Орындаған; Абенова Сауле Мамандық; 241 мб 3-тапсырма



Дата27.03.2022
өлшемі15,13 Kb.
#136960
Байланысты:
241 СӨЖ3 Лидерство Абенова Сауле
лж

Орындаған; Абенова Сауле
Мамандық; 241 МБ
3-тапсырма.
Жол полициясының инспекторы, ол тоқтатқан көлік құралының жүргізушісінен техникалық паспортты тексере отырып, техникалық паспорттағы жазбалар аталған көлік құралының жүргізушісіне тиесілігіне күмән туғызатынын, соның салдарынан инспектор жүргізуші В.-дан көлік құралын алып, оны көлікті басқарудан осы көліктің заңды иесіне тиесілілігін анықтағанға дейін алып тастағанын қарап шықты. Бірақ жүргізуші В. жол полициясы инспекторының іс-әрекетіне сотқа шағымданып, өз шағымын ҚР Конституциясының 26-бабының 3-тармағына сәйкес сот шешімімен болмаса, ешкім өз мүлкінен айырылуы мүмкін емес, яғни В. пікірі бойынша, бұл жағдайда көлік құралын алып қоюдың дәл сот процедурасы талап етіледі.
1. Бұл жағдайда жол полициясы инспекторының әрекеті заңды ма?
Менің ойымша , инспектордың әрекеті зңды емес , себебі көлік жүргізушісінің құқығы заңмен қорғалады және 26-баптың , 3-тармағына сәйкес , «Соттың шешімінсіз ешкімді де өз мүлкінен айыруға болмайды. Заңмен көзделген ерекше жағдайларда мемлекет мұқтажы үшін мүліктен күштеп айыру оның құны тең бағамен өтелген кезде жүргізілуі мүмкін.». Сот үкімі шыққаннан кейін ғана жеке мүлікті тартып алуға немесе ақшалай құнын алуға болады.
3. "Сот шешімі бойынша болмаса, ешкім өз мүлкінен айырылуы мүмкін емес "деген ұғым нені білдіреді?
26-баптың 1-тармағына сәйкес, « 1. Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады.». Жеке тұлғаның жеке мүлкіне ешбір адам қол сұға алмайды және жеке тұлға өз мүлкін иемдене алады. Жеке мүлікті қолдану үшін оның иесінің сенімхаты керек болады.
Сот шешімі кейбір жағдайларда заңды және жеке тұлғаларды мүлкінен айыра алады. Мысалы , жеке немесе заңды тұлға өз мүлкін банкке немесе қаңдай да бір қаржы ұйымына қойып , өз борышын өтемесе , заң жеке тұлғаны мүлкінен айыра алады.
4. ҚР Конституциясына сәйкес меншік құқығы абсолюттік құқық болып табылады ма?
Конституцияның 39-бабы 3-тармағына сәйкес мүліктік құқық абсолютті болып табылмайды және азаматтық-құқықтық қатынастар саласында да, жария-құқықтық салада да шектелуі ықтимал.
2-тапсырма
ҚР Конституциясымен кепілдік берілген жеке тұлғаның заңды құқықтары мен бостандықтары
ҚР заңнамаларына сәйкес ҚР зайырлы , демократилы мемлекет болып табылады. ҚР ең негізгі міндеттерінің бірі – адамдардың жеке құқығын қорғау . Конституциға сәйкес азаматтардың міндеттері айқындалады және олардың жеке құқықтары сақталады.
Жеке тұлғаның заңға сәйкес заңды құқықтары бар және оны басқа адамдардың бұзуына хақысы жоқ. Жеке адам құқығы бұзылған жағдайда ол заңмен қорғалады және бұзушы адам заң алдында жауапкершілікке тартылады.
Жеке тұлғалардың бостандықтары мен құқығы туралыы 2-бөлімді толығырақ айтылады. 12 бапқа тоқталар болсақ ,
12-бап
1. Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі.
Бұл тармаққа сәйкес жеке тұлғаның әлеуметтік , саяси статустарына қарамай олардың бас бостандықтары мен жеке таңдауына құқықтары бар және ол Конституциямен қорғалады,.
2. Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады.
3. Республиканың азаматы өзінің азаматтығына орай құқықтарға ие болып, міндеттер атқарады.
Жеке тұлғалардың құқықтарына бөлек , міндеттері де бар. Жеке тұлғалардың мінідеттеріне салықты уақытылы төлеу , ҚР заңына бағыну және оның рәміздерін қорғау мен құрметтеу.
4. Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Республикада азаматтар үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттер атқарады.
5. Адамның және азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтірмеуге тиіс.
Бұл тармаққа сәйкес , әр адам өз құқығын қорғай отырып , өзгелердің құқығына нұқсан келтірмеуі тиіс.
19-бап
1. Әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы.
Жеке тұлғаларға жеке таңдау құқығы берілген. Республика аумағында тұратын адамдар дін мен тілін , ұлтын және тілін таңдай алады. Екінші тұлғаның жеке таңдауға араласуға және ол үшін адамды жазалауға хақысы жоқ. Таңдау ерікті түрде , ешқандай зорлық-зомбылықсыз жүзеге асуы тиіс.
2. Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығы бар.

.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет