Орындаған: Мд 18-11 тобының студенті Жағыпарова А. С тексерген: пән оқытушысы Мадешова А. А. 2020-2021 оқу жылы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан 2050»



бет1/7
Дата07.02.2022
өлшемі23,03 Kb.
#83165
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
баяндама


Қарағанды гуманитарлық колледжі

Баяндама




Тақырыбы: Балабақшада мәдени-сауықтыру шараларын ұйымдастыру
Орындаған: Мд 18-11 тобының студенті Жағыпарова А.С
Тексерген:пән оқытушысы Мадешова А.А.

2020-2021 оқу жылы



Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты жолдауындағы «Дене шынықтыру мен спорт мемлекеттің айрықша назарында болуы тиіс.Нақ сол саламатты өмір салты ұлт денсаулығының кілті болып саналады», «Қазақстан 2050. Бір мақсат,бір мүдде,бір болашақ» атты биылғы жолдауында «Спортпен шұғылдану,дұрыс тамақтана білу,жүйелі профилактикалық тексерілу-аурудың алдын алудың негізі» деген сөздерін басты ұстам ретінде алып келеміз.
«Тәуелсіз ел тірегі- білімді ұрпақ, дені сау, жан-жақты дамыған салауатты ұрпақ». Сондықтан, ұрпағымыздың болашағы жарқын да кемел болуына ат салысып, дені сау, шыныққан бүлдіршіндер тәрбиелей берейік.
Жаңа стандарт негізінде мектеп жасына дейінгі баланы шынықтыру-сауықтыру шаралары «Денсаулық» білім беру саласында көрсетілген.
Жас ұрпақты жан – жақты дамыған, ой — өрісі биік, тұлғасы сымбатты азамат етіп өсіру үшін тәрбие жүйесінде дене тәрбиесінің алар орны орасан зор. Ал оны неғұрлым ерте кезінен бастап, дұрыс жолға қойып жүргізсе, соғұрлым нәтижесі жемісті болатыны анық. Өйткені болашақ азаматтың денсаулығы мықты, мүсін тұлғасы дұрыс қалыптасқан, жігерлі де қайратты болып өсуіне, көпшілдік дағдыларын бойына терең сіңіруіне нақ осы мектепке дейінгі кезеңде тереңірек көңіл бөлінсе, дұрыс негіз қаланады. Қазақтың кемеңгер ақыны, ұлтының бақыты үшін өз бойындағы бар дарыны мен білгенін аямай, дене тәрбиесіне зор көңіл бөлген Мағжан Жұмабаев: «Дене тәрбиесіне жеңіл қарауға болмайды. Дене жанның қабы. Қап берік болса ішіндегі заты берік болмақ. Дене жанның құралы. Құралы мықты болса иесі де мықты.
Сау жан – сау денеде ғана болады» — деген. Сондықтан да бүлдіршіндер ағзасының қызметін жетілдіру, денсаулығын жақсарту, жүйкенің жұмысын дұрыс қалыптастырып, ширақ, жігерлі, икемді, сымбатты етіп өсіру, міне, осының барлығын ғылыми негізде тәрбиенің басқа түрлерімен ұштастыра жүргізу – балабақшалардың негізгі мақсаты мен алға қойған үлкен міндетінің бірі.
Бала денсаулығының мықты болып , қозғалыс,дене құрылысының дұрыс жетілуі мектеп жасына дейінгі кезеңде қалыптасады. Сондықтан , бала ағзасының қызметін жетілдіру қабілетін арттыру осы кездегі ең басты міндет болып табылады. Бұл міндеттердің маңыздылығы мынада; ағзаның қорғаныс қабілеті нашар қалыптасқан кішкентай балалар сыртқы ортаның қолайсыз әсерлеріне тез ұшырайды.Сондықтан сүйектің, буынның дұрыс әрі өз мерзімінде жетілуіне, бел омыртқаның физиологиялық иіндерінің қалыптасуына, табан дөңістерінің дұрыс жетілуіне, тыныс алудың тереңдігі мен ырғақтылығы тыныс алуды қозғалыспен үйлестіруге мүмкіндік жасап, үнемі ықпал ету қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет