Орындаған: Сабденова Т. Б



Pdf көрінісі
Дата17.04.2023
өлшемі290,02 Kb.
#174664
Байланысты:
Документ15
эко билет 11, эко билет 11, ПАТФИЗ рк2


Әл
-
Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Халықаралық қатынастар факультеті
Срс
Тақырыбы:
Менің мансаптық және кәсіби өсуім
Орындаған: Сабденова Т. Б.
Тексерген: Борбасова Г. Н.
Алматы, 2023 жыл


Менің мансаптық және кәсіби өсуім
Жалпы кәсіби даму – бұл жүйелі беку, білім саласында жетілу және кеңею, 
тұлғалық сапалардың дамуы, жаңа кәсіби білімдер мен дағдыларды меңгерудегі 
қажеттілік, өзінің барлық еңбек жолында белгілі міндеттерді атқара білу. 
Негізінен мансаптық даму міндеттілік немесе жалған емес, ойлаудың,пайдалы 
әдеттің негізі болуы керек. Қоғамдық қызығушылықтардың көзқарасы бойынша
адамның кәсіби дамуы тек кәсіби әдеп кодексінің бір пункті: өзімен 
жұмыстанбайтын адам, кәсіби маман деп танылмайды деп те қарауға болады. 
Кәсіби даму адамнан саналы,бағытталған белсенді оқуды талап етеді. Мұндай оқу 
басқа формалардан анық ерекшеленеді. Әрбір адам өзінің қандай бағытта дамуы 
керек, ақпараттарды қандай әдістермен алатынын, қандай жолмен меңгеретінін өзі 
шешеді. 
Жалпы, үлкен өмірге қадам басқан сәттен-ақ көп дүниелерге таңдау жасауға тура 
келеді.Ата-аналарымыз бала күнімізде үнемі біз үшін таңдау 
жасап,болашағымыздың жарқын болуына ықпал етсе,енді міне,есейіп,бойжеткен 
шағымызда барлық таңдау тікелей өзіміздің қалауымызбен жасалатын болды. Сәби 
күнімізде ойыншық таңдап,оқушы шағымызда мектептегі пәндер мен дос-құрбылар 
таңдай бастасақ,ал қазір міне мамандық таңдап,болашақты айқындайтын сәтте жетіп 
қалды. Мен болашақ мамандығымды таңдауға келгенде ұзақ ойланған 
жоқпын.Өйткені менің табиғатым кішкентай күнімнен адамдармен тез 
табысуға,сөйлеуге өте жақын болды.10-шы сынып табалдырығын аттаған кезімде, 
мені халықаралық қатынастар мамандығы өзіне ерекше баурап алды. Несімен 
әрине?! 
Мен «кітап» деген асыл қазынамен доспын. Көп оқығанды ұнатамын.Газет-
журналдардағы, теледидардағы жаңалықтар мені елеңдетпей қоймайды,түрлі 
бағдарламаларды көремін және оларды өздігімше сараптап,жақсысын көңілге медет 
тұтамын. Менің ойымда сан мыңдаған жоспарлар мен самсаған мақсаттар тұр. 
Содан,бір күні мен «осы мақсаттарыма жету үшін маған тек қана халықаралық 
қатынастар мамандығы көмектесе алады» деген ойға келдім.Өз қалауыммен дәл осы 
мамандықты таңдай отыра, ерекше құлшыныспен,шынайы сүйіспеншілікпен 
армандадым.Дәл бүгінгі уақытта мен өзім жылдар бойы мақсат еткен Әл-Фараби 
атындағы Қазақ Ұлттық Университетіне Халықаралық қатынастар мамандығы 
бойынша оқуға түстім. Мен үшін бұл жеңіске жету – өте қиын, күрделі көпірден 
өткенмен тең болды.ҰБТ сынағына дайындалып,қажырлы еңбек еттім деп айта 
аламын. Еңбегім еленіп, бағым жанғанына шын қуанамын,өзімді бақытты санаймын. 
Өйткені, арманымның тең жарты бөлігі Халықаралық қатынастар мамандығымен, 
осы жоғарғы оқу орнымен тығыз байланыста.Болашақта өзімді екі ел арасын 


байланыстырар елші көргім келеді келеді. Елімді елең еткізетін тың дүние ойлап 
шығару жоспарда бар. Шет елдерді зерттеу,өз елімізбен экономикалық-саяси 
тұрғыда дипломатиялық жолмен байланыстыру өзіме қатты ұнайды.Болашақта өзім 
үшін емес,елім үшін адал қызмет атқаратын халқымның қалаулы,елімнің елеулі 
журналисті болсам деген асқақ армандарым мені әрдайым алға жетелейді.
Жалпы, жоғары оқу орындарында кәсіби дайындыққа оқу процесін 
ұйымдастыру ерекшеліктері, ұстаздар мен топтағы қарым-қатынас ерекшеліктері, 
оқу-тәрбие шаралары т.б. жағдайлар әсер етеді. Бұл ықпалдарды көптеген 
зерттеушілер жұмысынан байқауға болады. Б.С. Круглов, А.В.Петровскийлердің 
айтуы бойынша,оқытуды ұйымдастыру кезіндегі дәстүрлі емес нысандар 
құндылықтық бағдарлардың қалыптасуына әсер етеді. Сонымен, бұдан көрініп 
тұрғандай белгілі бір құндылықтың пайда болуы кәсіпке бейімделуге септігін 
тигізеді. Оқыту процесі кезінде, кәсіптік оқыту кезінде студенттердің бойында 
құндылықтық бағдарларды қалыптастыруға үлкен әсер тигізетін тұлға ұстаз болып 
табылады. Ол ұстаздың оқыту процесін ұйымдастыруына және оның мазмұнына 
байланысты. Кәсіпке дайындалу жүйесі адам өмірінде ұзақ жылдар қалыптасып
біртіндеп индивидтің психологиялық ерекшеліктеріне байланысты өзгеріп отырады. 
Индивидтің бойындағы кәсіпке дайындалу қандай деңгейде болса да, ол өзінің 
маңызы бойынша адамды сипаттап,әлеуметтік жағдайларда адам мінез-құлқын 
саналы түрде басқарып, реттеп отыратын әрекетте өзінің ерекше орнын көрсетеді. 
Осылайша, кәсіпке дайындық адамның мақсатына жетудегі барлық іс- әрекетін 
басқаруға әсер етіп отыратын ерекше сипатымен түсіндіріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет