Орфографиялық сөздік


әдеби норма талаптарын қадағалайтын мерзімді баспасөз үлгілерінен, ғылыми, ресми-іскери стилдер фактілері сараптаудан өтіп, іріктелді



бет2/4
Дата21.10.2022
өлшемі0,55 Mb.
#154251
түріҚұрамы
1   2   3   4
Байланысты:
Орфография
ЛР 22, Сөздік жұмысы – тіл дамытудың іргетасы, оқушыны жаңа сөздер үйренуде, бұрын білетін немесе түсінбейтін сөздердің мағынасын анықтауда маңызы зор. Сондай-ақ сөздік жұмысы сөйлем құрауға материал береді, сөздерді ба, сөздіктің түрлері, Презентация (14), Сайын Мұратбеков Жусан иісі, тест врачам 1 этап ВОП
әдеби норма талаптарын қадағалайтын мерзімді баспасөз үлгілерінен, ғылыми, ресми-іскери стилдер фактілері сараптаудан өтіп, іріктелді.
Мәселен, тіл дамуының соңғы жылдарында сөз біріктіру амалы қарқынды сипат алған. Мамандар 12 мыңға жуық біріккен және бөлек жазылатын сөздердің ғылыми негіздерін дәлелдеді, сөйтіп, олардың орфограммасының – дұрыс жазылуының моделдері Сөздікке енгізілді. Сөз ретінде айта кетелік, қазір біздің елімізде ауыл шаруашылығына қатысты құрал-жабдықтардың 57 түрі шығарылады екен
Астық орғыш / астықорғыш, жинағыш-шөмелегіш, сабан жинағыш, дән тазартқыш, кептіргіш, астық тиегіш // сабанжинағыш, дәнтазартқыш, астықтиегіш, қарық жасағыш, жапырақжинағыш сілкуіш, мая салғыш / маясалғыш сияқты әртүрлі орфограммалар сөздіктердің басқа түрлерінде, жазба нұсқаларда кездесіп қалады
Сол сияқты қазіргі жазба коммуникацияда дефис арқылы жазылатын сөздердің (немесе дефис қойылмай бөлек жазылатын сөздердің) қатары анағұрлым көбейе түскен. Қазақ тілінің төл сөздерінің дефис арқылы ( немесе бөлек, яки бірге) жазылатындарының сан түрлі екендігін айтпағанның өзінде, мәдениетаралық коммуникация ықпалымен тұрпаты да, құрылымы да сөзбе-сөз қайталанған
обер-мастер, лейб-медик, штаб-пәтер, вице-президент, экс-чемпион, веб-интерфейс типтестердің түгелдей дерлік үлгілері жинақталып, емлесі реттелді. Бұл ретте осы сала зерттеушілерінің еңбегі мол.
Орфографиялық сөздіктің жаңа нұсқасына нормаланған, қалыптанған, кең қолданыстағы қазақ әдеби тілінің лексикасы, қазіргі көркем әдебиетте, мерзімді баспасөзде, ресми-іскери стилде, ғылым тілінде қолданыла бастаған, нормалануға бейімделе түскен жергілікті тіл ерекшеліктері мен кәсіби лексика, ғылым тілі мен практикалық қызметке қатысты арнаулы терминология, әсіресе оқу-ағарту, нарық, бизнес, кәсіпкерлік, банк ісі, ақпараттық технология терминдері, жаңа сөздер, қазіргі қоғам өмірінде актуалды сипатқа ие діни лексика енгізілді.
1988 жылғы сөздіктің Алғы сөзінде академик Рәбиға Сыздық сөзтізбенің, негізгі реестр мен ішкі реестрдің құрамы мен құрылымын әрдайым сұрыптап, жүйелеп отырудың маңызды екендігін атаған болатын. Емле сөздігі, жоғарыдағы межелерді жинақтай келе, қайталап айтсақ, тілдің байлығын танытатын, әр алуан стильдік қабаттағы сөздердің қолданылу ерекшеліктерін, сирек қолданыстағы, көнерген сөздерді, тілге енген жаңа сөздерді ұсынып, нормалануын белгілейтін, бір жағынан, консервативті, екіншіден, динамикалық ортологиялық құрал.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет