Орындаған: Оңал Гүлмира кял-203 Ерекше балалардың қоғамдағы өзіндік орыны



Дата20.11.2023
өлшемі19,89 Kb.
#192204
Байланысты:
Мақала ИББ
Мақала ИББ

Орындаған:Оңал Гүлмира
КЯЛ-203


Ерекше балалардың қоғамдағы өзіндік орыны.

Әр қарапайым дені сау бала үшін мектепке алғаш бару өміріндегі ең жауапты сәттердің бірі.Ал мүмкіндігі шектеулі бала үшін бұл екі есе ауыр сәт.Қазіргі Қазақстан Республикасы осы білім беру аясында инклюзивті білім беру жағыдайларын қарастырып , қағидаттарына бет бұруда.Бұл ерекше балалар үшін мектептерде ,қоғамдық орындарда жағыдай туғызып ерекше балаларды жалпы білім беру жүйесіне қосу.Әрбір бала өз деңгейінде білім алуы тиіс .Инклюзивті оқыту –ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалыпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады.Баланың дамуындағы әр түрлі бұзылыстар оның оқу мен жазуды меңгеруіне әрі отбасымен, құрдастарымен жалып қоршаған ортамен қарым -қатынас жасауына үлкен әсерін тиігізеді.


Сол себепті жалпы білім беретін ортада осындай ерекше балаларды табысты бейімдеу және оқытудың өзі үлкен күш жігерді талап етеді.Ақыл ой кемістігі бар балалардың көпшілігінде медициналық олигофрения диагнозы да көптеп кездеседі.Олигофрен балалар барлық психикалық ақаулардың тұрақты бұзылыстарымен ерекшеленеді,таным үрдістерінің белсенділігінің төмендеуі,әсіресе сөздік және логикалық үрдістердің бұзылысы айнық байқалады.
Менің ойымша кез келген оқушының үлгермеу себебін анықтап, мүгедек баланың диагнозына қарай жұмыс жасаса, оқушының білімге деген құлшынысы артып, өзіндік дарындылығы айқындала түседі деп ойлаймын. Ерекше оқушылардың өзінің күшіне сенуіне мүмкіндік беруі. Инклюзия тек дамуы шектелген балалардың ғана емес, басқа да балалардың мүддесін көздейді .
И .Гете былай деп айтқан : «Біліп қана қою-аз, сол білгеніңді істе қолдана білуің керек, ниеттену ғана аз, сол ниетіңді іске асыруың керек»,-деп өзіндік пікірін айтқан болатын .Мүмкіндігі шектеулі ерекше балаларға көмектесудің жолы инклюзивті білім беру ғылыми теориямен өзіндік үндестігін тапса, осы еліміздегі мүмкіндігі шектеулі балаларға деген пікір мен ой өзгеріс табар еді.Сонымен қатар осындай оқыту жүйесі арқылы бала өз деңгейіне қарай білім алып интернаттарда емес ата -анасының жанында өзнің тұрғылықты жерінде білім алып , қоғаммен біте қайнасып, әлеуметтік жағынан бейімделеді. Ал әлеуметтік бейімделу, өз кезегінде, кемтар балалардың қоғамдық ортамен белсенді араласуына мүмкіндік туғызып, жалпы жағдайын жақсартады.Инклюзивті оқыту әр баланың оқу үрдісін және қажеттіліктерін қанағаттандыратын білім беру салаларының бірі деп атап айтқым келеді .Оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайлары да өзгереді.Әрбір бала ол жеке тұлға сол себептен оныңда басқа қарапайым балалар секілді жалпы білім алуы қажет.
Жалып мүмкіндігі шектеулі баланың ең басты мәселесі ол қоршаған ортамен деген байланысының болмауы әрі өзі қатарлас құрдастарымен қарым -қатынастың құрылмауы,табиғатпен қоғаммен байланысының жоқтығы осының барлығы бала бойындағы кейбір даму қабілеттерінің шектелуіне әкеледі.
А.Р.Малер бұл қиындықтардың өзіндік себептерін атап көрсетті ол әлеуметтік ортамен өзара қарым-қатынас жасау үрдісі баланың талаптарына сәйкес келмеуімен және қарым-қатынас жасауға дайындығының болмауымен түсіндіріледі. Нәтижесінде қалыпты деңгейдегі әлеуметтік қатынастан тысқары қалады, сол себептен әлеуметтік көмек көрсетуді мұқтаж етеді деп пікірін айтқан болатын.
Қорыта келе, мүмкіндігі шектеулі балалармен түзету жұмыстарын неғұрлым ерте бастасақ, соғұрлым қайтарымы үлкен болады. Әр бір баланың болашағы ол қоғаммен сол баланың арасындағы байланыспен құрылады Өз уақытында бұл заңдылықты Ян Амос Коменский айтқан болатын «Барлық тіршілік иесінің табиғаты сондай,-олар икемді болып табылады және нәзік жас кезінде олар тәсілдерді жеңіл қабылдайды, қатайып кеткен соң, оларға қалыптасу қиын болады. Жұмсақ балауызды оларға түрлі пішін беріп сомдауға болады, ал егер қатып қалса, оны сындырап тастау оңайырақ»,-деп жазды.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет