Орындаған;Айдос Басықара Қабылдаған;Н. Мухаметжанова



бет4/9
Дата08.02.2022
өлшемі337,33 Kb.
#122879
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
«Адам құқықтарын шектеуге ,,,,,,,,,,
5 билет ----, 3, 7

Республика басшылығы «ұлтшыл» Бекмахановты қатаң айыптай отырып, осынау «ұлтшылдықты жөргегінде тұншықтырмаған» сол кезде Қаныш Сәтбаев басқарған Қазақ ССР Ғылым академиясын аяусыз сынады.. Соның нәтижесінде Бекмаханов қана емес, басқа да ұлтшылдар «табыла қалып», қазақ әдебиетінің тарихын зерттеуші Есмағамбет Ысмайылов, Қажем Жұмалиев, т.б. ғалымдар да сотталды. Ал Қаныш Сәтбаев Мәскеуге кетуге мәжбүр болды. Қамауға алу туралы сөз бола бастағанда КГБ офицерлерінің бірінің астыртын жанашырлық ескертуінен кейін Мұхтар Әуезов те табан астында Мәскеуге ұшып кетті. Бекмахановтың еңбегінде Кенесары Қасымұлы бастаған қозғалыстың «феодалдық-монархиялық қозғалыс» деп аталмай, қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі ретінде қарастырылуынан шыққан даудың соңы қазақ ғалымдарының осылайша тағы да жаппай қуғын-сүргінге ұшырауына әкеліп соқты. Қазақ ғылымын үрей биледі. БІРІНШІ ТАЛҚЫЛАУ: БІР ТАРАУДЫҢ МӘСЕЛЕСІ Бекмахановтың бастан кешкендері айтылғанда мәскеулік ғалым Анна Панкратованың есімі қатар аталады. 1941 жылы Мәскеуден эвакуацияланған ғалымдармен бірге «Қазақ ССР-інің тарихын» жазу үшін Қазақстан КП(б) орталық комитетіне хат жолдаған ол болашақ кітаптың ғылыми және идеялық мазмұнына артылатын жауапкершілікті өз мойнына алды («Вопросы истории», 54-б. №11, 1988 ж. ). Бұл еңбек жарыққа шыққаннан кейін Сталиндік сыйлыққа ұсынылғанымен, бәйгеден келмеді. Кітаптың сыйлықтан қағылуын ол Сталиндік сыйлық бойынша комитет мүшесі, СССР ҒА мүше-корреспонденті Алексей Яковлевтен және өзімен бұрыннан қырбай академик Евгений Тарледен көрді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет