Орындаған-Асқар Балжан Бектен Айзада


Қазақстан орманы және оны пайдалану



бет7/7
Дата29.04.2022
өлшемі112,38 Kb.
#141299
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Қоршаған ортаны қорғау мен табиғат ресурстарын ұтымды пайдаланудың
Дәріс №6,7. Сары май және оны ауыстыру өнімің (спред) өңдеу және, 9 кл.СОЧ - 3 март 2022
Қазақстан орманы және оны пайдалану. Қазақстандағы ормандар көлемі (бұған сексеуіл өскен жерлерді қосқанда) жалпы территорияның 4,6-%-ын қамтиды. Көптеген жануарлар мен жәндіктер, оның ішінде өте бағалы және сирек кездесетін түрлері орманды паналайды. Елімізде өсімдіктердің 6000-дай түрлері бар, олардың көптеген түрлері, әсіресе дәрілік түрлері орманды алқаптарда өсіп дамиды, осылардың ішінде 600-дей түрі эндемикалық және реликталық өсімдіктер.
Ормандарға тұтынушылық тұрғыдан қарау, ағаштарды кесіп алу, сол үшін әдейі браконьерлік өртеу, кесіп алу, орман алқаптары көлемін, сапалы ағаштар қорын азайтты, әсіресе жабайы жемісті және өзен алқаптарындағы орман-тоғайлар көп зардап шекті. Тас көмірдің, мазуттың қымбаттауына байланысты Қазақстанның оңтүстік облыстарындағы дария жағасында өсетін жиде ағашы, жыңғыл бұтасы, т.б. көп мөлшерде қырқып алынды. Ал, көптеген сексеуіл алқаптарын жойып жіберуде. Нәтижесінде, ормандардың ылғалды сақтау, топырақ эрозиясынан қорғау, аңдарды паналату функциясы, қызметі күрт төмендеді.
Бірақ, қазіргі кезеңде ормандарды қорғау, қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Шаруашылықтарға ұзақ мерзімдік пайдалануға берілген, бірақ, қорғалмай деградацияға ұшырыған көптеген орман алқаптары мемлекеттік орман шаруашылықтарына қайтарылып, қорғалуда және қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Алматы облысындағы бағалы жемісті тоғайлар мемлекеттік орман фондына қайтарылуда. Ерекше қорғауды қажет ететін Оңтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарындағы орманды жерлер, қорықтар мен Ұлттық саябақтар (парктер) мемлекет қарамағына берілуде. Су қоймалары жиегінде ылғалды сақтау үшін және мемлекеттік маңызы бар автотроссалар бойында ағаштар отырғызу жұмыстары жүргізілуде. Еліміздің бас қаласы Астана қаласының маңында және оны қоршап, санитарлыққорғаныш жасыл ағаштар зонасы жасалынып, онда әртүрлі ағаштар отырғызу, өсіру қарқынды жүргізілуде.

Пайдаланылған дереккөздер

  • ҚазҰпу 07-03-12-09 Пәнінің оқу әдістемелік кешені

Назарларыңызға рахмет !



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет