Органикалық химия пәні. Алкандар мен алкендер



бет1/5
Дата08.11.2022
өлшемі13,94 Mb.
#157073
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5
Байланысты:
8 апта слайд
Оперативка по сырью от 10.02.2023

Органикалық химия пәні. Алкандар мен алкендер

Дәріс № 1

Дәріс жоспары:

  • Органикалық химияның негізгі түсініктері;
  • Органикалық қосылыстардың химиялық құрылыс теориясы;
  • Органикалық қосылыстардың жіктелуі;
  • Алкандар;
  • Алкендер.

Органикалық химия - көмірсутектер және олардың туындыларының қасиеттерін, құрамын және құрылымын зерттейтін ғылым.

Органикалық химия - көмірсутектер және олардың туындыларының қасиеттерін, құрамын және құрылымын зерттейтін ғылым.

  • органикалық қосылыстар - 7 млн астам
  • бейорганикалық қосылыстар - 700 мың
  • Органикалық қосылыстың (ОҚ) көп болу себебі:

  • изомерлену процессі;
  • көміртек атомының бір – бірімен жай немесе 2-3 еселенетін байланыстың болуы.

Органикалық қосылыстардың химиялық құрылыс теориясы

19 ғасырдың 60-шы жылдары орыстың химик-органигі А.М.Бутлеров (1828-1886) жаңа органикалық қосылыстардың химиялық құрылыс теориясын жасады.

Бұл теория бойынша 4 негізгі ережеге сүйенуге болады: 1) молекуладағы атомдар өздерінің валенттілігіне сәйкес өзара белгілі тәртіп бойынша байланысады. Атомдардың байланысу реті химиялық құрылысты береді. Мыс., бутан молекуласында (С4Н10) көміртек атомдары түзу (тармақталмаған) және тармақталған тізбек түзіп, екі түрлі орналасады;

2) заттардың қасиеттері олардың молекулаларының құрамына қандай атомдардың және олардың қандай мөлшерде кіргенінде ғана емес, сонымен қатар олардың өзара қандай ретпен байланысқандығына (хим. құрылысына) да тәуелді болады;

3) молекула түзетін атомдар немесе атомдар тобы өзара бір-біріне әсер етеді, молекуланың химиялық реакцияларға түсу қабілеті осыған байланысты;

4) құрамы мен молекулалық массасы бірдей, бірақ молекула құрылысы әр түрлі, сондықтан да қасиеттері де әр түрлі заттар изомерлер деп аталады. Мыс., изопропан, изобутан, т.б. Атомдар молекулаға біріккенде бір-біріне әсер ететіндігін бейорганикалық заттардан да байқауға болады. Мыс., сутек жанбайды, ал оттек жануды қолдамайды. Бутлеровтың құрылыс теориясы зат жөніндегі түсінікті тереңдетті, молекуланың құрылысын түпкілікті зерттеуге жол ашты, табиғаттағы көптеген жаңа заттарды болжауға және синтездеуге мүмкіндік берді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет