Орындаған: Абдувалов Жансерік Факультет: Жалпы Медицина Топ


Алматыдағы және республиканың басқа қалаларындағы Желтоқсан қөтеріліс және оның шынайы себептері



бет4/6
Дата08.02.2022
өлшемі74,5 Kb.
#124129
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Тарих 2.Абдувалов Жансерік 107 ОМ
бесік, презентация ӘНХ бастауыш 24.08.21 (1), презентация ӘНХ бастауыш 24.08.21 (1), презентация ӘНХ бастауыш 24.08.21 (1), емтихан сұрақтары, Int business, Int business, 888 (копия) (копия), 888 (копия), Баяндама
4.Алматыдағы және республиканың басқа қалаларындағы Желтоқсан қөтеріліс және оның шынайы себептері


1986 жылғы Желтоқсан ұлт-азаттық көтерілісі. 16 желтоқсан күні болып өткен Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің кезектен тыс Пленумы республиканы ширек ғасырға жуық уақыт басқарған Д.А.Қонаевты қызметінен босатып, оның орнына сол уақытқа дейін Ресей Федерациясында Ульянов облыстық партия ұйымын басқарған Г.В.Колбинді сайлады. Шын мәнінде бұл ешқандайда сайлау емес, ендігі уақытта Қазақстанда Орталықтың саясатын жүргізуге тиіс болған номенклатура өкілін пленумға жиналғандарға таныстыру рәсімі ғана еді. Республика жұртшылығының өмірлік мүдделеріне қатысты мәселені шешудегі Орталықтың әділетсіз әрі өктем бұл қадамы қордаланып қалған халық наразылығының жанартаудай атылып сыртқа шығуына түрткі болды.




17 желтоқсан күні таңертең Алматының Брежнев атындағы алаңына халық жинала бастады. Кешке қарай жиналғандардың саны шамамен 25-30 мыңға жетті. Олардың басым бөлігі Мәскеудегі билік жариялаған қоғамды қайта құру (1985 ж.) ұрандарына сеніп, сондай-ақ Конституциялық құқықты пайдаланып өздерінің еркін білдіруге шыққан студент және жұмысшы жастар болатын.Бейбіт шеруге шыққандардың қолдарына көтерген «Ұлт саясатының лениндік принциптерін сақтауды талап етеміз!», «Ешқандай ұлтқа артықшылық берілмесін!», «Әр республикағаөзінің басшысы!» және басқа осы мазмұндағы ұрандар тоталитарлық жүйе жағдайында өз пікірін ашық айтудан қалған халықтың саяси еркіндікке, сондай-ақ шынайы мемлекеттік дербестікке ұмтылысын айғақтайтын еді.Жиналған көпшілік республика басшылығындағы мұндай өзгерісті Д.А.Қонаевтың өзінің келіп түсіндіруін талап етті. Сонымен бірге жұмысшы жастар өздерінің ауыр әлеуметтік жағдайын, әсіресе тұрғын үй мәселесін, жұмыс тапшылығын, қазақ тілінің қолдану аясының барған сайын тарыла түскендігін өзекті өткір мәселе ретінде қойды.



Орталық алаңдағы жағдай бірден Мәскеудегі Бас хатшыға және басқа билік орындарына баяндалды. Осы сәттен бастап республикадағы билік толығымен орталықтың құзырына өтті. Алматыдағы саяси наразылықты өз билігіне төнген қатер ретінде қабылдаған Орталық оны күш қолдану арқылы басып-жаншу жолына түсті. Билік бейбіт шеруге шыққан жастармен тең дәрежедегі диалогқа баруды қажет санамайтындығын анық байқатты. Өз ретінде билік алдына қатаң талаптарын қойған бейбіт шеруге жиналушылар нанымды жауап алмайынша алаңнан тарамайтындықтарын мәлімдеді.
Сол күні кешке Мәскеуден Алматыға ұшып келген топтың құрамында КСРО Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары, КСРО Бас прокурорының орынбасары, КСРО мемлекеттік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары, республика Компартиясы Орталық комитетінің бірінші және екінші хатшылары, республика Ішкі істер министрі және мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің төрағасы бар наразылықты басып, тарату штабы құрылды.Құрамында қазақ ұлтынан ешкім де болмаған бұл штабтың жұмысын КСРО Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары генерал-полковник Б.К. Елисеев басқарды. Штабтың қарауына шамамен 20-25 мың адамнан тұратын Алматы гарнизонының, КСРО Ішкі істер министрлігінің Алматы облысында, сондай-ақ Фрунзе, Ташкент, Челябі, Новосібір, Уфа, Свердловск, Тбилиси қалаларында орналасқан арнайы ұшақтармен Алматыға алдырылған әскери күштері берілді.Әскерилерге қарусыз шерушілерді қуып таратуға қажетті қару-жараққа қосымша 15 БТР, 20 өрт сөндіруші машина берілді. Милиция және әскер құрамаларына саны 10-15 мың шамасындағы темір сойылдармен қарулаған «жасақшылар» көмектесті.
Сонымен, екі күнге созылған қарусыз халықтың қарсылығын билік орындары нағыз қатыгездікпен басып-жаншыды.Алматыдағы қарусыз бейбіт шеруге шыққан жастарды қарулы әскер күштері қуып тарату барысында 8,5 мың адам ұсталып, олардың 2401-і уақытша қамау орындарына жеткізіліп, қалғандары қала сыртына апарып тасталды, 1,7 мыңнан астап адам дене жарақатын алды, олардың бірнешеуі сол жарақаттан қаза тапты. Сот үкімімен 99 адам түрлі мерзімге, екі адам өлім жазасына кесілді. Осы көтерілісте қаза болғандар екі адам Ербол Сыпатаев пен Савицкий делінген, алайда, кейіннен 26 желтоқсанда Өскемен қаласында тергеушілердің қорқытуы салдарынан жатақхана терезесінен секіріп Сәбира Мұхаметжанованың, көтеріліс кезінде басына тиген соққыдан 1987 жылдың 18 наурызында Қараспан ауылында (Оңтүстік Қазақстан облысы) Кенжегүл Молданазарованың, 1988 жылы 21 мамырда Семей түрмесінде Қайрат Рысқұлбековтың қаза болғаны анықталды. Қаза болғандар қатарында Алматы музыка училищесінің студенті Ләззат Асанова бар. Қайрат Рысқұлбеков пен Мырзақұл Әбдіқұловқа берілген ату жазасы халықаралық қауымдастықтың қарсылығы нәтижесінде кейіннен 20 жылдық абақтыға алмастырылды. Қ Рысқұлбеков белгісіз жағдайда Семей абақтысында өлтірілді.
Алматыдағы көтеріліске ұласқан бейбіт шерудің жалғасы ретінде Жезқазған, Қарағанды, Павлодар, Көкшетау, Арқалық, Жамбыл, Шымкент, Талдықорған қалаларында, Шамалған, Сарыөзек елді мекендерінде бой көрсетулер болып өтті. Оларға 2,5 мыңнан астам адам қатысып, 281-і ұсталып, 20-дан астамы түрлі мерзімге сотталды.Желтоқсанда орын алған биліктің күш қолдану әрекеттері империялық орталықтың осыдан жетпіс жыл бұрынғы, яғни 1916 жылғы қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісіне байланысты жауыздық іс-қимылдарын еске салатын еді.Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумы комиссиясының көрсетуінде көтеріліс күндері Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің, қалалық және облыстық партия ұйымдарының нұсқауы бойынша Алматы зауыттарында басым түрде еуропалық ұлт өкілдерінен құралған жасақтар үшін темір арматураның кесіктерінен, резинадан жасалған кабельдермен, шынжырлардан арнайы қарулар даярланды. Көтеріліс басылған соң ресми билік орындары бұл қаруларды әзірлеген шеруге шыққан жастар деп мәлімдеді.Қазақ жастарының 1986 ж. желтоқсандағы шеруінің түрі ұлттық болғанмен ұлтшылдық емес еді. Ол басқа халықтарға, оның ішінде орыс халқына қарсы бағытталмаған болатын. Ол саяси сипаттағы бейбіт демонстрация еді, мемлекеттік құрылысты құлатуға шақырған жоқ-ты. Бірақ республиканың және орталықтың партиялық- бюрократтық құрылымы тарапынан ол экстремистік пиғылдағы ұлтшыл жастар тобының бүлігі деп бағаланды. Жүйе оны « қазақ ұлтшылдығы» деп айыптаудан бастап, ақырында ұлттық тең құқықтылықты өзі бұзды.Желтоқсан көтерілісінің сипаты, оның көлемі мен зардаптары туралы шындық айтылмады. КОКП Орталық Комитетінің
«Қазақстан республикалық партия ұйымының еңбекшілерге интернационалдық және патриоттық тәрбие беру жөніндегі жұмысы туралы» қаулысынан оқиғаға терең талдау, жан-жақты әділ баға беріледі деп күтілгеніне қарамастан, ол жұртшылықтың өкінішін туғызып қана қоймай, бүкіл бір халықты орынсыз айыптау болып шықты.Мұндай баға оқиғаларға қатынасушыларға қарсы күш қолданылуы және әртүрлі жазалау шаралары жүргізілуін ақтауға тиіс болды. Кең көлемді жазалау науқанында негізгі салмақ ұйымдастырушылар мен астыртын ұйымды іздеуге салынды. Қылмысты істер бойынша тергеу қысқа мерзімде, үстірт жүргізілді. Ашық сот процестері жүргізілді, барлық жерде комсомол, партия, кәсіподақ жиналыстары өткізіліп, оларға оқиғаларға қатысқандарды институттардан, жұмыстан шығару табандылықпен ұсынылды. Бұл шаралардың барысында 99 адам сотталды, 264 адам жоғары оқу орындарынан, 758 адам комсомолдан шығарылды, 1164 БЛКЖО мүшесіне, 210 КОКП мүшесіне әртүрлі жаза берілді, 52 адам КОКП мүшесінен шығарылды. Ішкі істер министрлігінен 1200 адам, Денсаулық сақтау және Көлік министрліктерінен 309 адам жұмыстан шығарылды, жоғары оқу орындарының 12 ректоры қызметінен алынды. 1988 ж. бірінші жартысында ғана партия қызметкерлерінің 78,2%, кеңес қызметкерлерінің 98%, кәсіподақ қызметкерлерінің 94%, комсомол қызметкерлерінің 66% аттестациядан өткізілді17-18 желтоқсанда жергілікті халықтың түрлі әлеуметтік топтары қоғамдық өмірде алатын орындарының сан алуандығына қарамастан өздерін тағдыры ортақ біртұтас қауым ретінде анық сезінді. Сонымен бірге ұлттық, әсіресе студент және жұмысшы жастарды осындай аса күрделі де сын сәтте ортақ табиғи мүдде төңірегіне өзара бірігуіне мүмкіндік беретін қалыптасқан тетіктің, механизмнің жоқ екендігі де байқалды. Кеңестік билік ондай тетіктердің қалыптасуына саналы түрде жол бермеді.1986 жылы желтоқсанда алаңға шыққан жастар, жаппай қуғын-сүргін саясатын көрмеген, тоталитарлық жүйенің идеологиялық илеуінде әлі де болса жаншылмаған, ұлттық мәдениеттің озық үлгілерінен сусындаған жас ұрпақ еді. Сондықтан да шеруге қатысқан мыңдаған жастар Қайрат Рысқұлбеков, Құрманғазы Рахметов сияқты оның өкілдері ерліктің және отаншылдық рухтың биік үлгісін танытты.
Бүгінде 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі Кеңес Одағында тоталитарлық жүйенің ыдырауын бастап берген, сондай-ақ Қазақстан халқының мемлекеттік тәуелсіздігін батыл көтерген оқиға ретінде бағаланады. Қазақстан Республикасы Елбасының Жарлығымен қайсар рухты Қайрат Рысқұлбековке «Халық қаһарманы» атағы берілді. Алматыдағы орталық алаңға тарихи Желтоқсан көтерілісінің құрметіне «Тәуелсіздік таңы» деп аталатын ескерткіш орнатылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет