Орындаған: Бакберген Айбану 1-курс Мамандық: 6ВD1704 Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті



бет1/4
Дата07.02.2022
өлшемі24,38 Kb.
#96915
  1   2   3   4
Байланысты:
дауыссыз дыбыстардың сөз ішінде қолд
дауыссыз дыбыстардың сөз ішінде қолд


Дауыссыз дыбыстардың сөз ішінде қолданылуы


Орындаған:Бакберген Айбану 1-курс
Мамандық:6ВD1704 Қазақ тілінде оқытпайтын
мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
Тексерген: Рауандина Айтжамал Калкеновна

Қазақ тілінде сөз соңында екі дауыссыз қатар келетін сөздер бар. Бірақ кез келген дауыссыздар сөз соңында қатар келе бермейді. Тек алғашқысы л, р, м, н, ң деген сонор дыбыстар, соңғысы т, с, п, ш, қ, к деген қатаң дыбыстар болып тіркесіп келеді. Мысалы: жалт, қалт-құлт, қарт, қант, ант, қарс (қарс айырылды дегендегі), күмп (суға күмп берді), қарш-қарш, дүңк (дүңк етті), қарқ-қарқ (қарқ-қарқ күлді) т.б. Мұндай сөздердің басым көпшілігі жалт-жұлт, қарқ-қарқ, күңк (етті) сияқты еліктеуіш сөздерде екі дауыссыз қатар айтылып, қатар жазылады.


Бұл сөздерді айтуда сөз соңындағы екі дауыссыз күрт, шұғыл дыбысталады, яғни араларына ы, і сияқты дауыстыларды салмайды: жалт (жалыт емес), күрт-күрт (күріт-күріт емес), жалт-жұлт (жалыт-жұлыт емес) т.т.
Қазақ тілінде сөздің үш дауыссызға аяқталуы – мүлде жоқ құбылыс. Сондай-ақ жоғарыда көрсетілгендей, сонорлар мен қатаңдардың қабаттасуынан өзге дауыссыздардың қатар келуі де – орын алмайтын құбылыс. Қазақ тіліне енген орыс және интернационалдық сөздер, әсіресе жер-су, қала аттары қатарынан бірнеше дауыссыз дыбысқа аяқталып келе бермейді. Мысалы: пункт, Омск, фонд, митинг, штамп, шланг, факт, рецепт, экспромт, киоск, лифт. Бұл сөздер қазақ тілінде жеке айтылғанда, соңғы қатар келген екі-үш дауыссыздың не сондарынан, не орталарында ы, і дәнекер дыбыстар салып айтылады: пункіт, Омскі, фонды, митингі, штампы, шлаңгі, факті, рецепті, экспромты, киоскі, лифті. Бұлардың ішінде қатаң дыбыста (факт, рецепт, киоск, лифт), сонор мен қатаң да (шланг, штамп, экспромт), сонор мен ұяң дыбыс та (фонд, митинг), тіпті үш дыбыс та (алдыңғысы сонор, қалған екеуі қатаң – пункт) қатар келген.
Қазақ тілі үшін үйреншікті емес (яғни фонетикалық жүйесіне сай келмейтін) дыбыстарға аяқталатын мұндай сөздердің бірқатарына, атап айтқанда: нд, мп, кт, нк, нг, мб, ск, фт, пт, мт дыбыстарына аяқталатындарына қазақ тілінің қосымшалары жалғанғанда, сөз бен қосымшаңың аралығына дәнекер ы, і дыбыстары қосылып айтылады және солай жазылады. Мысалы: киоск+ке – киоск+і+ге (киоскке емес), бұл жерде дәнекер ы, і болғандықтан, қосымшалар ұяңдап кетеді (-ке емес, -ге, -тар, -тер емес, -лар, -лер деген сияқты), митинг+тер – митинг+і+лер (митингтер емес), Омск+тен – Омск+і+ден (Омсктен емес), сол сияқты фактілер, фактіге, фактісі (факттер, фактке, факті емес), штампылар, штампыны, штампысы, штампыға (штамптар, штампты, штампы, штампқа емес), объектілер, объектіге, объектісі (объектер, объектке, объекті емес). Үш дауыссызға аяқталған сөздер қазақ қосымшаларын дәнекер ы, і дыбыстарынсыз қабылдайды, өйткені айтуда алдыңғы дауыссыз бір буынға кетеді де, соңғы екі дауыссыз айтуда өздері бір буын болып айтылады: пунк(і)т, пункітке, пункіттер, пункіті (пунктіге, пунктілер, пунктісі емес), сфинкіс, сфинкістер, сфинкістің (сфинксілер, сфинкісінің емес). Ал бұлардың жазылуы: пункт, пунктке, пункттер, сфинкс, сфинкске, сфинкстің.
Ал тр, зм, рг, рд, лк, кс, дж, фр, рв, кт, дз, фм сияқты дауыссыз дыбыстар тіркесіне аяқталған кірме сөздерде айтылуда соңғы екі дауыссыздың арасына ы, і дыбыстары қосылып айтылады: метір, оркестір, альпинизім, колледіж.
Соңғы екі-үш дауыссыздың біреуі к, г дыбыстары болып келсе, ол сөзге қазақ қосымшалары тек қана жіңішке жалғанып, жіңішке айтылады (түбірдегі дауысты мейлі жуан болсын, мейлі жіңішке болсын). Мысалы: пунктке (айтылуы: пункітке), паркке, парктер, паркі (айтылуы: парікке, паріктер, паркі), митингіге, митингілер, киоскінің, киоскілер. Ал к, г дыбыстары жоқ жерде қосымша сөз түбірінің немесе түбірдің соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне қарай жалғанып, сол жалғанған түрінде айтылады. Мысалы: лифтілер, лифтісі, лифтіге (мұнда қосымша жіңішке, өйткені түбірдің дауысты дыбысы и – жіңішке), штампыға, штампылар, штампысы (мұнда түбірдегі дауысты а жуан болғандықтан, қосымша да жуан жалғанып тұр).
Осы ережеге сай етіп мына сөздерге қазақша қосымшалар (септік, тәуелдік, көптік жалғауларын) жалғап көріңдер де, дұрыс айтып беріңдер:
Антракт, металлург, анонс, бланк, контракт, бумеранг, почтамт, дифирамб, интеллект, катафалк, комплекс, комплект, конспект, кзендз, лаборант, ландшафт, логарифм, манускрипт, медпункт, моллюск, пакт, прейскурант, раунд, рецепт, рислинг, такт, экспромт, цифр.
Кірме сөздердің ішінде ст, сть, зд, кст, вт, сс, лл, мм, тт, пп дыбыстарына аяқталғандарына қазақ тілінің қосымшалары жалғанғанда, ең соңғы дауыссыздар түсіріліп айтылады және солай жазылады. Мысалы: коммунист+тер – коммунистер (коммунисттер емес), коммунист+ке – коммуниске (коммунистке емес), коммунист+тік – коммунистік (коммунисттік емес),съезд+ге – съезге (съездге емес), съезд+дің – съездің (съезддің емес), съезд+і – съезі (съезді емес), ведомостъ+қа – ведомосқа (ведомостьқа емес), металл+дар – металдар (металлдар емес), терапевт+ке – терапевке (терапевтке емес).
Осы ережені ескеріп, мына сөздерге қосымшалар жалғап айтыңдар және жазыңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет