Орындаған: Әуесхан Г. Қабылдаған: Рамазанов Т. 2022 жыл Темірғали Көпбай өлеңдеріндегі метафоралар


Ұлттық танымға байланысты метафоралар



бет3/3
Дата18.10.2022
өлшемі106,71 Kb.
#153686
1   2   3
Байланысты:
Т. Көпбай.
сынып жетекші ережесі, желтоқсан құрбандары суреттері
Ұлттық танымға байланысты метафоралар

  • Сабасын қара түннің шайқап жібер,

Шабыттың қабағынан наз білінді. («Сөз қалады»)

  • Түндігін қара өлеңнің ашып қалсаң,

Жыр тілеп жұлдызды аспан жамырап тұр. («Сөз қалады»)

  • Өткінші өмір өркешіне өңгерген,

Ирек қамшы ит тірлікті мен көргем. («Матрица»)

  • Қазыналы аспанына қазақтың,

Қоңыр күйді жырман жаздым шалқытып. («Жұмекен»)

  • Қиял-тұлпар құс жолына ауғанда,

Сөзден саумал семіретін бір қанбай.

  • Қарашаңырақ. Әкемнен қалған көзіндей.

Қараша үйді жырлаймын әлі көз ілмей.

  • Құрау!Құрау!Құла тайым,

Құрық тимес бұла тайым. («Шабыт шақыру»)

Табиғат тақырыбындағы метафоралар

Көкіректе өріледі жыр-дастан. («Аққұм-менің ауылым»)

  • Бөрікөз боран ұлиды,

Құйрығыменен қыр сабап. («Аққұм қысы»)

  • Сірескен бұлттар-жұртымның өкпе, наласы,

Сыңсыған самал-боздаған бейбақ анасы. («Дауыл келеді»)

  • Нұр құйып Күннің жанары көктен,

Бүр жарды гүлі өріктің.

Күн күрсінді көктегі.

  • Күй ұғып күрең күздің қабағынан,

Аспанның маржан тамар жанарынан. («Күзгі жыр»)

  • Сары жағал Алматының бақтары,

Қайыңдардың сырғасы да сап сары. («Сары көйлек»)

Ақынның арнау өлеңдеріндегі метафоралар

  • Түркі бірлігін ту етіп ұстап келесің,

Түркітанудың айналып қара нарына. («Түркі бірлігін ту еткен»)

Сахара білер барыс бар. («Барыс»)

  • Қияға қарап қамданған,

Ердің сойы сен дедім. («Абадан»)

  • Біз-пар қанат тұлпармыз,

Самғау шыңға шырқармыз. («Қайрау»)

Жалғандықтың өкпесіне қадалған. («Махамбеттің жебесі»)

  • Азалы етіп артта қалған байтағын,

Алып емен құлағалы жыл өтті. («Алып емен»)

  • Журналисттер-жанкешті жауынгерлер,

Жеңісі үшін ұлтының жанталасқан. («Журналистер»)
Қорытындылай келсек, Темірғали көпбай шығармаларындағы метафораларды жоғарыдағыдай тақырыптық топтарға жіктей алдық. Байқағанымыз, ақынның өлеңдерінде дәстүрлі метафораларды көп кездестірмейміз. Оның метафораларының басым бөлігі-жаңа идеяға құрылған, өзіне ғана тән индивидуалды метафоралар.
Пайдаланылған әдебиет:
Т. Көпбай. Аққұмда оянған арман. Алматы:«Қазығұрт» баспасы, 2019.-216 б.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет