Орындаған: Тексерген: Қамтитын сұрақтары


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



бет2/3
Дата25.12.2021
өлшемі41,29 Kb.
#105160
түріСеминар
1   2   3
Байланысты:
Тарих 4 семинар

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.


1. Қазақстанда 1921—22 жылдары ЖЭС аясында жүргізілген шаралардың бірі жер-су реформасы болды. Реформаның негізгі міндеті 1920 жылы құрылған ҚАКСР-нің аумағында қазақ жерлерін біріктіру болды. Патшалық биліктің жүргізген саясаты нәтижесінде Қазақстанда жер мәселесі өте құрделі мәселелердің біріне айналған еді. Осыған байланысты Қазақ автономиясы құрамында жер саясатын жүргізші жетекші орган - Жер комитеті құрылды. Ол қазақ автономиясы аясында қазақ жерлерін біріктіру мақсатымен 1921 жылы 7 ақпанда декрет қабылдады. Қазақ АКСР-нің Жер комитеті қабылдаған бұл декрет бойынша кезінде көш-қон қорына (переселенческий фонд) тартып алынып, пайдаланылмай тұрған Семей, Ақмола, Торғай және Орал облыстарындағы бос жатқан жерлер, олардың 1917 жылға дейін алынғанына қарамастан қазақтарға қайтарылады. 1921 жылы 19 сәуірде Жер комитеті кезінде патша үкіметінің Сібір және Орал казак әскерлерінің тартып алған жерлерін қазақтарға қайтару туралы шешім қабылдады. Осы декретке сай қазақтар Ертіс өзені бойында 177 мың, Орал өзені жағалауында 208 мың десятинадан астам жерлерді қайтаруға тиіс болды.
1922 жылы 26 тамызда Федералды Жер комитеті мен БОАК-ті "Қазақстанда негізгі еңбекпен жерді пайдалану туралы" заң қабылдады. Ол заң 31 тамызда күшіне енді. Бұл заң бойынша әркімнің өз жерінде қалуға және ол жерді пайдалануға құқығы болды. Жер заңға сәйкес құжатталған жағдайда ғана оны пайдаланушы сол жердің иесі болады. Ал даулы жерлерге заңға негізделген съездің немесе жер органдарының шешімі қажет болды.Алайда осы негізгі заңнан соң 1922 жылы 30 қазанда Кеңес үкіметі Ресей аумағын түгел қамтыған "Жер кодексін" қабылдады. Осы кезден бастап жер туралы бүкіл мәселенің бәрі мемлекеттің идеологиялық құндылықтарына негізделген құқыққа ие болды. Бұл кодекс бойынша жермен тұрғылықты халық қамтамасыз етілуі керек болды. Сонымен бірге автономияларға қосымша ұсыныстар мен негіздемелер жасауға рұқсат етілді. Бұл кодекс отырықшы-егіншілікпен айналысатын аудандарды қамтыды да, көшпелі аудандар мүлде кірмей қалды. Соның салдарынан қазақ қоғамы жермен толық қамтамасыз етілмеді.Ашаршылықпен күрес 1921-1922 жылдардағы аштық қазақ халқының басына түскен аса ауыр нәубет. Қаншама азаматтарымыз аштықтан көз жұмып, ай далада
көмусіз қалды. Қаншама қазақтың ошағы сөнді. Бір үзім нанға зар болып, қолын жайып, қайыр тілеп, ауыл-ауылды аралап, қала көшелерінде тентіреп, босып шет жұртқа кете барды Қазақ жерінде аштыққа ұшыраған Орынбор, Ақтөбе, Орал, Қостанай, Бөкей губерниялары мен Адай уезінің жағдайы аса ауыр болды. Бұл өңірлер осы уақытқа
дейін де көп қиыншылықты бастан кешірген еді. Қара мал ноябрь (1920 ж. – С.Н.) басынан-ақ қолға 1921 жылы аштықтың қарады. Елде пішен аз. Ет жайлап бара жатқанын салығын айтып, дабыл қаққан ел беріп жатыр. Мал мен газеттердің бірі - «Ақ жанға ауыртпашылық бірдей жол» газеті. Оның түсіп, шаруа күйзеліп тұр»
беттерінде күнделікті аштыққа ұрынған қазақ жерлері туралы ақпарат, мәліметтер
жарияланып тұрды. Мәселен мына бір ақпаратта былай келтірілді: «Торғай уезінде ауру көбейіп барады. Иесіз, иен қалған үйлер бар. Қыс ерте түсті. Жер мұз. Мал өліп жатыр. Аштық кезінде Жетісу өңірінен жиналып алынған өнім көлемі Астық кептірілген тары мал басы жеміс 1652645 пұт 2876 пұт 293040 пұт 520864 Сонымен Қазақстандағы 1921-22 ж.ж. ашаршылықтың шығуына екі себеб, олар: Ресейдегі азамат соғысының кесірінен қазақ даласындағы шаруашылықтардың күйзеліске ұрынуы және табиғи апат, қолайсыз
ауа-райының салдарынан туған жұт әсер етті. Аштықпен бірге сүзек, тырысқақ, оба, дінгене және басқа аурулар да қатар келді. Жұқпалы аурулармен ауырған адамдардың саны республиканың емдеу мекемелерінің мүмкіндіктерінен едәуір асып кетті. Мысалы, Қостанай губерниясында аштыққандар мен аурулардың 75%-ға жуығы көз жұмған.
Республиканың Денсаулық сақтау халық комиссариатының деректері бойынша Орынбор, Орал, Ақмола және Ақтөбе губернияларында 1921 жылдың 1 қарашасы мен 1922 жылдың 1 шілдесі арасында 37 657 адам ашаршылық құрбаны болды Ата-анасы көз жұмып, қараусыз қалған балалардың күн сайын 50-60-ын жергілікті өкімет органдары балалар үйлеріне бөлді. Егер 1921 жылғы 1 желтоқсандағы деректер бойынша қараусыз қалған аш жаланаш балалар саны Қазақ АКСР-і бойынша 128 000 болса, осы жылдың соңында бұл көрсеткіш 158 000-ға, ал 1923 жылғы 1 наурызға қарай 408 022-ге жетті. 1922 жылғы наурыз-сәуір айларында Қазақстанды қысқан ашаршылық мүлде асқынып кетті. КазОАК-нің Төрағасы С. Мендешевтің 1922 жылғы 8 шілдеде КазОАК-нің III сессиясында жасаған баяндамасында осы жылдың көктемінде алынған толық емес деректер бойынша Қазақстан бойынша аштыққа ұрынғандар саны 2 832 000 адамды құраған. Ал 1920 жылдың соңында республиканың барлық тұрғындарының саны 4 781 263 адам еді. Қазақстанның аштық жайлаған губернияларына Семей губерниясы айтарлықтай көмек көрсетті: өз губерниясында дайындаған азық- түлікке қоса, республиканың және Еділ бойынын ашыққан тұрғындары үшін кршілес Моңғолиядан 1922 жылы 77 000 қой және
5 000 ірі қара сатып алды Кейбір халықаралық ұйымдар (Қызыл Крест, балаларға көмек көрсету жөніндегі Халықаралық Одақ және басқалары) мен жекелеген белгілі тұлғалар да көмек көрсетті. Мәселен, Норвегияның әлемге танымал ғалымы және қоғам қайраткері
Ф. Нансен КазОАК жанындағы Орталық балалар комиссиясына 4 052 жәшік
консерві, 20 жәшік кептірілген нан, 30 пұт медикаменттері бар екі жылжымалы
амбулатория берді.
2. Әр елдің даму қарқыны оның индустриясының даму дәрежесіне байланысты.
Сондықтан экономикасы озық елдерді индустриясы дамыған елдер қатарына
жатқызады. Ресейде индустрия 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында
дамыды. 1920 ж. 20 жылдардың аяғынан бастап Кеңес Одағында тоталитарлық
режим халықтың басым көпшілігінің тұрмыс деңгейін күрт шектеу, шаруаларды
қанау есебінен индустрияландыру саясатын жүргізді. Қазақстан осы кеңестік
дәуірде аграрлы-индустриялы елге айналды.
Қазақстандық экономиканың шикізаттық бағыты, оның құрылыстағы көптеген
кемшіліктері мен олқылықтары, сондай-ақ демографиялық проблемалар,
ұлтаралық қатынастар, әлеуметтік топтар мен таптардың даму проблемалары
бүгін күні туындаған жоқ. Бұл проблемалардың алғы шарттары ұзақ жылдар
бойы, яғни Қазақстанның Ресейге қосылуынан кейінгі жылдары, әсіресе елді
индустрияландырумен тікелей байланысты кеңестік кезеңде қалыптасты.
Қарастырылып отырған кезеңде индустрияландырудың жетекші саласы ұсақ
өндіріс орындары болды. Олар негізінен тұтыну заттары мен мал өнімдері
шикізаты және егіншілік азық-түлігін дайындайтын кәсіпорындар еді. Ал
көмір, мұнай, түсті металлдар және басқа да пайдалы қазба көздері енді
зерттеле бастаған-ды. Осылайша елдегі жаңа құрылыс еш даярлықсыз
жүргізілді. Бұған білікті жұмысшылардың, сондай-ақ құрылыс материалдарының,
техника, механизмдердің және қаражаттың жетіспеушілігі қосылды.
Бұл қиыншылықтар 1920 жылдар мен 1930 жылдың басында Қазақстандағы
қоғамдық-саяси күштердің арасалмағының күрделі орналасуы, ұлттық жұмысшы
кадрларды қалыптастыру мен республикадағы индустрияландыру мәселесі
төңірегінде таласты пікірлер туғызды. Соған байланысты мынадай көзқарастар
мен ұстанымдар пайда болды.
Бірінші ұстаным: түйеден социализмге өтудің мүмкін еместігі және
көшпелі өмір сүру салты – қазақ халқының ерекшелігі, сондықтан
индусрияландыру оны ұлттық тұрмыс-салтынан айыратындығына саяды.
Осылайша бұл категориядағы адамдар тобы шын мәнісінде индусрияландыру
саясатын қабылдамады;
Екінші ұстаным: индустрияландыруды орнату, жұмысшы табын жасау
табиғаттан тыс, ғажайып құбылыс, Қазақстан үшін іске аспайтын дүние,
артта қалған көшпелі халық ғажайып индусрияландырудың қарқынын көтере
алмайды, қазахизация өндірісті тым қымбаттатып жібереді, ал қазақ бәрібір
жұмыс ісетемейді, оны даласы өзіне тартып тұрады т.б.
Үшінші ұстаным: одақ құрамындағы республиканың перспективалық даму
идеясын қолдады, бірақ оның ерекше мүдделері ескерусіз қалды. Олар ауыл
шаруашылығымен байланысты партия қолға алған шикізат базасы ретінде ұсақ
өнеркәсіп жұмысын жақсарту және ұлғайту бағытының дұрыстығын жақтады. Бұл
топтағылар Қазақстанның халық шаруашылығы дамуындағы шикізаттық бағытты
қолдады.
Төртінші ұстаным: шеткергі аймақ тек шикізат көзі ретінде қалмауы
керек және индустрияландыруды жүргізу барысында республиканың
ерекшеліктерін ескеру қажеттілігіне баса көңіл аударды. Алғашқы екі
көзқарас өміршеңсіздігін көрсетті. Соған орай соңғы екі көзқарастағылар
арасына күрес күшейді.
Бүгін араға жылдар салып, бұрынғы одақтағы басқа республикалар мен
Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуында ірі, әрі күрделі
кемшіліктерге жол берілгені айқын көрінді. Олардың бәрі халықтар теңдігі
мен достығы және ынтымақтастығы туралы көтерілген ұрандарға қарамастан
орталықтың шикізат көзі болып қала берді. Олардың бұрынғы одақтағы басқа
аймақтармен экономикалық байланысы үзіліп, біржақты экономикаға бағыт алды.
Мұның бірі елдің ұлттық-мемлекеттік құрылысындағы дөрекі деформацияның
(өзгеріс) зардаптары болды. Федерация унитарлы мемлекетке ауыстырылды, онда
көбіне ұлттық мүдде еленбей, жалпыодақтық мүддеге басымдық берілді.
Кеңес қоғамындағы өзгерістер 1920-1930 жылдары қалыптасқан
тоталитарлық жүйенің қыспағымен, халықтың белгілі бір бөлігін құрбан ету
арқылы іске асырылды. Бұл әсіресе, жер мәселесінде, ауыл шаруашылығын
ұжымдық негізде күштеп қайта құру, индустрияландыру саясатында айқын
көрініс берді. 1920-жылдардың екінші жартысынан бастап қоғамды әбден
жайлап алған өте қатал әкімшіл- әміршілдік террор жергілікті халықтарды
индустрияландыру жолына түсіру идеясын бұзып қана қойған жоқ, сонымен
бірге оның аймаққа пайдалы жақтарын да жоққа шығарды. Сөйтіп,
шаруашылықтың қандай саласы болмасын экономикалық заңдылықтарға жатпайтын
Ұлы өзгеріс шаруашылықтағы бұрыннан қалыптасқан жүйені бұзып, қоғамды
әртүрлі қиыншылықтарға ұрындырудың алғы шарттарын жасап берді.
КСРО-ның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы дағдарыс шиеленісе
түскен сайын Кеңеске қарсы зиянкес элементтер мен астыртын ұйымдарды
іздеу кеңіне өріс ала бастады. Осылайша, 1920 жылдың соңы 1930 жылдардағы
тоталитарлық жүйе қоғамдық-саяси өмірдің барлық саласында бекіді.
1925-1933 жж. Қазақстанды басқарған Ф.И.Голощекиннің саясаты ұлттық
интеллигенция өкілдерін жаппай қырып-жоюға ұласты. Оның саясатына қарсы
шыққан қоғам және мемлекет қайраткерлері С.Сәдуақасов, Т.Рысқұлов,
Н.Нұрмақов, С.Қожанов т.б. жауапты қызметтерінен босатылып, республикадан
тыс жерлерге аластатылды. Осындай ауыр саяси ажағдайдың қалыптасуына
Орталықтағы троцкийшілдерге, Г.Зиновьев пен Л.Каменевтің жаңа
оппозициясына, Н.Бухариннің оңшыл бағытына қарсы жүргізілген жаппай
саяси қуғын-сүргін өте қатты ықпалын тигізді. Қазақ зиялыларының
көзқарастары ұлтшылдық, ұлтшыл-ауытқушылық ретінде айыпталды
Түптеп келгенде, 1929-1931, 1937 жылдардағы зобалаң ұлттық
интеллектуалдық әлеуетіне қанша зардап әкелсе, ғылыми-техникалық прогресс
заманындағы кедейшілік қуғын-сүргіннің ұзаққа созылған екінші нұсқасы еді.
Мұның бірі із-түзсіз кетпеді. Бүгінде Байқоңырды, ірі кен орындары мен
зауыттарды шетелдік инвесторларға жалға беруіміздің себебі, біріншіден
қаржымыздың тапшылығынан болса, екіншіден істі жаңаша жүргізіп кетуге даяр
мамандарымыздың жоқтығынан екенін мойындауымыз керек [3, 178 б].
Ф.И.Голощекин қазақ ұлтынан шыққан коммунистерге сенімсіздікпен
қарады. Қазақ коммунистерін үш топқа бөліп, біріншілерін тәрбиеге көнбейтін
ұлтшыл уклонистерге, екіншілерін ебін тауып екі асайтын, жағдайға
байланысты құбылып отыратын ешкіемерлерге, үшіншілерін бүкіл қателіктер
үшін жауапкершілікті Голощекинге аударғысы келетіндерге жатқызды [4, 225б].
Голощекин кіші қазан бағытына сәйкес индустрияландыру идеясын
қорғады. Осы бағытқа қарсы топтың қатарында болған жетекшілердің бірі
С.Сәдуақасов, Ж.Мыңбаев, Т.Рысқұлов т.б. қазақ зиялылары өнеркәсіпті
шикізат көзін жақындату идеясын қорғады. 1930-1940 жылдары елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту, қордаланған мәселелерді шешуде шешуші жылдар болып белгіленгені тарихтан белгілі. Осы мақсатта бесжылдық жоспарлар қабылданды. Бірақ бұл он жылдықта барлық мәселелер шешілді деп айта алмаймыз.
1929 жылдан бастап елдің шаруашылығын дамытудың бесжылдық
жоспарлары енгізілді. Бірінші (1928-1932 ж.ж.), екінші (1933-1937 ж.ж.)
және үшінші (1938-1942 ж.ж.) бесжылдық жоспарларда басты назар ауыр
өнеркәсіпті дамытуға бөлінді. Қарқын бәрін шешеді деген ұран негізге
алынды. Жоспарлар шақыруға арналды. Жаңадан жасалынған жоспар өмірдің
шындығына сәйкес келмеді. Өнеркәсіпорындарының мүмкіндіктерін есепке
алмағандықтан, қайта оны құртуға жол берді. Жүздеген обьектілер құрылысы
басталғанымен шикізаттың, отынның, құрал-жабдықтардың, жұмыс күшінің
жетіспеуінен тоқтап қалды. Сонымен біздің тарихымызда қателіктер мен қиындықтар аз болған жоқ. ХХ ғасырдағы реформалар тарихы осыны дәлелдейді. Соңғы кездегі ауыл
шаруашылығын жекешелендіру тұсында өрескел қателіктер орын алды.
Кеңес өкіметінің 1929 жылдан бастап КСРО-ның әлеуметтік –
экономикалық дамуын межелеген мерзімді бірінші бесжылдық жоспары (1929-
1932жж). БК(б)П 15-сьезінің шешімдері негізінде жасалды. Бесжылдық
міндетіне сәйкес ауыл шаруашылығын коллективтендіру саясаты жүргізілді.
Өндіріс орындарын дамытуға баса көңіл бөлінді. Соның нәтижесінде
Қазақстанда 40-қа жуық өнеркәсіп орны салынып, оның ішінде Риддер қорғасын
заводы, Қарсақпай мыс қорыту заводы, Қарағандыда бірнеше көмір өндіру
шахталары іске қосылды. 1706 км. темір жолы салынды. Түркістан – Сібір
(Түрксіб) жолымен жалғастырған Ақмола темір жолдары пайдалануға берілді.
Қазақстанда әуе көлігі пайда болды. Екінші бесжылдық жоспары (1933-
1937жж.) БК(б) П 17-сьезінде (1934ж). бекітілді. Бұл жоспар бойынша
Қазақстанда Шымкент қорғасын заводы, Ақтөбе химия комбинаты, Алтай, Ащысай
полиметалл комбинаттары салынып, іске қосылды[24, 300б].
Бірінші бесжылдық жоспарды жасаушылар: Рыков (Халық Комиссарлар
Кеңесінің төрағасы), Кржижановский (Мемлекеттік жоспар төрағасы), Куйбышев
(Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесі (ВДНХ) төрағасы) өнеркәсіптің даму
қарқынын белгілеуде ойлары бір арнаға тоғысты.
Бұл жоспар ЖЭС қағидаларына негізделіп жасалды. Міндет капиталистік
қоршауда отырып, жан сақтап қана қоймай, еңсе көтеріп, ілгерілеу болды.
Бірінші бесжылдықтың алғашқы бағыты ауыл шаруашылығын ұжымдастыру, яғни
жеке меншіктегі ұсақ шаруашылықтардың басын қосып, қоғамдасқан ортақ
шаруашылық құру және елді жаппай индустрияландыру болды.
Қазақстан экономикасында бұрынғысынша ауыл шаруашылығы басымдық
танытты. Сонымен бірге жаңа экономикалық саясат жағдайында өлке
экономикасында елеулі өзгерістер болғанын атаған жөн. Иесіз қалдырылған
шахталар мен кәсіпшіліктер қайтадан іске қосылды, кооперативтік өндіріс
жұмыстары жанданды. Ол 1926 жылы Қазақстандағы өнеркәсіп өнімінің үштен
бірін берді. Сауда жандана түсті, Шаруашылық есепті, өзін-өзі өтеуді, өзін-
өзі қаржыландыруды енгізу және басқа шаралар өнеркәсіптің жаңа экономикалық
саясат арасында дамуына игі әсер етті.
Қазақстанда халық шаруашылығын қалпына келтіру аяқталғаннан кейін елді
индустрияландыру бағыты іске аса бастады. Индустрияландыру өндіріс құрал-
жабдықтарын жасайтын, халық тұтынатын тауарларды шығаратын зауыт,
фабрикаларды салумен тығыз байланысты болды. Мұндай кәсіпорындар бұрынғы
КСРО-ның шығыс аудандарында, оның ішінде Қазақстанда көптеп бой көтерді.
Қазақстан жерінде кәсіпорындардың салынуы кенжелеп қалған шет
аймақтарды өндірісі дамыған орталық аудандармен байланыстыру, солармен
теңестіру ұранымен жүргізілді. Мұндай оң ниетті мақсаттың қойылуына сол шет
аймақтарда, оның ішінде Қазақстанда бай шикізат қорының болуы да өз әсерін
тигізді, өлкеде темірдің, көмірдің, мұнайдың, түсті металдың мол қоры бар
болатын. Осы қорды игеру мүдделері бұл жерлерде көптеген жаңа өндіріс
орындары мен құрылыстарын салуға себеп болды.
Индустрияландыру жағдайында жұмысшылар алдында қыруар міндеттер тұрды.
Алдымен, аймақтың техникалық – экономикалық жағынан артта қалуын жою
міндеті алға шықты. Осы міндетті шешу үшін Қазақстан елді
индустрияландырудың жалпы одақтық бас жоспарына енгізілді. Социалистік әдіс
бойынша индустрияландыруды жүзеге асыру ауыр өнеркәсіптің жетекші
салаларын, ең алдымен машина жасау саласын дамытуды, шахталар мен
кеніштердің, жергілікті ресурстарды пйадалануға негізделге барлық өнеркәсіп
салалары кәсіпорындарының ескілерін қалпына келтіріп, жаңаларын салуды,
халық шаруашылығының мұқтаждарына қажетті темір жолдар мен техникалық
байланыс құралдарын орнықтыруды талап етті. Ол үшін бұрынғы халықтарды
кеңінен тарту жолымен жұмысшылар мен өндірістік – техникалық зиялылар
кадрларын қалыптастыру қажеттілігін туғызды.
Қазақстанның экономикалық жағынан да, мәдени жағынан да артта қалуы
көптеген қиыншылықтарға әкелді. Жаңа экономикалық саясаттың тоқтатылуы,
халық билігінің жеке билікпен ауыстырылуы, әміршілік-әкімшілік басқару
әдісінің енгізілуі елдегі жағдайды бұрынғыдан да ушықтырып жіберді. КСРО-
дағы жаппай жазалау шаралары мен сот процестерінің көшірмесі басқа одақтас
республикалар сияқты Қазақстанда жасалды.
Республикадағы индустрияландыруды іске асыру кезінде жергілікті
партия, кеңес, шаруашылық кадрларының қазақ өлкесі экономикасының алдымен
өнеркәсіпте сақталып отырған отаршылдық құрылымын қайта қарау қажеттігі
туралы қазақ зиялыларының пікірлерін Голощекин, Құрамысов т.б. жергілікті
ұлтшылдық көріністері деп, ал жоспарлаушы органдардағы бірқатар мамандардың
өндіргіш күштердің даму деңгейіне, еңбек ресурстарының дәрежесіне сай
келетін индустрияландыру барысы туралы шақыруларын ұлыдержавалық шовинизм
көрінісі деп санады. Табиғи ресурстарды игеру, индустрияны қалыптастыру, республиканың бет- әлпетін түбірінен өзгерту, өнеркәсіпті қажетті жабдықтармен қамтасыз ету арқасында шаруашылықы пен мәдени құрылыс бағдарламасын іске аысруға барлық халықтардың бірлесіп қатысуы негізінде іске асырылды. Елді, соның ішінде
оның шет аймақтарын индустрияландыру ең алдымен шаруалардан алынатын
алымдар мен үстеме салықтар есеьіген жүргізілді. Ол әміршіл-әкімшіл
әдістермен – директивалық жоспарлау, орталыққа сөзсіз бағындыру арқылы іске
асырылды. Экономикалық өмірдің барлық жақтарын жаппай қоғамдастыру және
мемлекет иелігіне қарату - республикалардың барлық жинақтаған қорларын
мемлекеттік бюджетке қосыпа лу, яғни ьонап алу, РСФСР қорынан, одақтық
бюджеттен берілген сияқты етіп, республикалардың өз қорынан субсидиялар
мен дотациялар түрінде қаржы бөлу, өндірісті, өнімді өткізуді және
жабдықтауды мемлекет қолына шоғырландыру және т.б. амал- тәсілдер
индустрияландырудың шамадан тыс жоғары қарқынын қамтамасыз етуге тиісті
шаралар еді. Жаппай жазалау саясаты - дүниеден тікенекті сыммен бөліп тастаған лагерьлерді қаптату, көшпенділердің ғасырлар бойы қалыптасқан
тұрмыс салтын күшпен күйрету, халықтардың дәстүрлерін қирату, ақзақ және
бсқа аймақтар шаруаларының қайыршылануы мен аштыққа ұшырауы, халық күшін
барынша титықтату – елді индустрияландырудың аса қайғылы, азапты жолына
айналды. Тоталитарлық режим, ашаршылық пен қайыршылық, зорлық-зомбылық пен
заңсыздық жағдайында жұмысшы табы өзінің қаһармандық еңбегімен тарихи
қысқа мерзім ішінде оразан үлкен материалдық қазыналар, өнеркәсіп
мүмкіншілігін жасады. Көп ұлтты ұжымдар өсіп шығып, адамдарының туысқандығы
нығайды. Елдің басқа да индустриялы аймақтарымен Қазақстанның экономикалық
байланыстары орнықты. Қазақстандағы индустрияландыру ісінде белсенділік танытқан қазақ зиялыларының бірі - Т.Рысқұлов. Ол БКП (б) ОК-нің ұйымдастыру бюросының
шешімі бойынша 1926 жылы наурызда қазақ өлкелік партия комитетінің қарауына
жауапты жұмысқа жіберіледі. Ол 1926 жылы сәуірде өлкелік Еңбекші қазақ
газетінің жауапты редакторы болып тағайындалып, республиканың саяси және
мәдени, шаруашылық өміріне белсене араласып, газет бетіне осы мәселелер
төңірегінде мақалалар жариялауға себепші болды. Өзі де экономикалық
жағдайға байланысты мақалаларын жариялап отырды.
1926 жылы 31 мамырда Тұрар Рысқұлов БКП (б) ОК-нің қаулысы бойынша
РСФСР Халық Комиссары Кеңесі төрағасының үшінші орынбасары болып
тағайындалып, бұл қызметті 11 жыл бойы, яғни 1937 жылдың жазына дейін
атқарды. Осы жауапты қызметте он бір жылдан аса жүріп, шаруашылық өмірінің
көптеген шараларына жетекшілік жасады. Атап айтқанда, Ресей үкіметі
жанындағы мақта жөніндегі кеңестің төрағасы коммуналдық шаруашылығы бас
басқармасының жетекшісі, Түркісіб құрылысына жәрдемдесу комитетінің
төрағасы, РСФСР экспорттық кеңесінің бастығы, республиканың экономикалық
кеңесі жанындағы кәсіпшілік кооперация комитетінің төрағасы және т.б.
Т.Рысқұлов қандай қызметте жүрсе де, өзін талантты ұйымдастырушы,
басшы ретінде көрсетіп, партия мен мемлекет тапсырмаларын ыждағаттықпен
орындап отырды. Оның іргелі жылдың қызметтерінің бірі Түркісібті салуда
басшылық етуі болып табылды. Аса зор шаруашылық, әрі саяси маңызы үлкен осы
құрылысқа Т.Рысқұлов басқа белгілі мамандармен қатар қазақтан шыққан тұңғыш
жоғарғы білімді теміржол инженері М.Тынышбаевты шақырды. Оның алаңсыз еңбек
етуіне алаңсыз қамқорлық көрсетті. Ол көп уақыттын құрылыс бойында іс-
сапарда өткізді.
3. Жаңа экономикалық саясаты республикада дәйекті түрде жүзеге асыру өзінің игі нәтижелерін берді. Кооперативтік қозғалыс одан әрі дамыды. Өндірістік кооперацияның негізгі үш түрі болды:
1.Коммуна -- өндірісті қоғамдастыру.
2.Артель - жердің, малдың бір бөлігін, ауылшаруашылық машиналарын, құрал - саймандарды біріктіру.
3.ТОЗ - жер бірлесіп өңдеу мен шөп шабу жөніндегі серіктестік. Шаруалар ұжымдастыру түрлерін таңдағанда негізінен ТОЗ - ды қалады. 1927 жылғы қазанның 1 - іне қарай Қазақ КСР - інде кооперация шаруа қожалықтарының 23,1% -- ін қамтыды. Сол уақытқа қарай 1074 тұтыну қоғамы жұмыс істеді, оның 312 - і ауылдарда болды, қазақ даласының жекелеген түпкірлерінде 140 факторий құрылды. Қазақ шаруалары 1072 ұжымдық шаруашылықта, соның ішінде 101 коммунада, 17 артельде, жерді бірлесіп өңдейтін 294 серіктестікте (ТОЗ - да) ынтымақтастық пен өзара көмек мектебінен өтті.
Жаңа экономикалық саясат негізінде республикадағы мал саны артты: 1929 жылы 10,5 млн. - ға жетті. Ауыл мен қыстақтарда орташалар шаруашылықтары көбейіп, орташалардың кедейлермен одағы нығая түсті. Патриархат көшпелі халықтың мәдениеті артты. Алайда бұл ұзаққа созылған жоқ. Өлкелік партия ұйымының басшылығына келген Ф. И. Голощекин ауылды кеңестендіру ұранымен ауылда тап күресін шиеленістіру бағытын таңдап алды. Шабындық және егістік жерді қайта бөлу науқаны ауылдағы жағдайды ауырлата түсті. 1926 жылғы көктемде кедейлер байлардың иелігіндегі 1,3 млн. га шабындық және 1,25 млн. га егістік жерді тартып алды. Индустрияландыру бағыты азық - түлік қорлары проблемасын күн тәртібіне қойды. 1928 жылы қаржы мен жұмыс күшін ауыл шаруашылығын өнеркәсіпке ауыстыру жүйесін қалыптастыру процесі басталды. Барлық формадағы кооперацияны барынша дамыту саясатын ұжымдастыру бағытына көшіру көзделді. 1928 жылғы қаңтар - ақпан айларында И. Сталин Сібірге сапарға шықты. Осы жылы 3 ақпанда болған Омбы округтік комитетінің мәжілісінде астық дайындау барысында төтенше шаралар қолдануға рұқсат етті. Ф. Голощекин ауыл мен қоныстарға 4800 уәкіл жіберіп, 31 мың шаруа жазаға тартылды. 1928 жылғы 1 қазан - 1929 жылғы 1 желтоқсан аралығы - 277 шаруа атылды. 1928 жылғы 27 тамыз - Аса ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды кәнпескелеу және жер аудару туралы декрет жарияланды. Декретте бай - феодалдар өздерінің мүліктік және қоғамдық ықпалымен ауылды кеңестендіруге кедергі жасайды деген ұстаным негізге алынды. 657 бай жер аударылып, 145 мыңы тәркіленіп, олардың ауылшаруашылық құралдары - 877 колхозға, 24. 491 жеке шаруашылыққа бөлініп берілді. Тәркілеу заңды бұзу арқылы жүзеге асырылды:
1. Орташалар байлар қатарына жатқызылды.
2.Тәркілеуге жататын нормаға дейін жеткізу үшін жекелеген отбасы шаруашылықтары әдейі біріктірілді.
3.Қанаушы элементтермен қатар дәулетті және орташа шаруашылықтар да тәркіленді.
Сөйтіп, бай - кулактар қатарына темір шатырлы үйі немесе 2 аты болғандар да енгізілді. Ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру (коллективизация) бағыты көзделіп, бай - кулактары тап ретінде жою міндеті алға қойылды. Ұжымдастыру бай - кулактарды тәркілеуден басталды.
1.Ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру
1927 жылы желтоқсанда болып өткен партияның XV съезі ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағытын жариялады. Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру ісінің аяқталуы 1932 жылға жоспарланды. Қазақстанның астықты аудандарында колхоз құрылысының негізгі формасы - ауыл шаруашылық артелі, ал мал шаруашылығы аудандарда жерді бірлесіп өңдеу мен шөп шабу жөніндегі серіктестік (ТОЗ) болуға тиіс еді. 1929 жылдың екінші жартысынан бастап республикада колхоз құрылысы жедел дамытылды. Алғашқы МТС - тер құрылып жатты. Қазақстанда көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықты отырықшылыққа көшіруді 1933 жылы аяқтау көзделді.
Ұжымдастыру мен отырықшыландыруды жаппай жүргізу үшін ауылдар мен қоныстарға 8 мың жұмысшы және 1204 жиырма бес мыңдықшылар жіберілді. Олар Россиядағы колхоз жобасын қайталайтын қоныстандыру үлгісін орнықтырды. Ұжымдастыру жылдары кооперативтендіру қозғалысының өз ісін ашуға мүмкіндік беру, материалдық ынта, кооперативтендіруге шаруаның бірте - бірте өтуге, еркіндік ұстамдары бұзылды.
1.1.Ұжымдастыру кезінде жіберілген қателіктер
Ұжымдастыру кезінде жіберілген қателіктер:
1. Қатаң жаппай қуғындау мен террорға негізделді.
2. Даярлықсыз жергілікті жағдайлар ескерілместен жүргізілді.
3. Әкімшілік - күштеу әдістерімен жеделдете жүргізілді.
4. Шаруашылық базасын жасау, тұрғын үйлер, мәдени тұрмыстық объектілер салу жоспары аяғына дейін орындалмады.
Белсенділер отырықшыландыруды жоспарлаған 3 жылдың орнына 3 күнде аяқтап жалған колхоздар құра бастады. Нәтижесінде: Абыралы ауданында - 70 %; Жымпиты ауданында - 60 %; Жәнібек ауданында - 95 % шаруашылық ұжымдастырылды. Шаруашылықты ұжымдастыру деңгейі үнемі өсіп отырды. Егер 1928 жылы Қазақстанда барлық шаруашылықтың 2% -- і ұжымдастырылған болса, 1930 жылғы сәуірдің 3 - інде 56,4 % -- і, ал 1931 жылы қазан айына қарай 65 % -- дай ұжымдастырылды.
Азық - түлікпен қамтамасыз етудің қиындауына байланысты 1929 жылы Әскери коммунизм саясаты кезіндегі салғырт енгізілді. 1931 - 1932 жж. Шұбартау ауданында барлық малдың 80 % -- ын мемлекетке етке өткізілді. 173 мың малы бар Балқаш ауданына 297 мың малға салғырт салынды. Торғай ауданында 1 млн. мал басынан салғырт салдарынан 98 мыңы қалды. Торғайлықтар асыра сілтеу болмысын, аша тұяқ қалмасын! ұранын көтерді. Еріктілік принципі мен қарапайым заңдылықтың бұзылуы әуел бастан - ақ барлық жерге тән сипат алды. Сайлау құқықтарынан айыру, тұрып жатқан жерінен басқа ауданға жер аудару, ұзақ уақыт қамауда ұстаумен қорқыту сияқты күштеу тәсілдері мейлінше дағдылы және кең таралған тәсілдерге айналды. Колхозға кіргісі келмеген кедейлер мен орташалар бай - кулактар қатарына жатқызылып, қатал жазаланды. 1929 жылы 56,498 шаруа жауапқа тартылып, 34 мыңы сотталды. 1931 жылы 5500 отбасы жер аударылды. 1929 - 1933 жылдары ОГПУ (біріккен мемлекеттік саяси басқарма) үштігі - 9805 іс қарап, оның ішінде: ату жазасына - 3386 адам, 3 - 10 жылға концентрациялық лагерьге қамауға - 13151 адамға үкім шығарды.
1930 жылы 30 мамырда республика үкіметі жаңа лагерьлер ұйымдастыру үшін Ақмола, Қарағанды округтерінен мерзімсіз, тегін пайдалануға 110000 га жер бөлді.
Жекедегі малды қоғамдастыру нәтижесінде, мал күтімінің кемдігінен, жем - шөптің жетіспеуінен мал қырылды. Осы жылдары өлкенің Одақ бойынша товарлы астық өндіруден үлес салмағы 9 % -- тен 3 % -- ке кеміді.
Мал шаруашылығы күйзелісті шығынға ұшырап, 1930 - 1932 жылдары аштық жайлады. 1932 жылғы ақпан - колхозшы қожалықтарының 87 % -- і, жекешелердің 51,8 % -- і малдан түгел айырылды. Ұжымдастыру қарсаңында - 40,5 млн. мал болса, 1933 жылы 1 қаңтарда 4,5 млн. мал қалды.
Бұл жағдай Қазақстанда аштық қасіретін туғызды:
1. 1930 жылы - 313 мың адам;
2. 1931 жылы - 755 мың адам;
3. 1932 жылы - 769 мың адам қайтыс болды.
4. 1930 - 1932 жылдарда барлығы 1 млн. 750 мың қазақ немесе халықтың 40 % -- і жаппай қырылды.
1932 жылы шілде айында аштық апаты мен себептері туралы Ф. Голощекинге Бесеудің хаты -- Ғ. Мүсірепов, М. Ғатуллин, М. Дәулетқалиев, Е. Алтынбеков, Қ. Қуанышев жазылды.
Онда көтерілген мәселелер:
1. Орташаларға байлармен бірдей соққы берілді, сондықтан орташалар байлар жағына шығуда.
2. Байлар малды қырып тастауға тырысуда.
3. Жалған колхоздарды ұйымдастыру жалғасуда.
4. Өлкеде ашығушылар саны көбеюде.
1933 жылы наурыз айында РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі төрағасының орынбасары Т. Рысқұлов Сталинге хат жазды. Азаматтық ерлігі жоғары және принципшіл адал Т. Рысқұлов өлкеде етек алған қасірет туралы шындықты ашып көрсетуден тайсақтамады. Сізден осы жазбамен танысып шығып, бұл іске араласуды және сол арқылы аштан өлуге душар болған көптеген адамдардың өмірін құтқарып қалуды өтінемін деп жазды. Одан әрі хатта көрсетілген деректер бойынша: Қазақ жерінде көршілес өлкелерге көшушілер саны артуда; Орта Волгада - 40 мың; Қырғыз жерінде - 100 мың; Батыс Сібірде - 40 мың; Орта Азияда - 30 мың; Қарақалпақ жерінде - 70 мың қазақтар бар. Көшіп кетушілер Қалмақ, Тәжік жері, Солтүстік өлке, Батыс Қытайға дейін барған. Бұл аш адамдардың тамақ іздеп босуы. Қазақ зиялыларының өтініштеріне орталық тарапынан жауап болмады. Аштық әсерінен халық санының азаюы жалғаса берді. Ақтөбе облысында 1930 жылы - 1 млн. 12500 адам болса, 1932 жылы - 725800 адамға кеміген (71 %). Жаппай ұжымдастыру, аштық әсері халықтың көбін көшіп кетуге мәжбүр етті. 1930 жылғы қаңтар - 1931 жылғы маусым аралығы - 1 млн. 10 мың адам (281230 шаруа қожалығы). Қытай, Иран, Ауған жеріне т. б. көшті. Оның 616 мыңы қайтып оралған жоқ, 414 мыңы кейін елге оралды.
2.ҰЛЫ ЖҰТ немесе қазақ даласындағы Ұлы аштық қырғыны жайлы Қазақстандағы Ұлы аштық қырғыны жайлы әңгімені екі өте маңызды ескертуден бастаған жөн болар: кеңес заманында Қазақстанда екі рет аштық қырғыны болғанын айтуға тиіспіз. Әрине, ең үлкен аштық қырғыны өткен ғасырдың 30-шы жылдары орын алды. Ол тарихта Ұлы жұт - Ашаршылық жылдары деген атпен аталады. Бірақ, сонымен бірге 1919-1922 жылдары орын алған ашаршылықты да ұмытпаған жөн болар. Осы кездері Қазақстанда миллионнан астам адам аштан өлген. Сондықтан да осы екі қырғынды да әңгіме етпекпіз. 2.1.1919-1922 жылдардағы аштық Қазақстандағы 1919-1922 жылдардағы аштықтың бір себебі елдің бірнеше аймақтарында орын алған егіннің шықпай қалуы болды. Осы жағдайға байланысты кеңес үкіметі 1919 жылдың қаңтар айынан бастап азық-түлікті тәркілеу саясатын бастады. Бұл саясат кеңес үкіметінің 1918 жылдың 13 мамырынан бастап жүргізе бастаған азық-түлік диктатурасына сайма-сай дәл келген еді.
Қазақстанда егіншілікпен айналысушылардың көп болмауына байланысты большевиктер қазақтың малын кәмпескелеп алуды басты мақсат етіп қойды. 1919-1922 жылдардағы аштық негізінен алғанда Қазақстанның оңтүстік облыстарын шарпыды.
Мал - көшпелі халықтың күн көрісінің жалғыз ғана көзі. Жергілікті қазақтар ежелгі ата дәстүрімен мал өсірумен айналысып, малдың жағдайымен жайылым іздеп көшіп-қонып өмір сүретін. Қазақ жерінде тұратын басқа ұлттар егіншілікпен де айналысатын, бірақ азық-түлік саясатында басты мақсат етіліп - қазақтың малын жинап алу арқылы жүргізілсін деген тапсырма қойылды. Қазақтан мал жинаудың түрі мен әдістерін айуандық, тағылық деген сөздермен ғана теңеуге болады. Мысалы, бір ауылға келіп малын түгел сыпырып алып кету жағдайлары жиі орын алды. Әрине, мұндайдан кейін бұл ауылдың халқының тірі қалуы мүмкін емес еді. Әртүрлі деректер бойынша осы аштық жылдарында миллионнан астам халық аштан қырылған.
Сол кездегі аштықты көргендер оны былай суреттейді. Қазақтың қоғам және саяси қайраткері, публицист Мұстапа Шоқай Кеңестің қол астындағы Түркістан. Пролетариат диктатурасының сипаттамасы кітабында: Бұл жолы әлемде бұрын-соңды құлақ естімеген кеңес үкіметінің Түркістанның жергілікті халқына жасаған аштық саясаты жайлы әңгіме етпекпін. Туземдіктерге, атап айтқанда қазақ халқына қарсы жасалып отырған аштық жайлы айта келе Тұрар Рысқұлов мынадай деректі алға тартады. Түркістандағы Қазан төңкерісіне еңбегі сіңген жетекшілердің бірі Иван Тоболин Түркістан Орталық комитетінің мәжілісінде қырғыздар (қазақтар) марксистік көзқараспен айтқанда экономикалық тұрғыдан әлсіз болғандықтан бәрібір өліп бітуге тиіс. Сондықтан да, революция үшін - аштықпен күресіп қаражатты шашудың қажеті жоқ, оның орнына майданды қолдау маңызды... деп ашықтан ашық мәлімдеген. Рысқұловтың айтуынша аштықтан өлгендердің (мұсылмандардың) саны орасан көлемде. Ол цифрларды келтірмейді. Кеңестік көздер бір миллион бір жүз он төрт мың деген (1 114 000) жан түршігетін цифрды келтіреді. Мәскеудің ұлт-азаттық саясатының біздің ұлтымызға әкелген пайдасы осындай. Кеңес үкіметінің Түркістанда жүргізген отаршылдық, ұлтты езгілеу саясатын куәлендіретін тағы бір-екі мысал. Перовск қаласында (қазір Қызылорда) Гержот деген самодержец (біздіңше диктатор, ауд.) отыр. (Гержот Иосиф Иванович, Перовск уездік совдептің төрағасы). Одан түгел бір халық - қырғыздар (қазақтар) қашып көшіп кеткен. Осы көшу кезінде бір миллионға жуық адам өлген. Бұл жайлы Правда газетінің 1920 жылғы 20 маусымында шыққан 133 нөмірінде жазылған.
Зиновьев (Зиновьев Григорий Евсеевич, революционер, кеңестік саяси және мемлекеттік қайраткер), 3-ші Интернационалдың басшысы кезінде, Шығыс халықтарының Бакуде өткен съезінде (1920 жыл, қыркүйек) кеңес үкіметінің Түркістандағы агенттері түземдік шаруаларды ренжітеді, олардың малын, жерін тартып алады, оларға ең төменгі сатыдағы нәсіл ретінде қарайды деп мойындауға мәжбүр болған еді.
Әрине, кеңес үкіметінің мұндай саясаты қазақтар тарапынан наразылық, қарсылық көрді. Бірақ, мал тартып алуға келгендерге қарсылық көрсеткендерді сол кездегі Продармия (сол кездегі мал тартып алуға жіберілген қарулы отрядтар осылай аталған) және Қызыл армияның ерекше мақсаттағы отрядтары (ЧОН - чрезвычайный отряд особого назначения) оларды аяусыз қаталдықпен басып жазалады. Жалпы алғанда, 1919-1922 жылдардағы аштық кездерінде бір миллионнан астам қазақ аштан өлген. Сол кездегі қазақтың санының бұл шамамен 20-22 пайызын құрайды. Дегенмен, қазақтың санын солқылдатып құртқан аштық отызыншы жылдары орын алды.
2.2. Отызыншы жылдардағы аштық - Ұлы Ашаршылық
Қазақ даласының тарихындағы ең жан түршігерлік аштықтың себебі - сол кезде жүргізілген КСРО-ң ішкі саясаты деуге болады. Қазақстанда болған (Украинада, Поволжьеде т.б. жерде) бұл аштықтың себептерін түсіну үшін КСРО-ң өткен ғасырдың 20-шы жылдардың аяғы, 30-шы жылдардың басындағы саясатына қысқаша сапар жасау қажет. 1927 жылы өткен ВКП(б) ХV съезінде КСРО-ң халық шаруашылығын дамытудың бірінші бесжылдық жоспарын жасау жөніндегі директивалар қабылданды. Осы директиваларға сәйкес бірінші бесжылдық жоспар жасалынып, онда КСРО-да ұжымдастыру мен индустрияландыруды бастау мақсаты қойылды. Алға қойылған іс-шаралардың бойынша КСРО-а қуатты қорғаныс өнеркәсібін құру мақсаты қойылды. Қорғаныс өнеркәсібінің мақсаты, біріншіден - елдің қорғаныстық қабілетін қамтамасыз ету болса, екіншіден - болашақ жылдарда Европадағы көрші елдерге коммунистік экспансияны әрі қарай жалғастыру еді. Әрине, мұндай мақсат көп қаражатты қажет етеді. Ірі өндірістік кәсіпорындарды ашуға, ең бастысы, заманауилы жоғары технологиялар сатып алуға кеңес үкіметі ақшаны аяған жоқ. Ақша жинау көздері, оның ауырлығы негізінен алғанда шаруаларға түсті. Тіпті қаражатты ауыл шаруашылығынан өнеркәсіпке айдау деген термин ойлап шығарылды. Ауылдың тұрғындарын колхоздарға айдап әкелді, мал (егіншілігі нашар дамыған Қазақстанда негізгі құндылық мал болатын) ортақтандырылды. 20-шы жылдардың аяғы мен 30-шы жылдардың басындағы Қазақстанда кеңес үкіметі қаражат айдаумен ғана тынған жоқ. Қазақтардың мал шаруашылығы көшіп-қоу жағдайында жүргізілгендіктен үкіметке малшыларды бақылап қолында ұстап тұру қиын болатын.Сол себептен де қазақтардың көшіп-қону өмірін тоқтатып, жерге байлауға шешім қабылданды. Осы мақсатта қазақтардың малы тартылып алынып, қазақтар Қызыл армияның бөлімшелерінің және милицияның көмегімен отырықшылдандыру нүктелеріне, колхоз ұйымдастырылып жатқан жерлерге айдап әкелінді. Бір жерге айдап жиналған мал саны көп болғандықтан олар сол жердің шөбін тез жеп қоятын, сол себептен де оларды жаппай сойып тастауға мәжбүр болды. 1933 жылдың басында қазақ даласында бұрын болған 40 миллион бас малдың оннан бірі ғана қалды.
4. Кеңестік қоғам тұсында қазақ тарихының қайғысы мол, қасіреті ауыр парақтары жеткілікті. Солардың бірі бұрынғы Кеңес елінде болған қуғын-сүргін қасіреті. Бұл жайлы Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев: ...20-шы жылдары басталған Қызыл қудалау науқаны, 30-шы, 40-шы жылдар, содан кейін 50-ші жылдардың басында күллі елімізге сел болып жайылып қанды көбік шашты. Марқабаттылықты желеу етіп, ұлы мұраттарды уағыздаған болып көлсіреген қараниет жүгенсіздік миллиондаған адамдардың жанын қиды, көз жасын төккізіп, қасірет шеккізді,- деп көрсетті.
Басы 1920-шы жылдарда қалыптасқан елдегі репрессиялық саясаттың күшті жазалаушы механизмі қалыптасып, 1930жылдар бойына халық жауларымен үзіліссіз күресте жетілдіріп отырды. Әсіресе бұл механизм 1937-1938 жылдар үлкен террор кезінде қарқынды жұмыс атқарды. Олардың басынушылық әрекеттері, сот істерін жаппай өңдеп, оларды жоспарлы түрде соттауға дейін жеткізуі репрессияның жаппай етек алуына түрткі болды. Егер де 1930 жылдың ортасында саяси репрессия орталықтағы және жергілікті жердегі сталиндік жетекшілікке қарсы белгілі және айқын әлеуетті тобына жүргізілсе, 1937 жылдары террор тоталдық сипат алды.
Қазақстандықтардың саяси қуғын-сүргінге ұшырау себептерін зерттеудің ғылыми және практикалық маңызы зор. Себебі аталмыш тақырыпты жан-жақты зерделеу арқылы кеңес мемлекетінің зорлық-зомбылық шараларының мәні ашылып, өткен тарихымызды жаңаша талдауға көмегін тигізетіні анық. Кеңес үкіметі өз халқын қуғын-сүргінге ұшырату саясатын мақсатты түрде жүргізді.
Осындай зобалаң кезеңде қазақтың небір дарынды, небір айтулы қазақтың бетке ұстар ұлт зиялылары мен қоғам қайраткерлері қуғынға ұшырап, жазықсыз жала жабылып, айыпталып сотталды. Сонау Итжеккенге, еңбекпен өтеу лагерьлеріне айдалып, түмеге жабылып, онда түрлі қиыншылықтарды бастарынан өткерді. Бұдан басқа қарапайым халық та жаппай жазаланып, ең сорақысы ату жазасына кесіліп, талай адам бұл дүниемен қош айтысты.
Осы семестрлік жұмысым аясында мен осы қуғын-сүргіннің басталуын, қуғынға ұшыраған қоғам қайраткерлерінің, соның ішінде Алашордашылардың қатал тағдырын, қазақтың ұлы тұлғалары бес арысы туралы баяндамақпын
Партия қатарынан шығарылып, айыпталып жазаға ұшыраған қоғам қайраткерлері жайын және қан кешті қырғын, қиыншылық , жазалау орны болған лагерьлер туралы айтып өтпекпін. 1937-1938 жылдардағы қуғын-сүргіннің басталуы мен себептері. 30-жылдардың екінші жартысында, дүниежүзілік соғыстың қара бұлты қаптап келе жатқан тұста әміршіл-әкімшіл басқару жүйесі өзінің бойындағы ең бір жексұрындық қасиеттерін көрсете бастады. Соның салдарынан кеңес қоғамы аса ауыр да, зардапты қиындықтарға кездесті. Одан қазақстан да тыс қалған жок. жергілікті партия, кеңес, комсомол, кәсіподақ ұйымдары, шаруашылық орындары үлкен соққыға душар болды. Жеке адамды дәріптеу жағдайына жергілікті кадрларды қудалау етек алды. Қаралап, жала жауып , арыз бергендерді қолпаштау, жаппай сезіктену, шет ел пайдасына шпиондық жасапжүр деп орынсыз айып тағу, басқа жүгенсіздіктер мен жөнсіздіктер тыюсыз етек алды. Партия, кеңес қызметкерлері, оқыған зиялылар орынсыз қудалауға, құрбандыққа ұшырады. Сөйтіп, қасіретті қуғындаудың екінші кезеңі 1937 жылы басталды.
Қазіргі таңда бүкіл Кеңес елін, соның ішінде Қазақстанды да қамтыған жаппай репрессиялау шаралары бірқатар факторлардың салдарынан туған деп нақты айта аламыз. Соның ішіндегі ең жетекші фактор - ол белгілі әлеуметтік-саяси күштердің, оның қатарында БК(б)П бар, билік үшін күрес екенін ескеру керек. Бұл күресте Сталиннің жеке билікке жетудегі өз бағыты басым түсті. Сондықтан да саяси репрессияның басты себептерінің бірі осы екенін баса айту өте маңызды.Елде тоталитарлық мемлекетке тән қалыптасқан құрылым пайда болды. Тоталитарлық жүйеге сәйкес ең алдымен мемлекет қоғам мен жеке тұлғаларға үстемдік жүргізіп, қоғамның барлық саласына араласты. Тоталитарлық жүйеге сәйкес мемлекет бір партиялық режимде болды және өзінше механизм қалыптасты: партия-мемлекет.
ХХ ғасырдың 20-30-жылдары үзіліссіз жүргізілген репрессиялық саясаттың тағы бірсебебі орталық басшылық, оның Қазақстана ақыны саналған, үлкен талант иесі М.Жұмабаевты тыс қалдырмады. Оның 1927 жылы 19 тамызда Еңбекші қазақ газетінде жарық көрген Тоқсанның тобы деген өлеңіндегі ақынның азшылықпен есем, көпшілікпен бірге боламын деген пікірін, Қазақстан еңбекшілері бұқарасының түбегейлі мүддесіне қарсы бұқара ішінде сөздерінің идеологиясын жүргізбекші деп сынады.
Өздерін азаптаумен шектемей, тума-туыстарына да тиісті. Түркі әлемі мойындаған Мағжан Жұмабаевтың әкесі Бекен бабамыз Сібірге жер аударылар алдында қайтыс болса, ағалары Аба-Мүсілім мен Қаһарман сталиндік лагерге, айдауда жүріп опат болды. Інілері Сәлімжан, Қалижан Мұхамеджан соңғы демі таусылғанша қуғын-сүргіннің қасіретін шекті. Халқының біртуар перзенті Мағжан Жұмабаевтың өз басына Алқа атты жасырын ұйым құрды айыбы тағылып, 1929 жылы ұсталады. 1930 жылы төртінші сәуірдегі сот шешімімен ату жазасына кесіледі. Ол кісі рухани әлеміміздегі Абайдан кейінгі екінші ұлы тұлға ретінде ұрпағына мол мұра қалдырған. 1923 жылы Ташкентте жарық көрген таңдамалы шығармалары 1988 жылы ақталғаннан кейін қайта жарияланды. Солардың бірі Педагогика оқулығы 1924 жылы Мәскеуде щыққан Сұңқар жыры жинағы, 1925 жылы - Ақбоз ат, 1926 жылы Балаларға базарлық кітаптары, 1927 жылы жазылған Жүсіп хандастаны мен Ертегілері. Шәкәрімніңатын атауға тыйым салынып, шығармалары көп жылдар бойы жабулы жатқаны, ақын туралы сол кезде айтылса, тек оғаш, қате пікірлер ғана айтылған еді. Ол өзінің жетпіс екі жасқа қараған шағында Шыңғыс тауына кетіп қалып, жалғыз өмір сүреді. Сондықтан жергілікті ГПУ-дың бастығы Шәкәрімге сенбейді, оның елсізде жалғыз жүруі сезікті ойға от береді. Өздері бандалар деп бағалаған адамдарды ұстауға келе жатқан ГПУ бастығы жолында кездескен Шәкәрімді ақ-қарасын айырып жатпай атып тастайды. Осылайша 1931жылы 20қазанда қазақтың ұлы ойшылы, ақыны нақақтан-нақақ еш жазықсыз қайылы қазағаұшырайды. Қуғынға ұшыраған қоғам қайраткерлері Құғын-сүргіннің алғашқы легінде әдебиетімізді өрге сүйреген ұлы дарындар Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Ғаббас Тоғжанов, т.б. тұтқындалды. Биыл бірғасырлық тойы әлем көлемінде атап өтілген ғұлама жазушы, академик Мұхтар Әуезов Әдебиет тарихы оқулығына Зар заман ақындары айдарымен Ер Сайын, Едіге, Шора батыр жырларын енгізгені үшін сыналды. Хан кеңесі атты пьесса жазып, сахналағанда бір қойылымнан ке,йін көп кемшілік болған қызметі кінәсімен түсіп қалды...
Ұлттық рухтағы тарихи тұлға дәрежесіне көтерілген жазушының жазаға да тартылмай қалуы мүмкін еместігін. Алашордадағы қызметі үшін кінәлап, 1930 жылы Ташкент шаһарында тұтқындалды. Сұрақ жауаптан кейін Алматы абақтысына ауыстырылды. Қазақ ұлтшылдарының астыртын ұйымына қатысып, Қазақстандағы кеңестік науқандар мен шаралардың мазмұнын бұрмалау мақсатын көздегені, өкімет мекемелері мен ВКП(б)-ның, жерге қоныстандыру мекемелерін, мәдени-ағарту және оқу орындарын, баспасөзді өздерінің ықпалына қаратып, жаулап алуға ұмтылушылар қатарында болды. Қазақ Орталық Атқару Комитетінің мүшесі Мұхтар Омарханұлы Әуезовке -1930-1932 жылдарда абақтыға отырылғызғанда тағылған айыптар сарыны осылай болып келеді.
Кенесары , Наурызбай қозғалысын зерттеген жас тарихшы Ермұхан Бекмахановтың Казахстан в 20-40-е годы XIX в. монографиясы КОКП Орталық комитетінің басылымы Правда газетінде (26,12,1950ж.), Республикадағы идеологиялық жұмыс және оны жақсарту жолдары қаралған Қазақстан КП Орталық Комитеті пленумында сыналады. Әділетсіздікке шыдамай наразылық білдірген Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының президенті Қ.Сәтбаев , КазМУ ректоры Т.Тәжібаев, т.б. болды. Содан соң қуғын-сүргін басталып, Е.Бекмаханов, Қ.Жұмалиев, Е.Ділмұхамедов сияқты буржуазияшыл ұлтшылдар академиядан қуылды. Бекмаханов 58 баппен ширек ғасырға, яғни 25 жылға бас бостандығынан айрылып, Итжеккенге айдалды.
Жазықсыз опат болғандар қатарында оқыған, білімді, ел өркендеуіне елеулі қызмет еткен, есімдері құжаттарда, таспада, газет, журналдарда қатталға, бейнелері сақталған Әбікей Зейінұлы (1881-1937), Ғазиз Имантайұлы (1894-1937) , Әбдікәрім Жәмінұлы (1897-1937) Сәтбаевтар да бар. Алдыңғысы алғаш құрылған Қазақ ССР Ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтбаевтың немере ағасы 1920-1921жж. Павлодар губерниялық халық ағарту ісін басқарды. 1922жылы ашылған Семей педагогикалық техникумның бірінші директоры, 1928-1931 жж. Омбы рабфагінде сабақ берді. Содан кейін қудалауға түсіп, Қырғызстанға көшуге мәжбүр болады. Ақыры зұлымдық зобалаңы құртады. Ал Ғазиз Имантайұлы Сәтбаев өмірінде зияндылар зейінінде құрметтеліп, айтулы азаматтар қатарынан көрінді. Ол жайлы академик Әлкей Марғұлан: семинарияда оқығандардың білгірі, жан дүниесі музыка үшінн жаратылған жан ,- деп жазған. Рухани әлемі бай Кәрім хақында Сәкен Сейфуллиннің, Мұхтар Әуезовтің және өзге де замандастарының жақсы пікірлері жетерлік.
Көріп отырғанымыздай, халқымыздың тағдырына байланысты жоғарыда баяндалған ащы шындыққа бұған дейін тереңдеп бара қоймағанымыз жоқ еді. 1997жыл жалпыұлттық татулық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы деп жарияланды. Осыған орай сталиндік репрессияның, голощекиндік лаңның қесірінен қастерлі азаматтарымыздың көтеріліс атты документалды фильм жарық көрді. Оның дерегі бойынша, тек Қарағанды өңірінде ғана 1933 жылы саяси тұтқындарды қамайтын 9 лагерь болса, 1955жылы 33-ке жеткен. Аталмыш абақтыларға темір жолмен тәуелдік сайын тоғыз эшелон саяси тұтқындар жеткізіліп тұрыпты.
37-ші жылғы репрессия ол таза адамды жою болса, одан соң мәдени мұраны құрту басталды. Осы зобалаң жылдарында Қамбар батырдан басқа эпостық жырларды ауызға алуға тыйым салынды. Ал қазақ халқында мұндай 900 эпос бар. Орыстарда сегіз беттік жалғыз Слово о полку Игореве эпосы болса, сол жайында мақалаларды қоспағанда 900монографикалық ңбеектер шыққан. Ал біздің мыңға жуық эпосымыз бар. Бүгінгі ұрпақ Кенесары, Наурызбай, Абылай туралы толғауларды ғана біледі. Оның арғы жағындағы ортағасырлық Есімхан, Қасымхан, Тәуке хан, Жалаңтөс батыр хақында бимағұлым. Ол жырлардың барлығында азаттық идеясы, отаршылдыққа қарсы күрес құлшынысы баяндалады. Рухани репрессияның қырғынынан қозғауға қорыққан сала - шежіре. Ондай күдік қамытын кимеген Русская летопись 200жылдан бері шығып келеді. Байқап қарасақ, өздеріне келгенде ашық та, өзгелелер жөнінде тарих қақпасы тарс жабылған. Қазір сол кез кереғарлығының іздегенде көбіне - аңыз, шежірелерге жүгінудеміз.
Жоғарыда баяндалған жантүршігерлік жәйттер коммунистік билік басындағылардың байырғы халық өмірін білмей тұрып, жергілікті ұлтшылдықпен күрес ұранымен күштеп ұжымдастыру мен отырықшыландыруға, зорлық пен зомбылыққа қарсы шыққан қазақ зиялыларын қырып жою барысында орын алған ащы шындық.
Елдегі халық билігін жүзеге асыратын Кеңестердің өзі қудаланды. 1937жылдың қаңтарынан 1938 жылдың қаңтарына дейінгі кезеңде республика көлеміндегі аудандық Кеңес атқару комитеттері төрағаларының 98,7%-ы, олардың орынбасарларының 78%-ы, хатшылар түгелдей дерлік, селолық Кеңес атқару коммитеттері төрағаларының 44%-ы, хатшылардың 40,3%-ы жұмыстан алмастырылуға мәжбүр етіледі.
Кеңестер съезі таратылады. Халық ұдайы үрейленіп, бір-біріне күдікпен қарайтын күй кешті. Бұл жылдарда қуғын-сүргіннің күшейгендігі соншалық - үштіктің үкімімен сотталғандар саны 103 мыңға жетіп, 25 мыңы атылады. Содан соң пікір айтуға батылы бармайтын көнбіс халық қана қалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет