Орындаған: Тунгатарова Жибек, Талғатқызы Ақжан Тексерген: Есбергенова Гульнур



бет2/2
Дата10.11.2022
өлшемі0,73 Mb.
#157516
1   2
Байланысты:
Мәдениеттану 7

Түркі жазбалары


Кез-келген халықтың мәдениетінде ұлттық қолөнер рухани мұра ретінде қабылданып, ұрпақтан ұрпаққа берілетін тәрбие қөзіне, тарихпен астасып жатқан өнер саласына баланады. Қазақ халқының қолөнерінің тарихы тереңнен нәр алып, ерте заманнан бергі, ауқымды да астарлы, қызықты да көпқырлы түркі мәдениетімен етене байланыста қарастырылады. Көшпенді халықтардың тыныс-тіршілігін бейнелейтін қолөнер бұйымдарындағы кездесетін бейнелер мен образдар, ою-өрнектер мен символикалар сақ, үйсін, ғұн, қыпшақ т.б. түркі халықтарының мәдениетінен, тарихынан сыр шертеді.
Рухани қайнарымыздың бірі болған ою-өрнектер – мәдениеттің сәндік қолөнердегі айқын көрінісі. Тәжірибеде анықтағанымыздай, көп жағдайда халықгың тілін, мәдениетін аз білсек те, қолөнер бұйымдарында бейнеленген оюлар мен өрнектерге қарап, қай халықтың қазынасы екенін танып білеміз, өйткені ою-өрнек әр халықтың таңбасы, сол елдің қолөнерінің көнеден келе жатқан мәдениеті болып табылады. Осындай қазыналардың ішінде түркі мәдениетінің орны бөлек, оны көптеген халықтар мен ұлттардың тарихи сабақтасқан әрі тығыз байланыстағы, зерттелгенінен зерттелмегені көп бай мұраға баламалауға болады. Әрине бұл асыл қазынадағы қазақ қолөнерінің мазмұнын қызықты да, кең тақырыпқа жатқызамыз.
Түркі халықтарының ішіндегі қазақ қолөнері — өте бай әрі рухани-эстетикалық, тәлім-тәрбиелік аясы кең халық қазынасы болып табылады. Ол өзінің дамуында өте жоғары даму баспалдағына көтеріліп, таралу ауқымы жағынан бүкіл түркі халықтарының барлығына өрбіді. «Өнерлі өрге жүзер», «Өнерді үйрен де, жирен», «Ер жігітке он өнер де аз» т.с.с. халықтық мақал-мәтелдер қазақ халқының ғана емес, олар барлық түркі халықтарындағы ертеден өнерге деген қатынасын, ой-пікірін білдіреді. Соған сәйкес, қолөнер көркем дүниетанымның көзі ретінде барлық жас ұрпақтың рухани-эстетикалық танымын арттыратын күшке айналуы қажеттілігі күннен-күнге арта түсуде.
Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнерінің тарихы Ә.Марғұлан, Ө.Жәнібеков, Г.Сарықұлова, Х.Арғынбаев, Т.Басенов, Қ.Болатбаев, Ж.Балкенов т.б. еңбектерінде, қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерінің теориясы С.Қасиманов, Д.Шоқпарұлы, Қ.Әмірғазин, С.Төленбаев т.б. еңбектерінде, қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерінің сыны Қ.Ыбраева, Қ.Ералин, Б.Көпбосынова т.б. еңбектерінде қарастырылған. Сәндік-қолданбалы өнер – бейнелеу өнерінің ең көне әрі кең тараған саласы болып табылады. Бейнелеу өнерінің негізгі мақсаты: қоршаған орта туралы өнегелі – эстетикалық қатынас қалыптастыру, өмірдегі әр түрлі құбылыстардың өзіндік құндылығын түсінуге тәрбиелеу; өз халқының өнерін, мәдениетіне сүйетін, өзге халықтың көркем мәдениетін құрметтейтін рухани жан дүниесі бай, эстетикалық тұрғыдан дамыған тұлға қалыптастыру; нақты өнер түрлері арқылы практикалық білім, білік дағдыларын қалыптастырып, іскерлігін, көркем-шығармашылық қабілеттігін арттыру. Қолөнерде ою-өрнектермен әшекейлеп бейнелеу халық дәстүріне жатқызылады. Кез-келген халықтың оюларын алып талдау жасасақ, олардың барлығы белгілі бір композициялық, симметриялық, түр-түстік заңдылықтарға бағынады. Мәселен, ою-өрнек композицияларын құру жолдарын қарапайым айналмалы симметрия, айналмалы бұрыштық симметрия, аралас симметрия т.б. әдістер арқылы шешуге болады.
Ағаш, тері, былғары, темір, сүйек, тас сияқты материалдармен қатар алтын, күміс сияқты құнды металдармен, асыл тастармен әшекейленіп жасалған сәндік қолөнер бұйымдары — өнердің баға жетпес туындылары ғана емес, сонымен бірге түркілік дүниетанымның, өмірге көзқарастың, мәдениеттің айнасы болып табылады. Руханияттың бір арнасын ұлттық тарих пен мәдениет құраса, екінші арнасын тіл мен рух құрайтыны белгілі. Бұлардың барлығы түркі халықтарындағы тамыры бір рухани қазынаға жатқызылады.
Қазақтың және басқа да түркі халықтарының қолөнерінде жиі қолданылатын мүйіз тектес ою-өрнектер өзінің даму барысында әртүрлі көркемдік сипат алған. Қолданбалы өнер шығармаларын жасау барысында шебер түстердің үйлесімділігін ескере отырып, оларға белгілі бір мән-мағына берген. Мысалы, академик Ә.Қ.Марғұлан, С.Қасимановтардың зеттеулері бойынша рухани- эстетикалық бағытта түстердің мынадай символдық мағыналары бар: ақ түс – бақыт, қуаныш, ақиқат. Қызыл – от пен күн көзінің символы. Сары – ақыл-парасаттың, қайғы-мұңның символы. Жасыл – жастық шақ пен көктем. Көк — көк аспан, көк аспанға табыну. Қара түс Жер-Ананы белгілейді. Түр–түс табиғатын танып білу танымның өзін қоршаған ортада орынды қолдана білуінің нәтижесі болып табылады. Адамдардың түр-түс табиғатын білуі — ертеден келе жатқан дәстүр түрі. Текемет, сырмақ, түс киіз, кілем тағы сол сияқты үй мүліктерінде тек ою-өрнекке көңіл аударылмай, бояу түстеріне де ерекше ден қойылған, оның адамға рухани-эстетикалық әсері, ой тастауы сол бояу арқылы бағаланып және одан жасаған шебердің ішкі жан дүниесін, рухани байлығын түсінуге болады.
Шығыс Ренессансының талай елдерді қамтыған және 500 жылдан артық өркендеген типі мұсылмандық мәдени өрлеу дәуірі екендігі белгілі. Оның әл-Кинди, әл-Фараби, ибн-Сина, Фирдауси, Ж. Баласағұн, Қожа Ахмет Иассауи, Омар Хайям сияқты өкілдерінің рухани мұрасын меңгермей, қазір мәдениетті адам деп есептелу қиын. Бұл жерде осы ұлы құбылыстың мұсылмандықпен қатысы қанша деген сұрақ заңды туады. Оның негізі де бар.Арабтар Орта Азия жерін 712 жылдан бастап жаулап алды. Осының нәтижесінде бүкіл афроеуразиялық даланы біріктірген ортақ мәдениет қалыптасуына мүмкіндік туды. Бұл жағынан алғанда ислам діні осы елдердегі мәдениеттерді араластырып қорытып жаңа үлгі шығаруға себепкер болды. Арабтар жаулап алған көптеген елдерде (әсіресе, Иран, Үндістан, Египет, Сирия) бұрынғы эллинистік өркениеттің рухы жоғалмап еді.
Бұрыннан Орта Азиямен тығыз байланысты Қазақстан жеріне де ислам өз әсерін тигізді. Еліміздегі көптеген түрік тайпаларының мемлекеттік бірлестіктері ислам дінін бірден қабылдамаған. Қарахандар мемлекетінде мұсылман дінін алғашқы қабылдаған қаған Сатұқ, ал оның баласы Мұса 955 жылы исламды Қарахандар мемлекетінің ресми діні деп жариялады. X ғасырда оғыздар мен қыпшақтардың да бірталай бөлігі мұсылмандыққа өтті. Жалпы алғанда, исламды қабылдау Қазақстан жеріндегі тайпалардың сол кездегі озық мәдениеттерге қосылуына мүмкіндік берді. Осы кезден басталған мәдени өркендеуге мұсылманның рухани өміріндегі екі бағыттың бір-бірімен тайталасы Қазақстан жерінде де өзінің терең әсерін қалдырды. Бірінші бағыт Платон,Аристотель сияқты грек философтарына сүйенген Шығыс перипатетикасымен байланысты. Оның негізін қалушы — дүниежүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы, ежелгі Отырар қаласында туған Әбунасыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархан ибн әл-Фараби ат-Түрки. Әл-Фарабидің рухани мұрасы қазақстандық және басқа ғалымдар тарапынан ойдағыдай зерттелген. Ал әл-Фарабидің өзі зерттеу жүргізбеген ғылым мен мәдениет саласы жоқ, Б. Ғафуровтың есебі бойынша, ол 200-ден астам трактат жазған.
Әл-Фараби өзінің трактаттарын сол замандағы рухани-ғылыми құрал саналған араб тілінде жазғанымен, өз отанының ғасырлар бойы қалыптасқан мәдениетінен әрқашан нәр алып отырған. Әл-Фарабидің ұлылығы оның өз отанының мәдени көңіл-қалпына ирандық, үнділік және антикалық мәдениеттерді ұштастыра білуі. Әл-Фарабидің мәдениет туралы пікірлері негізінен араб мәдениетінің мына 4 тармағына байланысты:
1. Хақиқат (бір Алланың ақиқаттығын дәлелдеу).
2. Шариғат (мұсылмандық тұрмыс-салт заңдары).
3. Тарихат (Аллаға қызмет өткен әулиелер өмірі).
4. Маарифат (білімділік, парасаттылық идеялары).
Мыңжылдар тарихы бар Иран өркениетін бұл елді жаулап алған арабтар, осы мәдениеттегі өте терең парсылық әдебиетті меңгеру жолын әдеп деп түсінді. Әдепке жататын шығармалар өзінің қарапайымдылығымен, түсініктілігімен, ой ұшқырлығымен адамды баурап алады. Әдепті адам ілімін әл-Фараби өзіне тән гуманистік тұрғыдан қарастырады және осындай адамдағы бірінші қасиет деп оның парасаттылығын көрсетеді. Оның шығармаларында кездесетін адамды «хайуани ақли» (ақылды жан) деп анықтау кейінгі еуропалық ағартушылықтағы Homo sapiens-ке сабақтас. Ақылды жанмен қатар әл-Фараби еңбектерінде адамды «Хайуани мадани» (мәдениетті жан) деп анықтаудың да терең сыры бар. Осындай тұлғалық деңгейге ең алдымен ел басшысы көтерілуі керек. Ол өзінің аңдағыш қасиеті арқасында дана, философ, кемеңгер, парасат иесі болып шығады, ал оның қиялдау қабілетіне қасиет дарыған адам пайғамбар, сәуегей және өмірдегі оқиғаларды түсінгіш, білгір болып көрінеді, — міне, осының бәрі оның тәңірілікті танып білетін болмысының шарапаты. Мәдениетті адам тәрбиелеу мәселелерін әл-Фараби өзінің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы», «Бақыт жолын сілтеу», «Ақылдың мәні туралы», «Данышпандықтың інжу-маржаны», «Бақытқа жету жайында» ж.т.б. трактаттарында жан-жақты талдаған. Оның жиі қолданатын ұғымы — «қала». Қаланы әл-Фараби жай ғана қоныс, тұрғын жер деп түсінбей, оны адамдардың мәдени топтары, мемлекет мағынасында қолданады. Бұрын айтып кеткеніміздей, тіліміздегі мәдениет ұғымының арабшасы «маданият», мадина, яғни қала сөздерімен түбірлес. Жалпы алғанда, әл-Фараби — Шығыс мәдениетінің алып тұлғасы ол дүниежүзілік өркениетте өзінің қадірлі орнын алады. Оның рухани мұрасы өзінің ұлы ізбасарлары ибн-Синаға, Бируниге, Жүсіп Баласағұнға және т.б. суалмайтын қайнар болды.
Қазақ тарихына терең үңіліп, шындығын тану үшін түркілік тарихын білу керек. Түркі тектес халықтардың ортақ тарихын Исламнан бұрынғы Ежелгі дәуір және Исламнан кейінгі Ортағасырлық дәуірге бөліп қарастыруға тура келеді. Жазба деректер бойынша Түркі халықтарының ортақ тарихы мен мәдениеті ежелгі дәуір- б.з.д. VI-V ғасырлардан бастап- б. З.VIII ғасырына дейінгі аралықта «Тұран» деп аталып келді. Ал VIII-XV ғасырлар аралығында ортағасырлық дәуірде «Түркістан» деген атауға ие болды. Түркілер XIV-XV ғасырларда ұлт-ұлысқа бөлініп, бір-бірінен ажыра бастаса да «Түркістан» атауы Кеңес одағы құрылып, бүгінгі «Орталық Азия» атына ие болғанша аталып келді. Ислам әлемінде VIII-XV ғасырлар аралығында дүниеге келген ғылыми жаңалықтары мен әдеби туындылары әлем мәдениеті мен өркениетінің даму барысына жаңаша қарқын мен бағыт берді. Соның ішінде түркінің ұлы ғалымдары мен ақындарының туындылары Ислам өркениетіне мол үлес қосты. Қазіргі түріктектес Түркия, Қазақстан, Өзбекістан, Қырғызстан, Түрікменстан, Әзірбайжан және Кипр мемлекеттерімен бірге автономиялық Татарстан, Алтай, Саха тағы басқа түркілер ислам дамуына қосқан үлестері, олардың адамзат тарихына жасаған ортақ еңбектері саналады. Түркілердің Ислам тарихына араласуы VIII ғасыр аясында басталады. Бұдан кейінгі кезеңде Түркі тарихын Ислам тарихынан бөле-жара қарастыру мүмкін емес.
Ислам тарихын рухани билік және саяси билік тұғырынан бес кезеңге бөліп қарастыруға болады. Мұхаммед )с.ғ.с) Мұстафаның пайғамбарлық кезеңін (610-632( рухани билік, пайғамбардан кейінгі Ислам халифатын ислам дүниесіндегі саяси билігі ретінде төрт кезеңі бар.
Бірінші кезеңі – Ислам тарихындағы ең маңызды кезеңі. Ислам тарихында Мұхаммед(с.ғ.с) пайғамбар қайтыс болған соң сахабалар кеңесінде (ижмаһ ) Әбубәкір(ғ.с) пағамбардың орынбасары ретінде мұсылмандардың тұңғыш халифасы болып тағайындалды. Екі жыл халифат тағына отырды(632-634). Әбубәкірдің қазасынан кейін екінші халифа Омар(ғ.с), (634-644) үшінші халифа Осман(ғ.с), (644-656) төртінші халифа Әли(ғ.с) (656-661) болып сайланды. Олар барлығы жиырма тоғыз жыл Ислам әлемін биледі. Аталған төрт халифа «Рашедин халифалар» (турашыл халифалар) атаумен Ислам тарихында танылды.
Екінші кезеңі – Мүавийе ибн Әбусофиян( 636-679) құрған Үмеийе әулеттері халифаты 660-750 жылдар аралығын қамтиді. Бұл кезең біз үшін халифат әскерінің түркі даласына қадам басуымен ерекшеленеді. Тарихтан белгілі Құтейбе ибн Мүслім «669-715» ( 704 жылы халифа Әбдімәлік ибн Мәрван(685-705 билік құрған жылдары) тарапынан Хорасан өлкесінің әкімі болып тағайындалды. Ол өлгеннен кейін Уалид ибн Әбдімәлік әкесінің орнына халифат тағына отырған(705-715) жылдары да Құтейбе өз орнында шентағына ие болып қалды.
Үшінші кезеңі – Аббас тегінен шыққан Абдолла Сәффаһ( 722-754) Аббаси халифатын (750 -1258) құрды. Ислам әлеміне Аббас әулеттерінің хали фаты орныққан соң Түркістан да жаңа өзгерістердің куәсі болды. Оның басты себебі 751 жылы бірлескен халифат пен түркі қосыны қытай әскеріне қарсы Атлақ мекенінде ұлы жеңіске қол жеткізгені болды. Сол оқиғадан кейін түркілер Ислам дінін саналы түрде мойындай бастады. 751 жылғы оқиға жөнінде араб тарихшысы Ибн Әсир жазбаларымен қоса қытай жылнамаларында да айтылады.
Төртінші кезеңі – Осман ибн Ертұғрол(1258-1326) негізін қалаған Османлы халифаты(1299-1923) бүгінгі Станбул қаласын жаулап алуымен ерекшеленеді. Исламның саяси халифаты әр кезеңде түрлі құбылыстары, артықшылығы мен пендеуи кемшіліктерімен әлем өркениетіне, білім мен ғылымына айтарлық үлес қосқаны үшін адамзаттың дүниеуи және рухани өрісін қазіргі уақытқа дейін алға жылжытып келе жатыр.
Қ.А.Йасауи түркілердің исламдық дүниетанымын қалыптастыра отырып, Ислам әлемінің мәдени-саяси кеңістігіне өлшеусіз үлес қосты. Қ.А.Йасауи шығармасының артықшылығы да оның исламдық мазмұнында болғандығы. Қ.А.Йасауи бастаған исламдық сопылық әдебиеті Баһаеддин Нақышбәнд, Қажы Бекташ, Ашық Паша(1272-1333), Жүніс Әмре(1238-1320) сынды мемлекетшіл сопы-ақындар Орталық Азия мен Анадолыда Түркілердің рухани тұтастығын күні бүгінге дейін қамтамасыз етіп келеді. Сонымен қатар Йасауидің ислами тәлімдері қазақ даласына Бекет Ата (1750-1813) арқылы кең тарады.

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет