Орыс мектебіндегі қазақ тілі пәні бойынша мектепшілік олимпиаданың тапсырмалары 9 класс



Дата21.11.2023
өлшемі18,86 Kb.
#192677
Байланысты:
9-сынып олимп тапсырмалары


Орыс мектебіндегі қазақ тілі пәні бойынша мектепшілік олимпиаданың ТАПСЫРМАЛАРЫ
9 класс

Бұл пәннен аудандық олимпиада 1 турдан тұрады. Оқушыларға екі тапсырма беріледі: оқылым және жазылым.




Оқылым бойынша берілетін тапсырмалар мен олардың бағалануы:


Тапсырмалар.
1.Берілген сұрақтарды мәтін мазмұнына сәйкес ретпен (бірізділікпен)
орналастырыңыз. (10 балл)



  1. 1-ші тапсырмадағы сұрақтарға өз сөзіңізбен жауап жазыңыз. (10 балл) 3.Мәтінде берілген мәліметті қайда қолдануға болады? (10 балл)




  1. Мәтінге қатысты қосымша ақпарат келтіріңіз. (10 балл)

  2. Мәтінге тақырып қойыңыз. (10 балл)

Жалпы ұпай саны – 50


Оқылым тапсырмаларына 30 минут уақыт беріледі.


Жазылым бойынша, олимпиадаға қатысушылар ұсынылған тақырыптардың бірін таңдап, эссе жазуы тиіс. Бұл шығармашылық жұмыста оқушының ойын еркін жеткізе білуі, тілдік құралдарды қолдана алуы, қолданатын лексикалық минимумының мөлшері мен күрделілік деңгейі бағаланады.


Эссе жазуға 60 минут уақыт беріледі. Жұмыс көлемі –1-1,5 бет.


Эссеге қойылатын талаптар:

  • Эссе құрылымының сақталуы (10 балл)




  • Оқушының жеке көзқарасын білдіруі, жазба жұмысының өмірмен байланысы (10 балл);




  • Ұсынылған тезистердің нақты дәлелдемелермен дәйектелуі (аргументтер) (10 балл);

  • Тақырып бойынша ой жүйесі; мағыналық тұтастық (10 балл);




  • Сауаттылық (пунктуация, орфография, логикалық заңдылықтың сақталынуы) (10 балл).

Жалпы ұпай саны – 50




Қазақ тілі – 9 кл – 120 мин
І тур
Оқылым. 50 балл

Қазақ халқы ежелден «жағалы киім» ретінде және ұлттық киім ретінде шапанды бағалап келген. Адамға құрметін, сыйластығын білдіретін «шапан кигізу», «иығына шапан жабу» деген дәстүрлер бар. Бұрындары хандар батыр, би, жақсы-жайсаңдарына дәреже бергенде соның белгісі ретінде арнайы тіктірткен шапанды олардың иығына жапқан, түрлі мемлекеттік қатынастарды бекіту белгісі ретінде де шапан жіберетін болған. Ханның өзі киген шапанын сыйға алу – қазақ халқында үлкен мәртебе. Қазір де түрлі той, салтанаттарда қадірлі адамдарға, сыйлы қонақтарға шапан жабу ғұрпы сақталған. Құдалық салтында да шапан кигізу, «жағалы киім беру» - құрметтеудің және құдалық, жекжаттық қатынастың белгісі, айғағы саналған. Бұрында қазақтар ұзақ жасаған, халқына өте қадірлі болған, бақытты тұрмыс құрған қариялардың жолын берсін деп, олардың шапанын сұрап алып, ырымдап киген. Мұндай киім өте тозыңқы болса, оны алғысы келгендер көбейіп кетсе, әлгі киімді бұзып, кішкентай беторамал көлемінде «тәбәрік» деп бөліп алған. Жаугершілік заманда батырлар шапанды сауыттың сыртынан киетін болған. Сол үшін шапанды үлкен етіп тігетін. Мысалы мұражайда тұрған Абылай ханның иығын үлкен етіп тіккен шапан соның дәлелі.


Шапанның ою-өрнегіне қарап оның қай елдің азаматы екенін ажырататын болған. Мұндай арнайы тігілген шапанға әр ру өз таңбасын салдырған.


Баланы бесікке салғанда бесіктің үстіне жеті түрлі сырт киімдерді (шапан, тон, т.б.) жабатын ырым бар. Киімнің жағасын басу – жамандық шақыру деп сенген. Киімді оң қолдан, оң аяқтан бастап киеді, сол аяқтан, сол қолдан бастап шешеді. Шапанды желбегей жамылуға болмайды. Өйткені тек екі қолы жоқ, мүгедек адам киімді желбегей жамылады. Тозбаған киімді тастау да – жаман ырым. Егер адам оны кигісі келмесе, біреуге сыйлауы керек.


А.Мұстафина


Тапсырмалар.
1.Берілген сұрақтарды мәтін мазмұнына сәйкес ретпен (бірізділікпен)
орналастырыңыз. (10 балл)
А) Шапанның өрнегі нені білдіреді?
Ә) Шапан сыйлау ненің белгісі?
Б) Киімге қатысты қандай ырымдар бар?

В) Тәбәріктің маңызы қандай?





  1. 1-ші тапсырмадағы сұрақтарға өз сөзіңізбен жауап жазыңыз. (10 балл)

3.Мәтінде берілген мәліметті қайда қолдануға болады? (10 балл)



  1. Мәтінге қатысты қосымша ақпарат келтіріңіз. (10 балл)

  2. Мәтінге тақырып қойыңыз. (10 балл)


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет