Орындаған: Юлдашев Жандос. Бексаутов Өмірзақ. Туулбек Нұрсұлтан. Алдаберген Бекжан. Иляс Бекарыс



бет6/10
Дата19.02.2022
өлшемі5,42 Mb.
#132446
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
«Аудиторлық қызмет» туралы, «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңдарын меңгеру
Психология пәні бойынша емтихан сұрақтары, Психология пәні бойынша емтихан сұрақтары, Психология пәні бойынша емтихан сұрақтары, Психология пәні бойынша емтихан сұрақтары, Ем нұсқа26

5-бап. Қаржылық бақылау


1. Қаржылық бақылауды осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде белгіленген құзыреті шегінде бюджетке өтеуді, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарлар беру және (немесе) анықталған бұзушылықтар сомасын есепке алу бойынша көрсету, нұсқамаларды орындау және кінәлі адамдарды жауаптылыққа тарту жолымен қалпына келтіруді қамтамасыз ету арқылы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың ден қою шаралары:
1) барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және лауазымды адамдардың орындауы үшін міндетті, анықталған бұзушылықтарды жою туралы және оларға жол берген лауазымды адамдардың жауаптылығын қарау туралы нұсқама шығару;
2) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген құзырет шегінде әкімшілік іс жүргізуді қозғау;
3) мемлекеттік аудит объектісі лауазымды адамдарының әрекеттерінде қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайларда, материалдарды тиісті аудиторлық дәлелдемелерімен бірге құқық қорғау органдарына немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғауға және (немесе) қарауға уәкілеттік берілген органдарға беру;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, оның ішінде бюджетке өтеуді қамтамасыз ету, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарларды жеткізу және (немесе) бұзушылықтардың ерікті түрде өтелмеген (қалпына келтірілмеген), анықталған сомаларын есепке алу бойынша көрсету арқылы қалпына келтіру және нұсқаманы орындау мақсатында сотқа талап қоюды ұсыну болып табылады.
3. Ішкі аудит қызметтері осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген ден қою шараларын жүзеге асырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет