Орындаған: Зейтенов Меир Топ: э-101 Тексерген: Ибрагимова Н. И



Дата23.02.2022
өлшемі4,41 Mb.
#132953
Байланысты:
сыбайлас практика

№1Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік теріс құбылыс №2 Сыбайлас жемқорлыққа байланысты халықаралық әріптестік

Орындаған: Зейтенов Меир

Топ: Э-101

Тексерген: Ибрагимова Н.И.

Сыбайлас жемқорлық ұғымы.

  • Кез келген құбылысты зерттеуді оның ұғымын анықтаудан бастау қажет. Бұл тек ғылыми ізденісті жеңілдетіп қана қоймай, сонымен қатар оның нәтижелерін зерттеушілердің жете түсінуін жеңілдетеді. "Сыбайлас жемқорлық" термині заңдылық, оның ішінде қылмыстық-құқықтық ұғым болып табылмағандықтан,оның құқықтық анықтамасы белгілі бір қиындық туғызады. Сыбайлас жемқорлықтың халықаралық атауы – ''коррупция'' терминінің этимологиясы латынның "corruptіo" (паралап сатып алу) ұғымын білдіреді. Бірақ 1978 жылғы 17-ші желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясында қабылдаған кодексте: Коррупция ұғымы, лауазым иелерiнiң құқықтық мiнез құлқы, лауазым иелерiнiң iстеген немесе iстеуге мүмкiн iс-әрекеттерi үшiн заңсыз салық алуы, уәде берулерi ұлттық құқық нормаларымен анықталуы қажет делiнген.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін жауапкершілікБаспаға шығару нұсқасы

  • "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңның 1-бабының 6-тармақшасына сәйкес сыбайлас жемқорлық – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу;

Сыбайлас жемқорлықтың типологиясы

  • Сыбайлас жемқорлықтың жаңа қарқынмен кең өріс алуы ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басына келеді. Бір жағынан, іс-шараларды мемлекеттік реттеу дәрежесі көтеріліп, осыған орай шенеуніктердің билігі күшейе түсті. Екінші жағынан, ірі кәсіпкерлік пайда болып, олар өз мақсатына жету үшін «мемлекетті сатып алуға» кірісті.
  • Дамыған елдерде (Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Батыс Еуропа елдерінде) саяси партиялардың маңызы өскен сайын партиялық сыбайлас жемқорлық кең етек ала бастады.
  • ХХ ғасырдың екінші жартысында «үшінші әлем» елдері саяси дербес ел болып дамыған кезде, олардың мемлекеттік аппараты алғашқы кезден бастап сыбайлас жемқорлық жолына түскен еді.
  • «Үшінші әлем» елдерінде «төменнен жоғары жаққа қарай» сыбайлас жемқорлық түрі кездеседі, бұндай жағдайда парақор басшы өз кінәсін мойындамай, қарамағындағы қызметкерлерді жазаға тартады. Сондай-ақ «жоғарыдан төменге қарай» сыбайлас жемқорлық түрі де болған, бұндай жағдайда жоғары қызметте тұрған шенеуніктер ашық түрде пара алып, алған парасымен қарамағындағы қызметкерлермен жартылай бөліскен (сыбайлас жемқорлықтың осындай жүйесі Оңтүстік Кореяда байқалады).
  • «Үшінші әлем» елдерінде (Филлипинде, Парагвайда, Гаитиде, Африканың кейбір елдерінде) клептократиялық тәртіп орнаған, бұл елдерде сыбайлас жемқорлық барлық әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынасты қамтыған және пара бермесе ешбір іс орындалмайды. 1990 жылдары сыбайлас жемқорлық мәселесі аса өзекті мәселеге айналды. Осы кезде бұрынғы социалистік елдерде сыбайлас жемқорлық аса үлкен қарқынмен дамыды.

Сыбайлас жемқорлықтың түрлері

  • Саяси сыбайлас жемқорлық – ақша алып, мемлекеттік сатып алудың бюджеттік қаржысын заңсыз бөлу, түрлі мемлекеттік қызметтердің орындалуын тездету үшін пара алу, түрлі заңбұзушылықтарды жасыру үшін ақша бопсалау, қаржының депозит не облигация ретінде қаржы ұйымдарына жіберілуі, инвесторларға заңсыз түрде қолайлы жағдай жасау. Корпоративті сыбайлас жемқорлық – капиталдың елден шығарылуы, салық төлеуден жалтару, кәсіпкерлігін жүргізу үшін шенеуніктерге пара беру, үстемақы алу үшін монополиялық жағдайды пайдалану, келісім, сараптама мен сертификат алу үшін пара беру.
  • Тұрмыстық сыбайлас жемқорлық – түрлі әлеуметтік жеңілдіктер мен қызмет үшін тұрғындардан пара алу, заңның бұзылуын жасыру, түрлі рұқсатнамалар алу.

Коррупцияға қарсы халықаралық ұйымдар

  • Бүгінгі таңдағы әлемді дүр сілкіндірген және өзекті болып отырған мәселе – сыбайлас жемқорлық. Сыбайлас жемқорлықпен күрес, бұл тек бір мемлекеттің ғана емес, яғни халықаралық деңгейде бірлесе отырып шешуге
  • Жемқорлықпен күрес мәселесіне әмбебап халықаралық ұйым - Біріккен Ұлттар Ұйымы өз үлесін қосуда. БҰҰ-дың Бас Ассамблеясы халықаралық құқықтық құралы жөнінде мәселесін шешуде ат салысып келеді. Ол бойынша мемлекеттердің жемқорлықпен күресуге көмектесу және ақша құралдарының заңсыз аударуларын қадағалауды жүзеге асырады.
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық деңгейде шыққан құжаттардың бірі болып БҰҰ-ның 16.12.1996 ж. «Халықаралық коммерциялық мәмілелер жасаған кездегі сатып алушылық пен сыбайлас жемқорлықпен күрес» деп аталатын Декларациясы мен БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 15.12.1975 ж. 3514 Резолюциясы табылады
  • жататын мәселе екендігі баршамызға мәлім.

Коррупцияның әлемдік индексі

  • Transparency International индексінің үкімет ашықтығы, сөз бостандығы, азаматтар құқықтарын қорғалуы, сот тәуелсіздігі сияқты өлшемдермен жасалғанын айтады. 2016 жылға арналған есепте Қазақстан 176 елдің ішінде 131-орында тұр.
  • Transparency International (TI) жариялаған коррупция индексінде бұрынғы СССР елдерінің ішінде төрт мемлекеттің ғана коррупцияға қатысты көрсеткіштері жақсарған. Мәселен, Эстония 22-орын, Литва 38-орын, Грузия мен Латвия 44-орынға тұрақтаған.
  • Қазақстаннан жоғары Беларусь (79-орын) Армения (113-орын), Әзербайжан (123-орын), Молдова (123-орын) тұрса, Қазақстанның жанында Ресей мен Украина бар (131-орын). (Ал Қазақстанға берілген 29 ұпай тобына енген бес елдің қалған екеуі - Иран мен Непал)

Назарларыңызға рахмет!!



Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет