Орындаған: Чалгымбаева Айнур. Тексерген: Мажинов Багдат



бет4/4
Дата28.01.2023
өлшемі58,41 Kb.
#166666
1   2   3   4
Байланысты:
Чалгымбаева Айнур 9-практикалык жумыс инклюзив
Чалгымбаева Айнур 8-практикалық жұмыс инклюзив
Сонымен қатар, заттар туралы ұғым түсініктері,сол заттарды тікелей қабылдау барысында немесе олармен әрекет жасауда туындайды. Сондықан да, аталмыш балаларды оқытуда білім, икемділік және дағдының жинақталуы маңызды орын алады. Мүмкіндіктері шектеулі балалардың оқу материалын саналы меңгеруі арнайы ұйымдастырылған түрінде өтеді. Оның негізгі түрі – балалар өзінің танымдық жинақтауын жүзеге асыра алатын жағдайда ойлау процесін түзету. Түзету жұмысының маңызды кезеңі – нақтылыдан абстрактіліге, жекеден жалпыға, көрнекілікті әрекеттен ойлау әрекетіне көшуді, балаға жеңілдететің арнайы құралдар пайдалану болып табылады. Арнайы оқытуда көрнекі құралдар мен практикалық икемділіктерді кешенді пайдалану тиімді жолдын бірі. Бекіту – меңгерілген білім мен икемділіктерді мақсатты түрде пайдалану. Білм мен икемділікті біртіндеп және тиянақты бекіту мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуда ерекше орынға ие, аса маңызды әрекет. Жас баланың дағдылары мен әдеттері үлкендердің қылығына еліктеу негізінде қалыптасады. Еліктеу арқылы бала түрлі тұрмыстық дағдыларға (бетті, қолды жуу, мезгілімен ұйықтау, ояну, тамағын ішу, ойнау т.б.) машықтанады.
4.Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды әлеуметтік бейімдеу.
Тірек-қимыл аппаратының зақымдалуы немесе аурудың айқындалуы кезінде баланың сәбилік және ерте жасында ата-аналарының барлық күштері бұзылған қозғалыс қызметін дамытуға және түзетуге, яғни қалыпқа келтіруге бағытталады. Мұның себебі, кейбір ата-аналар баланың психикалық және тілдік дамуының ерекшелігін байқаса да, арнайы педагогтарға, логопедтерге, психологтарға жүгінуге асықпайды. Басқалары баланың психикалық және тілдік дамуы оның қозғалыс әрекетінде үлкен жетістіктерге жеткенде немесе сауығып кеткенде қалыпқа келеді деп есептейді. Ал үшіншілері қандай да бір ауру әрқашан баланың психикасында, тәртібінде өзгерісті қалдырады деп санайды. Осындағы кез келген жеке ойлар көптеген ересектердің тірек-қимыл аппараты зақымдалған балаларға арналған арнайы (түзету) оқыту мен тәрбиелеу жүйесі бар екенін білмейтіндіктерін көрсетеді. Осыған орай, осындай патологиясы бар балалармен жүргізілетін психологиялық-педагогикалық және логопедиялық түзету жұмыстарының негізгі бағыттары мен жолдары бірнеше онжылдықта әзірленіп, әртүрлі мекемелердің тәжірибесінде кеңінен қолданылып жатыр. Ресейлік ғалымдар Л.А.Данилова, М.В.Ипполитова, Е.М.Мастюкова, Е.Ф.Архипова және басқалары церебральды салдығы бар балаларды, оның өмірінің алғашқы айларынан бастап-ақ арнайы оқыту мен тәрбиелеу қажеттілігін негіздеді. Олар негізгі мақсаттарды көрсетіп, сәбилік, ерте және мектепке дейінгі жаста жүргізілетін түзету жұмыстардың мазмұны мен әдістерін ашып, және оларды ерте бастаған жөн екенін түсіндіріп, дұрыс түзету әрекетінің жағдайлары кезінде аса тиімді екенін дәлелдеді. Мүмкіндігі шектеулі бұл балалар – әр түрлі мамандардың тұрақты пациенттеріне айналады: ортопед, невропотолог, терапевт, логопед және т.б. мамандардың. Олар жүйелі түрде дәрілік терапиялық және физиотерапиялық емдерді қабылдап отырады. Балалар жиі ем қабылдауына байланыстыкөп жағдайда, ұзақ уақыттар бойы ауруханаларда жатады. Мұның өзі баланы ата-ананың мейірімінен үзеді. Ата-анасы келген кездің өзінде бала олардың бет жүзінен ем нәтижесіне байланысты туындаған қысым, толқу, қанағаттанбаушылық іздерін көреді. Ата-ана толығымен баланың денсаулығына баса назар аударып, баласының ауруынан айығып кетуі мүмкіндігіне деген ойы балаға деген мейірімді екінші жоспарға қалтырады. Әдетте, ата-ана баладан не істегісі келетінін сұрамайды, олар нақты не істеу керек екенін шешеді. Міне, осы уақыттан бастап баланың тұлға ретінде қалыптасуы бұзылады. Баланың патологиялық жағдайда қалыптасуына ең алдымен отбасындағы қате тәрбие әсер етеді. Зерттеулер нәтижесіне сүйенер болсақ, балаға деген шектен тыс қамқорлық 80 % кездеседі. Ата-ана оның барлық тілегін орындауға тырысады, оның іс-әрекетін өзінікімен алмастырады. Әдетте, мүмкіндігі шектеулі баланың отбасына келуі – отбасылық жағдай мен көзқарасты өзгертетін күшті фактор болып табылады. Осы жағдайлар ананың психологиялық жағдайының өзгеруіне әкеледі. Ананың тұлғалық жағдайы ата-ана дағдарысының белгілі кезеңдерін бастан өткізеді. Эмоционалды ұйымдаса алмаушылық: анасының осы кезеңдегі жағдайы: жәрдемсіздік, қорқыныш.Бұл кезеңнің күрделігі ата-ананың алынған ақпаратты қалыпты түсіне алмауында. Аналары өзін болған жағдайға кінәлі санайды, өзіндік сын күшейеді, өзіне деген қанағаттанбаушылық жоғарылайды. Кінәлілік сезімі оларды баланың ауруына әкелген іс-әрекеттері мен қателіктері жайлы қайғы мен мұңға әкеледі. Кінәмшілдік сезімі балаға деген шектен тыс қамқорлыққа әкеледі . Жоққа шығару, терістеу кезеңі: терістеу функциялары болған жайтқа байланысты отбасындағы тұрақтылықты және белгілі бір үміт деңгейін сақтау үшін қажет. Соған байланысты терістеу эмоционалды тұншықтыруды, мазасыздықты жоғалтуға бағытталған тәсіл болып табылады. Мойындамаудың, яғни жоққа шығарудың күрделі фазасында ата-анасы баланы тексеруден өткізуден бас тартады. Мұның өзі ата-анадағы қорғаныс реакциясын көрсетеді. Олар дәрігердің құзыреттілігіне күмәнмен қарап, басқа мамандарға апарып тексертуге ниеттенеді. Бұл кезеңде «копинг-мінез-құлық» дамиды: медициналық мекемеден бастап, түрлі емші-балгерлерге барумен аяқталады. Осындай «сиқырлы құралды» іздестіру шынайы жағдайды қабылдауды бұрмалап, баланың дүниеге келуіне ата-ананың қалыпты бейімделуіне кедергі келтіреді. Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды тәрбиелеуші ата-аналардың басына түскен ауыртпашылықты азайту мақсатында үкіметіміздің 6 балаға бір әлеуметтік қызметкер беруі балалар мен олардың ата-аналары үшін үлкен көмек. Бұл қызметкерлер аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінен келеді. Сондықтан мүмкіндігі шектеулі баланың қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінуін қалыптастыру жолында әлеуметтік қызметкердің алатын орны ерекше. Әлеуметтік қызметкер мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарына оларды дұрыс дамыту және тәрбиелеу мақсатында төмендегідей ұсыныстар береді: баланың ерекшелігін дұрыс түсініп, қабылдау; балаға үнемі шыдамдылық пен сүйіспеншілік таныту; әрқашан ата—аналар сенімді болып, балаға ішкі жағымсыз қобалжуларды байқатпауға тырысу; үй тұрмысына байланысты жұмыстарды мүмкіндігінше баламен бірге атқару; баланың өз құрдастарымен жиі қарым-қатынаста болуына ықпал жасалуы тиіс; баланың қоршаған ортамен қарым-қатынас жасау барысында үнемі қолдау таныту, қарым-қатынастың үзілмеуін қадағалау; балаға көмек беретін арнайы мамандармен тығыз байланыста болу өте маңызды болып табылатынын үнемі ескеріп отыру қажет. Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды оқыту және тәрбиелеудің негізгі міндеттерінің қатарына бала тұлғасын толық қалыптастыру, танымдық әрекеттерінің дамуы, оларды қоғамның тең құқылы мүшесі ретінде ортаға қосылуы болып табылады. Әрине, қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жүргізу барысында шешімін таппаған мәселелер жеткілікті. Соның алдын алу жолдарын анықтау үшін тәжірибе алмасу жұмыстары жүзеге асырылуы керек. Болашақ ұрпақтың, әсiресе мүмкіндігі шектеулі балалардың терiс жолға түспеуiн, адамгершiлiктiк-өнегелi қасиеттерiнiң жоғары және iзгi ниеттi азамат болуына, олардың тұлғасының дұрыс дамуын жүйелi тұрғыда қарастыру аса маңызды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет