Орындаған: Юлдашев Жандос. Бексаутов Өмірзақ. Туулбек Нұрсұлтан. Алдаберген Бекжан. Иляс Бекарыс


-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасы



бет4/10
Дата19.02.2022
өлшемі5,42 Mb.
#132446
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
«Аудиторлық қызмет» туралы, «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңдарын меңгеру
Психология пәні бойынша емтихан сұрақтары, Психология пәні бойынша емтихан сұрақтары, Психология пәні бойынша емтихан сұрақтары, Психология пәні бойынша емтихан сұрақтары, Ем нұсқа26

2-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасы


1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінен тұрады.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасының күші Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, сондай-ақ оның шегінен тыс жерде әрекет ететін мемлекеттік аудит объектілеріне қолданылады.
3. Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарындағы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетімен және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша осы органдардың бірінші басшылары айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
4. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзге қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
1. Мемлекеттік аудиттің мақсаты бюджет қаражатын, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін басқарудың және пайдаланудың тиімділігін арттыру болып табылады.
2. Субъектіге байланысты мемлекеттік аудит мынадай түрлерге бөлінеді:
1) міндеттері халықтың тұрмыс жағдайлары сапасының қарқынды өсуін және елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ұлттық ресурстардың (қаржылық, табиғи, өндірістік, кадрлық, ақпараттық) тиімді және заңды басқарылуын талдау, бағалау және тексеру болып табылатын сыртқы мемлекеттік аудит;
2) міндеттері мемлекеттік аудит объектісінің Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген тікелей және түпкі нәтижелерге қол жеткізуін, қаржылық және басқарушылық ақпараттың сенімділігі мен анықтығын, мемлекеттік аудит объектілері қызметін ұйымдастырудың ішкі процестерінің тиімділігін, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілері активтерінің сақталуын талдау, бағалау және тексеру болып табылатын ішкі мемлекеттік аудит.
3. Мемлекеттік аудит мынадай типтерге бөлінеді:
1) қаржылық есептілік аудиті – мемлекеттік аудит объектісі қаржылық есептілігінің, бухгалтерлік есебінің және қаржылық жай-күйінің анықтығын, негізділігін бағалау;
2) тиімділік аудиті – мемлекеттік аудит объектісінің қызметін тиімділік, үнемділік, өнімділік және нәтижелілік нысанына бағалау және талдау;
3) сәйкестік аудиті – мемлекеттік аудит объектісінің Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын, сондай-ақ оларды іске асыру үшін қабылданған квазимемлекеттік сектор субъектілерінің актілерін сақтауын бағалау, тексеру.
3-бап. Мемлекеттік аудит


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет