Қорқыт Ата атындағы ҚУ «Физика және математика» кафедрасының оқытушысы, математика ғылымдарының магистрі Н.Ә. Исаева



бет3/3
Дата21.12.2021
өлшемі45,75 Kb.
#104528
1   2   3
Байланысты:
ғылыми жоба

Жауабы: 245 тонна

2) 2 га – 70 т

х га – 280 т

70x=560


x=8 (га)

Жауабы: 8 гектар

  1. Тракторшы жыртуға тиісті жердің 76 %-ын жыртқанда, 8,4 га жер жыртылмай қалды. Тракторшы барлығы неше гектар жерді жыртуға тиіс еді?

Шешуі: 100% - 76%= 24%

24% - 8,4 га

100 % - х га



24x=840

x=35

Жауабы: 35 га


  1. Үш қой мен бір сиыр күніне 11 кг жем жейді, ал бір қой мен үш сиыр күніне 17 кг жем жейді.Күніне бір қой неше килограмм және бір сиыр неше килограмм жем жейді?

Шешуі: қой – х

Сиыр – у

3х+у= 11 y=11-3x

x+3y=17 x+3(11-3x)=17

x+33-9x=17

8x=16

x=2

y=11-3·2

y=5

Жауабы: 2 кг, 5 кг

Осыған ұқсас есептерді өзіміз де құрастырып жүйелеуге тырыстық.



  1. Шаруа қожалығы егістікке арналған жерді үш күнде жыртып бітірді. Бірінші күні екінші күнмен салыстырғанда 2310 га жер артық жыртылды. Үшінші күні қалған 330 га жер жыртылды, бұл барлық жер алқабының 2%-ін құрайды. Бірінші және екінші күндердің әр күнінде неше гектар жыртылды?

  2. Үш егістік жердің ауданы 2400га құрайды. I егістік ауданы барлық ауданның 35%-ін, II егістік ауданы I –нің 130%-ін құрайды. Үшінші егістік жердің ауданын табыңдар.

  3. Егістік жердің біріншісінде барлық егіннің 15%-і, ал екіншісінде 17%-і өсіп шықты, ал үшінші егістік жерден 20,4 т бидай жинап алды. Барлық жерден қанша тонна бидай жиналды.

  4. Бригада жоспардағы 48 кг – ның орнына 60 кг сәбіз жинады. Бригада жоспарды неше процент артығымен орындаған?

Қорытынды

Сонымен қорытындылай келе, математикалық модельдер пәнаралық есептерді шешу құралы бола отырып, біздің математикалық ойлау қабілетімізді дамытуға септігін тигізеді деген түйінге келеміз.Ауыл шаруашылығы — материалдық өндірістің ең маңызды түрлерінің бірі. Ауыл шаруашылығы халықты азық-түлікпен және өнеркәсіпті шикізаттың кейбір түрлерімен қамтамасыз етумен айналысады. Ауыл шаруашылығы екі үлкен саладан, яғни өсімдік шаруашылығынан және мал шаруашылығынан тұрады. Ауыл шаруашылығы — шаруашылық салаларының ішіндегі ең ежелгі және табиғат жағдайларына тікелей тәуелді саласы. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы — неғұрлым көп тараған сала. Шындығында, дүниежүзінде халқы ауыл шаруашылығының түрлі салаларымен айналыспайтын бірде-бір ел жоқ. Ауыл шаруашылығының барлық жерге таралуы оның алуан түрлілігіне байланысты. Ғалымдар шамамен онын 50-ге жуық түрін бөліп көрсетеді.



Мектеп қабырғасында жүріп меңгерген математикалық білім, білік, дағдыларымыз осындай ауқымды өндірістер мен шаруашылықтарда өздігінен білім жетілдіруімізге негіз болады. Кез келген өндіріс орындарында техниканы, шикізатты, жанар - жағар май, энергия ресурстарын, азық - түліктерді тиімді пайдаланудың және жұмысты тиімді ұйымдастырудың қажеттілігі туады. Болашақта осындай көптеген мәселелерді қамтитын күнделікті өмірде жиі қолданатын мазмұнды есептерді іріктеп алып, шешудің тиімді жолдарын ұсыну біздің басты мақсатымыз.

Пайдаланылған әдебиеттер




  1. «Математика -6» Т. А. Алдамұратова, Т. С. Байшоланова

  2. «Информатика, физика, математика журналы» 2000 ж.

  3. В. И. Малыхин. «Математика в экономике» 2000 г.

  4. «Математика в сельском хозяйстве» М., 2015 г.

  5. Интернет материалдары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет