Өркениеттердің



Дата27.02.2023
өлшемі20,41 Kb.
#170396
Байланысты:
тапсырма 2


1.Ұлы Жібек жолының тарихы және мемлекеттер мен өркениеттердің мәдени сұхбаттастығы мен экономикалық байланыстары
Ұлы Жібек жолын тек аграрлық империяларды ұзақ ғасырлар бойы жалғастырып тұрған артерия ретінде қарастыруға болмайды, себебі бұл отырықшы мемлекеттер аралдар сияқты өзара түйіспей оқшау тұрған. Оларды түркілердің көшпелі ұлыс-тайпалары байланыстырып келді. Негізгі мәдени ауысулар қазіргі Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу бойымен өтті, яғни бұл ареалды өркениеттердің тоғысқан жері деп қарастыруға болады. Ұлы жібек жолы бойында еуразиялық көшпелілер біртіндеп өркениеттенуді бастарынан өткізді, олар өз ордаларын, қалаларын, керуен сарайларын салып, саудаға бақылау жүргізді. Бұл кезеңде отырықшы өркениет көшпелілердің қару-жарақ, ат әбзелдерімен, әртүрлі бұйымдарымен танысып, өздеріне қабылдады. Қазіргі жаһанданудың алыс үлгісі ретінде Ұлы Жібек жолы Ұлы географиялық ашуларға дейін өмір сүрген. Ол тек өркениеттің индустриялық толқынына түрлі себептермен ілесе алмады.
«Ұлы Жібек жолы» 2 мың жыл бойы өмір сүрген. Ол әлем тарихында дара ерекше құбылыс болды, Тынық мұхит пен Атлант мұхитының арасындағы көптеген халықтарды біріктірді. Жібек жолы деген ат толық мағына бермейді. Жібекпен сауда жасау б.з.д. ІІ және б.з.д. І мыңжылдықта ғана болды.
Ұлы Жібек жолы әр түрлі сауда, мәдени жаңалық және жаңа ойлардың таралу жолы, Еуразиядағы көшпелілер мен отырықшы халықтардың даму жолы болды. Жібек жолы өркениет жолы болды».

2. Қазақ даласындағы ислам өркениеті және түркілер
Қазақ тарихына терең үңіліп, шындығын тану үшін түркілік тарихын білу керек. Түркі тектес халықтардың ортақ тарихын Исламнан бұрынғы Ежелгі дәуір және Исламнан кейінгі Ортағасырлық дәуірге бөліп қарастыруға тура келеді. Жазба деректер бойынша Түркі халықтарының ортақ тарихы мен мәдениеті ежелгі дәуір- б.з.д. VI-V ғасырлардан бастап- б. З.VIII ғасырына дейінгі аралықта «Тұран» деп аталып келді. Ал VIII-XV ғасырлар аралығында ортағасырлық дәуірде «Түркістан» деген атауға ие болды. Түркілер XIV-XV ғасырларда ұлт-ұлысқа бөлініп, бір-бірінен ажыра бастаса да «Түркістан» атауы Кеңес одағы құрылып, бүгінгі «Орталық Азия» атына ие болғанша аталып келді. Тарихи шындық түркі халықтары жоғарыда аты аталған екі дәуірдің тарихына, мәдениет пен әдебиетіне, рухани құндылықтары мен өркениетіне ортақ. Сол үшін түркілер Ислам өркениетіне не берді? Ислам өркениетінен қандай үлес алды деген сұрақтарға ортақтаса жауап беруге де тиіс. Ислам әлемінде VIII-XV ғасырлар аралығында дүниеге келген ғылыми жаңалықтары мен әдеби туындылары әлем мәдениеті мен өркениетінің даму барысына жаңаша қарқын мен бағыт берді. Соның ішінде түркінің ұлы ғалымдары мен ақындарының туындылары Ислам өркениетіне мол үлес қосты. Қазіргі түріктектес Түркия, Қазақстан, Өзбекістан, Қырғызстан, Түрікменстан, Әзірбайжан және Кипр мемлекеттерімен бірге автономиялық Татарстан, Алтай, Саха тағы басқа түркілер ислам дамуына қосқан үлестері, олардың адамзат тарихына жасаған ортақ еңбектері саналады.

3. Қазақ халқының қалыптасуы. Этногенез мәселесі.
Қазақстанның этникалық тарихы да Орталық Азияның барлық аймақтарындағыдай өте күрделі. Ғасырлар бойы бұл аймақта да көптеген халықтар мен тайпалар тағдыры тоғысып, небір тарихи оқиғалар өтті. Олар туралы шығыс және европа халықтарының тілдерінде жазылған деректер де баршылық.. Шығыстанушылардың бірнеше ұрпақтары да этникалық тарихты зерттеумен айналысып, көп еңбек сіңірді.
Қазақ халқының қалыптасуына ықпал еткен тағы бір мемлекет - ол оңтүстік, оңтүстік шығыс Қазақстанда өмір сүрген Қарахан феодалдық мемлекеті. Бұл мемлекетте қарлұқтардың ықпалы күшті болды. Шығыстан монғол тектес көшпелі халықтар жасаған шапқыншылық оңтүстік және оңтүстік -шығыс Қазақстанның қалыптасқан этникалық жайына соншалықты өзгеріс жасаған жоқ.
Алтай жақтан ығыса келіп, өздерінің мемлекеттік бірлестігін құрған наймандар мен керейттер Қарахан мемлекетінің этникалық құрамына елеулі әсерін тигізді.
Бірінші кезеңде лингвистикалық тіл жағынан Қазақстан тұрғындары үндіевропалық топтың ежелгі иран тобына кіреді. Бұл кез б.з.д. 3-1 мыңжылдықтарды қамтиды.
Екінші кезеңде Қазақстанға шығыс жақтан көшпелі тайпалардың, ғұндардың Батысқа қарай қоныс аударуына байланысты, сақ және сармат тайпаларының жалғасы - үйсін мен қаңлылар ғұн тайпаларымен араласып, ассимиляцияға түскен.
Б.з.б. 1 ғасырда Солтүстік ғұндардың құрамына кірген көптеген түркі тілдес тайпалар Орталық Азиядан Тянь-Шань арқылы өтіп, Қаңлы тайпалық бірлестігімен көрші-қолаң отырды. Ғұнжардың Қазақстанға өтуінің екінші толқыны б.з. 2 ғ. 1 жартысында орын алды. Бұл кезде солтүстік ғұндардың тайпалары Шығыс Қазақстан мен Жетісуға қоныс аударып, 6 ғасырға дейін өмір сүрген Юэбань мемлекетін құрды. Ғүндардың біріктіруші ролінің арқасында сырттан келген тайпалармен байырғы тұрғындардың этникалық жақындасуы іске асты. Мұның өзі тайпалардың жаңа этникалық қауымдастығының қалыптасуына әкелді және сол этникалық процестердің бағыт-бағдарын айқындап отырды. Этномәдениеттік жағдайда түркі тілінің одан әрі дамып жайылған аймақтарда сол сияқты моңғол түрінің белгілі әсері де көбейді.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет