Орындаған: Таңжар Қуантқан гму-19-1 Тексерген: Аға оқытушы Утебалиева Д. Б



Дата25.12.2021
өлшемі91,52 Kb.
#104977
Байланысты:
Экономикалық өсу
СРСП.№6, СРСП.№6, СРСП.№6, СРСП.№6, СРСП.№6, СРСП.№6, Зертханалық жұмыс №7-8, Зертханалық жұмыс №7-8, Зертханалық жұмыс №7-8, Зертханалық жұмыс №7-8, №5-6.СРСП тақырыбы, Тәрбие сағат, Дабл датч

Орындаған: Таңжар Қуантқан ГМУ-19-1

Тексерген: Аға оқытушы Утебалиева Д.Б

Ұлттық табысты өндіру және бөлу. Экономикалық өсу

Экономикалық өсу

Экономикалық өсу қоғамдық еңбек нәтижесін, оның өнегелік, рухани сипаттамаларын көрсетеді. Ол — экономикалық динамиканың көрсеткіші және қайнар көзі. Бұл экономикалық теорияның предметі мәселелерінің екінші жүйесі.

Экономикалық өсудің мақсаты — бұл адамдардың материалдық және рухани қажеттіктерін қамтамасыз ету, қоғам дамуының өнегелік негіздерін күшейту. Адамдардың білімі, дағды-тәжірибесі, қабілеті адамдар капиталын құрайды. Бұл адамдардың болашақтағы өмір-жағдай дәрежесінің кепілі болып табылады.

Экономикалық өсу

Экономикалық өсудің негізгі мақсаты материалдық әл-ауқаттың жоғарлауы болып табылады, осының құрамына кіретіндер: Орта есеппен бір адамға келетін ұлттық табыстың өсуі. бұл мақсатқа жетуді ұлттық табыстың жан басына шаққанда келетін өсу шапшандығы көрсетеді. Бос уақыттың көбеюі. Бұл елдің нақты жалпы ұлттық өнім немесе ұлттық табыс көрсеткіштерінде орын алмаған. Сондықтан, осы мақсатқа жету дәрежесін бағалағанда, байқалып отырған мерзімде жұмыс аптасы мен жұмыс жылы қысқарғанына, жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек әрекеттерінің жалпы ұзақтығына назар аудары керек. Ұлттық табыстың халықтың әр топтараның арасында бөлінуін жақсарту. Шығарылған тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсартып, түрлерін көбейту.Осыған сәйкес шын байлықпен айналысушы саланы экономика (ойкос - шаруашылық, номос - заңдылық, яғни шаруашылықты жүргізу), Нәтижесінде экономикаға - натуральды шаруашылықты, хрематистикаға - ірі сауданы (есімқорлық, баю мақсатындағы) жатқызады. Осыған сәйкес байлықты да Аристотель екі түрлі мағынада түсіндіреді: натуральды (заттай) және ақшалай. Шын байлық - тұтыну құнының жиынтығы дей келіп, бұл шектеулі, ал ақшалай байлықтың шегі жоқ дейді.



Экономикалық өсу

Экономикалық өсім белгілі бір уақыт кезеңінде (ай, тоқсан, жыл) ұлттық экономиканың нақты өнім өндіруі деп анықталады. Экономикалық дамумен салыстырғанда экономикалық өсу - сандық көрсеткіш болып саналады. Шынайы өндіріс деп шынайы жалпы ішкі өнімді, кейде - шынайы жалпы ұлттық өнімді, таза ұлттық өнімді немесе ұлттық табысты атайды. Экономикалық өсу жалпы әл-ауқатының дамуымен байланысты: өмір сүру ұзақтығының өсуі, медициналық қызмет көрсетуінің сапасы, білім беру деңгейі, жұмыс күнінің ұзақтығының қысқартылуы және т. б. Экономикалық өсімнің экстенсивті және интенсивті факторларын ажыратады.



Экономикалық өсу

Қоғамдық өндірістің типіне байланысты, өнімнің өсу шапшандығы мен өндіріс факторлары көлемі өзгерістерінің арасындағы сәйкестік әр түрлі болуы мүмкін, сондықтан экономикалық өсу де бірнеше типке бөлінеді.

1. Интенсивті типі - техника мен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі. Тиімді экономика экономикалық өсудің интенсивті типін қолдануға тырысады. Экономикалық өсудің интенсивтік факторлары: қолданылатын ресурстар сапасының өсуі (жұмыс күшінің сапасын өсіру және заттық капиталдың сапасын жақсарту); ресурстарды пайдалану әдістерін жақсарту (технологияны жетілдіру, өндірісті және өткізуді ұйымдастыру мен басқаруды жетілдіру).

2. Экстенсивті типі – қосымша өндіріс факторларын тарту арқылы ұлттық өнімінің өсуі. Экономикалық өсудің экстенсивтік факторлары: жұмыс күшінің санының өсуі; капиталдың көлемі өсуі.



3. Аралас типі - факторлардың өсуімен қатар техникамен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет