері – зольдардың жылжуға қабілеттілігі 
және гель түрінде бекуі, коллоидтарының құрамы мен қасиет-
тері арқылы ерекшеленетін топырақ қабаттарының – горизонт-
тарының пайда болуына, органикалық және органикалық – 
минералдық заттардың аналық жынысқа тереңдеп енуіне алып 
келеді. 
Топырақ коллоидтарын қанықтыратын катиондарға және 
олардың желімдегіш қабілетіне байланысты мөлшерлері, суға 
беріктігі жағынан әртүрлі, топырақтың сулық-физикалық қа-
сиеттерін сипаттайтын топырақ түйіртпектері құралады. Кол-
лоидтар диссоцияцияға қабілеттілігі және осыған байланысты 
химиялық белсенділігі арқылы топырақтағы барлық физика-
химиялық үдерістерге қатысады да, қоректік элементтердің 
топырақ ерітіндісінде әрқашан болуын және топырақтың ең 
маңызды қасиеттерінің бірі – сіңіру қабілетінің тұрақты болуын 
қамтамасыз етеді. 
 
II.II Топырақтың сіңіру қабілеттілігі 
 
Топырақтың сіңіру қабілеттілігі туралы ілімнің іргетасын 
К.К.Гедройц (1955) қалаған. Топырақ үш бөліктен (фазадан) 
тұрады – қатты, сұйық және газ тәріздес (бу), сондықтан топы-
рақ – үш фазалық кеуекті дене. Ерітінділер мен суспензиялар то-


пырақтарда жылжи отырып топырақ бөлшектерімен үйкеліске 
түседі. Молекулалар мен иондардың бір бөлігі тұтылады және 
алмасады. Топырақтың қатты күйде суспензиялар мен ерітінді-
лерден әртүрлі заттарды сіңіру қабілеттілігі бар. 
Топырақтың сіңіру қабілеттілігін бес түрге жіктейді: меха-
никалық, физикалық, физика-химиялық, химиялық және биоло-
гиялық. 
Сіңіру қабілеттілігінің барлық түрлері топырақтың кол-
лоидты бөлшектеріне тәуелді, олардың ішінде екеуі – физи-
калық және физика-химиялық сіңіру топырақтың коллоидтары 
және олардың қасиеттеріне байланысты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   113




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет