Орындаан Уайділдә Айдын 302-топ Жамбыл шығармаларының Ұлы Отан соғысы кезіндегі әсері, тәрбиелік мәні



бет9/9
Дата07.02.2022
өлшемі44,17 Kb.
#82301
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
20 ғас Уайділдә Айдын 302-топ
қазақ.әдебиеті оқ.УАЙДІЛДӘ Айдын 302-топ, қ.ә.о.ә Д.Анель 302 топ, қ.ә.о.ә Д.Анель 302 топ, қ.ә.о.ә Д.Анель 302 топ, Біржан сал
Тайыр Жароков – шын мәніндегі патриот ақын. 1941–1945 жылдары ол өзінің қара басының жеке өмірімен де, жүрегінен жарып шыққан буырқанған отты, жігерлі өлеңдерімен де Отан сүйгіштігін көрсетті, перзенттік сезімін жырлады. Ел басына күн туып, соғыс өрті бұрқ ете қалған алғашқы мезгілде-ақ,ол майданға аттануға бірден тілек білдірді. Әскерге алынды да, кейін Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің қаулысымен, Қазақстан республикалық әскери коммисариатының бұйрығымен майданнан елге оралып, Алматы облысы, Қаскелең аудандық әскери комиссары болып істеді.
Елге оралған Тайыр Жароков те Ж.Жабаев, С.Мұқанов, Ә.Тәжібаев, А.Тоқмағамбетов, Ғ.Орманов сияқты ақындармен бірге өзінің жауынгер жырларымен жауды талқандау ісіне көркемдік үлес қосты. Соғыс жылдарындағы ақын өлеңдерінің бәрі де халықты жауынгерлік рухта тәрбиелеуге бағытталды. Ақын өлеңдері бастан-аяқ кеңес халқының басқыншы фашистерді талқандап жеңетін биік сеніміне толы болды. Онда фашизмнің зұлымдық, опасыздық әрекеттері әшкерленді.
Шаптың ба бізге атылып,
Күннің көзін қара бұлт
Жаба алмайды, қылма, үміт,
Сен шөкім бұлт, біз – күнбіз,
Құр үмітті тез ұмыт! –деген жолдардағы туған елін, халқын күнге, басқыншы дұшпанды қауқарсыз шөкім бұлтқа теңеу өлеңнің бейнелік бітімін биіктетіп тұрғанын көреміз.Ақын өлеңдерінде жаумен майданда ерен ерлік көрсеткен жауынгер тұлғасын бейнелеудің тың құралдарын да таба білді. Мысалы: «Киемін сұр шинельді» өлеңіндегі Марат, «Ол туғанда» өлеңіндегі Таймас т.б. «Зоя туралы жыр» атты белгілі поэмасында фашистерге қырғидай тиген батыр қыз Зояның әдеби тұласын сомдады.
Достыққа құштарлық–жеке адам бойындағы да,тұтас ел, ұлт, халық
бойындағы да асыл қасиеттердің бірі дейтін болсақ, достық туралы
Тайыр Жароков қаламынан шыққан жақсы өлеңдер өте көп. Бұл ретте
оның қазақтардың украин («Днепр дәптерінен», «Тарас Маңғыстауда»),
грузин («Грузин қызы», «Грузия»), өзбек («Дутар мен домбыра», «Хош келіпсіз»), башқұрт («Ақ Еділ», «Ақманай», «Түймазы»), қарақалпақ («Қыз кет-кен»), қырғыз («Жыр сапары», «Қырғыз– менің өз елім», «Қос алмадай», т.б.) халықтармен жарастықты жарқын достығына арналған өлең-жырларын бөліп атау орынды. Ақын аталған халықтардың жақсы қасиеттерін биік шабытпен толғай отырып, олармен өз халқының достығына үлкен мақтаныш сезіммен қарайды. Мәселен, украин туралы жырларында украин халқының даңқты перзснттері Богдан Хмельницкийді, Тарас Шевченконы өз халқының туған перзенттеріндей шын пейілмен сүйген ақынның сезімін танымау мүмкін емес.
Сенің отты өлеңің қол бұлғап бір–
Кең даламның үстінде күй толғап тұр,
Абай жырын тыңдағандай Днепр,
Тарас жырын кәрі Каспий тыңдап тұр –
деп, тебіренеді ақын. Грузияның көркем бау-бақшаларын, толқынды Кура, Арагвасыи, бұлтпен таласқан Қазбек, Эльбурс тауларын сүйсіне жырлаудың өзінде грузин халқына деген қазақ елінің, достық сезімі жатыр. Өзбек пен қазақтың тарихи достығын:
Дутармен шегі жалғас домбыраның,
Күйіне қосса қазақ қоңыр әнін,
Сол әнге өзбек қызы кетсе билеп,
Кеудеге көк кептерді қондырамын!
-деп, әдемі бейнелейді.
Қырғыз бен қазақ елдерінің тамыры тереңге кеткен ұлы достығы туралы Тайыр Жароков өлеңдерін қазақ поэзиясындағы достық жырларының шынайы көрінісі деп білген жөн. Ақын бірде:
Мейман емен, Қырғыз-менің өз елім,
Өз еліне-кісі мейман бола ма?
Ақын қырғыз жырласа да әр сөзін
Ырғақтары секілді бір өз үнім! –
деп тебіренсе, енді бірде:
Көріп өмір күндізін
Өстің гүлің үзілмей,
Тұлғаң биік, қырғызым,
Алатаудың өзіндей.
Қазақ, қырғыз елінің
Жайлағаны бір дала,
Екі Алатау биігін
Туғандай-ақ бір ана -
деп, қырғыз халқының биік бітімін Алатаумен салыстырады. Өз елінің де жарқын келбетіне лайықты теңеу таба отырып, екі халықты бір ананың егіз перзенті деп жырлау да ақынның көркемдік олжасына жатады.
Үлкенді-кішілі белгілі адамдарға арнап өлең шығару, қазақ поэзиясының арғы-бергі тарихында үзілмей жалғасып келе жатқан үлкен сала. Бұны біздің әдебиеттегі қалыптасып, дамыған көркемдік дәстүр деуге де болады. Тайыр Жароков те бұл дәстүрге сан рет оралған.Махамбет пен Абайдан бастап, өз тұстастарына арнаған оның әр қилы өлеңдері аз емес («Ақ Әбуге», «Қырғыз ақыны Темірқұлға», «Қалам шеберіне», «Сәбитке», «Тұстас», «Ақын досқа», «Әбіл қарттың баласы», «Әлжеке», т.б.). Негізінен, ақын арнау өлеңдерінің бәрінде де өз замандастарының ұнамды қасиеттерін тануға ұмтылады.
Пайдаланылған әдебиеттер мен сайттар:
1.https://adebiportal.kz/kz/authors/view/826
2.https://adebiportal.kz/kz/news/view/19268
3.«Қазақстанның үшінші жаңғыруын» жүзеге асырудағы жас ғалымдар инновациясы» атты студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми материалдарының жинағы = (10-14бет)

https://adebiportal.kz/kz/news/view/19268

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет