Орфографиялық сөздік



бет1/4
Дата21.10.2022
өлшемі0,55 Mb.
#154251
түріҚұрамы
  1   2   3   4
Байланысты:
Орфография
ЛР 22, Сөздік жұмысы – тіл дамытудың іргетасы, оқушыны жаңа сөздер үйренуде, бұрын білетін немесе түсінбейтін сөздердің мағынасын анықтауда маңызы зор. Сондай-ақ сөздік жұмысы сөйлем құрауға материал береді, сөздерді ба, сөздіктің түрлері, Презентация (14), Сайын Мұратбеков Жусан иісі, тест врачам 1 этап ВОП

Орфографиялық сөздік

Тохтимухамедова Гузаль


Қазақ тілі орфографиялық сөздігінің қазіргі қоғамға таныс нұсқаларының бастапқысы – 1988 жылы академик Р. Сыздықтың басшылығымен жарияланған еңбек. Бұдан кейін емле сөздігі 2005, 2007, 2013 жылдары жарық көрді. Емле сөздігінің әр басылымы сайын сөзтізбе құрамы толықтырылып, сұрыпталып, белгілі бір жүйеге түсірілген. Қазақ тіліне қатысты саяси, әлеуметтік, ұлттық сананың оянуы сияқты түрткіжайттар әсер еткендіктен сөздіктердің құрамына қазақ тілінің бар байлығын енгізуге ептеп басымдық берілген. 
Орфографиялық сөздік – әдеби тіл нормаларының басты көрсеткіші. Осы себепті биылғы жылы әзірленетін Қазақ тілі орфографиялық сөздігінің кезекті басылымының маңыздылығы мен өзектілігі бар. 
Бұл, ең алдымен Сөздіктің латын графикалы әліпбиге негізделетініне байланысты. Сөздік сонымен қатар салалық, орта білім беру жүйесіне бағытталған сөздіктер мен анықтағыштарды, өзге де аспектілік-терминологиялық сөздіктерді түзуде, сондай-ақ оқу-ағарту, ғылыми әдебиетті жасауда басшылыққа алынатын басты нормативтік құрал ретінде ұсынылады
Орфографиялық сөздіктің жаңа нұсқасын түзуге Тіл білімі институтының орфография, фонетика және фонология, лексикология және лексикография, тіл тарихы және морфология, қолданбалы лингвистика салалары бойынша білікті мамандары қатыстырылған.
Сөздіктің сөзтізбесіне енгізілетін тілдік бірліктер үшін алдымен қолданыс межесі нақтыланды. Бұл үшін негізге алынған 2013 жылғы Орфографиялық сөздіктің сөзтізбе құрамы Қазақ тілі түсіндірме сөздігінің соңғы басылымының материалдарымен салыстырылды; «Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі» (бес томдық) энциклопедиясының, 30 томдық екітілді терминологиялық сөздіктің материалдары іріктелді; қазіргі жазба коммуникациядағы тілдік бірліктердің орфограммасына назар аударылды.
Осының нәтижесінде:
а) негізге алынған дереккөздерде кем дегенде үш рет қолданылған;
ә) классик жазушылардың шығармаларынан алынған


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет