Орыс философиясы



бет14/29
Дата19.03.2022
өлшемі160,77 Kb.
#136116
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   29
Байланысты:
Документ Microsoft Word, Іс шара Желтоқсан 20.8кз

Федоров философиясы тұрпайылықтан, араздықтан арылып, моральдың жаңа үлгілерін қабылдауға шақырады. Адамдардың адамгершілікті жаппай ұстануы - барлық мәселелерді шешіп, жалпығаламдық бақытқа әкеледі деп санады Федоров. Федоровтың пікірінше, шектен шығатын өзімшілдікпен қатар, адам тәртібіндегі альтруизм де ұшқарлықтың көрінісі. "Әркіммен және әркім үшін" өмір сүру қажет. Орыс философиясындағы діни бағыттың келесі өкілі - К.Н.Леонтьев (1831-1891). Леонтьев орыс халқының өмірінің жағымсыз жақтарын, капиталистік қатынастарды сынады. Капитализм Ресейдің халық ретінде жойылуына апаратын жол - "опасыздық пен сұмдықтың патшалығы". Жойылу қаупінен сақтайтын жол біреу — ол капитализмнен бас тартып, Батыс Европадан бөлініп, Византия үлгісіндегі православиелік-христиандық орталыққа айналу. Ондай Ресейдің сипатына православиелілікпен қоса самодержавие, қауымдастық және сословиелік бөлініс жатады. Тарихи процесті Леонтьев адам өмірімен салыстырады. Адам өмірінің белестері сияқты әрбір халықтың тарихында туылу, гүлдену және өшу-жойылу кезеңдері болады. Өз амандығына ұмтылмаған, ұйымдастырылмаған мемлекет жойылады. Ішкі деспоттық тұтастық - мемлекеттілікті сақтаудың кепілі. Мемлекеттілікті сақтау жолында әділетсіздікке, күш көрсетуге, басқыншьшыққа баруға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   29




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет