Организмдегі заттек және энергия алмасуы



бет2/5
Дата12.02.2023
өлшемі33,49 Kb.
#168403
1   2   3   4   5
Байланысты:
2 сабақ Заттек және энергия алмасуы
Тыныс сро, Антибиотиктер, 1.Еңбек жағдайл-WPS Office, 1212, 3-апта СӨЖ Беккали, көші қон, патан тест рк база, Документ Merey, философия, 1. Қазақстан Ре-WPS Office, 8апта социология, серозды туберкулез Шакен Э 13-2, Бақылау сұрақтары мен есептер, Фарма, Микро бөж 3сабақ Шакен Э
Энергетикалық баланс
Қабылдайтын тағам және энергия шығыны көлемін анықтау үшін қолданылатын өлшем бірлік (калория) туынды энергетикалық шығында тамақтану үйлесімдігін анықтауда маңызды мәселені шешуге көмектесті. Бұдан басқа, калориялық есептеуге өту тамақтанудың сандық жағын жеткілікті обьективті бағалауға және тамақтануда керек жағдайда шұғыл сәйкес түзетулер енгізуге мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта тағамның энергетикалық құндылығын Джоуль (1 ккал – 4,184 кДж) ретінде өлшейтін халық аралық бірлік жүйесі (ХБЖ) қабылданды.
Үйлесімсіз тамақтану – тәуліктік тағам рационының калориясы тәуліктік энергия шығынын толтырмайды, нәтижесінде теріс энергетикалық баланс туындайды. Соңғысы энергетикалық жеткіліксіздігінен түзілген энергияның максималды өнімділігіне организмнің барлық ресурстарының мобилизациясымен сипатталады. Осыдан барлық тағамдық заттектер, сонымен бірге нәруыз энергия көзі ретінде қолданылады. Энергетикалық мақсатпен нәруыздың шығыны – теріс энергетикалық баланстың негізгі қолайсыз факторы болып қаралады. Осыдан энергетикалық мақсатпен тағаммен түсетін тек нәруыз шығыны ғана емес, сонымен бірге организмде нәруыз жеткіліксіздігін туғызатын ұзақ теріс энергетикалық баланста энергетикалық қажеттілікке кең қолданылатын тін нәруыздары да шығындалады. Сонымен, теріс энергетикалық баланс нәруыз жеткіліксіздігімен үздіксіз байланысты. Қазіргі өндірушілердің айтуы бойынша теріс энергетикалық баланс біріккен калориялы – нәруыз жеткіліксіздігі кешені ретінде қарастырылуы керек. Алиментарлық дистрофия, маразм, квашиоркор сияқты ауыр аурулардың қалыптасуында калориялы – нәруыз жеткіліксіздік орын алады. Ұзақ уақыт тағам рационының энергетикалық құндылығы энергия шығынынан артық болғанда туындайтын айқын оң энергетикалық баланстың теріс нәтижелері де маңызды.
Дене салмағының артық мөлшері, семіздік, атеросклероз, гипертониялық аурулар және т.б. ұзақ оң энергетикалық баланстың негізінде күшейеді және дамиды. Сонымен, теріс және айқын оң энергетикалық баланс организмнің әр түрлі жүйелерінің морфологиялық және функцоналдық өзгерістеріне, алмасудың бұзылуына алып келетін ағзаның физикалық жағдайына қолайсыз әсер етеді.
Физиологиялық тұрғыда қалыпты жағдай энергетикалық тепе–теңдікті қамтамасыз еткенде, яғни тәулік бойы энергия кірісі мен шығысының жақын сәйкес келуіне жеткенде туындайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет