Орындаған: Шырынбек Айдана Тобы: м 19-3 Философиядағы адам мәселесі


Тапсырма: Қазіргі философиядағы адам мәселесінің мәнін қалыптастыру



бет4/4
Дата07.02.2022
өлшемі20,31 Kb.
#86080
1   2   3   4
Байланысты:
Философиядағы адам мәселесі.Шырынбек А. М 19-3

Тапсырма: Қазіргі философиядағы адам мәселесінің мәнін қалыптастыру.
Қазіргі заман философиясы деп, XX ғ. пайда болып және осы күнге дейін негізгі идеялары өнделіп келе жатқан философиялық ілімдердің жиынтығын айтамыз. Бұл кезең саяси — әлеуметтік, ғылыми — техникалық және экономикалық тендесі жоқ даму жағдайлармен ерекше.
Қазіргі уақытта адам төңірегіндегі мәселелердің алдыңғы қатарға шығып, Әлемнің барлық түкпірінде өзекті мәселеге айналуы, ең алдымен, нақты индивидтің күнделікті өмір сүруінде кездесіп отырған өмірлік мәселелердің ұдайы шешіліп отырылуы қажеттігінен туындап отыр. Генетикалық инженерияның даму бағыты, әртүрлі органдарды трансплантация жасау мүмкіндіктері адамның биологиялық табиғаты туралы үйреншікті көзқарастарды өзгерте түсуде. Сонымен қатар, адам биологиясының біз білмейтін қаншама терең сырлары бар екендігіне де күмән жоқ. Адамдар өз мүмкіндігін қоғамдық ортада басқалармен қарым-қатынас жасау арқылы іске асырады.
Тән мен жан бірлігі, адам жанының ерекшілігі оны табиғат әлемінен бөліп тұр. Қазіргі заманда «жанның» орнына, синонимы ретінде «психика» деген сөз қолданылады. «Психика» дегеніміз «адамның ішкі дүниесі», «адамның рухани әлемі». Адам ерекшілігінің негізінде рухани дүние жатыр. Адамның биологиялық және әлеуметтік өлшемдерінің өзара диалектикалық байланысын, бір-біріне тәуелдігін сөз еткенде, адамның хайуандық қалдықтардан бірте-бірте арылып «әлеуметтену» (социализация) процесіне кіретінін ұмытпау керек.
Қазіргі заман философиялық жүйелерінің көпшілігі антропологиялық сипатта болады. Оларды бір ерекшелік біріктіреді: ең негізгі философиялық мәселелерді анықтағанда, атап айтқанда адам мәселесіне келгенде оларға жалпы ортақ тұрғы тән. Антропологиялық жеке адамның өрістерін және негіздерін және субъективтілігін анықтау әрекеттерінен көрінеді, адамды «барлық заттардың өлшемі» ретінде қарастыруынан, оның өзінен және соның арқасында дәл өзін, сол сияқты қоршаған ортаны (табиғатты, қоғамды) және сонымен қатар мәдениетті түсінуге деген талпынысынан көрінеді. Антропологияшылдық философияның дамуына мына идеялар (ой) ықпалын жасады. Біріншіден, адам — түрлі символдарды жасай алушы жан иесі тегінен. Екіншіден, адам, табиғаттан салыстырмалы дербестігін ала отырып өздігінен даму, түрлену мүмкіншілігіне ие болды. Үшіншіден, адамдық табиғаттың жоспарсыздығы, олардың іс-әрекеттер арқылы болмысты өзгерте алуы, бейне бір адамның өзін қайта жасайтындығы, тек қана рухани жағын емес, сонымен қатар биологиялық түр ретінде.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет