Орындаған: Мд 18-11 тобының студенті Жағыпарова А. С тексерген: пән оқытушысы Мадешова А. А. 2020-2021 оқу жылы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан 2050»


Балабақшадағы дене шынықтыру – сауықтыру, спорттық мерекелердің ұйымдастыру маңыздылығы



бет3/7
Дата07.02.2022
өлшемі23,03 Kb.
#83165
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
баяндама

Балабақшадағы дене шынықтыру – сауықтыру, спорттық мерекелердің ұйымдастыру маңыздылығы

Балабақшада өткізілетін дене шынықтыру-сауықтыру және спорт шараларының негізгі түрлері: Денсаулык және спорт күндері.


Денсаулық және спорт күндерін өткізу балабақшаның оқу-тәрбие жұмыстарының жылдық жоспарына жазылып, оның өтетін уақыты көрсетіледі.
Денсаулық және спорт күндері тоқсанына 1 рет сабақтан босатылып, ал айына бір рет сабақтан тыс уақытта немесе каникул кезінде міндетті түрде өткізіледі. Денсаулық және спорт күндері мектепке дейінгі топтарда 2-3 сағат, 5-8- топтарда 3-4 сағат, жоғары топтарда 4-5 сағат шамасында откізіледі. Жарыстардың өтетін уақыты жергілікті ауа райына, балабақшаның мүліктік қорына, тұрғылықты халықтын әдет-ғұрпына т.б. байланысты белгіленеді. Денсаулық және спорт күндерін 1-4, 5-8, 9-11- топтарда бөлек немесе барлығын бір күнде өткізуге болады. Командаларды басқаруға, төрешілікке барлық педагогикалык ұжым, ата-аналар т.б. жұмылдырылады. Жарыс бағдарламасына әр түрлі спорттық қозғалмалы ойындарды, жаяу, шаңғы саяхаттарын, жарысқа шық жас ұлан, жүгіру, секіру, лақтыру күндерін, эстафеталарды шанамен, шаңғымен, конькимен сырғанауды кіргізуге болады.
Жарысты ойдағыдай өткізу үшін қажетті құрал жабдықтарды, – төрешілерді, нұсқаушыларды, үгіт-насихат жұмыстарын, өтетін орындарын, алдыңғы қатарлы спортшыларды марапаттау жұмыстары алдын-ала дайындалады. Денсаулық және спорт күні балабақшадағы ең бір үлкен мейрам болып саналады, сондықтан салтанатты түрде ашылады, оған атақты спортшылар шақырылып, олардың өнері көрсетілед. Жарыстың қорытындысы шығарылып, жүлдегерлер марапатталады. Жарыстың басталуы және қорытындысы ата-аналарға, қоғамдық ұйымдарға, балаларға радио арқылы хабарланады. Ұйымдастыру жұмыстарын балабақша директоры, онын орынбасарлары және дене тәрбиесінің тәрбиешілері басқарады. Балалардың жарысқа қатысуын топ жетекшілері, бастауыш топтың тәрбиешілерімен басқа да балабақша қызметкерлері төрешілікке қатыстырылады.
Дене тәрбиесі тәрбиешіі сабағынан уақытша босатылған балалар мерекеге міндетті түрде қатысып, төрешілерге мүмкіндігінше көмектеседі, бірақ олар жарыстардан және жорықтардан босатылады.
Денсаулық күнінің негізі оның бұқаралығында, сондықтан мерекелерге барлық балалар қамтылады. Денсаулық және спорт күндерін театр, кино, көрме т.б. кездесулерге пайдалануға тыйым салынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет