Орындалатын жұмыс мазмұны


Балалардың дамуының негізгі көрсеткіштері



бет2/7
Дата06.02.2022
өлшемі24,5 Kb.
#81881
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
28.09.20ж БМ.Тапсырма
177067
Балалардың дамуының негізгі көрсеткіштері:
дене салмағы;
◊ бойы/ұзындығы;
бас шеңбері;
◊ психомоторлық дамуы.
Дене салмағы—баланың өсуі мен дамуының неғұрлым маңызды құрамдас бөлігі, баланың салмақ қосуының баяулап қалуы немесе тоқтап қалуы оның жеткіліксіз тамақтануының және өсуінде кемшілік бар екенінің бірінші белгісі болып табылады.
Баланың салмақ қосуының физиологиялық динамикасы қандай?
Дені сау, айы-күні жетіп туған нәрестенің салмағы 2,5 - 4,4 кг. аралығында болады. Туғаннан кейінгі алғашқы 3–4 күнде бала денесінің салмағы аздап азая бастайды, 5–6%-ға салмағын жоғалтады, мұны салмақтың физиологиялық кемуі деп атайды. Алғашқы аптадан кейін салмақ қосу тұрақты әрі үздіксіз жүреді.
◊ Алғашқы 6 ай ішінде дені сау сәби әр аптада 150 грамнан 250 грамға дейін салмақ қосады. Кейінгі 6 ай ішінде апта сайын денеге салмақ қосу – 100-150 грамды, 12-14 ай арасында – 50 грамды құрайды.
◊ Туғанына 5 ай толған соң, бала өзінің дене салмағын туған кезіндегі салмағына қарағанда екі есеге көбейтеді, ал 12 айға қарай – оны үш еселейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет