Тәуелсіз Қазақстан егемен мемлекет ретінде халықаралық қатынастар жасауға, белсенді сыртқы саясат жүргізуге кірісті. Қазақстан өзінің сыртқы саясатында үш мәселеге ерекше назар аударды



Pdf көрінісі
Дата08.10.2022
өлшемі1,25 Mb.
#152179
Байланысты:
589D9334-1D38-436E-81CD-6A332B0B3B7E
Сейтбек Айгерім 202К-ТФП-2


СӨЖ
СӨЖ
Алматы, 2021


Тәуелсіз Қазақстан егемен мемлекет ретінде халықаралық қатынастар
жасауға, белсенді сыртқы саясат жүргізуге кірісті. Қазақстан өзінің сыртқы
саясатында үш мәселеге ерекше назар аударды.
Біріншіден, басқа елдермен, оның ішінде бұрынғы Одаққа кірген
республикалармен, Азия, Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы, Еуропа елдері және
АҚШ-пен халықаралық байланысты өркендету. Екіншіден, шет елдермен тек
дипломатиялық байланыс қана орнатып қоймай, сонымен қатар, олармен
мәдени-экономикалық байланысты күшейту, сол арқылы алдыңғы қатарлы
өркениетті елдердің қатарына қосылу. Үшіншіден, Қазақстанның қауіпсіздігін
сақтау, дүниежүзілік соғысты, ядролық қаруды қолдануды болдырмау. 
Міне, осы бағытта 1991 жылдан бастап сыртқы саясат пен халықаралық
қатынастар саласында көптеген шаралар іске асырылды. Қазақстан өзінің барлық
көршілерімен, негізгі әріптес мемлекеттерімен байыпты және болжауға
болатындай байсалды қарым-қатынастар орнатты. Сыртқы саясаттың негізгі
діңгегі – көпвекторлық жол, яғни көп бағыттылық. Ол – еліміздің геосаяси
жағынан орналасуына байланысты өмірдің өзі талап етіп отырған қалыпты
жағдай. Өткен уақыт ішінде Қазақстан Республикасын дүние жүзінің 180-нен
астам мемлекеті таныды. Қазақстан 120-дан астам елмен дипломатиялық
қатынастар орнатты. Шет елдерде 40-тан астам дипломатиялық және консулдық
өкілдіктер ашылды. Ал Алматы мен Астанада 50-ден астам шетелдік елшілік пен
миссия, халықаралық және ұлтаралық ұйымдардың ондаған өкілдігі жұмыс
істейді.
Қазақстан өзінің сыртқы саясатында ең жақын және ірі көрші мемлекеттер –
солтүстікте Ресеймен, ал шығыста Қытаймен тығыз қарым-қатынас орнатуға
ерекше назар аударып келеді. Қазақстан мен Ресей арасында 1992 ж. 25
мамырдағы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа қол
қоюдың зор тарихи маңызы бар. Екі халықтың достығы мен ынтымақтастығын
нығайтуда 1996 ж. 27-ші сәуірде Ресей Федерациясының Президенті Б.Ельцин мен
Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Алматыда кездесіп, Қазақстан мен Ресей
бірлескен Декларациясына қол қоюының маңызы өте зор болды. Онда Қазақстан
мен Ресейде жүргізіліп жатқан демократиялық қайта құрулар мен саяси-
экономикалық реформалардың екі ел халықтарының болашағы үшін үлкен мәні
бар екендігі атап көрсетілді.
Ресей мен Қазақстан арасында ынтымақтастықтың одан әрі дамуында 1998 ж. 6-
шілдеде Мәскеуде қол қойылған мәңгілік достық пен ынтымақтастық туралы
Декларация маңызды рөл атқарды. Оның негізінде екі мемлекет арасындағы
қаржылық өзара келіспеушіліктерді реттеу және Байқоңыр космодромын бірлесіп
пайдалану мәселелері шешілді. 


2000 ж. 25 қаңтарында Қазақстан Елбасы Н.Ә.Назарбаев пен Ресей Президенті
В.Путиннің кездесуі болды. Онда екі жақты қарым-қатынасты одан әрі жетілдіре
түсуге жете мән берілді. Ал 2002 ж. желтоқсанда Қазақстан Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың Мәскеуге ресми сапары барысында екі ел арасында қалыптасқан
достық байланыстарды барынша тереңдетуге күш салынатыны баса айтылды.
Сондай-ақ, аймақтық және халықаралық көкейкесті проблемалар төңірегінде жан-
жақты пікір алмасылды. Екі жақты деңгейдегі, ТМД, ЕурАзЭқ, ШЫҰ
шеңберлеріндегі 
ынтымақтастық 
қарым-қатынастар 
аймақтағы 
елдер
қауіпсіздігінің, интеграциялануының басты кепілі болып табылатыны атап
көрсетілді. 
2003 жыл Ресейдегі Қазақстан жылы, 2004 жыл Қазақстандағы Ресей жылы ретінде
мемлекеттік деңгейде аталып өтті. 2004 жылы екі мемлекет арасындағы тауар
айналымы 7 млрд. долларға жетті, мұның өзі 2003 жылғы сондай көрсеткіштен 40%
дерлік көп (Егемен Қазақстан, 12.01.2005). 2005 жылдың басында Қазақстанда
тұтастай жарғылық қоры 250 миллион АҚШ долларынан асатын, Ресеймен
бірлескен 1100 кәсіпорын болды. 
Тәуелсіздік жылдары оңтүстік-шығыстағы үлкен көрші мемлекет - Қытай Халық
Республикасымен тату көршілік және достық қатынастар орнатуда едәуір
табыстарға қол жетті. 1990 ж. Қазақстан мен Қытайдың темір жол арқылы өзара
байланысы іске асты, сөйтіп, біздің республика Тынық мұхит жағалауына ең қысқа
жолмен шығу мүмкіндігіне ие болды. Қазақстан-Қытай қарым-қатынасының
дамуы өте жоғары қарқын ала бастады. Қазақстан Республикасы Президентінің
Қытай Халық Республикасына 1992 ж. тамызда барған алғашқы сапарынан бастап,
барлық байланыс жолдарын ашудың сәті түсті. Екі елдің арасында сауда соңғы
жылдары ондаған есе өсті. 1997 ж. 25 қыркүйекте Алматыда өткен Қазақстан және
Қытай делегациялары арасындағы келіссөз барысында Батыс Қазақстан мен Батыс
Қытайды жалғастыратын мұнай құбырына шығыстағы көршіміз тарапынан 9,5
млрд. доллар жұмсалатыны жөніндегі шартқа қол қойылды. Мұның өзі саяси-
экономикалық байланысты нығайтуға, шекара маңында тыныштық пен бейбіт
өмірді сақтауға кепілдік берді. 
1998-1999 жж. белсенді дипломатиялық әрекеттер арқылы Қытай мен Қазақстан
арасында тағы да жаңа маңызды уағдаластықтарға қол жетті. Ең алдымен
шекараны нақтылау негізінен аяқталды. Қытаймен арадағы шекараны айқындап
белгілеу Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне қосымша кепілдіктер берілгенін
білдірді.
Қазақстан Президентінің Қытай мемлекетіне 2002 ж. желтоқсан айында жасаған
сапары екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңін айқындады. Екі
мемлекет басшыларының кездесуі барысында 5 құжатқа қол қойылды. Оның ең
маңыздысы “Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы
тату көршілік, достық және ынтымақтастық туралы шарт” болып табылады.
Сондай-ақ, бұдан басқа екі ел деңгейінде халықаралық ланкестікпен,
сепаратизммен және экстремизммен күресте ынтымақтастық жөнінде, екі
мемлекет арасындағы қауіпті әскери әрекетті болдырмау туралы және т.б.
құжаттарға қол қойылды. Екі арадағы сауда-экономикалық байланыстар жылдан-
жылға артып, 2004 жылы оның көлемі 3 млрд. АҚШ долларынан асты. Жалпы
соңғы жылдары ҚХР басшыларымен өзара кездесу, келіссөздер жүргізу біздің елдің
сыртқы саясатындағы тұрақты құбылысқа айналды. 


 Қазақстанның сыртқы саясатында АҚШ-пен қарым-қатынасының маңызы өте зор.
АҚШ Қазақстан Республикасын тәуелсіз мемлекет ретінде таныған 1991 ж. 25
желтоқсаннан бастап, екі мемлекет арасында елші дәрежесіндегі толыққанды
дипломатиялық қатынастар орнады. 1991 ж. желтоқсанында Мемлекеттік хатшы
Дж. Бейкер Алматыға келіп, Н.Ә.Назарбаев және басқа да ресми адамдармен
келіссөздер жүргізді. 1992 ж. көкек айында Қазақстанға Еуропадағы қауіпсіздік және
қарым-қатынастар жөніндегі АҚШ Конгресі комиссиясының делегациясы келді. Сол
жылғы мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Америка
Құрама Штаттарына алғашқы сапармен барды. Осы сапардың барысында: “Сауда
қатынастары жөніндегі келісім”, “Қаржы салымдарын өзара қорғау жөніндегі
шарт”, “Қазақстан Республикасы және АҚШ үкіметтері арасындағы өзара түсіністік
жөніндегі меморандум”, “Қос қабат салық салуды болдырмау жөніндегі конвенция
келісімі туралы бірлескен мәлімдемелерге” қол қойылды. Сөйтіп, екі жақты қарым-
қатынастардың шарттық-құқылық негіздері қаланды. 
Осыдан кейінгі жылдары Қазақстан мен АҚШ қарым-қатынастары серпінді түрде
дамып келеді. Қазіргі кезде АҚШ Қазақстан экономикасының аса ірі инвесторы
болып отыр. Вашингтон Қазақстанға Орталық Азиядағы тұрақтылық пен
қауіпсіздік тұғыры, өзінің осы аймақтағы басты серіктесі ретінде қарайды. 1999 ж.
желтоқсан айында Қазақстан Президенті Н.Назарбаев АҚШ-қа тағы да бес күндік
сапар жасап, екі ел арасындағы байланысқа жаңа жол ашты. Екі мемлекет
арасындағы келісім барысында ХХІ ғ. басындағы басымдық беретін басты бағыттары
айқындалды. 
Біздің мемлекетіміздің тәуелсіздігіне он жыл толуына орай жіберген құттықтау
хатында АҚШ Президенті Дж. Буш Қазақстан Халықаралық қоғамдастық үшін
аймақтағы тұрақсыздық пен жанжалдарға қарсы шешуші рөл атқаратынын
қуаттады. 2001 жылы желтоқсанда Президент Н.Ә.Назарбаевтың АҚШ-қа ресми
сапары барысында "Жаңа Қазақстан-Америка қатынастары туралы” бірлескен
мәлімдемеге қол қойылды. 
Сонымен қатар, Қазақстан үшін Түркия, Пәкістан, Үндістан, Иран мемлекеттерімен,
сондай-ақ Азияның Жапония, Оңтүстік Корея сияқты және басқа елдерімен
ынтымақтастықтың да мәні өте зор. 
Қазақстанға ортақ шекарасы, қалыптасқан шаруашылық, тарихи және мәдени-
этникалық байланыстары бар Орта Азиядағы - Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан,
Түрікменстан мемлекеттерімен тығыз қарым-қатынас жасау өте маңызды. Осы
бағытта 1994 жылы Орталық Азия экономикалық қауымдастығы құрылды. Оған
Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан кейіннен 1998 ж. 4-ші мемлекет Тәжікстан
қосылды. Осы елдер арасындағы жасалған Шартқа сәйкес Мемлекетаралық кеңес
пен оның негізгі институттары – Премьер-министрлер кеңесі және олардың
тұрақты органы – Атқару комитеті құрылды. Ортақ экономикалық кеңістік туралы
шартқа қол қойылғаннан кейінгі жылдар ішінде көп жақты ынтымақтастықтың
маңызды бағыттары, көкейкесті халықаралық күрделі мәселелер және
республикалардың экономикалық интеграциясы бойынша 200-ден астам құжаттар
қабылданды. Солардың ішіндегі ең маңыздысы – Орталық Азия экономикалық
қауымдастығының 2005 жылға дейінгі интеграциялық даму стратегиясы. 2002
жылдың ақпан айынан бастап Орталық Азия экономикалық қауымдастығы жаңа
келісілген құжат негізінде “Орталық Азия ынтымақтастығы” болып қайта құрылды. 


Қазақстанның сыртқы саясатындағы басты көңіл аударып отырған мәселелердің
бірі – елдің шекаралық қауіпсіздігін сақтау. Бізбен солтүстікте бірнеше мың
шақырым шекараласатын Ресеймен, оңтүстік-шығыста Қытаймен шекараны
тұрақтандырып бекіту өте қажет іс еді. Шекара – мемлекеттік егемендіктің басты
белгілерінің бірі. Сондықтан бұл маңызды саяси проблема Ресей мен Қазақстан
үкіметтері арасындағы кездесулерде әлденеше рет әңгіме арқауы болды. Осының
нәтижесінде екі ел арасында 1992 ж. 15 мамырда ұжымдық қауіпсіздік туралы
шартқа және 1999 ж. 28 наурызда Қазақстан мен Ресей арасындағы Әскери
ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылды. Бұл шарттар бойынша Қазақстан мен
Ресей әрі қарай да аймақтық қауіпсіздікті бірлесіп нығайту және қорғаныс
саласындағы ынтымақтастықты дамыту, сөйтіп сыртқы саясат саласында өзара
бірлесіп әрекет ету көзделген. Ресей мен Қазақстан арасындағы қауіпсіздік және
сыртқы саясат мәселесі екі ел арасындағы 1998 жылы шілдеде қабылданған “Мәңгі
достық және одақтастық туралы декларацияда”, сондай-ақ, экономикалық
ынтымақтастық туралы алдағы 10 жылға (1998-2007 жж.) арналған экономикалық
бағдарламада өзінің даму көрінісін тапты. Осы келісімдер негізінде Қазақстан-Ресей
шекара белдеулерінде делимитациялау шаралары жүргізіле бастады. Ал 2000 жылы
қаңтарда Мәскеуде өткен екі мемлекет басшыларының кездесуінде басты үш бағыт
туралы келісім жасалды. Біріншісі – екі ел саясатындағы қарым-қатынастың
сабақтастығы. Екіншісі - қауіпсіздік мәселесіндегі ынтымақтастық. Үшіншісі –
шекараны нақтылау мәселесі. 
Қазақстанның көрші мемлекеттермен шекарасының жалпы ұзындығы 15 мыңға
жуық шақырымды құрайды. Соның ішінде Қазақстанның Қырғыз Республикасымен
мемлекеттік шекарасы шамамен 1050 шақырым, Ресей Федерациясымен – 7,5
мыңнан астам шақырым, Туркменстанмен – 400 шақырым, Өзбекстанмен – 1660
шақырым. Ресеймен шекараны делимитациялау мәселесі 1998 жылғы 6 шілдеде екі
ел басшыларының бірлескен мәлімдемесінен және сол жылғы 12 желтоқсандағы
мемлекеттік шекараны делимитациялау жөніндегі хаттамадан басталды. Алты жыл
аралығындағы құжаттарды әзірлеумен тыңғылықты айналысқан сарапшылар
шекаралық сызықтың барлық нүктелері бойынша ортақ келісімге келді. Қазақстан
Президенті Н.Ә.Назарбаев пен Ресей президенті В.Путин 2005 жылғы 18 қаңтарда
Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы шартқа қол қойды. Шын мәнінде,
тарихи деп бағалауға болатын осы құжат бойынша екі ел үшін де айрықша маңызы
бар шекара мәселесі халықаралық нормаларға сәйкес шешімін тапты. Елбасы атап
өткендей, “қадым замандардан қазақ-орыс елдері арасында шекара бірінші рет
заңды түрде тартылып отыр”. Әлемдегі жерүстілік ең ұзын саналатын, жалпы
аралығы 7591 шақырымды құрайтын бұл шекара сызықтары белгіленіп және
мойындалып, екі мемлекет арасындағы мызғымас достықтың сенімді кепілі ретінде
бағаланды.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Қытаймен арадағы шекараны
заңдастыруға кірісті. Өзара түсіністік пен мүдделілік бұрын-соңды болмаған табысқа
қол жеткізді. 1994 жылдың сәуір айында Қазақстан Президенті Н.Назарбаев пен ҚХР
Премьер-министрі Ли Пэн екі ел арасындағы шекара сызығын заңдастырып,
белгілеу (делимитация) жөніндегі келісім-шартқа қол қойды. Жалпы ұзындығы 1718
шақырымға созылып жатқан желінің екі шағын учаскесінен (бұрынғы Талдықорған
және Семей облыстарындағы) басқасы түгел заң жолымен бекітілді. Келесі кезектегі
мәселелерді шешу үшін делимитациялық комиссия құрылды. Жоғары дәрежелі
кездесу кезінде шекара мәселелерін толық реттеуге қатысты келіссөздерді одан әрі
жалғастыру жөнінде уағдаластыққа қол жетті.


Бұл бағытта 1996-1998 жж. үш арнайы келісім болды. Соның нәтижесінде 1999 ж.
қарашада Цзянь-Цземинь мен Н.Назарбаев шекаралық мәселелердің толық
үйлестірілуі туралы арнайы коммюникеге қол қойылды. Сөйтіп, Қытаймен
шекараны межелеу негізінен аяқталды. 
Сонымен қатар, Қазақстан бұл жылдары өзінің жақын көршілері -
Қырғызстанмен, Өзбекстанмен және Түркменстанмен арадағы шекара
мәселелерін іс жүзінде түпкілікті реттеуге қол жеткізді. 
Шекара мәселесін Азия елдерінде тұрақты шешуде Шанхай ынтымақтастық
ұйымы (ШЫҰ) маңызды рөл атқарады. 1996 жылғы сәуірде Шанхайдағы кездесу
кезінде Ресей, Қытай, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан басшылары шекараларды
бұзбау, олардың арасындағы бейтарап аймақтық қашықтықты 100 шақырымға
дейін жеткізу келісіміне қол қойылды. Кейін бұл келісімге Өзбекстан қосылды. 
“Шанхай келісімі” негізінде алты ел басшыларының жыл сайынғы кездесуі 1997 ж.
Мәскеуде, 1998 ж. Алматыда, 1999 ж. Бішкек, 2000 ж. Душанбе, 2001 ж. Алматыда
болып өтті. Онда аймақтық қауіпсіздік пен ынтымақтастықты нығайту мәселелері
жан-жақты талқыланып, осының нәтижесінде Декларациялар қабылданды. 2002
жылғы маусымда Шанхай ынтымақтастық ұйымының кезекті саммиті Санкт-
Петербург қаласында болып өтті. Оның жұмысында ШЫҰ құрылымын орнықтыру
іс жүзінде көрініс тапты. ШЫҰ-ның Секретариаты Пекинде, ал Аймақтық
терроризмге қарсы құрылымның штабпәтері Бішкекте орналасатын болды. Бұл
кездесуде 3 құжатқа – ШЫҰ Хартиясына, аймақтық терроризмге қарсы құрылым
жөніндегі Келісімге және ШЫҰ-ға қатысушы мемлекеттер басшыларының
Декларациясына қол қойылды. 
Қазақстанның сыртқы саясатындағы басты мақсат – бейбітшілік, соғысты
болғызбау. 1992 ж. БҰҰ Бас Ассамблеясының 47 сессиясында Президент
Н.Назарбаев Азияда өзара ынтымақ пен сенім шараларын орнықтыру туралы
мәселе көтерді. Оған сәйкес 1993 ж. көктемде Алматыда осы мәселеге байланысты
шақырылған бірінші бас қосуға оннан аса мемлекеттен өкілдер келген болса, сол
жылғы тамыз айындағы кездесуге 17 елден сарапшылар тобы келді. Қазақстан
Хельсинки процесіне қосылып, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық
жөніндегі ұйымның жұмысына қатысты (1992 ж.). Ал 1996 ж. 31 қыркүйекте
Қазақстан БҰҰ-ға мүше 129 елдің қатарында ядролық қаруды таратпау жөніндегі
шартқа қол қойды.
Қазақстанның СШҚ-І-Шарты мен ядролық қаруды таратпау туралы шартқа
қосылуы әлемдік маңызы бар оқиға. Мұның өзі елдің қауіпсіздігінің кепілдіктерін
күшейтті. 1994-1995 жж. басты ядролық державалар – АҚШ, Ұлыбритания, Ресей,
ҚХР мен Франция Қазақстанға қауіпсіздіктің бірлескен және жан-жақты
кепілдіктерін берді. 
Қазақстан саяси-әскери одақ - НАТО-мен ынтымақтастыққа маңызды орын береді.
Бұл ынтымақтастық “Бейбітшілік үшін әріптестік” бағдарламасы аясында дамып,
еліміздің қарулы күштері үшін кадрлар даярлауға қызмет етеді.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі мен шекарасының тұтастығын қорғау
үшін өзінің жеке Қарулы Күштерін құрудың зор маңызы болды. Оны іске асыру
Елбасының 1992 ж. мамырдағы “Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін
құру туралы” жарлығымен басталды. 2000 ж. 10 ақпанда 1999-2005 жылдарға
арналған жаңа әскери доктрина және ұлттық қауіпсіздік стратегиясы
қабылданды. Осы құжаттарға сәйкес армия елдің ішкі жалпы өнімінің бір
пайызынан кем емес көлемде қаржыландырылатыны көзделді. 


Доктрина негізінде Қазақстан жерінде әскери аумақтық құрылымға көшіру жүзеге
асырылып, елдің барлық аймағын қамтыған Оңтүстік, Шығыс, Батыс және Орталық
әскери округтері құрылды. Сөйтіп, біздің елімізде қауіпсіздікті қамтамасыз ету ең
басты мәселе болып қала береді.
1992 ж. наурызда Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылдануы
республика үшін орасан зор маңызы бар оқиға болды. Осыдан кейін елімізге басқа да
халықаралық ұйымдарға мүше болып кіруге жол ашылды. Атап айтқанда, Қазақстан
негізгі валюта-қаржы ұйымдарына – Халықаралық Валюта қорына, Дүниежүзілік
қайта құру және даму банкіне, Еуропа және Азия даму банкіне мүше болып енді. 1997
ж. басында Қазақстан 60-тан астам халықаралық ұйымдарға мүше болып
қабылданды. 
Нәтижесінде 
Қазақстанның 
шет 
елдермен 
экономикалық
байланыстары арта түсті, оған берілетін инвестициялық қаржылардың көлемі артты.
Мысалы, 1992-1995 жж. халықаралық қаржы институтының Қазақстанға бөлген
қаржысының мөлшері 2 млрд. АҚШ долларынан асып түсті. Тәуелсіздік алғалы бері
800-ге жуық мемлекетаралық және үкіметаралық келісім-шарттарға қол қойылды. 
Қазақстанға тікелей инвестиция берушілердің тізімінің басында АҚШ орналасқан,
одан кейін Ұлыбритания, Италия, Канада, Нидерланды, Германия, ал Азия аймағынан
Қытай, Жапония, Индонезия және Оңтүстік Корея бар. Қазақстан АҚШ-пен
экономикалық қарым-қатынасқа ерекше көңіл бөледі. Американдық “Шеврон”
компаниясымен Теңіз мұнай көздерін игеру жөніндегі ірі шартқа қол қойылды.
Қазіргі кезде АҚШ Қазақстанның ең маңызды экономикалық әріптестерінің бірі
болып табылады. Біздің елімізде 350-ден астам Қазақстан-Американ бірлескен
кәсіпорны жұмыс істейді, сондай-ақ 100-ден астам американ компанияларының
өкілдіктері тіркелген. 
Қазақстан экономикасының дамуында сыртқы сауданың маңызы зор. Егемендік
алған жылдардан бері Қазақстан дүние жүзінің 180-нен астам елімен сауда
қатынасын орнатты. Осының нәтижесінде сыртқа шығаратын және сырттан бізге
алып келетін тауарлардың көлемі жылдан-жылға өсіп келеді. 2001 ж. Қазақстанның
сыртқы сауда көлемі 14 млрд. доллардан асты. Қазақстанның сауда айналымының
шамамен 62% ТМД елдерінің үлесіне, 24% Еуропа елдерінің (35 ел), 13% Азия аймағы
елдерінің үлесіне тиеді. 
Біз ашық сыртқы сауда саясатын дәйекті жүргізіп келеміз. Айталық, 2004 жылы
сыртқы сауда айналымы көлемінің оң сальдосы (Сальдо – белгілі бір уақыт
кезеңіндегі ақшалай түсімдер мен шығындар арасындағы айырма) 7 млрд. доллардан
асатын 33 млрд. АҚШ долларына жетті. Бұл 1994 жылмен салыстырғанда 3 еседен
астам өсті деген сөз. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында негізінен ТМД-ның
ауқымымен шектелген біздің сыртқы саудамыздың географиясы да біршама
тарамдала түсті. Қазақстан тауар айналымының құрылымында 2004 жылы
Еуропалық одаққа мүше елдер, Ресей, Швейцария мен Қытай алғашқы орындарға
шықты. Осылайша біз әлемдік экономиканың бөлінбес бөлігіне айналып, жаһандық
бәсекелестік арнасына ендік .
2007 жылы 30 қарашада Мадридте ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттер Сыртқы істер
министрлері кеңесінің жалпы отырысында Қазақстан Ұйымның 2010 жылғы
төрағасы болып сайланды. 2010 жылы Қазақстанға Еуропадағы қауіпсіздік және
ынтымақтастық жөніндегі ұйымға төрағалық ету мүмкіндігін берген әлемнің 56
мемлекетінің шешімі – еліміз қол жеткізген тағы бір ірі жетістік. Бұл – елбасы Н.Ә.
Назарбаевтың халықаралық зор беделінің ерен табысы, еліміздегі ұлан-ғайыр оң
өзгерістердің, біздегі демократияның айшықты нәтижесі. 


Біздің еліміз халықаралық мойындауда және өзінің дамуында жаңа сапалық
дәрежеге көтерілді. ЕҚЫҰ – дүние жүзіндегі аса беделді халықаралық ұйымдардың
бірінен саналады. Қазақстан – ЕҚЫҰ-ға төрағалық ететін бірінші ТМД елі, ол бірінші
түркі елі, ол тарихи тұрғыда өркениетті ислам кеңістігіне жататын бірінші ел, ең
соңында, ол бірінші азиялық ел. 
Қорыта келгенде, тәуелсіз Қазақстан дүние жүзінің көптеген елдерімен тең
деңгейде дипломатиялық және экономикалық қарым-қатынастар орнатты.
Тәуелсіздік жылдары еліміздің сыртқы саясаттағы күш-жігерінің арқасында орасан
зор тарихи маңызы бар міндеттер орындалды. Қазақстан дүниежүзілік
қауымдастықта лайықты өз орнын алды. Егер 1991 жылы әлемдік қоғамдастықтың
іс жүзінде Қазақстанға қандай да бір ықыласы аумай келсе, бүгінгі күні
Қазақстанды әбден танып, құрметтеп отыр. Қазақстан Орталық Азияның
көшбасшысына, халықаралық құрметті әріптеске, халықаралық лаңкестікке,
есірткінің жайылуы мен ядролық қарудың таралуына қарсы белсене күресетін
мемлекетке айналды. 
Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан әлемдік қауымдастықтың толыққанды мүшесі
болды, оның бастамалары тәжірибе жүзінде әрқашан кең қолдау тапты және
нақты іс жүзіне асырылып отырды. Бүгін біздің еліміз халықаралық дәрежеде
танылудың жаңа сапалық деңгейіне көтерілді. Қазақстанның 2010 жылы
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі туралы
шешім оның сенімді дәлелі болды.
Сириядағы қақтығыстар
2016 жылдың қаңтар айынан бастап еліміздің бас қаласы Астанада Сириядағы
қақтығысты реттеуге қатысты Сирия үкіметі және ондағы оппозициялық
топтардың өкілдері, БҰҰ, Ресей, Түркия және Иран делегаттары қатысқан
келіссөздер басталды. Өзімізге белгілі 2011 жылдан басталған бұл қақтығыс АҚШ
және Ресей сияқты белді державалардың араласуына қарамастан әлі күнге дейін
толастамай отыр. Осы ретте Қазақстанның Сириядағы қақтығысты реттеуге
келіссөз алаңын ұсынуы еліміздің сыртқы саясатының әлемде бейбітшілік пен
қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған белсенді саясатының айғағы десе
болады. 
Сонымен 
қатар 
Қазақстанның 
қазіргі 
кездегі 
халықаралық
қатынастардағы аймақтық деңгейдегі беделді және белсенді мемлекет дәрежесіне
көтерілгендігінің дәлелі.
ХХІ ғасыр адамзат тарихында, халықаралық қатынастарда жаңа күрделі мәселелер
мен қақтығыстардың пайда болуымен ерекшеленеді. Қаншама халықаралық
ұйымдар құрылып, мемлекеттер өз арасында барлық мәселелерді даусыз, соғыссыз
шешуге, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жағдай жасалғанымен де, жаңа ғасырда да
әлемдік саясат ғаламдық қауіптер мен өзара жанжалдарды тоқтатуға шамасы
келмей отыр. Әлемдегі жаһандану үдерісі бір мемлекеттегі шиеленісті жағдайды
әлемдік саясат деңгейіне дейін көтеруге себеп болып отыр. Осы уақытқа дейін
әлемдік саясат халықтардың бейбіт және қауіпсіз өмір сүруін қамтамасыз етуге
ұмтылғанымен, мемлекеттер арасында тағы да жаңа қақтығыс ошақтары пайда
болып, әлем тағы да тұрақсыздық жағдайын бастан кешуде.
Деректерге қарағанда жаңа ғасырда орын алған қақтығыстарды есептесек, кейінгі
он-он бес жылда жер шарының әр түрлі аудандарында саны 45-ке дейін жеткен
соғыстар мен қақтығыстар орын алғанын көреміз.


Соның ішінде жер шарындағы саяси жағынан өте тұрақсыз болып отырған жері
Таяу Шығыс аймағы болып отыр. «Қырғи-қабақ соғысы» дәуірінде Таяу Шығыста
Палестина мен Израиль арасындағы қақтығыс халықаралық қатынастардағы
басты мәселе болып келсе, ХХ ғ. аяғы мен ХХІ ғ. басында бұған жаңа даулы
мәселелер қосылды. Соның ішінде 2010-2011жылдары басталып жаппай Солтүстік
Африка және Таяу Шығыстағы араб елдерін қамтыған «Араб көктемі» оқиғасының
өзі халықаралық жағдайға үлкен өзгерістер алып келді және оның салдары
ретінде әлі күнге дейін тоқтамай отырған Сириядағы соғысты атап өтуге болады.
Сириядағы соғыс қырық жыл бойы билік еткен әулеттің басшылықтан кетпеуге
тырысуы мен елде билікке қарсы бірнеше топтардың қалыптасып, күресуімен
ерекшеленеді. Сонымен бірге Ресейдің, АҚШ-тың және Түркияның бұл соғысқа
белсене араласуы да күрделі жағдайды одан әрі ушықтырып жіберуге себеп болып
отырғаны анық. Сондықтан Сириядағы соғыстың қазіргі жағдайы, барысы, оны
тоқтатып, реттеу бағытында қандай жұмыстар жасалып жатқандығы бүгінгі
халықаралық қатынастардың күн тәртібінде тұрған өзекті мәселе екендігі сөзсіз.
Соғыстың шығу себептері.
Саяси себептері:
Біріншіден, араб елдеріндегі диктаторлық және авторитарлық басқару жүйесінің
ұзақ уақыт сақталуы. Египетте Х.Мүбарак 30 жыл билікте болса, Ливияда
М.Каддафи, Сирияда Асадтар әулеті 40 жыл бойы билікте болған. Бір ғана әулеттің
мемлекет басшылығында ұзақ билік етуі және оның елді басқарудағы қателіктері
көп жағдайда халықтың да, елдегі басқа да билікке пара-пар саяси топтардың да
наразылығын тудырып, олардың билікті өзгертуге деген ұмтылысына алып келді.
Екіншіден, елдегі төтенше жағдайлар туралы заңның қатал сақталуы,
полицияның қатаңдығы мен мемлекеттік және жергілікті басқару жүйесінде
жемқорлықтың кең орын алуы. Деректерге қарағанда Египетте жемқорлықтың
деңгейі 64 % болса, Тунисте 80%, Ливияда 48% [1].
Үшіншіден, демократиялық еркіндіктердің шектелуі, адам құқығының бұзылу
фактілерінің орын алуы да халықтың шыдамдылығын тауысты.
Төртіншіден, Ресей ғалымдары саяси себептің бірі ретінде араб елдерінің өз
арасында АҚШ-тың, Батыс елдерінің қатысуынсыз, ірі жобаларды бірлесе отырып
жүзеге асыруға тырысуын атап көрсетеді.
Атап айтқанда 2000 жылы Сирия, Ирак, Ливан, Египет және Иордания
«панарабтық» газ құбырын AGP салу туралы келісімге қол қояды. Бұл газ құбырын
келешекте Түркия арқылы Еуропамен жалғастыру көзделді және жоба 2010 жылы
іске қосылуы керек болды. Сонымен бірге Иран, Сирия және Ирак арасында
қуаттылығы күніне 110 млн куб.м газ айдайтын құбыр жолы – «исламдық
магистралды» салу туралы келісімге қол жеткізілді. 2010 жылдың басында
Сирияның басшысы Б.Асад «төрт теңіз концепциясы» деген Сирия, Иран,
Әзербайжан және Түркияны қосатын мұнай-газ транспорттық жүйе құру
ұсынысын жасады. Бұл жобаны Ресей, Иран және Түркия да қолдады.
Дегенмен алдыңғы Азиядағы араб елдерінің өздерінен бөлек осындай белсенділік
көрсетіп жатқаны бұрыннан бері араб елдерінде жетекші рөльдегі Сауд Арабиясы
бастаған басқа елдерге және АҚШ-қа да ұнамады. Осының өзі аймақтағы
халықаралық жағдайдың «араб көктемі» қарсаңында біршама күрделі сипат
алуына себеп болды деуге болады.


Өйткені осы айтылған жобалар жүзеге асса, аймақта біріншіден Ресейдің
ықпалы күшеюі мүмкін еді, екіншіден, Сауд Арабиясы мен Катар сияқты елдердің
мұнай және газ бизнесіне күшті бәсекелестік туындайтын еді. Себебі жоғарыда
аталған елдердің көмірсутегі шикізаты құбыр жолдары арқылы Еуропаға тездетіп
жеткізілетін еді, ал мұның өзі мұнайын танкерлері арқылы әлемдік рынокқа
тасымалдап отырған араб түбегі елдері үшін үлкен соққы болары сөзсіз еді. 
Экономикалық себептері:
Біріншіден, Солтүстік Африка елдеріндегі негізгі түпкі күрделі, бұрыннан келе
жатқан мәселелер - өңдеп пайдалануға керекті жердің аздығы және халықтың
санынының қарқынды өсуі. Бұл мәселе бұрыннан келе жатыр, деректерге
қарағанда Египеттің 98%, Тунистің 51%, Алжирдың 80%, Ливияның 99% жерін шөл
және шөлейт аймақтар алып жатыр. Осыған байланысты кейінгі кезде халықтың
өмір сүру деңгейі төмендеп, оның біраз бөлігінің кедейленуі орын алды.
Инфляцияның деңгейі жоғарылап, азық- түліктің бағасы қымбаттап, жалақының
мөлшері азайды. Мұның өзі ең алдымен барлық елдерде, әсіресе ауылды жерлерде
халықтың кедейшілікке ұшырап, наразылықтың күшеюіне әкелді.
Былай қарағанда араб елдері мұнай мен газ қорына бай және 70-80-ші жылдары
осыдан түскен қаржы негізінде экономикалық жағынан біршама көтерілгенімен,
негізгі түскен қаржының көп бөлігі қару-жарақ сатып алуға, яғни әскери жағынан
күшеюге жұмсалған. Мұның өзі халықтың әлеуметтік жағдайына қаржының
жеткілікті түрде бөлінбеуіне алып келді десе болады. Экономикалық жағынан
Египет пен Туниске қарағанда Ливияның жағдайы анағұрлым жақсы болды.
Ливияда білім алу тегін, медициналық қызмет тегін болған, адамдарды
баспанамен қамтамасыз етуде үй құрылысына мемлекет тарапынан қаржылай
көмек берілген. 2010 жылғы көрсеткіш бойынша Ливияда адам даму индексі Сауд
Аравиясына қарағанда жоғары болған.
Екіншіден, араб елдеріне, әсіресе Египетке едәуір табыс әкелетін туризмнің
аймақтағы саяси тұрақсыздыққа байланысты құлдырауы.
Әлеуметтік себептер:
Біріншіден, араб елдерінде кейінгі кездегі байқалған тенденция білімді жастардың
көбеюі және олардың жұмыссыздыққа ұшырауы, әсіресе Египетте. Ливияда өз
жұмыс күші бола тұрып, шеттен келген арзан жұмыс күшіне артықшылық берілуі
де елдің наразылығын тудырған.
Екіншіден, халық санының көбеюі де елдің экономикалық жағынан күшеюін
қажет етті.
Үшіншіден, 
білімді 
жастардың 
көпшілігінің 
жұмыссыздыққ 
ұшырауы
наразылықты күшейтуге себептердің бірі болғаны сөзсіз. 
Жоғарыда аталған себептердің бәрі «араб көктемі» қамтыған елдердің бәріне тән
болса да, әр елде бұл революциялық қозғалыс өзіндік ерекшеліктерімен өтті.
Соның бірі Сирияны алатын болсақ, қазіргі күнге дейін толастамай отырған
азаматтық 
соғыс 
қимылдарының 
басталуына 
әлеуметтік-экономикалық
фактілерден басқа, сыртқы күштердің де ықпал етуі айтарлықтай болды. Атап
айтқанда Сирияның басшылығын Ресей мен Қытай қолдаса, оған қарсы күресіп
жатқан оппозицияны Батыс елдері, АҚШ және араб түбегі елдерінің қолдауы
болып отыр. Түркиядан бастап, Сауд Аравиясы, БАӘ, АҚШ т.б. елдер Сирия
президенті Б.Асадтың биліктен кетуін талап етіп отыр.


Өзінің сыртқы саясаттағы басты принциптерінің бірі әлемдегі бейбітшілік пен
қауіпсіздікті қамтамасыз етуді басшылыққа алып келе жатқан еліміз бүгінгі күні
Сирияға тек гуманитарлық көмек беріп қана қоймай, осы қақтығысқа қатысушылар
арасындағы келіссөзді ұйымдастырушы ретінде қызмет жасап отыр.
Сириядағы қақтығыс басталған кезден бастап Қазақстан да өзінің ұстанымын
білдіріп, елдегі соғыс жағдайының тоқтатылып, бейбітшілік орнауы керектігі
туралы өзінің ұстанымын білдірді. Сонымен берге Қазақстан Сирияға гуманитарлық
көмек те ұйымдастырып келеді. 2012 жылы Қазақстан Ислам Ынтымақтастық
Ұйымы арқылы Сирия босқындарына 400 мың доллар қаржылай көмек жасады.
Сонымен бірге Сирия мен Түркия шекарасында шоғырланған сириялық
босқындарға тағы да дәрі дәрмек, азық түлік жағынан көмек беру үшін 300 доллар
қаржы бөлді. 2016 жылы Қазақстан жағы Ресей Федерациясының көмегімен 500
тоннадай көлемдегі азық түлікті Сирияның Тартус провинциясына Иорданиядағы
Елшіміз А.Бердыбай жеткізіп берді. Гуманитарлық көмек ретінде ұн, ет консервілері,
күріш, макарон т.б. азық түлік түрлері жеткізілді [4].
Ресей мен Түркияның ұсынысымен Астана Сирия мәселесі бойынша келіссөздер
жүргізуге лайықты алаң ретінде өзінің қызметін ұсынды. Осыған байланысты
келіссөздер 2017 жылы екі кезеңде өтті: 23-24 қаңтар және 15-16 ақпан аралығында.
Келіссөзге Ресей, Түркия және Иран елдері өкілдері мен БҰҰ және Иордания өкілдері
және бақылаушы ретінде АҚШ өкілі (АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джордж Крол)
қатысты.
Келіссөздің нәтижесінде әскери әрекеттерді тоқтату тәртібі жөнінде бірлескен
оперативтік топ құрудың Ережесі келісілді. Оған Сирия басшылығының өкілдерімен
қатар соғысушы топтардың да өкілдері кіретін болды. Олардың мақсаттары ең
алдымен оппозициялық топтарды террористік топтардан бөлу және соғысты
тоқтату үшін өзара сенім шараларын нығайту болып белгіленді. 
Құрылған топ бірлесе отырып, әскери іс-қимылдарды тоқтатуға қатысты тәртіпті
сақтау бойынша үнемі кеңесіп отырады, сонымен қатар БҰҰ-ның Қауіпсіздік
Кеңесінің 2254-ші қарарының орындалуын, Сирия халқына жіберілген
гуманитарлық көмекті жеткізуге көмектесетіні келісілді [5].
Астанадағы келіссөздердің ерекшелігі бірінші рет Сириядағы соғысып жатқан
оппозициялық топтардың өкілдерінің бәрінің жеке-жеке емес, біріге отырып
қатыстырылуы болды. Осыған байланысты қаңтар айындағы кездесуге Сириядан
оппозицияның 15 тобының өкілдері қатысты. Одан бұрын Женевадағы келіссөздерде
оппозицияның атынан Сирияның шынайы өміріне жақсы араласпаған саяси
эмиргранттар қатысқан болатын.
Қазақстанда өткен осы келіссөздердің нәтижесіне БҰҰ да, Сирия үкіметі де аса
маңыз береді және мұның өзі еліміздің әлемдік саясаттағы бейбітшілікті
қамтамасыз етудегі саясатының бір жарқын көрінісі ретінде бағаланады.
Жоғарыда айтқандарды қорытындылай келе, Сириядағы мәселені реттеуге БҰҰ
және әлемнің белді мемлекеттері қаншама күресіп келе жатқанмен, дәл бүгінгі күні
бұл мәселенің әлі де болса нақты шешім таппай отырғанын көреміз. Дегенмен
қайта-қайта жүргізілген келіссөздер, оған Сирия үкіметі ғана емес ішкі және сыртқы
оппозициялық топтар өкілдерінің қатысуы соғысты тоқтатып, елдегі жағдайды
реттеуге барлығының да мүдделі екендігін көрсетеді. Бұл жерде ең бастысы шын
мәнінде Б.Асадтың билігін тоқтатып, БҰҰ мен белді державалардың мықты
бақылауының нәтижесінде жаңа үкімет құрып, халықты бейбіт өмірмен
қамтамасыз ету болып отыр.


Сонымен алты жыл уақытқа созылған Сириядағы соғыстың тоқтауы және елдің
бейбіт өмірге оралуы туралы қандай да бір болжам жасау қазіргі кезде қиын мәселе.
Ол үшін ең алдымен осы соғыстың барысын, оған қатысушы ішкі және сыртқы
күштердің арақатынасын реттеп алу керек сияқты. Дегенмен Сириядағы
қақтығысты шешудің бірқатар мәселелерге байланысты екендігін атап өтуге
болады.
Біріншіден, АҚШ, ЕО және араб елдері әлі күнге дейін өздерінің бастапқыдағы
мақсаттары Б.Асад билігін жою мәселесін ұстанып отыр. Сол сияқты Ресей және
Иран бастаған топтар да Сирияда Б.Асад билігін сақтауға ұмтылып келеді. Осындай
жағдайда ең алдымен осы әлемнің белді держваларының өзі өзара нақты келісімге
келуі керек екендігі айқын.
Екіншіден, Сириядағы әр түрлі деңгейдегі оппозициялық топтар мен террорлық
ұйымдар өзара мәмлеге келіп ортақ ұстанымға келмей қандай да болса әдіспен
соғысты тоқтату мүмкін емес. Олардың өздерінің арасындағы алауыздық қандай да
бір келісімге келуге бөгет болып отыр десе болады.
Үшіншіден, барлық соғысушы жақтарға сырттан әскери көмек көрсетуді нақты
тоқтату керек. Сонда ғана соғысты тоқтатып, қандай да бір келіссөздерді бастауға
мүмкіндік пайда болары сөзсіз.
Сонымен Сириядағы соғыс халықаралық қатынастарда саяси тұрақсыздық туғызып,
аймақтық және әлемдік қауіпсіздік мәселесін тудырып отырғандықтан, соғысқа
қатысы бар мемлекеттер ортақ шешімге келіп, Сирияда да, әлемде де бейбіт жағдай
орын алады деген үміттеміз.
Қазақстан Жаппай қырып-жоятын қарулардың таралуына қарсы «Сегіздік тобының»
жаһандық әріптестігінің 24-мүшесі болды.
АСТАНА. 23 ақпан. ҚазАқпарат - Қазақстан жаппай қырып-жоятын қарулардың
таралуына қарсы Сегіздік тобы (G 8) жаһандық әріптестігінің 24-мүшесі болды, деп
хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Вашингтондағы 
кездесу 
барысында 
Жаһандқ 
әріптестік 
сарапшылары
Қазақстанның Жаһандық әріптестікке реципиент-ел ретінде қабылданғаны туралы
салтанатты түрде жариялады.
Жаппай қырып-жоятын қарулардың таралуына қарсы жаһандық әріптестік 2002
жылғы 27 маусымда Кананаскис қаласында (Канада) Сегіздік тобы саммитінде
құрлған. Бұл бастаманың әрекет ету күші әуелде 10 жылға - 2012 жылға дейін
белгіленген болатын. Сегіздіктің Довилдегі (Франция, 2011 жылғы мамыр)
саммитінде жаһандық әріптестіктің мандатын 2012 жылдан кейін де ұзарту, оның
географиясы мен қамту саласын кеңейту туралы шешім қабылданды.
Өзара іс-қимылдың басты бағыттары: ядролық, радиологиялық және биологиялық
қауіпсіздік, сезімтал салаларға тартылған ғалымдарды еңбекке орналастыру және
үшінші елдердің мемлекеттерді ядролық, химиялық немесе биологиялық қаруларды
және оны жеткізу құралдарын жасауға, сатып алуға, өндіруге, иелік етуге,
тасымалдауға және беруге немесе қолдануға тырысқан мемлекеттік емес
субъектілерге кез келген түрде қолдау көрсетуден бас тартуға міндеттейтін БҰҰ
Қауіпсіздік Кеңесінің №1540 қарарын орындауға жәрдемдесуін көздейді.
Қазақстан Республикасы Жаһандық әріптестікке қатысу арқылы ұлттық, аймақтық
және халқаралық қауіпсіздікті одан әрі нығайтуға бағытталған қызметін
жалғастырады.


Қазақстан 

әлемдік 
қауымдастықта
//https://e.history.kz/kz/contents/view/171 
Сириядағы қақтығыстарды реттеу бағытындағы дипломатия және
оған 
Қазақстанның 
қатысы 
https://edu.e-
history.kz/en/publications/view/681
Казахстан передал гуманитарную помощь Сирии //tengrinews. kz/
kazakhstan _news
Астана приветствует достигнутые на встрече по Сирии
договоренности //ru.sputniknews.kz/politics/2017
https://www.inform.kz/kz/kazakstan-zhappay-kyryp-zhoyatyn-
karulardyn-taraluyna-karsy-segizdik-tobynyn-zhahandyk-ariptestiginin-
24-mushesi-boldy_a2443385
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.
2.
3.
4.
5.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет