Орындаған: Қалихан Жансая Маратқызы



Дата02.12.2022
өлшемі260,08 Kb.
#160882
Байланысты:
10апта сөж введения уччит



Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Тақырыбы: ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА СТУДЕНТТЕРДІҢ ОЙ ЕҢБЕГІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Орындаған: Қалихан Жансая Маратқызы
Тексерген: Исин Амантай

2022 жыл
Жоғары білім беру жүйесінің дамуының әлемдік беталыстары білім беру жүйесінде жаңа орта - ақпараттық қоғамның пайда болуымен түсіндіріледі. Мұндай беталыстарды Қазақстанның жоғарғы кәсіби мектептерінде жүзеге асыру үшін жоғарғы оқу орындарына жаңа ақпараттық технологияларды, оқыту әдістері түрлерін, заманға сай білім беруді енгізу қажет. Жаңа оқыту технологиялары білім сапасын көтеруге ықпалын тигізіп қана қоймай, жоғары оқу орнына білім беру қызметіндегі бәсекеде өзінің мүкіншілігін арттыруға мүмкіндік береді. Сондықтан да соңғы жайт оқытудың заманға сай ақпараттық технологияларын енгізумен байланысты жаңашылдықтың ең алдымен жеке меншік оқу орындарында пайда болу себебін түсіндіреді. Жоғары оқу орнындағы білім беру үрдісіне жаңа ақпараттық технологияларды соған сәйкес оқыту әдістері мен түрлерін енгізу беталысы ақпараттық өнімдердің, құралдардың технологияның негізінде педагогикалық негіздерді қайта құруға байланысты шаралар кешенін қабылдады, яғни білім беруді ақпараттандыруды жүзеге асыруды талап етеді. Білім беруді ақпараттандыру үрдісін және онымен байланысты оқытуды технологияландыру үрдісін жүзеге асыруға барлық білім беру жүйесін, оның ішінде ең алдымен педагогтарды даярлау қажет.


Қазіргі заманғы ақпараттық оқыту технологиясын қолдану саласындағы шетелдік және отындық зерттеулер жоғары мектепте ақпараттық оқыту технологияларын енгізу педагогтардың кәсіби деңгейін қалыптастыруда белгілі бір проблемалар туғызатындығын көрсетті. Оқытуды ақпараттандыру теориясы мен практикасының талдамы бұл проблемаларды педагог пен студенттердің арасындағы педагогикалық қатынасты ұйымдастыру ерекшеліктерімен, педагогтық қызмет стилін, кәсіби ой-танымды зерттеудегі қиындықтармен байланысты екендігін көрсетті. Жоғары білім беруді ақпараттандыру жағдайларындағы педагогтардың қызметі жаңа сипатқа ие болды. Қазақстанның жоғары білім берудегі қазіргі заманғы ақпарат үрдістері ерекше проблеманы–білім беруді технологияландыру мен ақпараттандыру саласындағы зерттеушілік ісін оқыту практикасымен үйлестіріп оқытушыға көшу проблемасын тудырды.

Жоғары мектеп педагогын білім беруді ақпараттандыруға сай оқыту біліктілік деңгейін өзгертеді, бұл оның қызметінің ерекше сипаты болып табылады. Педагогтың жоғары біліктілігі оның педагогикалық еңбегінің жоғары сапалы болуын шамалайды. Кез келген еңбектің сапасы кәсіби функциялардың орындалу деңгейімен өлшенеді. Егер педагогикалық үрдіс технологияның негізінде құралса, онда кәсіби педагогтың міндеті бұл үрдісті технологияға сәйкес барынша нақты жүзеге асыруда жатады. Оқытуды технологияландыру жағдайында бұл педагогикалық қызметтің сапасының басты көрсеткіштерінің бірі болады деп ойлаймыз.



Оқыту технологияның тиімділігі оқытушының оны жүзеге асыру сапасына көп байланысты болады. Педагогикалық үрдістің қолайлылығы, оның сапалылығы үрдіс технологиясын білім деңгейінде игеруді талап етеді. Демек, педагогтарды қайта даярлау ісі жоғары мектеп оқытушыларын жоғары оқу орындарында даярлаудағы кемшіліктерді жоюға, оқытушылардың өздігінен үздіксіз білім алу үрдісін ұйымдастыруға қатысты проблемаларды шешуге бағытталуы тиіс.
Қазіргі заманғы технология аясындағы жаңашыл оқу үрдісі, оның құрылымдастырылуы мен жүргізілуі педагогтан жаңа кәсіби білімді, біліктер мен дағдыларды, кейбір стеротиптерден бас тартуды талап етеді. Стеротипия - кәсіби міндетті орындау барысында қалыптасқан іс-тәжірибенің бір бөлігі ретінде кіреді, бүкіл ойлау үрдісін реттейді, субъектінің әдеттегі іс-әрекетіне жатпайтын міндеттерді шешуде оның репродуктивті құрауыштары түрінде көрніс береді. Басқаша айтқанда, педагогты жаңа оқыту технологиясын қолдануға даярлау ісі оның жаңа іс-әрекет алгоритмдерін игеруінде жатыр. Педагогты жаңа оқыту технологияларын игеруге даярлау оның кәсіби қызметінің сапасын арттыруы, яғни кәсіби бағдарын өзгертуі тиіс. Сабақ сапасын арттыру барлық мұғалімдерді толғандыратын маңызды мәселе. Бұл ретте білім деңгейінің төмендеу себептерінің бірі – күнделікті сабақты өткізудің стандарты, көптеген мұғалімдердің сабақ үрдісін түгелдей дерлік жаулап алған дәстүрлі сабақтарды айтуға болады. Күн сайын өтетін, тіпті тамаша көрнекіліктер арқылы болса да, жаңа сабақты түсіндіру, үй тапсырмасын сұрау және қорытындылау сияқты жаттанды кезеңдерден тұратын классикалық немесе дәстурлі сабақ студенттерді жалықтырады, білімге ынтасын төмендетері сөзсіз. Сондықтан, әр мұғалім өз жұмысында сабақты жандандырудың әдіс-тәсілдерін іздестіруді, бұған студенттерді тарта білуді, олардың белсенді шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыра білуі міндет. Бірақ, бұдан жаңа әдіс-тәсілдер дәстүрлі сабақтарды толық алмастыруы керек деген ой тумауы керек. Олар дәстүрлі сабақтарды толықтырып, жандандыра түсуі, студенттің білімге қызығуын арттыруы тиіс, сонда ғана оқу үрдісі жетілдіріле түседі.
Оқытудың белсенді әдістерінің пайда болуы мен дамуы оқытудың алдына жаңа міндеттер қоюға ықпал етеді. Студенттерге білім берумен ғана шектелмейді. Сонымен бірге олардың бойында танымдық қызығушылық пен қабілеттің шығармашылық ойлаудың дербес ақыл – ой еңбегімен айналысу шеберлігі мен дағдыларының қалыптасуы мен дамуына ықпал жасайды. Қазақстан Республикасының „Білім туралы“ заңында білім беру жүйесінің міндеттері баяндалған. Солардың бірі ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар ғылым мен практика жетістіктерін және де тұлғаның қалыптасуына, дербес дамуына және кәсіпкерлікті меңгеруіне бағытталған. Шығармашылықты, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, білім алуға қажетті жағдайлар туғызу болып табылды. Бұл тапсырмаларды жүзеге асырудың қаншалықты тиімді болуы оқытудың сапасына студенттердің жоғары кәсіби дайындығын қажет ететін түрлер мен әдістердің таңдалуына байланысты болады. Студенттердің өз бетінше білім алуына оны іс жүзінде пайдалануына, ізденіске, талабын ұштауға және білім деңгейін жетілдіріп, жаңғыртуға ықпал жасауы жоғары және орта кәсіби мектептердің маңызды мөлшерінің бір паралық, яғни студенттердің шығармашылық қабілетін, бастамашылдығын, өз бетінше әрекеттенуін, тапқырлығын, әсершілдігін дамыту аса қажет. Қазіргі заманның мамандары дүниетанымы кең, жан-жақты жетілген, өмірлік белсенді ұстанымы бар азамат болуы тиіс. Студенттердің шығармашылық қабілеті мен белсенді ой еңбегін дамытуды ұйымдастыру оқу үрдісінде жаңа құралдар мен әдістемелерді енгізуді қажет етеді. Оқытудағы болатын мұндай өзгерістер педагог еңбегін жетілдіруді және әрдайым психологиялық - педагогикалық талдауды талап етіп отырады.
Белсенді әдістердің мәні проблеманы шешу процесінде оқушылардың кәсіби іс-әрекет тәсілдерін меңгеруге мүмкіндік туғызатын тапсырмаларды оқуына байланысты оқытудың белсенді әдістерінің ерекшелігі - ол практикалық білімді меңгеруге мүмкіндік туғызатын практикалық және ойлау іс-әрекеттерін толық мәнде жүргізуге негіз болды. Пайдаланылатын оқыту әдістері мен құралдарының ішінде кәсіби және өмірлік ситуацияларды талдауға негізделген белсенді әдістер ең тиімді құрал болып табылады. Оқытудың белсенді әдістері сабақты шынайы өмір жағдайына барынша жақындатады және материалды игеруді жүйелеуге ықпал етеді. Оқытудың белсенді әдістері түсінігі – оқыту қарқынын күшейту түсінігіне өте жақын.
Оқыту қарқынын күшейту – білім беру мерзімінің ұзақтығын сол қалпында қалдыра отырып, студенттерге барған сайын ауқымды ақпарат беру мүмкіндік іздестіру. Бұл проблеманы шешу тұлғаның шығармашылық қабілетін ұлғайтатын оқу-танымдық іс-әрекетте барынша жетілдірілген, ғылыми негізделген әдістерді басшылыққа алуды талап етеді. Оқу–тәрбие процесінің белсенділі мен қарқындылығын арттыру проблемасы оқытудың сыртқы үлгілері мен құралдарын, оның ішінде ішкі мазмұнын теңдестіру жолымен шешілуі мүмкін. Қарқындылықты күшейту оқу–тәрбие процесіндегі екі негізгі компонентті жетілдіру есебінен жүзеге асыруы мүмкін.

Мазмұн және оқыту әдістері былай қамтамасыз етіледі:


Танымдық іс - әрекеттің ұғымдық түрлерін кеңінен пайдалану;
Оқытушылардың бойында ұжымдық ойлау іс - әрекеттерін және ұғыну және басқару заңдарын қалыптастыру;
Проблемалық оқытудың әр түрлі түрлерін пайдалану;
Оқыту процесінде педагогикалық қарым - қатынас дағдыларын жетілдіру;
Топтық қарым - қатынас жағдайларында оқытуды дербестендіру;
Осы заманғы оқытудың техникалық құралдарын қолдану.
Оқытудың тиімділігін арттырудың басты құралы оқытудың белсенді әдістері болып қала береді. Олар оқушылардың кәсіби аясында соңғы уақыттары қалыптасқан дәстүрлік қысым мен стереотиптерді азайтады. Мысалы:
Әлеуметтік бөлектену (елдің бәрі сияқты емес);
Шамадан тыс шаршау (дағдылы тәсілдер уақытты, күшті үнемдейді);
Өзін - өзі бағалаудың төмендеуі.
Оқытудың белсенді әдістері – студенттерді оқу материалын меңгеру процесінде белсенді ойлау және практикалық іс-әрекетке жұмылдыратын әдістер. Оқытудың белсенді әдістері оқытушы мазмұндайтын дайын білімді игеру және оларды қайталау әдістері жүйесін пайдаланудан тұрмайды. Ол ең алдымен белсенді танымдық және практикалық іс- әрекеті процесінде студенттердің білім мен шеберлікті дербес меңгеруіне қатысты болады.

Оқытудың белсенді әдістері ерекшеліктері :


Білімді берік, саналы меңгеруге жеткізетін практикалық және ойлау іс - әрекетінің бірлестігі;
Танымдық іс -әрекетінің белсенділігі үшін жағдай туғызады;
Дәлелдік (себептік) дәрежені көрсетеді;
Таным процесі сезімдік және ақыл – ой нәтижесін береді;
Таным процесінде жетекшілік етудің әкімшілік стилін теріске шығарып, оқушының студенттермен іскерлік негізіне байланыс орнатуды негіздейді;

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет