Орындаған: Шырынбек Айдана Тобы: м 19-3 Философиядағы адам мәселесі


Философия тарихындағы адамның негізгі бейнелері



бет2/4
Дата07.02.2022
өлшемі20,31 Kb.
#86080
1   2   3   4
Байланысты:
Философиядағы адам мәселесі.Шырынбек А. М 19-3

2. Философия тарихындағы адамның негізгі бейнелері.
Философияда біртіндеп адам бейнесі мен адам табиғатына деген негізгі ойлар қалыптаса бастады.

- Антикалық философтар, әсіресе натурфилософтар адамды ғарыш бейнесі, «шағын дүние», микроғарыш ретінде қарастырды.


- Сократтан бастап антикалық философтар адамды дене мен жаннан құралатын қосарлы жаратылыс деп есептеді.
- Батыстың ортағасырлық философиясында Адам табиғаты үш бөліктен: дене-жан –рухтан құралады деп түсінілді. Батыстың ортағасырлық діни философтары адамның руханилығы оның ар-ұжданынан, құдаймен байланысынан құралады деп есептеді.
- Жаңа уақытта адам ерекшелігі зердеде, ойлауда, рационалдылықта деп қарастырылды. Жанның айқын мазмұны – бұл сана. Декарттың (1596-1650) көзқарасы осындай болды, ол өзінің әйгілі: «Мен ойлаймын, демек, өмір сүремін де» деген сөзін айтты. Екі нәрсе айқын: мен өмір сүремін және мен ойлаймын. Жаңа уақыт философияның бастапқы нүктесі – ойлаушы субъект, зерделі адам.
- ХХ ғасырдың философиясы адамның шынайылығын іздестіруді жалғастырды. Феноменолог Гуссерль (1859-1938) адамның шынайы табиғаты ретінде оның санасының тәжірибесін – идеялар-эйдостардың құрылуын, заттар дүниесін және өмірді солармен сәйкестігінде түсінуді жариялады.
- Философ-аналитиктер адамнан өзінің тілдік қабілеттіліктерін белсенді түрде іске асыратын жаратылысты көрді. Тіл саласында адам нені неліктен және қалай істеу керек екендігін шешеді.
Постмодерншілерге ("осы заманнан кейінгі", "соңғы", "жаңа заман" дегенді білдіреді) сәйкес, адам – асқақтықты және бірсарынды, бірөлшемді, көңілсіз, ұжымдық, тоталитарлық нәрселердің тұншықтырушы құшағынан құтылуды іздестіру жолындағы бүлікшіл жаратылыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет