Орындаған: Абдувалов Жансерік Факультет: Жалпы Медицина Топ



бет5/6
Дата08.02.2022
өлшемі74,5 Kb.
#124129
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Тарих 2.Абдувалов Жансерік 107 ОМ
бесік, презентация ӘНХ бастауыш 24.08.21 (1), презентация ӘНХ бастауыш 24.08.21 (1), презентация ӘНХ бастауыш 24.08.21 (1), емтихан сұрақтары, Int business, Int business, 888 (копия) (копия), 888 (копия), Баяндама
Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков ­­- 1966 жылы 13 наурызда Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Бірлік ауылында малшы шаруа әулетінде өмірге келген. Шу ауданының орталығы Төле би ауылындағы Сәду Шәкіров атындағы мектеп-интернатта, Бірлік ауылындағы орта мектепте білім алған. 1984—1986 жылдары Амур өлкесі Белогор қаласында әскери борышын өтеген. Әскери-саяси қызметтің үздігі ретінде бірнеше мақтау қағаздарымен марапатталған. Әскери бөлімнің жолдамасымен 1986 жылы Алматы сәулет-құрылыс институтының 1 курсына қабылданған.
Желтоқсан көтерілісі бүкіл қазақстандық сипат алды. Облыстарда осы күндері көтеріліске шақырған 216 үнпарақ, плакат, көше жазулары табылған. Көтерілістен соң жаппай қудалау басталды. Үкімет желтоқсанда көтеріліске шыққан азаматтарды алғашқы сәттен –ақ халыққа « арақ ішіп, есірткі тартқан бұзақылар» етіп көрсетуге тырысып бақты. Желтоқсан көтерілісіне КОКП Орталық Комитетінің қаулысымен «Қазақ ұлтшылдығының көрінісі» деген ресми баға берілді. Желтоқсан көтерілісі «КСРО мемлекетінде ұлт мәселесі түбегейлі шешілген» деген аңыздың тас-талқанын шығарды. Дүние жүзіндегі ең үлкен империяның КСРО-ның қабырғасының сөгілуіне бастама болды. Осы көтерілістен кейін көп кешікпей Балтық, Кавказ, Шығыс Еуропа елдері де оянып, нәтижесінде КСРО ыдырап, көптеген отар елдер тәуелсіз мемлекет болды. КСРО күшпен біріктіріп келген «социалистік елдер лагерінің» тарқауы екі жүйе арасындағы ондаған жылдар бойғы жанталаса қарулануды, ядролық соғыс қаупін бәсеңдетті. Бірақ 1986 жылы желтоқсанда тоталитарлық КСРО үкіметіне, М.С.Горбачевтің «қайта құру», «жеделдету» және «жаңаша саяси ойлау» саясатына қарсы бірінші болып көтерілген қазақ халқының жанкешті ерлігінің дүниежүзілік тарихи маңызын зерттеу, насихаттау жұмыстары тиісті дәрежеде жүргізілмеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет